Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

39. Электр техникалық бұйымдарды сіңірмелеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді, бұйымдар мен материалдарды кейіннен шкафтарда кептіре отырып пульверизациялау әдісімен сіңірмелееу процесін жүргізу. Электр машиналары мен аппараттарының катушкаларын автоклавтарда сіңірмелеу және кептіру. Электр машиналары мен аппараттарының катушкаларын компаундирлеу. Шағын габаритті трансформаторларды сіңірмелеу және кептіру. Бөлшектер мен бұйымдарды сіңірмелеу сапасын сырттай қарап және өлшеп анықтау.

Білуге тиіс: сіңірмеленген бұйымдарға қойылатын негізгі талаптарды; қолданылатын сіңірмелеу және кептіру жабдығының құрылымын, нысанын және баптау мен пайдалану ережесін; сіңірмелеу және кептірудің технологиялық процестерін; жұмыста қолданылатын лактарды, компаундарды, эмальді, электролиттерді, еріткіштерді және басқа да сіңірмелеу материалдарын, олардың қасиеттерін, нысанын және олармен жұмыс істеу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Асбестті, бакелитті, кабельдік және телефон қағаздары, мақта-қағаз маталар, шыны маталар мен басқа да оқшаулау материалдары - сіңірмелеу.

2. Электр щетка дайындамалары - бакелитті лак ерітіндісінде, спиртте сіңірмелеу.

3. Электр машиналары полюстерінің катушкалары – эмальмен жабу.

4. Асбоцемент тақталар - сіңірмелеу және кептіру.

5. Электр машиналары роторлары, статорлары мен зәкірлері - арнаулы лакпен сіңірмелеу және эмальмен жабу.

40. Электр техникалық бұйымдарды сіңірмелеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді, бұйымдар мен материалдарды кейіннен технологиялық нұсқаулыққа сәйкес арнаулы вакуумді шкафтарда кептіре отырып сіңірмелеу процесін жүргізу. Сіңірмелеу және кептіру процесін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша қадағалау. Қысым мен температураны реттеу. Вакуумді сіңірмелеу және кептіру журналдарын жүргізу.

Білуге тиіс: вакуумді сіңіру жабдығының құрылымын, нысанын, жұмыс принципін, қызмет көрсету және реттеу ережесін; сіңірілінетін бөлшектердің, электр техникалық бұйымдар мен материалдардың технологиялық нұсқаулықтары мен ерекшеліктерін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен жұмыс принципін; вакуумді сіңірмелеу және кептіру режимдерінің электр техникалық бұйымдардың сапасына әсерін.

Жұмыс үлгілері

1. Қағаз, мақта-қағаз маталар, текстолит, гетинакс, жібек - сіңірмелеу.

2. Қағаз диэлектрикті конденсаторлардың алмалы бөліктері - сіңірмелеу және кептіру.

3. Электр щетка дайындамалары - бакелитті лак ерітіндісінде, спиртте сіңірмелеу.

4. Трансформаторлардың катушкалары мен алмалы бөліктері – сіңірмелеу, кептіру және ормасын пісіру.

5. Қағаз диэлектрикті күштік конденсатор – вакуумді сіңірмелеу және кептіру.

6. Бетон реакторлар - сіңірмелеу және кептіру.

7. Электр машиналарының секциялары - компаундирлеу, вакууммен кептіру және жаттықтыру режимін жүргізу.

8. Қуаты 100 кВт дейінгі электр машиналарының зәкірлері - сіңірмелеу.

41. Электр техникалық бұйымдарды сіңірмелеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен ірі габаритті бұйымдарды вакуумді аппараттарда сіңірмелеу, кептіру, компаундирлеу және лактау процесін жүргізу. Электр техникалық бұйымдардың вакуумді аппараттарға дұрыс салынуын қадағалау. Температура мен қысымды бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Вакуумді-сіңіру жабдығының ақпайтынын тексеру. Өзі жазатын манометрлерді дайындау және қосу. Вакуумді сіңіру жабдығы жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Ірі габаритті бұйымдарды көтеру-тасымалдау механизмдерінің көмегімен тасымалдау.

Білуге тиіс: сіңіруге және кептіруге жататын электротехникалық бұйымдардың түрлі типтерінің принципті құрылымы мен нысанын; вакуумді-сіңіру жабдығының құрылымын, пайдалану ережесін, жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; вакуумді кептіру және сіңіру кезінде қолданылатын күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының, көтеру-тасымалдау механизмдерінің құрылымы мен жұмыс принципін; вакуумді техника жөніндегі негізгі деректерді; температура мен қысымды реттеу ережесін; вакуумді кептіру және сіңірудің дұрыс режиміне әсер ететін себептерді, оларды анықтау және жою әдістерін; тасымалдау тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Электр щетка дайындамалары - су ерітіндісінде сіңірмелеу.

2. Кернеуі 220-300 кВ төртінші-алтыншы габариттік күштік трансформаторлардың катушкалары мен алмалы бөліктері – сіңірмелеу, кептіру.

3. Электр машиналары мен аппараттарының катушкалары – қысыммен сіңірмелеу.

4. Қағаз-пленкалы және пленкалы диэлектрикті күштік конденсатор – сіңірмелеу және кептіру.

5. Зәкірлер мен статорлардың орамдары - сіңірмелеу және кептіру.

6. Электр машиналарының статорлары - сіңірмелеу және кептіру.

7. Элементтік көмірлер – парафинмен сіңірмелеу.

8. Қуаты 100-ден 200 кВт дейінгі электр машиналарының зәкірлері - сіңірмелеу.