
- •2009 Жылғы «4» желтоқсандағы
- •Жер асты тәсілімен барлайтын кен өндіру кәсіпорындарын технологиялық жобалау нормалары (әдістемелік ұсынымдар)
- •1000 Метр ұңғымаға (шпур) шаққандағы бұрғылау коронкаларының шығысы, дана
- •1000 Метр шпурдың (ұңғыманың) арналған бұрғылау шойынның кг шығыны.
- •1 М ұңғымаға арналған жарылыс заттарының мөлшері, кг.
- •Қамтамасыз ету және электрмен жабдықтау
- •Телефон байланысы
- •Сигнал беру кешені
- •Торабтарына қойылатын талаптар
- •Және қарауыл күзеті
- •Қалдықтар ғимараттары
Торабтарына қойылатын талаптар
692. Жүк эстакадалар әдетте, ашық болып қарастыралады. Қазақстанның Солтүстік облыстарының кеніштері үшін жабық жылытылмайтын болып жобаланады. Тұрмыстық және шахта үстіндегі ғимараттан немесе штолендер сағалары арасынан адамдардың өтетін орындары жабық және жылытылған.
693. Эстакада, галерея тиеу және қайта тиеу торабтарының ұзындығы, биіктігі және орналасуы ғимараттың оқпан маңындағы технологиялық сызбасымен жоспарда анықталады. Эстакада және галереяның барынша қарапайым және мүмкіндігіне қарай тік сызықты бейнелер қолданылады.
694. Ішкі габариттер, конструкциялар, материалдар, өтетін орындар және тіреулер арақашықтығы ҚНжәнеЕ 2.09.03 Өнеркәсіп кәсіпорындарының ғимарттары талаптарымен анықталады. Галереялар мен ғимараттардың темір жол және автожолдармен қиылысуы кезінде олардың жер үстіндегі деңгейден биіктігі ҚНжәнеЕ 2.05-07 Өнеркәсіп көлігі және МСТ 9238 сәйкес келеді.
695. Кеннің резервті қоймасы галереясының орналасу биіктігі оның сыйымдылығына және кенді қоймадан көлік құралдарына түсіру тәсілімен анықталады.
696. Кеннің резервті қоймасы учаскесінде галерея тіреулерінің арақашықтығы тиеу машиналарының ыңғайлылығына қарай, оны максималды арттыруға тырыса отырып, бірақ 18 м кем емес шартымен анықталады.
697. Ашық эстакадалар екі жағынан биіктігі 1 м кем емес таяныштармен қоршалады.
698. Жүк эстакадасын, галерея, тиеу және қайта тиеу торабтарының құрылыс конструкциясы ҚНжәнеЕ 2.01-07 Жүктемелер және әсер етулер және ҚНжәнеЕ 2.09.03, Өнеркәсіп кәсіпорындарының ғимараттары тарауларының талаптарына сәйкес анықталатын, тұрақты, уақытша, ұзақ, қысқа мерзімді және ерекше жүктемелерді ескере отырып, анықталады.
699. Жабулардағы пайдалы жүктеме 2,94 кПА (300 кгс/м²) қабылданады.
700. Жабулардағы есептік жүктемелерді анықтау үшін ҚНжәнеЕ 2.01.07 «Жүктемелер және әсер етулер» сәйкес жүктеме коэффициенттері қолданылады.
701. Көлік құралдарынан жүктемелер динамикалық коэффициентін қолдана отырып, арттырылады: 1,1-көлік галереялары үшін және 1,2-тасымал эстакадалары үшін.
702. Жүктеме торабтарының конструктивті-жинақтау шешімдері минималды мүмкін биіктіктермен орындалады.
703. Түсіру торабтары және тиеу торабтарын тозаңсыздандыру орталықтандырылған аспирациялық құрылғы арқылы іске асырылады.
704. Тарту-сору желдеткіші торабының қондырғылары жылжымалы автокрандармен жөндеу кезінде қызмет көрсету үшін торабтар жанында ашық алаңда орналастырылады.
4 - бөлімше. Кендердің резервті қоймаларына қойылатын талаптар
705. Кендердің резервті қоймалары төрт типті болады:
жылжымалы реверсивті таспалы конвейерлермен тиелетін және конвейерлі көлікке грейферлі крандармен түсірілетін;
арнайы тиеу машиналарымен (штабель-жинақтаушы) тиелетін және конвейерлі көлікке грейферлі крандармен түсірілетін;
жылжымалы реверсивті таспалы конвейерлермен тиелетін және ожаулы немесе роторлы экскаваторлармен түсірілетін;
штабель жинаушымен тиелетін және роторлы электр экскаваторлармен түсірілетін.
Соңғы тип барынша жеңіл құрылыс конструкцияларын пайдаланудан барынша үнемді болып табылады.
Кендердің резервті қоймалары пайдаланылатын механизмдер мен машиналар және қоймаларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар параметрлерін ескере отырып, жобаланады.
706. Конструкциялары бойынша қоймалар ашық және жабық болады. Жобаларда тиеу және түсіру кезінде тозаңданудың алдын алу жөніндегі шараларды көздей отырып, кеннің ашық қоймаларын пайдалану тиімді.
707. Резервті қоймалардың сыйымдылығы 5-10 тәулік шегінде қабылданады.
5 - бөлімше. Мұнаралы копрларға қойылатын талаптар
708. Көп арқанды көтергіш машиналар төменгі жағы бункерлер, шахта үстіндегі ғимараттың технологиялық қондырғыларының және көтергіш құрылғылардың көмекші қондырғыларының түсіру құрылғылары орналастыру үшін максималды пайдаланылатын, мұнаралы копрлардың жоғары жағында орнатылады.
709. Мұнаралы копрдың машина залы еденінің белгісі түсіру құрылғысы үстіндегі қайта көтеру немесе амортизациялық құрылғыларды орналастыруды ескере отырып, жоғары қабылдау алаңының және ауытқу шкифтерінің биіктігімен анықталады.
710. Машина залының дейінгі биіктік 20 м асатын мұнаралы копрларда барлық қабаттарға қызмет көрсету үшін жүк-жолаушылар лифтілерін (сатыдан басқа) орналастыру қарастырылады.
711. Мұнаралы копрдың машина залының ғимараты оған көтергіш оқпандардан арқандармен келетін су мен шаңның түсуінен қорғалған.
712. Мұнаралы копрларда тартпа немесе айдамалы желдеткіші бар оқпандар үстінде орналасатын ыдыстарды жылжытуға арналған бөлімшелер герметикалық орналастырылады.
713. Машина залындағы ауа температурасы +18°С. Электрдвигательдерден артық жылу бөлінген кезде сору-тартпа желдеткіш қарастырылады.
714. Монтаждау және жөндеу жұмыстары үшін қарастырылады:
машина залында-копрдың барлық қабатына жүктердің жерден көтерілуін қамтамасыз ететін көпірлі немесе аспалы кран (кранның жүк көтерімділігі және мұнаралы копрдың жабуларындағы монтаждау ойықтарының габаритті мөлшері көтергіш машинаның максималды торабтарының көтеруін қамтамасыз етеді;
копр станогына нольдік алаңда көтергіш ыдыстарды енгізуге арналған көтергіш кран;
көтергіш ыдыстар мен арқандарды ілу және ауыстыруға арналған механизмдер кешені.
715. Көп арқанды көтеру кезінде клеттерді орналастыру үшін тербелетін алаңдар пайдалану тиімді.
716. Мұнаралы копрлардың жобалары ҚНжәнеЕ 2.09.03, Өнеркәсіп кәсіпорындарының ғимараттары 13 тарауының талаптары мен нұсқаулықтары ескеріледі.
717. Мұнаралы копрлардың конструкциясы ҚНжәнеЕ 2.01-07 Жүктемелер және әсер етулер және ҚНжәнеЕ 2.09.03, Өнеркәсіп кәсіпорындарының ғимараттары 18 тарауының нұсқаулықтарына сәйкес келеді.
718. Жабуларға уақытша нормативтік жүктемелерді қабылданған технологиялық қондырғылар массасына сәйкес, бірақ 3,92 кПа (400 кгс/м²) кем емес, жабулардың кейбір учаскелерінде қолданылатын технологиялық қондырғыларға байланысты монтаждау жүктемелері ескеріледі.
719. Көтергіш ыдыс кенеттен қысылып қалған авариялық жүктеме көтергіш машиналар завод дайындаушыларының нұсқаулықтарына сәйкес анықталады, ал болмаған жағдайда бір тармақтың барлық көтеру арқандарының жалпы үзілу күшін 1,75 тең қабылданады.
720. Амортизациялық балкалар құрылғылары авариялық тежеулердегі арқандардағы күштік жүктемеге есептелген.
6 - бөлімше. Жөндеу және қойма шаруашылығы
721. Жер асты кеніштерінің тау-кен өндіру металлургия кәсіпорындарының жөндеу және қойма шаруашылықтарын жобалау шахталар, кеніштер және байыту фабрикаларының ОНТП-6 қойма кешендерін және жөндеу-механикалық шеберханаларын технологиялық жобалаудың жалпы одақтық нормалары талаптарына сәйкес іске асырылады.
10 - бөлім. Бас жоспар
1 - бөлімше. Жалпы талаптар
722. Тау-кен жұмыстарын жер асты тәсілімен жүргізу тау-кен кеніш кәсіпорындарының бас жоспары тау-кен өндіру кәсіпорындары үшін міндетті болып табылатын, салалық және арнайы нормаларды ескере отырып, өнеркәсіп объектілерін орналастыру тәртібін анықтайтын жалпы мемлекеттік нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес әзірленеді:
ҚНжәнеЕ 11 Өнеркәсіп кәсіпорындарының бас жоспарлары;
ҚНжәнеЕ 11-8 қазылатын аумақтардағы ғимараттар мен имараттар;
ҚН 245 Өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалаудың санитарлық нормалары;
Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптары, Астана, 2008 жыл;
Жұмыстарды жер асты тәсілімен жүргізу кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптары Астана, 2008 жыл.
2 - бөлімше. Кен өндіруші кәсіпорындар құрамы
723. Кен өндіру кәсіпорындарының құрамы жобалауға арналған тапсырмалармен және осы кәсіпорын құрылысына әзірленген негіздеуші материалдармен анықталады.
724. Жер асты тәсілімен әзірлеу жүргізетін кәсіпорындар құрамына әдетте, келесі объектілер енгізіледі:
жер асты қазбаларымен бас (тіке және еңіс) және көмекші көтерулер оқпандары;
бас және көмекші оқпандар кезінде шахта үстіндегі кешендер (шахта үстіндегі және машина ғимараттары, мұнаралы және укосты копрлар, желдеткіш-калориферлі құрылғы, компрессорлық станциялар және электро қосалқы станция, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар);
жөндеу, қойма, көлік мақсатындағы ғимараттар мен имараттар;
кен дайындау фабрикалары;
түсіру кешенімен тауарлық өнім қоймалары;
салу кешендері (өндірілген кеңістікті салу жұмыстар кезінде);
әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі;
жер асты игерулерінің бос жыныстарының және ұсату-сұрыптау және байыту фабрикаларының құрғақ қалдықтары, баланстан тыс кендер қоймалары, байыту фабрикаларының ылғалды қалдықтарды сақтау орындары (қалдық қоймалары).
725. Пайдалану масштабтарына байланысты жаңадан салынатын, реконструкцияланатын кәсіпорындарды жобалау кезінде цехтар (жинау, сақтау, алғашқы өңдеу және сынықтарды түсіру және түсті және қара металл қалдықтарының участоктары).
3 - бөлімше. Құрылысқа арналған алаңды таңдау
726. Тау кен өндіру кәсіпорындары объектілерін салу және орналастыру үшін алаңдар таңдау ҚНжәнеЕ 1.02.01-8, ҚНжәнеЕ 11-89 және басқа мемлекеттік нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
727. Алаңдарды таңдау бас жоспар бойынша алдын-ала әзірлеулер, технико-экономикалық негіздеме бойынша жасалған әзірлемелер негізінде, аудан немесе өндірістік ауданның (егер болғанда) жоспарына сәйкес іске асырылады.
728. Өнеркәсіп кәсіпорнын орналастыру орны келесі факторлар ескеріле отырып, жүргізіледі:
пайдалы қазбалар шығындарының шамасы (өндірістің алаң астында ескерту діңгектерін қалдыру қажеттілігі болғанда);
жер асты тау-кен игерулерінің зиянды әсерден қауіпсіздік шаралары (жер бетіне құлау зонасы);
кенжарлардан бас көмекші көтергішке дейін тау-кен массасын тасымалдау шығындар.
729. Өнеркәсіп ауданына (торабында) тау-кен өндіру кәсіпорындарын орналастыру кезінде алаңдарды таңдауды өнеркәсіп торабына енетін көмекші өндірістер мен шаруашылықтардың, инженерлік ғимараттар мен желілердің жалпы объектілерінің кооперацияларын ескере отырып, жобаланады.
730. Алаңды таңдау құрылысқа арналған алаңдарды таңдау туралы акт жасаумен аяқталады.
4 - бөлімше. Бас жоспарды жинақтау
731. Алаңды жинақтауды ауданның (жердің рельефі, желдің бағытына қарай бағыттау, құрылыстың инженерлік-геологиялық жағдайлары және басқалар) табиғи жағдайларды ескере отырып, орындалады.
Жоспарлау оқшаулау, желдету және мүмкін тозаңдануларға қатысты санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Жанар-жағар май материалдары, орман, бекіткіш және қазандықтардағы көмірлер қоймалары алаңдарда шахта үстіндегі ғимараттардан, ауа беретін оқпандардан және желдету-калориферден 100 м кем емес қашықтықта жою кезінде бағыттаушы желдің бағытын ескере отырып, орналастырылады.
732. Салынатын аумақтар санын азайту мақсатында өндірістік ғимараттар мен имараттарды максималды ірілендіру және блоктау қарастырылады.
733. Тау-кен техникалық жағдайлар бойынша шахта оқпандары жерде оның құндылығына, мәніне және ауыл шаруашылығына арналған мақсатына байланыссыз жерге орналастырылады.
734. Жер асты әзірлеулерімен үздіксіз байланысты ғимараттар мен имараттар оқпан маңындағы алаңдарда (копрлар, шахта үстіндегі және машина ғимараттарындағы желдету-калориферлі, компрессорлы және жер асты жұмыскерлері үшін тұрмыстық корпустар) орналастырылады.
735. Кенді қайта өңдеуші фабрикалар, ремонт, қойма және көлік мақсатындағы объектілер мүмкіндігінше ауыл шаруашылығы жерлерінде және бірінші топтағы ормандарда орналастырылады.
736. Ауыл шаруашылығы жерлерінде және бірінші топтағы ормандар шегінде жоғарыда аталған объектілерді орналастыру қажеттілігі технико-экономикалық варианттарды салыстыру негізінде анықталады.
737. Жерасты қазбаларынан бос жыныстарын және кен қайта өңдеу фабрикаларының қалдықтарын орналастыру үшін балкалар және орлар, пайдалы қазбалары жоқ, құрылыс көп салынған, ормансыз, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз аумақтар және жер асты құлаулары зонасы аумақтары қолданылады. Соңғысы, егер тау-кен техникалық шарттар бойынша және жер үсті сияқты, жер асты тау-кен жұмыстарында да қауіпсіздік бойынша орындауға болады.
738. Жынысты қалдықтардан өнеркәсіп құрылысына дейін қашықтық ҚНжәнеЕ 11-89, тұрғын үй құрылысына дейін-ҚН-245 талаптарына сәйкес анықталады.
5 - бөлімше. Кәсіпорынның өрт, әскерилендірілген