Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

22. Лакты араластырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майлы, глифталді және пентофталді лактардың негізінде көп компонентті ерітінділерді дайындаудың технологиялық процесін біліктілігі анағұрлым жоғары лак араластырушының басшылығымен жүргізу. Лактардың тұтқырлығын тексеру. Лактарды түрлі еріткіштермен қажетті консистенцияға дейін жеткізу. Лактарды түстермен боямалау. Ерітілген лакті тұндырғышқа немесе жұмыс орнына айдау. Жабдықтың жұмысын қадағалау.

Білуге тиіс: қолданылатын лактардың маркалары мен қасиеттерін; тұтқырлығын анықтау әдістерін; қолданылатын жабдықтың нысаны мен пайдалану ережесін; еріткіштермен жұмыс істеу ережесін.

23. Лакты араластырушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майлы, глифталді және пентофталді лактардың негізінде көп компонентті ерітінділерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Компоненттерді дайындау, оларды ыдыстарға құю және еріткішті жіберу. Лактарды қажетті тұтқырлыққа, үлестік салмаққа дейін және араластырғыштардағы концентрацияға араластыру. Қажет болған жағдайда лакті пигментпен бояу. Компоненттерді дозалау және салу процесін реттеу. Жабдықты қосу, тоқтату және оның жұмысын қадағалау. Араластырылған лакті лак құбыры жүйесімен тұндырғышқа жіберу. Технологиялық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы мен нысанын; қолданылатын лактың негізгі сипаттамалары мен оларды араластыру тәсілдерін; тұндырғыш ыдысы мен лак құбыры коммуникациялары жүйесін; сынама алу және технологиялық құжаттаманы жүргізу ережесін.

24. Лакты араластырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Синтетикалық, полиэфироэпоксидті және қатырғыш қоспалы желімдегіш лактардың негізінде көп компонентті ерітінділерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Лак құбыры жүйесін дайындау. Лактарды ыдыстарға механикалық араластырғышпен айдау және толтыру. Тұтқырлығын, концентрациясын анықтау және оларды қажетті параметрлерге дейін жеткізу. Ыдыстардағы температура режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Лактарға қосылатын жылдамдатқыш, қатырғыш және сиккативтер есебін жасау. Лак пленкасының қалыңдығын тексеру. Сапалық көрсеткіштердің нормадан ауытқуларын анықтау және жою.

Білуге тиіс: негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы мен нысанын; лак құбыры коммуникациялары жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін; лактар мен еріткіштердің физикалық-химиялық қасиеттерін және улылығын; лактар мен шайырлардың нысанына қарай тұтқырлығын, концентрациясын және үлестік салмағын.

25. Трубалы электр қыздырғыштарды толтырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Трубалы электр қыздырғыштарды периклазбен немесе басқа да ұқсас толтырғышпен орталандырушы втулканы орната отырып немесе вибростендіде қолмен толтыру. Электр қыздырғыш трубасына спиральді орнату және оны арнаулы орталаушы құрылғыға ілу. Толтырғышты қолмен дозалау. Трубалы электр қыздырғыштарды арнаулы орталаушы құрылғыдан түсіріп алу және сынау үшін сынақ стендіне орнату. Трубалы электр қыздырғыш элементтерін обкаткамен, гайкамен, кесумен және түзете отырып құрастыру. Берілген рецепт бойынша шикіқұрамны жасау.

Білуге тиіс: трубалы электр қыздырғыштарды қолмен толтыру процесін; орталандырушы втулка мен электр қыздырғыш трубасына спиральді орнату ережесін; вибростенд құрылымын; толтырғышты қолмен дозалау жолдарын; электр қыздырғыштарды сынақ стендіне орнату ережесін; трубалы электр қыздырғыш элементтерін жасаудың технологиялық кезектілігін; шикіқұрам рецептурасын және оны жасау тәсілдерін; трубалы электр қыздырғыш элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды; құрастыру кезіндегі ақаудың түрлері мен себептерін және оны болдырмау шараларын.