Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

23. Аккумулятор пластиналарды шабушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жартылай автоматтарда және арнайы мамандандырылған сығымдағыштарда қалыңдығы 2,2 мм-ге дейінгі аккумуляторлық пластиналарды шабу. Аккумуляторлық торларды шабу. Пуансонға электрод жіберу. Бөлшектеудің берілген режиміне жабдықтарды теңшеу. Берілген мөлшерлер бойынша бөліктерге бөлу және бөлшектеу үстеліндегі орнатқан жерінен шешу. Дәнекерленетін ток жүргізу құлақшаларын тазарту. Пластинаның желілік өлшемдерін айқындау және оларды өлшеу. Кондициялық емес пластиналар мен торларды іріктеу. Қайта балқытатын қазандықтарға түсетін діріл желісін басқару. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: автоматтар кинематикасын; тазалайтын станоктарды қолдану принципі; қолданылатын айлабұйымдарды орнату және реттеу әдістері, аккумулятор пластина өндірісі процесі; пластиналардың жарамдылық және ақаулық белгілері.

24. Қорғасын аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аккумуляторлар мен батареяларды құрастыруға дайындау. Аккумуляторлардың қақпақтарын, элемент аралық бірікпелері мен басқа да ұсақ бөлшектерін құрастыру конвейерінің жұмыс орындарына қалап шығу.

Білуге тиіс: аспаптарды және жай айлабұйымдарды пайдалану ережесі; құрастырылатын бөлшектердің қызметі мен жарамдылық белгілері.

25. Қорғасын аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген жұмыс орындарында және конвейерлерде жартылай блоктарды, элементтер мен бірікпелерді моноблоктарға жинақтау, мастика құю жөніндегі жай құрастыру операцияларын орындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтарды, құралдар мен айлабұйымдарды қолдану принципі; аккумулятордың жиналатын блоктары мен батареяларының құрылымы; құрастырылатын бөлшектерге қойылатын талаптар.

26. Қорғасын аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрастыру процесінде арнайы аспаптарды, айлабұйымдар мен көлік тиегіш құрылғыларды пайдалана отырып орташа күрделіктегі түрлі құрастыру операцияларын қолмен орындау. Бір позициялық жартылай автоматты құрылғыларда барлық үлгідегі батареяларды құрастыру жөніндегі құрастыру операцияларды орындау.

Білуге тиіс: арнайы айлабұйымдар мен дәлме-дәл бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және қызметі; аккумуляторлар мен батареялардың шығарылатын үлгілерінің және оларға кіретін бөлшектерінің құрылымы; аккумулятордың әрбір үлгісінің қызметі; қызмет көрсетілетін құрылғылардың жекелеген тораптарының құрылымы; орнату автоматикасы және қолмен басқару режимінде орнату жұмысы туралы негізгі мәліметтер; қызмет көрсетілетін машиналарда ақаулықтардың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдері.

27. Қорғасын аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көп позициялы жартылай автоматты құрылғыларда түрлі үлгідегі батареяларды құрастыру жөніндегі құрастыру операцияларын орындау. Қызмет көрсететін жабдық жұмысының технологиялық режимін реттеу. Құрастыру құрылғыларының жұмыс режиміндегі ауытқулардың себептерін белгілеу және оларды жою.

Білуге тиіс: аккумулятор батареяларын құрастыру жөніндегі жартылай автоматты жабдықтардың құрылымы және кинематикалық тәсімдері; шектеулер мен отырғызулар.

28. Қорғасын аккумуляторлар мен батареяларды құрастырушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматты көп позициялы құрылғыларда түрлі үлгідегі батареяларды құрастыру жөніндегі құрастыру операцияларды орындау. Элементтер мен құрылғыларды біріктірудің күрделі тәсімдерін пайдалана отырып батареялардың тәжірибелік үлгілерін жекелеген құрастыру және жиынтықтау. Батареялардың түрлі үлгілерін құрастыруға қайта баптау кезінде автоматты құрылғылардың жұмыс режимін реттеу, жетілдіру және орнату және қол және автоматты басқару режимін өзгерту.

Білуге тиіс: аккумулятор батареяларды құрастыру жөніндегі автоматты жабдықтардың құрылымы және кинематикалық тәсімі; технологиялық параметрлерді реттеу ережесі мен тәсілдері және аккумуляторды құрастырудың барлық сатысын басқару режимі; қорғасын аккумуляторды құю технологиялары жөніндегі негізгі мәліметтер.