Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

34. Электр өткізгіш қабат әзірлеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық үлгідегі ток көздерінің электр өткізгіш қабатын екі білікті біліктерде компоненттерін араластыру жолымен әзірлеу. Электр өткізгіш төсемді мырышқа екі білікті біліктерде уақыт, температура технологиялық параметрлеріне сәйкес каландирлеу және домалату. Төсемді мырыш жайманың өлшеміне қарай қолмен пішу. Мырыш жаймалардың бетіне желім жағу. Даяр өнімді стеллаждарға қалау. Электр өткізгіш қабаттың сапасын сыртқы түріне қарай айқындау. Екі білікті білікшені басқару, тазалау және майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың маңызды бөлшектерінің атауы және қызметі, және қолдану принципі; орташа күрделіктегі арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі; мырыш жаймаға электр өткізгіш қабат жағу тәсілдері; электр өткізгіш қабаттың қызметі.

35. Электр өткізгіш қабат әзірлеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ток көздерінің барлық үлгілері үшін электр өткізгіш қабатын графит және күйе қоса отырып бутил каучук немесе полиизобутиленді араластыру арқылы екі білікті араластырғышта әзірлеу. Материалдарды өлшеу және оларды белгілі бір қатынаста екі білікті араластырғыштарға салу. Электр өткізгіш қабатты түсіру және сақтау. Каландирлеуге қажетті мөлшерлері бойынша электр өткізгіш қабатты пішу. Даяр массаның сапасын тығыздығы және араласуының біркелкілігі бойынша айқындау. Агрегаттардың жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою. Агрегаттардың ағымдағы жөндеуіне қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілдері, арнайы айлабұйымдардың, аспаптардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; түрлі таразыларды пайдалану ережесі; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері, компоненттерді араластыру рецептурасы мен процесі (режимі).

36. Гальваникалық элементтер мен батареяларды құрастырушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі емес аспаптар мен айлабұйымдарды пайдалана отырып стакандық және галетті құрылымды гальваникалық элементтер мен батареяларды құрастыру жөніндегі жекелеген операцияларды орындау. Бөлшектерді құрастыруға дайындау. Бөлшектер мен жартылай фабрикаттарды құрастыру машиналарына немесе жартылай автоматтарға қолмен жіберу. Даяр өнімдерді тараға сұрыптау және қалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; кеңінен таралған жай айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі; құрастыру операцияларының кезектілігі, жинақтайтын бөлшектердің атауы және қызметі, даяр өнімдерді тараға қалау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Центраторлар – элементтерге кигізу және пастамен зарядтағаннан кейін шешу.

2. Шайбалар - центрлеуші шайбаларды элементтерге немесе агломераттарға кигізу және қисық отырғызылған шайбаларды түзету.

3. Элементтер - контактілерді дәнекерлеу үшін жаятын тақтайларды ұяшықтарға қалау.

37. Гальваникалық элементтер мен батареяларды құрастырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы жабдықтарды, аспаптар мен айлабұйымдарды пайдалана отырып, стакандық және галетті құрылымды гальваникалық элементтер мен батареяларды құрастыру жөніндегі жекелеген операцияларды орындау.контактілерді, ток өткізгіштерді, біріктіретін сымдарды мырыш полюстерге, қалпақтарға, штепсельді ұяшықтарға қолмен дәнекерлеу немесе пісіру. Блоктарды, секцияларды, батареялар мен элементтерді жинақтау. Арнайы зарядтау мөлшерлеу машиналары мен айлабұйымдардың көмегімен түрлі электролитті паста элементтерін зарядтау. Үстел үсті токарлық станокта полюс жиектерін біліктеу. Үстел үсті токарлық станокта полюс жиектерін қысу және бандаждау. Кабельді қағаздан жасалған жіп немесе таспа секцияларын құрастыру машиналарында қысу және бандаждау. Біріктіру тәсіміне сәйкес батареяларды іштей дәнекерлеу немесе пісіру. Полиэтилен шайбаларын сұрыптау.

Білуге тиіс: мөлшерлегіш құрылғыларды, құрастыру машинкаларын, қол сығымдағыштарды және басқа да қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы, басқару жүйесі және қызмет көрсету ережесі; элементтер мен батареяларды құрастыру процесі; қолданылатын материалдардың, бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың қызметі; олардың сапасын ішіне қарап айқындау.

Жұмыс үлгілері

1. Қыздырылған және анодты батареялар – жинақтау, дәнекерлеу және толықтай құрастыру.

2. Секциялар – жинақтау және толықтай құрастыру.

3. Элементтер – зарядтау, дәнекерлеу және толықтай құрастыру.