Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

13. Құрғақ (қорғасын аккумуляторларға арналған) массаны араластырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қорғасын ұнтақ және басқа да компоненттерден құрғақ массаны араластыру, қорғасын аккумуляторлар өндірісіне арналған құрғақ масса және басқа да компоненттерден автоматты араластырғыштарда паста дайындау. Шикізат және компоненттерді кезең-кезеңімен толтыру. Құрылғыны жұмыс режиміне келтіру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне орай токтың айналу жылдамдығын және токты реттеу. Араластырылған компоненттерді автоматты түрде жинау және тасымалдау. Жабдық жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою.

Білуге тиіс: көтергіш-көлік механизмдері мен құрылғылардың қызметі және қолдану принципі; автомат жұмыстарының режимі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; автоматтардағы ақаулықтардың түрлері және баптау тәсілдері.

14. Аккумулятор өндірісі жартылай автоматтар құрылғысын баптаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жартылай автоматты құрылғыларды, бақылау аспаптарын және көлікке тиеу құрылғыларын баптау. Қарапайым және орташа күрделіктегі жартылай автоматты қалыптар мен жарақтарды орнату және ауыстыру және оларды жетілдіру. Технологиялық параметрлерге сәйкес автоматика аспаптарын орнату және реттеу. Анағұрлым жоғары білікті баптаушының басшылығымен жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою және ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: жабдықтардың құрылысы, принципиалды тәсімдері; жартылай автоматтарды баптау ережесі және тәсілдері; жабдық агрегаттары мен тораптарының өзара іс-әрекеті; жай және орташа күрделіктегі қалыптар мен жарақтардың құрылымы және оларды сынау тәсілдері; орындалатын жұмыс көлеміндегі слесарлық іс; шектеулер мен отырғызулар жүйесі; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және пайдалану ережесі.

15. Аккумулятор өндірісі жартылай автоматтар құрылғысын баптаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мотоциклетті, мопедті және басқа да шағын габаритті аккумуляторлық батареялар жасау кезінде жартылай автоматты құрылғыларды баптау және реттеу. Бөлшек жасау және батарея тораптары, элементтері мен блоктарын құрастыруға арналған қалыптар мен жарақтардың түрлі құрылымды жартылай автоматтарын орнату және ауыстыру. қалыптарды сынау және жетілдіру; баптағаннан кейін батареяларды сынамалық құрастыру. Жартылай автоматтардың жұмысын қадағалау және жабдықтың, іске қосатын және реттейтін аппаратураның жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: жабдықтың принципі жұмысы және құрылымы, кинематикалық тәсімдері; әмбебап және арнайы айлабұйымдар, жарақтардың құрылымдық ерекшеліктері, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын, іске қосатын аппаратураны теңшеу және реттеу ережесі, электроника, автоматика, электр техника, механика негіздері; шектеулер мен отырғызулар жүйесі.

16. Аккумулятор өндірісі жартылай автоматтар құрылғысын баптаушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автомобильді, тракторлық, тепловоз, вагон және басқа да ірі габаритті аккумуляторлық батареяларды жасауда жартылай автоматты құрылғыларды баптау және реттеу. Батареялардың түрлі үлгілеріне конвейерлік желілерінің жартылай автоматтары мен жабдықтарын қайта баптау. Бұйымдарды жасап көру және қайта баптағаннан кейін жабдықтарды жетілдіру. Электронды, пневматикалық тәсімдер мен микротәсімдер негізінде басқару жүйесінің ерекше күрделі тораптары мен құрылғыларын бөлшектеу, реттеу және құрастыру. Жабдықтар мен жарақтарды жөндеу және баптауға қажетті ақаулықтарды есептеуді орындау және ведомостілерін рәсімдеу. Жабдықтарды қабылдауға, жөндеуге және ауыстыруға қатысу. Жабдық жұмыстары параметрлерін есептеуді жүргізу.

Білуге тиіс: жартылай автоматтардың құрылымы, кинематикалық және пневматикалық тәсімдері; конвейерлік құрастырудың гидравликалық және электрлік желі жүйесі мен барлық құрылғы механизмінің өзара іс-әрекеті, жабдықты баптау, жөндеу және монтаждау тәсілдері; бақылау-өлшеу аппаратурасы тораптары мен механизмдерді реттеу және сынау дәлдігін тексеру ережесі; жартылай автоматтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері; аккумуляторлық батареялар өндірісінің технологиялық процесі; даяр өнім стандарттары.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.