Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

17. Аккумулятор пластиналарға жағушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аккумулятор пластиналарына қалыңдығы 2,5 мм-ден асатын паста түрлерін ағын желісінде жағу. Бункерге паста толтыру. Ток бұрамаларын жағатын қоректендіру машиналарына оларды жағатын таспаға біркелкі түсіру үшін жіберу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша температуралық режимді реттеу. Жағу таспасын ауыстыру. Жағылған пластиналардың жиектерін тазалау. Жағу жабдығын майлау.

Білуге тиіс: ағын желісінің құрылымы және қызмет көрсету тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; электродты пластина үлгілері, ақау түрлері, майлайтын заттар.

18. Аккумулятор пластиналарға жағушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аккумулятор пластиналарына қалыңдығы 2,5 мм-ге дейінгі паста түрлерін ағын желісінде жағу. Артық пастаны алып тастауға арналған арнайы айлабұйымдарды орнату және қайрау. Пастаның біркелкі жағылуын бақылау. Таспаның созылуын және пастаның тығыздық деңгейін реттеу. Жабдықты жұмыс процесінде баптау.

Білуге тиіс: ағын желілер мен арнайы айлабұйымдардың кинематикалық тәсімдері; баптау тәсімдері; қайрау ережесі; жағылатын пасталардың қасиеті.

19. Қорғасын қорытпаларын балқытушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балқыту қазандықтарындағы қорғасын қалдықтарын балқыту процесін жүргізу. Қазандыққа қалдықтарды электр тиегіштің көмегімен тиеу. Балқытудың температуралық режимін реттеу. Күйгенін алып тастау. Даяр қорытпаларды металл қалыптарға құю. Түптерін қалау, өлшеу және тасымалдау.

Білуге тиіс: балқыту қазандығы мен қосалқы жабдықтардың құрылымы мен қолдану принципі; қолданылатын қорытпалардың құрамы; сынама алу ережесі; өлшеу, қалау және тасымалдау тәсілдері.

20. Қорғасын қорытпаларын балқытушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балқыту-қалпына келтіру қазандықтарындағы қорғасын қалдықтарынан жасалған қорғасын қорытпаларын балқыту және қалпына келтіру процесін жүргізу. Пешке кокс, қорғасын қалдықтары мен жапсырмаларды тиеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша балқытудың температуралық режимін реттеу. Электр транспортерге орнатылған даяр қорытпаны металл қалыптарға құю.

Білуге тиіс: қалпына келтіру пештері мен тиегіш жабдықтардың құрылымы мен қолдану принципі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; пеш жұмысының режимі, қорытпадағы қорғасынның проценттік құрамын айқындау тәсілдері.

21. Аккумулятор пластиналарды шабушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті шабушының басшылығымен жартылай автоматтарда және арнайы мамандандырылған сығымдағыштарда қалыңдығы 2,2 мм-ден асатын аккумуляторлық пластиналарды шабу. Пластиналарды бөлшектеуге дайындау. Бөлшектеу және шешу. Электрод үлгілерін олардың сыртқы түріне қарай айқындау. Пластиналарды сұрыптау және платформаларға немесе тараға қалау. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды майлау және тазалау.

Білуге тиіс: шабатын жартылай автоматтар мен мамандандырылған сығымдағыш механизмдерінің маңызды бөлшектерінің атаулары және қызметі және қолдану принципі, оларды басқару ережесі; электродты пластиналардың қызметі; сұрыптау және қалау тәсілдері, ақау түрлері.

22. Аккумулятор пластиналарды шабушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жартылай автоматтарда және арнайы мамандандырылған сығымдағыштарда қалыңдығы 2,2 мм-ден асатын аккумуляторлық пластиналарды шабу. Пластиналарды жартылай автомат дүкеніне қалау, бөлшектеу және шешу. Жартылай автоматты пластиналардың берілген мөлшерлеріне баптау және қайта баптау. Пластиналарды шабудан кейін іріктеу. Ақаудың пайда болу себептерін белгілеу және оларды жою.

Білуге тиіс: жартылай автоматтар мен сығымдағыштардың құрылысы және баптау тәсілдері; пластиналарды шабу тәсілдері, электрод үлгілерін айқындау себептері; ақаудың ықтимал пайда болу себептері мен олардың алдын алу тәсілдері.