Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / proektirovanie_kaz.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.78 Mб
Скачать

Телефон байланысы

529. Мекеменің өндірістік автоматты телефон станциясын пайдалана отырып, әкімшілік-шаруашылық өндірістік байланыс кеніштің негізгі және көмекші объектілерін, оның аумағында орналасқан құрылыс және басқа ұйымдарды телефон байланысымен қамтамасыз ету үшін қарастырылады. Кеніштің өндірістік автоматты телефон станциясын тұрғын кентінің өндірістік автоматты телефон станциясымен біріктіру ерекше жағдайларда жүргізіледі және жобамен негізделеді.

530. Осы мекемелерде кәсіпорындарға және тұрғын кентінің тұрғындарына қызмет көрсету үшін электр құралдары және пошта байланысын жобалау және салу өнеркәсіптік құрылысқа арналған қаржылар есебінен қолданыстағы талапқа сәйкес іске асырылады және өндірістік объектілерді қоса алғанда бірінші кезекке енгізіледі.

531. Мекеменің өндірістік автоматты телефон станциясының жалпы сыйымдылығы 1 мың еңбекшіге шаққанда 250 нөмір есебінен, ал әкімшілік ғимараттар үшін 1 мың әкімшілік-басқару персоналына шаққанда 500 нөмір есебінен анықталады. Мекеменің өндірістік автоматты телефон станциясының саны (бір немесе бірнеше) байланыстың станциялы және желілі құрылғыларының құнын ескеретін технико-экономикалық есеппен анықталады.

532. Мекеменің өндірістік автоматты телефон станциясының сыйымдылығы 600 және одан жоғары болатын станциялық қондырғысы диспетчерлеу, байланыс және сигнал берудің жобаланатын құралдарының қалыпты пайдаланылуы үшін қажетті радио торабы, электр өлшеуіш, кеніш станциясы және зертханалар, шеберханалар, көмекші-өндірістік және әкімшілік қызметтерімен технологиялық диспетчерлеу цехы (участок) орналасатын жеке тұратын ғимаратта орналастырылады. Станцияның соңғы сыйымдылығын ескере отырып, мекеменің өндірістік автоматты телефон станциясы мен орталық технологиялық диспетчер ғимаратының номенклатурасы мен аумағы жобалау жөніндегі Нұсқаулыққа, байланыстың жүргізу сымдары және пошта байланысы. ВСН-333 өндірістік және көмекші ғимараттар, сонымен қатар Укргипромезбен әзірленген метзаводтарды технологиялық диспетчеризациялау цехы ғимаратының Типтік жобалық шешімдеріне сәйкес жүргізіледі. Мекеменің өндірістік автоматты телефон станциясынын сыйымдылығы 500 нөмірге дейін болған кезде станция қондырғылары әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарда орналастырылады, бірақта 2 қабаттан жоғары емес.

533. Кеніштің өндірістік автоматты телефон станциясының жергілікті қалалық (кенттік) телефон желілеріне және елдің қалааралық телефон желісіне шығысы болады. Байланыс министрлігінің желісіне шығу саны Байланыс министрлігінің орындардағы органдарының келісімі бойынша өндірістік қажеттілікке байланысты кәсіпорын басшылығымен белгіленеді.

Қондырғылар және өндірістік автоматты телефон станциясының және ҚАТС және МТС қосу желілерінің есептері ВНТП 112 сәйкес Байланыс министрлігінің жергілікті (облыстық) басқармаларының техникалық шарттары бойынша орындалады.

534. Мекеменің өндірістік автоматты телефон станциясының негізгі жүйесі ретінде сыйымдылықтың бір сағаттық жалпы қорымен аппаратты қоректендіру шиналарында бір топты аккумуляторлық батарея зарядымен электрмен қоректендірудің буферлі жүйесі қолданылады. Ғимараттық кәсіпорындық автоматтық телефон станциясының мөлшері 400 нөмірге жетсе байланыс министрлігі ВНТП 332 сәйкес электрмен қамтамасыз етудің екі тәуелсіз көзін пайдаланған кезде ғана аккумуляторлық қоректендіруге жол беріледі. Ғимараттық кәсіпорындық автоматтық телефон станциясының электрмен қоректендірудің негізгі көздерінің құрамы және түрі станцияның соңғы мөлшері есебімен қабылданады.

535. Жобаланатын байланыс құралдары мен сигнализацияларға қызмет көрсету үшін байланыс министрлігі нормасы және ОРТМ бақылау диагностикалық сынау-өлшеу құралдарымен орталық технологиялық диспетчерлерді жабдықтауға сәйкес қызметтік құрылғылар, өлшеу және тексеру аппаратуралары, механизмдерін, құралдары мен инвентарларын, техникалық және ғимарат жихаздары қарастырылады.

536. Автомат залдарында құрылғыларды орналастыру ВНТП 112 сәйкес жүргізіледі. Құрылыстық мекемелік кәсіпорындық автоматты телефон станцияларын, мекеменің электротехникалық және сантехникалық бөлімдерін, мекемелік кәсіпорындық автоматты телефон станцияларын жобалау ВНТП-333 талаптарына сәйкес орындалады.

4 - бөлімше. Директорлық және диспетчерлік телефон байланысы

537. Директорлық және диспетчерлік байланыс жедел байланыстың негізгі бөлігі болып табылады және өндірісті, технологиялық процесті басқарумен немесе бағыныстылықпен байланысты тұлғалардың шектелген тобына өндірістік ақпарат алмасу үшін қарастырылады. Бұл түрлер көлемі мен шекарасы өндірісті басқару құрылымымен және технологиялық процеспен анықталатын тіке байланыстың тұйықталған жүйесін көрсетеді.

538. Жедел байланыстың телефон коммутаторларының сыйымдылығы технологтар беретін абонненттер тізімі негізінде таңдалады, өндірісті басқаруды ұйымдастыруды (цехты, участокты, технологиялық процесті) сыйымдылықтың пайдалану қорын (10 % дейін) және кеніш, цех, участоктың кеңею перспективаларын ескере отырып, жобалайды.

539. Кеніштің тау-кен (бас) диспетчері үшін жиналыстар, жалпы және таңдаулы іріктелген циркуляр өткізуді, сөйлесулерді магниттік таспаға жазуды қамтамасыз ететін күшейткіш құрылғысы бар жедел телефон байланысының құрылғысы жобаланады.

Диспетчер қызметтерін осындай мүмкіндіктермен қамтамасыз ету қажеттілігі қызмет және өндірісті басқаруды ұйымдастыру құрылымы негізінде анықталады.

5 - бөлімше. Диспетчерлік радио байланыс

540. Сымды байланыспен (көшпелі жедел және ремонт бригадалары, өнеркәсіптік көлік) қамтамасыз ету мүмкін емес жылжымалы объектілермен жедел байланыс ұйымдастыру үшін радио байланыс жобаланады.

541. Жобланатын кәсіпорында радио байланыс пайдалану кезінде жергілікті электр байланыс инспекциясының рұқсатын алу керек.

542. Ірі кәсіпорындарды немесе кәсіпорын топтарында жылжымалы объектілерді орталықтан басқару үшін тиісті технико-экономиклық негіздеме кезінде автоматты телефон станциясына («Алтай» типінде) шығатын радио байланыстың орталық, жалпы жүйесі жобаланады.

6 - бөлімше. Тарату – іздестіру байланысы және хабарландыру

543. Диспетчер тарату-іздестіру байланысы қуаттылығы 50-1000 Вт дыбыс жиілігін және дауыс зорайтқыш қуаттылығы 0,25; 3; 10 және 25 Вт тарату-іздестіру байланысының ерекшеленген желісі пайдалана отырып, кеніштің цехтары мен учаскелерінде өкімдер, хабарларды жедел беру, қажетті адамдарды іздеу үшін қарастырылады.

544. Дыбыс зорайтқыштар өндіріс технологиясына немесе аумақтық белгісіне сәйкес топтарға бөлінеді. Дыбыс зорайтқыштардың әрбір тобы өзіндік фидерге қосылады.

545. Хабарды тарату-іздестіру байланысының барлық желісі бойынша хабарды бір уақытта жіберу қажеттілігі кезінде күшейткіш станциясының қуаттылығы дыбыс зорайтқыш желісінің қуатынан шыға отырып, есеппен анықталады.

Максималды жүктелген фидерге қосылған дыбыс зорайтқыштың жалпы қуаттылығымен хабарларды әртүрлі фидерлер бойынша хабар әр уақытта (кезекпен) жіберу кезіндегі күшейткіштің қуаттылығы анықталады.

546. Тарату-іздестіру байланысы күшейткіштерін резервтеу міндетті. Күшейткіш станцияларының станцияны дистанционды қосу кезінде үнемді режимде үздіксіз жұмыс істеу мүмкіндігі болады.

547. Тарату-іздестіру байланысы дыбыс зорайтқыштарының қуаттылығы және оларды нақты учаскелерде орналастыру дыбыс берілетін участоктың шу деңгейінен шыға отырып, анықталады. Дыбыс деңгейінің шулар деңгейінен артуы 5 дБ артық емес. Дауыс беруге өндірістік персонал уақытша немесе тұрақты болатын өндірістік алаңдар жатады.

548. Шахтадағы авария туралы жұмыскерлерге хабарлау сенімділігін арттыру үшін жобада байланыс құралдары мен авариялық сигнал берудің басқа құралдарымен қатар кеніш диспетчерінің дыбыс зорайтқыш тарату-іздестіру байланысы пайдалану қарастырылады.

7 - бөлімше. Өндірістік дыбыс зорайтқыш байланыс

549. Өндірістік дыбыс зорайтқыш байланыс технологиялық құрылғылар, комплекстер, учаскелердің жұмыс орындары арасындағы жедел екі жақты технологиялық байланысты қамтамасыз етеді.

550. Өндірістік дыбыс зорайтқыш байланыс объекті сипатына және абоненттер санына қарай өндірістік дыбыс зорайтқыш байланысын таңдап немесе циркулярлы шақырумен жобаланады.

551. Өндірістік дыбыс зорайтқыш байланысын электрмен қамтамасыз ету коммутациялық құрылғылар мен әрбір абоненттік кешен үшін негізгі технологиялық құрылғылар, комплекстер, учаскелердің электр қабылдағыштарының санаттылығына сәйкес қарастырылады.

552. Өндірістік дыбыс зорайтқыш байланысы кеніш, цех, участок, технологиялық кешеннің кешенді телефонды желісі кабельдерінде, ал циркуляциялық жүйенің өндірістік дыбыс зорайтқыш байланысы құрылғыларының үлкен емес арақашықтығы кезінде-байланыстың абоненттік бір жұпты кабельдерімен жобаланады.

8 - бөлімше. Жалпы пайдаланудағы радиофикация

553. Мәдени-тұрмыстық радиотарату кеніш бетінде орналасқан барлық объектілерде қарастырылады. Кеніштің радиофикация желісі Қазақстан Республикасының байланысты радиотрансляциондық желілері оның өкілетті жергілікті ұйымдарының техникалық шарттары бойынша жобаланады.

554. Байланыстың өкілетті органдарының негіздеуі және келісу кезінде кеніштің тарату-іздестіру байланысының күшейткіштер, желілі абоненттік құрылғылар пайдалану арқылы радио тарату үшін кеніштің жергілікті радиоторабы қарастырылады.

555. Тарату-іздестіру байланысының күшейткіші орналасқан аппарат байланысы бар аралас ғимараттарда радио торабын орналастыру кезінде, ғимаратты арнайы акустикалық өңделген аппараттық және студия қарастырылады

9 - бөлімше. Өнеркәсіптік теледидар

556. Өнеркәсіптік (қолданбалы) теледидар кеніштің өндірістік процестерін визуалды бақылау және қадағалау үшін қарастырылады.

557. Өнеркәсіптік теледидарды қолдану өндірістің көлемі мен күрделілігіне, агрегаттардағы, ұзындығы үлкен және қызмет көрсету учаскелердің баруы қиын орындарында (ДСФ, конвейерлі тракт, адамдарды клетке отырғызу жәгне басқалар), персонал денсаулығына қауіпті технологиялық процестерді қадағалау қажеттілігімен негізделеді.

558. Өнеркәсіптік теледидар аппаратурасын қолдану мақсаты мен шарттарына байланысты қарастырылады:

1) бірнеше адрестер бойынша бейнені бір уақытта бір камералы беруге арналған бейне бақылау құрылғы;

2) негізінде тұрақты немесе мерзімді қадағалауға арналған бір камералы бір бейне бақылау құрылғы;

3) көп камералы-бірнеше объектілі тізбекші бақылауға арналған.

559. Өнеркәсіптік теледидар аппаратурасы жүйесін таңдау:

1) бақыланатын объект көлемі, ауданы және конфигурациясы;

2) объектілердің жарықтандырулануы;

3) жылжымалы құрылғының қозғалу жылдамдығы;

4) ортаның физико-механикалық ортасы (тозаңдану, ылғалдылық, жарылыс және өрт қауіптілік, вибрация және тағы басқалар).

10 - бөлімше. Деректі байланыс және ұйымдастыру техникасы құралдары

560. Деректі байланыс деректі хабарлауды беру және фиксациялау үшін байланыс құрылғысы кешені құрамында қарастырылады.

561. Телеграф және фототелеграф байланысын және ұйымдастыру техникасы құралдарын пайдалану жобамен негізделеді.

562. Тау-кен кәсіпорнының басқару персоналының еңбек өнімділігін арттыру үшін байланыс құрылғы кешенінде жұмыс істейтін келесі ұйымдастыру техникасы автотеру, авто жауап беру, концентратор, диктафон және басқалар қарастырылады.

11 - бөлімше. Электросағат фиксациялау

563. Электросағат фиксациялау жүйесі тау-кен кәсіпорнындағы біріңғай уақытты көрсетуді қамтамасыз ету үшін жобалау.

564. Жүйе, әдетте кеніштің аппаратты байланысында орналасатын алғашқы электр сағат сақинасын және кеніш аумағында және жерасты қазбаларында (оқпан маңындағы аула, қосалқы станция, тоқарба жөндеу камералары, қоймалар диспетчерлік, авариялық ауамен қамтамасыз ететін камералар және басқалар) орнатылатын қайталамалы электрсағаттардан тұрады.

565. Қайталама электросағат, электросағат станция арасындағы байланыс желісі ретінде кеніштің кешенді телефон желісіндегі жұп бөлінеді.

566. Әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттарды, акт залдарын, асхана және басқа ғимараттарды сәулет және эстетикалық безендіру үшін электроника 7/06 К және басқа типтегі электронды сағаттар қарастырылады.

12 - бөлімше. Өрт және сигнал беру

567. Тау-кен кәсіпорндарында дабыл сигнал берудің келесі түрі жобаланады:

өрт сигнал беру;

күзет сигнал беру.

Автоматты өрт сигнал берумен және өрт сөндіру құралдарымен автоматты күзет сигнал берумен міндетті жабдықталуы тиіс тау-кен кәсіпорнындағы ғимараттар, имараттар тізімі тау-кен өндіру кәсіпорындарымен анықталады.

568. Нақты ғимараттың имаратын жарықтандыру немесе өрт автоматикасы және күзет сигнал беру құралдарымен жабдықтау қажеттілігі тиісті нормативті құжатпен (ҚНжәнеЕ, ҚН, ВҚН және басқалар) анықталады.

569. Өрт сөндірудің автоматты және өрт сигнал беру құрылғысын жобалау қолданыстағы нормалар, талаптар, типтік шешімдерге сәйкес ҚР ҚНжәнеЕ 2.02-05-2002 ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігіне Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің өртке қарсы қызмет комитеті, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат берген (2007 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша) өрт-техникалық өнімдер тізіміне сәйкес орнатылады.

570. Жалпы станциялық құрылғысы бар автоматты өрт сөндіру, өрт және сигнал беруді жобалауды мамандандырылған жобалау ұйымдастыруына тапсырған тиімді.

13 - бөлімше. Жер асты қазбаларындағы байланыс және

Соседние файлы в папке 2