Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

32. Сілтілік аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аккумуляторлар мен элементтердің тәжірибелік үлгілерінің бөлшектерін қиыстырып, жетілдіріп, дәнекерлеп және пісіріп дербес құрастыру және жинақтау. Біріктірудің күрделі тәсімдерімен аккумуляторлық батарея элементтерін құрастыру және монтаждау. Құрастыру технологиясының оңтайлы технологиясын айқындау және орнату. Аккумулятор, элемент және батарея мөлшері параметрлерін сынағаннан кейін талап етілетін мөлшерге дейін жетілдіру.

Білуге тиіс: жауапты слесарлық құрастыру және монтаждау жұмыстарын орындау тәсілдері мен жолдары, аккумулятор, элементтер мен батареялардың барлық үлгілерін құрастыру принципі; жекелеген тораптар мен батареялардың жалпы жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәртібі; аккумуляторлық батареяларды біріктірудің электрлік тәсімдері; шектеу мен отырғызу жүйесі, орындалатын жұмыс шегінде электр техника және электр химиясы негіздері.

Жұмыс үлгілері

Аккумулятор батареялар – толықтай құрастыру және монтаждау.

33. Сілтілік аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тез әсер ететін эпоксидті компаундарды, желімдерді, герметиктерді пайдалана отырып күрделі сызбалар мен эскиздер бойынша тәжірибелік үлгілер мен макеттерді қоса отырып, ерекше күрделі аккумуляторлар, элементтер мен батареяларды толықтай құрастыру және монтаждау. Субминиатюралықты қоса алғанда, штепсельді ажыратқыштарды батареялардың электр бірікпелерінің барлық тәсімдерін дәнекерлеу режимдері бойынша ерекше техникалық талапты электр қыздыру элементтерінің, температуралық реле, шағын габаритті реле пиротехникалық торап контактілерін дәнекерден алу. Арнайы батареялардың гидравликалық түрлі тораптарын монтаждау. Стандартты емес автоматты технологиялық жабдықтарды пайдалана отырып, техникалық құжаттама тала ететін мөлшерге дейінгі қажет дәлдікте батареяларға полимер құю. Артық қысым және қарсы қысым берерде батарея бірікпелерінің электр тәсімдерін түрлі өлшеу аспаптары мен гидравликалық тораптарымен тексеру. Ақауларды анықтау және оларды жою.

Білуге тиіс: эскиздер мен құрастыру сызбалары бойынша ерекше күрделі аккумуляторлар, элементтер мен батареяларды құрастыру және монтаждау әдістері, жолдары; пиротехникалық құралдармен жұмыс істеу тәсілдері мен жолдары; гидравликалық батарея жүйесін пиротехникалық тораптармен, қыздыру элементтермен, термореле, атқарғыш реле және батареялармен жалпы тексеру кезіндегі жұмыс ережесі мен тәртібі;

Жұмыс үлгілері

1. Пиротехникалық блоктар – дәнекерден алу.

2. Электрмен қыздыру жүйелері – монтаждау.

34. Сүзгі сығымдаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті сүзгі сығымдаушының басшылығымен бақылау айрықшалықтарға сәйкес никель шала тотығы гидратын сығымдау. Сүзгі сығымдағыш рамаларын ауыстыру. Сүзгі сығымдағыш рамаларына төсем орнату және олардың тозуына қарай ауыстыру. Сүзгі сығымдағыштарды кезеңімен тазалау. Никель шала тотығы гидратын ұсақтау процесін жүргізу. Технологиялық процестің орындалуын тіркеу журналын жүргізу.

Білуге тиіс: сығымдалған массаны ұсақтауға арналған жоғары қысымдағы диафрагмалық және май сорғылардың, агрегаттардың сүзгі сығымдағыштарының маңызды бөлшектерінің атауы және қызметі және қолдану принципі, сүзгі сығымдағыштарды құрастыру және бөлшектеу, төсемдерді бекіту және шешу тәсілдері, сүзгі сығымдағыштардан жасалған суспензиялардың ағып кетуін болдырмау жолдары, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі.