Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

14. Элемент өндірісі автоматтарын баптаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі: ине дәнекерлеу автоматы, агломерат байлау, оқшаулау машинасын, қақпақтарын пленка элементтерімен толтыру автоматтарын немесе жартылай автоматтарды баптау. Автоматтар немесе жартылай автоматтардың барлық тораптарының жай-күйін қадағалау және оларды жұмыс режиміне баптау. Қызмет көрсететін жабдықта істейтін жұмысшыларға нұсқау беру. Автоматтың немесе жартылай автоматтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және олардың алдын алу және жою шараларын қабылдау. Қызмет көрсетілетін автоматтар мен жартылай автоматтарды ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматтардың немесе жартылай автоматтардың құрылысы және баптау ережесі; орташа күрделіктегі аспаптардың, айлабұйымдардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; шектеулер мен отырғызулар; автоматта немесе жартылай автоматта орындалатын операциялардың кезектілігі, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері және оларға қойылатын талаптар.

15. Элемент өндірісі автоматтарын баптаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Элементтерді пленкамен сору автоматтары, элементтер мен құрғақ қалта батареяларын құрастыру орташа күрделіктегі автоматтар немесе жартылай автоматтарды баптау. Майлау жүйесін және автоматты бақылау-өлшеу аспаптарын баптау. Автоматтың немесе жартылай автоматтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою. Қызмет көрсететін автоматтар мен жартылай автоматтарды ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: күрделі құрылымдағы түрлі автоматтар немесе жартылай автоматтардың кинематикалық тәсімдері және баптау ережесі; шектеулер мен отырғызу жүйесін; күрделі бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және пайдалану ережесі; қолданылатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері және оларға қойылатын негізгі талаптар.

16. Элемент өндірісі автоматтарын баптаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі конструкциялы автоматтарды немесе жартылай автоматтарды баптау. Теріс электродтар мен сілтілік элементтердің ток бұрмаларын, жасау жөніндегі желімдейтін, сығымдағыш, термопласт автоматтар, қалайтын, орайтын, қалыптайтын, этикеттейтін автоматтарды немесе жартылай автоматтарды баптау. Сепаратор жасау жөніндегі автоматты машиналарды, қойылтылған электролит жасау құрылғыларын баптау. Күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын баптау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың үздіксіз және сапалы жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: ерекше күрделі конструкциялы автоматтарды немесе жартылай автоматтардың кинематикалық тәсімдері; баптау ережесі мен тәсілдері, күрделі бақылау-өлшеу аспаптар мен құралдарды баптау ережесі.

17. Элемент өндірісі автоматтарын баптаушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Элементтер мен батарея жасаудың толық технологиялық цикліне автоматты желілерді баптау. Бірегей және экспериментальды автоматтар немесе жартылай автоматтарды баптау. Оң электродтар, бақылау, жайма қалыптау көп позициялық жасау, тұз, сілті элементтерді және батареяларды құрастыру автоматтары немесе жартылай автоматты баптау. Белсенді материалдар дайындау және өңдеу құрылғыларын баптау. Электронды аспаптарды баптау. Жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды және өнімнің жарамсыздық себептерін анықтау және жою. Автоматты желілердің жұмысын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: автоматты желілі автоматтардың кинематикалық тәсімдері, құрылымы және өзара іс-әрекеті; бірегей және экспериментальды автоматтардың немесе жартылай автоматтардың кинематикалық тәсімдері, баптау ережесі мен тәсілдері; айлабұйымдардың құрылымы; күрделі электронды аспаптарды баптау ережесі; элементтер мен батарея өндіру технологиясы.