Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

9. Механикалық немесе флотациялық кен байыту машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылығымен темір кенін механикалық (гравитациялық) немесе флотациялық байыту. Байыту агрегатын жұмысқа дайындау. Шикізатты мөлшерлеу. Жұмыс процесінде агрегаттың жекелеген механизмдері мен тораптарын реттеу және күрделі емес ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыс кешенін баптау және орындау.

Білуге тиіс: темір кенін механикалық (гравитациялық) немесе флотациялық байыту агрегаттары негізгі механизмдерінің құрылымы мен баптау тәсілдері, орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу және реттегіш құралдардың құрылымы; шикізат, концентрат, аралық өнімдер, шламдардың негізгі техникалық шарттары мен қойылатын талаптары; шикізат, концентрат және қалдықтарды сақтау ережесі; орындалатын жұмыс шеңберінде флотация негіздерін білу.

10. Механикалық немесе флотациялық кен байыту машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темір кенін механикалық (гравитациялық) немесе флотациялық байыту. Технологиялық режимді қамтамасыз етуге арналған байыту агрегаттарын баптау. Орташа сынаманы іріктеу, байытылған кен сапасын тексеру. Технологиялық процесстің барысы туралы есептік құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: темір кенін механикалық (гравитациялық) немесе флотациялық байытуда қолданылатын түрлі аппараттар мен механизмдердің кинематикасы мен баптау тәсілдері; күрделі және дәлме-дәл бақылау-өлшеу және реттегіш аспаптардың қызметі мен пайдалану ережесі; шикізат пен материалдарды жұмыс процесінде бақылау және сынамалаудың негізгі әдістері, темір кенін механикалық (гравитациялық) немесе флотациялық байытудың негізгі және қосалқы операциялардың теориялық технология негізі.

11. Құрғақ (қорғасын аккумуляторларға арналған) массаны араластырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті араластырушының басшылығымен қорғасын ұнтақ және басқа да компоненттерден құрғақ массаны араластыру, қорғасын аккумуляторлар өндірісіне арналған құрғақ масса және экспандерден паста дайындау. Араластырғыштар мен механизмдерді басқару. Жабдықты жұмысқа дайындау.

Білуге тиіс: паста жасауға арналған араластырғыштарды және жабдықтардың маңызды бөлшектерінің атауы және қызметі және қолдану принципі; қызмет көрсетілетін араластырғыштың қоректендіру құрылғысы мен қызметі, компоненттерді мөлшерлеу тәсілдері; қорғасын ұнтақтың, компоненттер мен пасталардың қызметі, қасиеті, сақтау және тасымалдау ережесі; жұмыс процесінде қолданылатын ащы қышқылдарды ұстау ережесі.

12. Құрғақ (қорғасын аккумуляторларға арналған) массаны араластырушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қорғасын ұнтақ және басқа да компоненттерден құрғақ массаны араластыру, қорғасын аккумуляторлар өндірісіне арналған құрғақ масса және басқа да компоненттерден түрлі үлгідегі механизацияланған араластырғыштарда паста дайындау. Транспортерлік таспалар арқылы белгілі бір мөлшерде компоненттерді толтыру. Араластырғыштардың айналу жылдамдығын реттеу. Паста жасауға арналған араластырғыш механизмдерді басқару. Жабдықтарды жұмыс процесінде баптау.

Білуге тиіс: паста жасауға және құрғақ массаны араластыруға арналған механизацияланған араластырғыштардың құрылысы және баптау тәсілдері, орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, паста рецептурасын; араластырғыштарға компоненттерді мөлшерлеу және толтыру тәсілдері.