Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

29. Агломераттарды сығымдаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Агломератты массалардан тұратын түрлі үлгідегі агломераттарды арнайы фрикциялық, эксцентрикті және гидравликалық сығымдағыштарда сығымдау. Массаның сығымдағыш қалыптарға жіберілуін реттеу. Сығымдағыш жұмысындағы ақаулықтарды айқындау. Сығымдағыштарды баптау және реттеу, штампыларды, пуансондарды, сығымдағыш қалыптарды ауыстыру және орнату.

Білуге тиіс: штампылардың, сығымдағыш қалыптардың құрылымы, оларды құрастыру, орнату және реттеу ережесі; түрлі агломераттарды сығымдау процесінің кезектілігі; бастапқы шикізатқа қойылатын талаптар; қалыптардың, штампылардың бұзылу және тозу себептері, және олардың алдын алу шаралары; жабдықтың құрылысы, баптау және реттеу тәсілдері.

30. Агломераттарды сығымдаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жартылай автоматтар мен автоматтарда агломераттары массадан тұратын агломераттарды сығымдау. Автоматты іске қосуға дайындау: жекелеген тораптар мен механизмдердің жай-күйін және дайындығын тексеру, пуансондар мен сығымдағыш қалыптарды орнату. Агломератты массамен бункерді толтыру. Бункер корпустарын толтыру. Бункерге массаның жіберілуін реттеу. Ішкі диаметрді реттеу және оң электрод сапасын айқындау. Сығымдағыштардағы жылдамдықты және қысымды ұстап отыру. Жартылай автоматтар мен автоматтарды баптаудағы кемшіліктерді анықтау.

Білуге тиіс: жартылай автоматтар мен автоматтардың құрысы, жұмыс принципі және пайдалану ережесі; сығымдау режимдері; агломераттардың сапасына қойылатын талаптар.

31. Электродтар мен элементтерді сығымдаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті сығымдаушының басшылығымен сынап тотығынан тұратын электродтарды сығымдау. Жартылай элементтерді қолмен және гидравликалық сығымдағыштарда суықтай және ыстықтай сығымдау. Электродтарды сығымдауға арналған сығымдау ұнтағы топсасын дайындау. Сығымдалған электродтар мен жартылай элементтердің жарамдылығын сыртқы түріне және мөлшеріне қарай айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың маңызды бөлшектерінің қызметі және қолдану принципі; кеңінен таралған қызмет көрсетілетін әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі; шектеулер мен отырғызулар туралы негізгі мәліметтер; электродтар мен жартылай элементтерді сығымдау және жасау ережесі; сығымдау режимдері; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері.

32. Электродтар мен элементтерді сығымдаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынап тотығынан тұратын электродтарды сығымдау. Ішкі қабаты және астары бар термоэлементтерді қолмен және гидравликалық сығымдағышта суықтай және ыстықтай сығымдау. Астарын пуансондарға дәл орната отырып сығымдағыш қалыптарды құрастыру. Термоэлементтердің берілген габариттерін қамтамасыз ету және тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы және баптау және реттеу тәсілдері; сығымдағыш қалыптарды құрастыру ережесі; орташа күрделіктегі әмбебап және арнайы айлабұйымдарды, аспаптар мен құралдарды қолдану ережесі, шектеулер мен отырғызулар; сынап тотығы және термоэлементтерден тұратын электродтарды сығымдау процесі, сығымдау ұнтақтарының құрамы мен қасиеті.

33. Электродтар мен элементтерді сығымдаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Коммутациялық қабатты, ауыспалы қабаты, астары бар каскадты термоэлементтерді қолмен және гидравликалық сығымдағыштарда суықтай сығымдау. Сығымдағыш қалыптарды, астарларын дайындау, сығымдау ұнтақтарының топсасын сығым қалыптарда тегістеу. Сығымдау режимін сақтау. Сығымдалған термоэлементтердің астарын кесу және тазарту.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың кинематикасы; күрделі және дәлме-дәл бақылау-өлшеу аспаптар мен құралдардың қызметі және пайдалану ережесі, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымы; шектеулер мен отырғызулар жүйесі; термоэлементтерді сығымдау процесі; сығымдау ұнтағының физикалық-химиялық және термоэлектрлік қасиеттері және оларды сығым қалыптарға құю кезектілігі.