Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

75. Электр өлшеу аспаптарын құрастырушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым электр өлшеу аспаптарын құрастыру, механикалық және электрлі реттеу. Бөлшектерді бұрғылау, токарлік және фрезер станоктарында слесарлік және механикалық өңдеу. Жұмсақ дәнекермен дәнекерлеу және қалайылау. Қарапайым бөлшектерді шынықтыру және кейіннен жеткере отырып өңдеу. Жиналатын тораптар мен аспаптарды механикалық және электрлі реттеуге арналған бақылау электр өлшеу аспаптары мен өздігінен бапталатын қарапайым арнаулы қондырғыларды пайдалану. Ток қарсылығын, кернеуін және қуаты мен т.б. айқындау. Жасалатын аспаптарды анықталған ақауларын жоя отырып сынау.

Білуге тиіс: жекелеген тораптардың нысанын, құрылымы мен жұмыс принципін; бұрғылау, токарлік және фрезер станоктарының құрылымын, оларда жұмыс істеу ережесін; арнаулы және әмбебап айлабұйымдар мен құралдардың құрылымын және олардың нысанын; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және оларды қолдану ережесін; жұмсақ дәнекер мен флюстердің құрамын; жол берілетін отырғызу шектерін, бұдырлық квалитеттері мен параметрлері жүйесін; тұрақты және ауыспалы ток тізбесіндегі кернеуді, ток күшін өлшеу тәсілдерін; шағын, орта және үлкен қарсылықтарды өлшеу ерекшеліктерін; бригадалық құрастыруды ұйымдастыру және бригаданың өндірістік тапсырманы орындау есебін жүргізу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Гальванометрлер – құрастыру және жылжымалы бөлігін тартпаларын, шықпаларын, рамкасы мен спиралін дәнекерлей отырып реттеу.

2. Диаметрі 4 мм жоғары термобу кабелінен жасалған термобу жиынтығы - құрастыру.

3. Микроамперметрлер - 1,0 сыныпты өздігінен жазатын милливольтметрлер – бөлшектерін жасау, құрастыру және коммутациялық блокты тексеру.

4. Мостылар - құрастыру және бөлшектерін жасай отырып реттеу.

5. Осциллографтарға арналған уақыт белгілеуіштер - бөлшектерін жасау және құрастыру.

6. Осциллографтарға арналған жарықтандырғыштар - құрастыру, ретттеу және аспап корпусына орнату.

7. Аспаптарды таспалы тарту механизмі үстелдері - таспа тарту механизмін құрастыру және корпусқа орнату, объектив фокусін реттеу.

8. Арнаулы қондырғылар - құрастыру, қоректендіру блогін жинақтау және электрмен тексеру.

9. Бір фазалы электр есептеуіштер –толық құрастыру және реттеу.

76. Электр өлшеу аспаптарын құрастырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа электр өлшеу аспаптарын, бөлшектерін ішінара дайындап, жеткере отырып құрастыру, механикалық және электрлі реттеу, градуирлеу және сынау. Бөлшектерді кейіннен слесарлік өңдей отырып, арнауды станоктарда толық механикалық өңдеу. Жауапты бөлшектерді шынықтыру және жіберу. Өңдеудің оңтайлы кезектілігін таңдау. Түрлі қатты дәнекермен дәнекерлеу. Арнаулы кесу құралын жасау. Қарапайым механикалық есептер базасында күрделі емес геометриялық фигураларды құру. Күрделі қоспа сызбасын жасау және оларды түрлі дәнекермен дәнекерлеу. Әртүрлі типтегі электр өлшеу аспаптарын орташа жөндеу.

Білуге тиіс: жасалатын аспаптардың құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін, түрлі есептеуіш, сағат, электромагнитті және басқа да механизмдердің конструктивтік ерекшеліктерін; аспаптарды механикалық және электрлі реттеу тәсілдерін; арнаулы және әмбебап айлабұйымдар мен құралдардың құрылымын және олардың нысанын; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және оларды қолдану ережесін; жұмсақ дәнекер мен флюстердің құрамын; жол берілетін отырғызу шектерін, бұдырлық квалитеттері мен параметрлері жүйесін; тұрақты және ауыспалы ток тізбесіндегі кернеуді, ток күшін өлшеу тәсілдерін; шағын, орта және үлкен қарсылықтарды өлшеу ерекшеліктерін; құрастыру, реттеу және сынау кезінде туындайтын ақауларды және оларды жою тәсілдерін; электр техника және механика негіздерін, орындалатын жұмыс көлемінде.

Жұмыс үлгілері

1. Қоректендіру блоктары, күшейту блоктары, автоматика блоктары – монтаж сызбаларын шабақтау және дәнекерлеу.

2. Гальванометрлер – толық құрастыру, механикалық және электрлі реттеу.

3. Диаметрі 4 мм дейінгі термобу кабелінен жасалған термобу жиынтығы - құрастыру.

4. 0,05 сыныпты мостылар – аспапты жеткеру және электрмен тексеру.

5. Көп шектеуді жылжымалы аспаптар – бөлшектерді жасау және жылжымалы жүйені құрастыру.

6. Фотоэлектрлі күшейткіштер - өлшеу механизмін құрастыру.

7. Камертонды жиілік өлшеуіштер - бөлшектерді жеткере отырып толық құрастыру.