Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

38. Сынап-мырыш, магний және басқа да ток көздерінің құрастырушысы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сериялық өндіріс жағдайында сынап-мырыш элементтерді және магний батареялары секцияларын жинақтау және құрастыру жөніндегі жай операцияларды орындау. Бөлшектер мен аспаптарды құрастыруға дайындау.

Білуге тиіс: жұмыс процесінде пайдаланылатын жабдықтардың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының атауы, құрастыру операцияларының кезектілігі; жинақтайтын бөлшектердің қызметі мен жарамдылық белгілері.

39. Сынап-мырыш, магний және басқа да ток көздерінің құрастырушысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сериялық өндіріс жағдайында сынап-мырыш элементтерді және магний батареялары секцияларын жинақтау және құрастыру жөніндегі орташа күрделіктегі операцияларды орындау. Ұсақ сериялық және жеке өндіріс жағдайында химиялық ток көздері элементтерін, секцияларын, блоктарын жинақтау және құрастыру жөніндегі жай операцияларды орындау. Анағұрлым жоғары білікті құрастырушының басшылығымен ұсақ сериялық және жеке өндіріс жағдайында химиялық және физикалық ток көздері элементтерін, секцияларын, блоктарын жинақтау және құрастыру жөніндегі жай операцияларды орындау. Анағұрлым жоғары білікті құрастырушының басшылығымен және тәжірибелік өндіріс жағдайында ұсақ сериялық және жеке өндіріс жағдайында химиялық және физикалық ток көздері элементтерін, секцияларын, блоктарын жинақтау және құрастыру жөніндегі жай операцияларды орындау.электродтарды, секцияларды сызба, принципиальды тәсімдер және нұсқаулықтар бойынша құрастыру. Элементтерді геометриялық мөлшерлері бойынша іріктеу. Полярлығын айқындау және қысқа тұйықталудың болмауын тексеру. Компаундтарды, герметиктерді, еріткіштерді дайындау.

Білуге тиіс: жұмыс процесінде қолданылатын жабдықтарды қолдану принципі және басқару ережесі, арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу және реттейтін аспаптардың қызметі мен пайдалану ережесі, жинақтайтын бөлшектердің атауы және қызметі; жекелеген бөлшектердің өзара іс-әрекеті принципі және оларға қойылатын талаптар.

40. Сынап-мырыш, магний және басқа да ток көздерінің құрастырушысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ сериялық және жеке өндіріс жағдайында химиялық және физикалық ток көздерін (элементтерін, секцияларын, батареяларын мен қоректендіру жиынтықтарын) жинақтау және құрастыру жөніндегі орташа күрделіктегі операциялар мен сериялық өндіріс жағдайында сынап-мырыш элементтер мен магний батареяларын құрастыру жөніндегі күрделі операцияларды орындау. Құрастыру операцияларын электрлік тәсімдер және сызбаларға сәйкес орындау. Нүктелік дәнекерлеуді пайдалана отырып элементтерді құрастыру. Оқшаулаудың, электр қозғайтын күштің, ток күшінің кедергісін тексеру. Тәжірибелік өндіріс жағдайында физикалық және химиялық ток көздерін жинақтау және құрастыру жөніндегі жай операцияларды орындау. Басқарушы техникалық материалдарға сәйкес сызбаларға, принципиальды тәсімдер бойынша электр монтаждау жұмыстарды жүргізу.

Білуге тиіс: орташа күрделіктегі қолданылатын жабдықтардың, арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; қоректендіру және батарея элементтерін, секциялар, топтар, жиынтықтар жасау кезектілігі; монтаждау және принципиальды тәсімдер; орындалатын жұмыс шегінде ток көздерін құрастыру және монтаждаудың технологиялық процестері; кептіру, температура, дәнекерлеудің технологиялық режимдері.