Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

29. Сілтілік аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Слесарлық қиыстыра отырып, түрлі үлгілік аккумуляторлар мен элементтердің жекелеген күрделі емес тораптарды және жекелеген бөлшектерді құрастыру.

Білуге тиіс: жұмыс процесінде қолданылатын механизмдер мен айлабұйымдар туралы негізгі мәліметтер; жұмыс қол аспаптың қызметі мен қолданылуы; өңделетін материалдардың механикалық қасиеті туралы қарапайым мәліметтер; өңделетін тораптар мен бөлшектердің атауы және қызметі.

Жұмыс үлгілері

1. Блоктар - жартылай блоктардан құрастыру және түзету.

2. Бұрандалар – борнға бұрау.

3. Түптері мен қақпақтары – ыдыстарға кірістіру.

4. Аккумулятор қақпақтары – құрастыру.

5. Ыдыстар – тазарту, түзету және таңбалау.

30. Сілтілік аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аккумуляторлар мен элементтердің тораптары мен блоктарын құрастыру немесе түрлі үлгідегі аккумуляторлар мен элементтердің құрастыру жөніндегі орташа күрделіктегі операцияларды орындау. Тәсім бойынша күрделі емес батареяларды құрастыру. Жетекті аккумулятор блоктарды кешенді құрастыру, дискілік аккумуляторларды түпкілікті құрастыру, герметикалау процесін жүргізу. Аккумуляторларды, элементтер мен батареяларды операциялық құрастыруды жүргізу жөніндегі слесарлық-құрастыру жұмыстарын орындаудың негізгі тәсілдері мен жолдары.

Білуге тиіс: қосалқы жабдықтарды және слесарлық-құрастыру айлабұйымдарын қолдану принципі және басқару ережесі; бақылау-өлшеу аспаптары немесе құралдарының қызметі мен пайдалану ережесі; шектеулер мен отырғызулар туралы негізгі мәліметтер; құрастыру жұмыстарын орындаудың кезектілігі, аккумулятор, элемент және батарея тораптарының қызметі мен қолдану принципі; слесарлық құрастыру және дәнекерлеу жұмыстарын конвейерде және жеке жұмыс орындарында орындау жолдары, жиналатын тораптардың сыртқы белгілеріне қарай сапасын айқындау және ақауларды жиналатын тораптарда түзету тәртібі.

Жұмыс үлгілері

1. Аккумулятор батареялар – операциялық құрастыру.

2. Салмағы 7 кг-ға дейінгі блоктар – ыдыстарға қолмен сығымдау.

3. Электродтарының саны 5-ке дейінгі шағын габаритті аккумулятор блоктар – жинақтау және алғашқы құрастыру.

4. Бұрамалар – дәнекерлеу.

5. Ұштамалар мен штепсельді ажыратқыштар – дәнекерлеу.

6. Эбонитті оқшаулау таяқшалары – блоктарға қондырма.

31. Сілтілік аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ток бұрамалары шықпаларын борндарға дәнекерлей отырып, түрлі үлгідегі аккумуляторлар мен элементтерді толықтай күрделі құрастыру және герметизациялау. Аккумуляторлар мен элементтердің бөлшектерін жетілдіру және құрастыру кезінде түрлі слесарлық операцияларды (егеулеу, ию, дәнекерлеу, бұрғылау) орындау. Орташа күрделіктегі тәсім бойынша батареяларды құрастыру.

Білуге тиіс: арнайы және әмбебап айлабұйымдардың, слесарлық құрастыру және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; шектеулер мен отырғызулар; аккумуляторларды, элементтер мен батареяларды құрастыру ережесі және жолдары; орындалатын жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар; түрлі слесарлық құрастыру жұмыстарын құрастыру конвейерінде және дербес жұмыс орындарында орындаудың негізгі тәсілдері мен жолдары; құрастыруға түсетін бөлшектерді өңдеу сапасын бақылау тәсілдері мен жиналатын тораптардың жұмысында табылған ақауларды түзету тәртібі.

Жұмыс үлгілері

1. Шағын габаритті аккумуляторлар - толықтай құрастыру, дәнекерлеу және герметизациялау.

2. Шағын габаритті батареялар - орташа күрделіктегі тәсім бойынша құрастыру.

3. Салмағы 7 кг-нан асатын блоктар – ыдыстарға қолмен сығымдау.

4. Электродтарының саны 5-ден асатын шағын габаритті аккумулятор блоктар – жинақтау және алғашқы құрастыру.