Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

23. Агломераттарды орап байлаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Агломераттарды екі белгілі үлгілерге дейін қағаз немесе миткаль карточкалармен конвейерде немесе жұмыс үстелінде қол тәсілімен орап байлау, желімдеу. Орап байланған, желімделген агломераттарды қорғасын полюске немесе ыдысқа қондыру. Сығымдалған агломераттар мен қолданылатын материалдардың сапасын сыртқы түріне қарай айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық құрылғысы туралы негізгі мәліметтер, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі; агломераттарды орап байлау және желімдеу тәсілдері мен қызметі; агломераттарды орап байлауға және желімдеуге қойылатын талаптар; агломераттарды орап байлау және желімдеу үшін қолданылатын материалдар мен жартылай фабрикаттардың сапасы; орап байланған материалдарды қалау тәсілдері.

24. Агломераттарды орап байлаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Екі үлгіден асатын агломераттарды, оның ішінде тәжірибелік партияларды миткаль карточкалармен және жіптермен конвейерлерде немесе жұмыс үстелінде қолмен орап байлау. Орап байланған және желімделген агломераттардың сапасын сыртқы түріне қарай айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және басқару ережесі; мырыш полюске ортасын дәлдейтін және оқшаулайтын төсемдердің қызметі және орнату тәсілдері; агломераттарды орап байлауда қолданылатын материалдар мен жартылай фабрикаттардың негізгі қасиеттері; орап байланған агломераттарды сақтаудың шекті уақыты.

25. Батарея желімдеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық үлгідегі элементтер мен батареяларды қағазбен желімдеу. Элементтер мен батареяларға арналған этикеткалар мен нұсқаулықтарды желімдеу және оларға арналған футлярларды желімдеу. Түрлі желімдер дайындау. Элементтер мен батареялардың полярлығын айқындау. Элементтер мен батареялардың сапасын сыртқы түріне қарай айқындау. Шыққан күнін штампылау.

Білуге тиіс: желімдеу кезінде қолданылатын арнайы айлабұйымдардың қызметі және қолдану ережесі, жұмыс тәсілдерінің кезектілігі және желім жағу ережесі; желімдеуге қолданылатын жартылай фабрикаттардың сапасы және қасиеті; желім рецептуралары мен оларды әзірлеу тәсілдері; даяр өнімге қойылатын негізгі талаптар.

26. Батарея желімдеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық үлгідегі элементтер мен батареяларды дерматинмен және басқа да терінің орнын басушыларын желімдеу. Сызба талаптарын сақтай отырып этикеткаларды желімдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың, айлабұйымдар мен аспаптардың құрылысы және қолдану ережесі; дерматин және басқа да терінің орнын ауыстырғыштармен бұйымдарды желімдеуге қойылатын техникалық талаптар.

27. Агломераттарды сығымдаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгілі бір үлгідегі агломерат массасынан жасалған агломераттарды қарапайым құрылымдағы сығымдағыштарда сығымдау. Сығымдалған агломераттардың жарамдылығын сыртқы түріне қарай айқындау. Сығымдалған агломераттарды сұрыптау және тараға қалау.

Білуге тиіс: қарапайым құрылымдағы сығымдағыштардың құрылымы туралы негізгі мәліметтер және қызмет көрсету ережесі, агломераттарды сығымдау, сұрыптау және ыдысқа қалау ережесі.

28. Агломераттарды сығымдаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі рецептурадағы агломерат массадан жасалған агломераттарды арнайы көлденең сығымдағыштарда сығымдау. Агломератты массамен бункерді толтыру және элемент көмірлерді сығымдағыш қорап дүкеніне қалау. Сығымдалған агломераттардың жарамдылығын салмағына, мөлшеріне және механикалық төзімділігіне қарай айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың қолдану принципі және басқару ережесі; арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; агломератты масса және электр көмірге қойылатын талаптар, элементтер мен батареялардағы агломераттардың қызметі; сығымдалған агломераттарға қойылатын негізгі талаптар.