Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Философия / Философия 2 / ЕГЖ / Философия ЕГЖ 2 (Плотон идеалды қоғам туралы)

.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
95.74 Кб
Скачать

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Жылу энергетика факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

ФИЛОСОФИЯ

№2 семестрлік жұмыс

Плотон идеалды қоғам туралы

Орындаған: Қаныбаев Д.А.

БАУк-09-3

Тексерген: Мұхамеджан Қ.Ш.

Алматы 2010ж

МАЗМҰНЫ

Жоспары 3

Кіріспе 4

Платон. Өмірі мен шығармашылығы 5

Платон философиясы: Идеалды мемлекет теориясы

“Мемлекет”. Жетілген мемлекет үлгісі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

ЖОСПАРЫ:

  1. Кіріспе

  1. Платон. Өмірі мен шығармашылығы

  1. Платон философиясы: Идеалды мемлекет теориясы

  1. “Мемлекет” еңбегінен үзінді

  1. Қорытынды

КІРІСПЕ

ПЛАТОН. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Платон Афиналық (б.з.б. 427 – 347) – ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі – Аристокл. Осы атын кең иықтылығының арқасында Сократтан алыпты деген аңыз бар. Платонның әкесі атақты рудан шыққан, ол жас кезінде жақсы білім алады, өлең шығарумен әуестенеді. 407 жылы 20 жасында Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ өлгеннен кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарга кетті. Б.з.б.389 жылы Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылым, философия, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі – Платон академиясын негізін қалайды. Б.з.б. 367 және 361 жылдары Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Федон» (әдептілік туралы), «Мемлекет» (идеялар теориясы), «Теэтет» (білім туралы), «Тимей», «Заңдар», т.б. Платонның еңбектерінің ерекшелігі – ол оның бәрін сұхбат ретінде жазады. Ол әдісті, шамасы, Платон 8 жыл бойы Сократпен бірге болған кезде игерген. Екінші ерекшелігі – сұхбаттың негізгі кейіпкері – Сократ.

Сократтың өмірдегі адамгершілік идеяларының жалпылық мәнділігі туралы ойларын дамыта отырып Платон оны бүкіләлемдік , космостық дәрежеге дейін көтерді. Б.з.д. IV ғасыр Грекия үшін «жоғары классика» дәуірі болып табылады. Бұл дәуірде антиктік философиялық ойдың айшықтық көрінісін беретін екі философиялық жүйе — Платон және Аристотельдің философиялық жүйелері қалыптасты. Сократтың ең ғұлама шәкірті және Академияның негізін қалаушы Платонның ілімі әр деңгейлі және әр алуан қырларымен ерекшеленеді. Оның шығармашылығында философия мифке қайта оралады. Онда миф логосқа бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпін береді. Әр түрлі кезеңдерде оның философиясындағы метафизика мен гносеологияға, діни проблематика мен мистицизмге зор көңіл бөлінсе, қазіргі уақытта платонизмнің мәні ретінде оның ауызша диалектикасына, этикалық-саяси проблематикасына баса назар аударылады. Платон ілімінің шынайы маңызы осы көзқарастардың барлығын жинақтағанда ғана көрінеді. Платондық метафизиканың кең ауқымды ерекшелігі, онда жаңа шындықтың ашылуымен байланысты, яғни физис философиясында бұрын-соңды сөз қозғалмаған сезімнен тыс, физикалықтан тыс кеңістіктің ашылуымен байланысты болды. Платонның дәл осы жаңалығы философия дамуындағы маңызды кезең болып саналды және батыстық даналықтың дамуындағы материалдылық және материалдылық емес, сезімге тән және сезімнен тыс деген айырмашылықтардың негізін қалады

ПЛАТОН ФИЛОСОФИЯСЫ: ИДЕАЛДЫ МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ

Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі. Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеуметтік топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған – философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар – әскербасылар, т.б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар – қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеуметтік топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеуметтік топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон өз шығармаларында «барлық нәрсенің өлшемі – Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.с.с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет еркін адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекеттті жатқызады. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платонның философиясы ежелгі грек дәуіріндегі Пифагордан басталған діни-мистикалық идеяны дамытумен ғана шектелген жоқ. Платон өзіне дейінгі философтардан қажетті, бағалы деген ой-пікірлерді қабылдай білді. Ежелгі грек философиясының көрнекті өкілі ретінде адам туралы мәселеге кеңінен тоқталып, соған байланысты көптеген мәселелер көтерді. Оның философиясындағы үлкен бір жаңалық – адамды биологиялық табиғи, сезімдік заттар дүниесінің немесе атомдардың қосылысы деген дөрекі, тұрпайы анықтамадан бас тартуы. Ол, ең алдымен, адамды қоғамдық өмірдің сан түрлі белестеріне көз жүгірте отырып, тануға ұмтылды. Сондықтан Платонның ойынша, адам – әрі қоғамдық, әрі парасатты, әрі мемлекеттік азамат. Платон өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе, саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырған сұхбаттарында адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның қоғамдық іс-әрекетіне де талдау жасады. Платонның көптеген ой-пікірлері кейінгі философтарға үлкен ықпалын тигізіп, осы күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.

“Мемлекет” атты диалогында Платонның мемлекет туралы ілімінің саяси теорияға қосқан үлесі өте маңызды болды. Сократ сияқты қоғамда өнегелі – саяси реформа жүргізуді мақсат еткенімен өзін оқытушысына қарағанда реформа жүргізудің басқа түрлерін ұсынды. Платон саналы бөлік ішкі жан-дүниесіне де, қоғамда да үстемдік етуі тиіс деп, басқару әдісінің идеократикалық түрін ойлап шығарды. Осы идеократикалық басқару қалай іске асатыны оның “Мемлекет” атты диалогында көрсетілген. Платонның айтуынша, идеалды мемлекет құрылымының негізгі принципі – әділеттілік. Платонның әділеттілік туралы ойлауы оның “Мемлекет” атты диалогындағы Сократтың негізгі қарсыласы софист Фрассимахтың мынадай пікірінен көруге болады: “Әділеттілік – ол тек күштілер үшін жарамды”. Фрассимахтың айтуынша, тирандық, демократиялық, аристократиялық болсын – әрбір мемлекетте билік басындағы адам ғана күшті болады. Әрбір үкімет өз пайдасына қарай заңдар орнатады; бұл заңдарды бағыныштылар үшін әділетті деп санап, оны бұзғандарды әділеттілікті бұзушылар ретінде айыптайды. Ал, Сократтың фрасимахтық әділеттілік анықтамасына байланысты қарсылығын келесідей жағдайлардан көруге болады.

Біріншіден, егер заңға бағынуды әділетті деп санаса, тирандық басқару түрінің өзіне де билеушілердің зорлық-зомбылық әрекеті шектеулі болады. (Платон айтқандай, ешкім жазасыз шегінен шыға алмайды, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың қандай да бір шегі болады.)

Екіншіден, заңды бұзу өз тарапынан анархиялық бастау алады. “Қой бақташы оған жақсы қарағанда ғана жақсы болады” деген көзқарасқа сүйене отырып, тиран өз тарапынан бақташының қызметін атқарады. Бұдан софисттердің әділеттілік жайындағы түсінігі өздеріне қарам-қарсы келетінін көруге болады. Сонымен қатар, Платон ұғымын түсіндіргенде әділеттілікті мемлекеттің қандай да бір қасиетіне жатқызбайды. Берілген түсінік “сонда әділеттілік өздігінен-өзі не?” деген сұрақты тудырады. Әділеттілік әрқашанда ашық болуы қажет, ал керісінше әділетсіз қимылдар жасырын болуы қажет. Сондықтан да егер біз әділетсізге қарсы әділетті адамды таныстыратын болсақ, оған жақсы болып көрінуден, жақсы болу тән екенін айқындауымыз қажет. Алайда адманан кез келген жағдайда әділетті болуды талап ету - рақымсыз. Өзің істей алмайтын нәрсені басқадан талап ету – әділетсіз. Бұдан шығатын қорытынды: әділеттілік қиын және түсініксіз, әділеттілік анықтамасын кішіден (жеке адам) қарағанда үлкенге сәйкес іздеу керек. Керісінше істейтін болсақ, көзі нашар көретін адамды кәшкентай әріптерді оқытып қоюмен бірдей болар еді. Әділеттілік адамдардың қасиеті емес, тұтас қаланың қасиеті юолуы керек. Ал, мемлекет жеке адамға қарағанда – үлкен ой. Сондықтан әділеттіліктің не екенін анықтау үшін, ең алдымен, мемлекеттің не екенін түсіну керек. Платонның айтуы бойынша: “Қала адамдардың мұқтаждығынан өсетін адамдар арасындағы байланыс жүйесі. Мемлекет - еңбектің бөлінуі нәтижесі және жеке адамдар арсындағы нәтижелер қызметінің ауысуы.” Платон айтқандай, әрбір адам қандай да бір нәрсені, біресе екінші нәрсені қызықтайды. Осы мұқтаждықтарды қанағаттыруда олар бір-біріне көмектесу үшін бірігеді, осылайша мемлекет пайда болады. Егер азық-түлік, баспана, киім қажеттілігі болса, мемлекет кем дегенде төрт-бес адамнан құралу керек. Сондай-ақ мемлекет егінші, қолөнерші, көпес және әскерлер мен басқарушылар сияқты сословиялық құрылымға бөлінуі тиіс. Неғұрлым адамның мұқтаждығы өскен сайын, соғұрлым қала халқының саны өседі. Нәтижесінде,үлкен мемлекет пайда болады. Мемлекет территориясы өз халқын азық-түлікпен қамтамасыз етуге кішкентай бола бастайды, сондықтан көрші мемлекеттің жерін тартып алуға тура келеді. Ал, көрші мемлекет өз халқының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін басқа мемлекеттің жерін тартып ала бастайды, нәтижесінде соғыстың шығуына алып келеді. Платон мемлекеттік басқару түрлерінің құрылымдарын адам бойындағы қасиеттермен салыстыра отырып түсіндіреді. Егер адам рухына саналы, шабытты, тасқынды сияқты үш негізгі қасиеттер сәйкес келсе, мемлекет те соған сәйкес келісімді, қорғаушы және іскер деп бөлінеді. Оның айтуы бойынша, адам рухының бес түрлі құрылымының, оның қандай бастау үстемдік ететініне байланысты, соған сәйкес мемлекеттің бес түрін – аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирандық деп бөледі.

Аристократия. Бұл әділетті, парасатты, батыл жетілген мемлекет түрі және оған осы қасиеттерге ие аристократиялық адамдар сәйкес келеді.

Тимократия. Атақ-құмарлыққа негіз сыни құрылыс түрі. Ол аристократиялық құрылымның құлдырауынан пайда болады. Платонның айтуы бойынша, тіпті аристократиялық сияқты күшті мемлекеттің өзі де мәңгі емес. Ол да құлдырайды. Мемлекетте екіге бөліну басталады: біреулері арам пайда табуға ұмтылса, енді біреулері бұрынғы әділетті мемлекет құрылымын сақтап қалғысы келеді. Олардың бақталастығы ортақ келісімге, яғни жерге және үйге жеке меншік орнатуға алып келді. Жамандық пен жақсылықтың толық араласуының нәтижесінде араласқан құрылым тимократия пайда болады. Бұл құрылымның белгісі аздап аристократияға, аздап олигархияға еліктеу, бұл құрылымда тік және ақкөңіл адамдар болмайды, мемлекетті ақылды адамдар емес, соғысу үшін туған адамдар басқарады. Типократиялық адам аристократиялыққа қарағанда “қаталдау”, өз құлдарын жек көрмесе де оларға қатал қарайды; сондай-ақ ол өзімшіл әрі мақтаншақ, олардың ойынша, билікті қалаудың негізі шешендікте емес, батырлық, жаугершілікте. Бұндай мемлекет өмір бойы соғысып өтеді.

Олигархия. Бұл басқарудың түрінде тек байлар билік етеді. Байлықтың жинақталу нәтижесінде құрылады. Бұндай мемлекетте бірлік болмайды, олардың күндері тек бір-біріне қастандық жасаумен өтеді, Олигархия соғысқа нашар бейімделген, сондай-ақ олар соғысқа шығындалғысы келмейді. Олигархияда билеушілерді санамағанда, бәрі кедей, сондықтан да мұндай мемлекеттік құрылымда қылмыс жасау қарқынды өсуде. Олигархиялық адам – тимократиялық адамның құлдырауы мен адамгершілік-психологиялық құлдыраудың нәтижесі.

Демократия. Мұндай құрылым келесідей оқиғаларға байланысты қалыптасады. Көптеген адамдар қарызға батып, олардан құтылу үшін нәтижесінде ұзаққа созылған құлдарға айналады. Мүліктен, құқықтан айрылған немесе барлығынан айрылған билеушілерге қатысты көшпенділік пен жек көрушілікке толы, қарызға батқан адамдар билеушілеріне қарсы төңкерістер ұйымдастырады. Егер осы төңкерісте кедейлер жеңіске жетіп, өздерінің жауларын құртса, демократиялық тәртіп орнайды. Демократия толық еркіндік пен шындықты сипатталады, бұл құрылымға әркім өз өмірін өзінің қалауынша орнатады, ал адамдар әр түрлі. Сатып алынған құлдар өздерінің сатушыларымен бірдей болып, әйелдер мен еркектер арасындағы қарым-қатынас теңейіп, міндетті және мәжбүрлі нәрселерге адамдар наразылық тудырып, олар заң алдында есеп беруді талап етеді, бұның барлығы бұл құрылымды бұрмалап, тирандық құрылымның орнауына лаып келеді.

Тирания. Бұл заңсыз басқару түрі және ол үш басқару түрінің әрекеттесу нәтижесінде пайда болады. Бұл құрылымның билеушісі мүлігі барлардың барлығын тартып алып, оны халқына таратып беру мүмкіндігі бар. Алайда тартып алынған мүліктің көп бөлігін өздеріне қалдырып қояды. Осындай билікті басқаратын адамдар қатыгез болып келеді және оған қарсы шыққандардың барлығын да өз жолынан құртады.

Тарихи уақыттық циклдық түрде дамуын бағытталған. Платонның әлеуметтік-психологиялық талдау көрсеткендей, барлық саяси формалар (идеалдық құрылымды қоса ) өнегелі мотивтің құлдырауы нәтижесінде құлдырайды, азаматтық мінездің құлауы үйлеспеу мен ұрыс- керіске алып келеді, сондықтан соңғы төрт басөару түрлері бірлік пен әділеттіліктен айрылған, кемеліне жетпеген. Идеалдық мемлекет келесідей қасиеттерге ие болуы керек: қала және оның пайдаланылатын жерлері көзге түсерліктей болуы керек, этникалық біркелкілігінің қатаң сақталуы және қоғамның тұйық мінезі, үлгілі қоғам, жоғарыда көрсетілгендей, сословиелер арасындағы нақты функционалдық міндеттері бөлінген қайырымды азаматтық қоғам болуы қажет. Әркім тек өз жүмысымен айналысып, басқаның жұмысына араласпайды. Барлығы да билеушілер де, халық та бірін-бірі “азамат” деп атайды, билеушілер сонымен қатар “қорғаушы” және “көмектесуші” деген атұа ие. Ал, халық “төлеуші” және “асыраушы” деген атқа ие болады. Билеушілер бірін-бірі билікті басқарудағы әріптестер ретінде көреді, сондай-ақ барлығыда мейірімді көзқараспен қарап қоймай соған тиісті болу керек. Осылай біртіндеп бірлікке келеді. Бірлікке келу – ол қатал күзетшілердің тақуалығы, яғни оларда жеке меншіктің және жанұяның болмауы (ортақ әйел, күйеу, бала), соғыс кезіндегідей ортақ тамақтану және бірлесіп тұру философтардың қолында болды. Әр сословие өзіне тән нәрсені ғана істейді. Сондықтан идеалды мемлекетті құру моделі идеалды азаматты тәрбиелеу үлгісіне сәйкес. Соңғысы ақылды, батырлық, парасаттылық, әділеттілік сияқты қасиеттерге ие болуы керек. Игілікті жанды дұрыс қалыптастыру үшін тәрбиелеу жүйесінде соған сәйкес қасиеттерді таңдап алу қажет. Платондық бағдарламаны келесідей нұсқаулардан көруге болады: қарапайымдылық, тәртіп, анықтылық, заңдылық және қаталдық, жаңалықтың болмауы. Бұның барлығын қамқоршылар керек болса өтірік айтуарқылы сақтап отыруы қажет. Билеушілер мемлекеттің пайдасына қарай, жауларына ғана емес азаматтарға да өтірік айтуға болады, ал басқа адамдарға өтірік айтуға болмайды.Мемлекет бірлігі үшін адамдарды ежелгі ойдан шығарылған нәрсеге сендіру қажет. Платонның ойынша балалар естіген барлық мифтер жақсылыққа бағытталған болуы қажет. Осы мақсатта құдай және басқа да кейңпкерлер туралы түсініктің жақсы жақтарын ғана алу керек. Мәселен, Гомердің шығармаларындағы құдайдың қайғыра, қуана, жылай, қорқа, күле алатындығын және құдайлар бірін-бірі көре алмайтындығын, қорқынышты кейіпке айналатындығын сызып тастау қажет. Тек осындай жағдайда ақылды, батыл жанды тәрбиелеп шығаруға болады. Оның ойынша әділеттілік - жеке тұлға сипаттамасы.

Платонның игілік идеасында философ-билеушілердің сословиясы әділеттілік шамасына айналады, ал тазалану тәсілі бұл жаңа идеократикалық басқару техникасы. Платонды толғандырып отырған мәселе жеке адамның бақыты емес мемлекеттің аман-саулығы. Платонның ойынша идеалды мемлекет касталық қоғамға жатпайды.

МЕМЛЕКЕТ

ЖЕТІЛГЕН МЕМЛЕКТТІҢ ҮЛГІСІ (УТОПИЯ)

... біз бұл мемлекеттің негізін оның тұрғындарының бір бөлігін ғана аса бақытты қылу үшін жасауды көздеп отарған жоқпыз, керісінше, бүкіл мемлекетті түгелімен бақытты етіп жасағымыз келеді. Өйткені біз тек сондай мемлекетте әдцлеттілік табамыз деп сенеміз, ал әділетсіздік, керісінше, өте жаман мемлекеттік құрылыста. Осы бақылаулардың негізінде бізді ұзақ уақыттан бері ойландырып жүрген мәселерді шешуді көздейміз. Қазір біз қиялымызда өзіміздің жорамалдауымыз бойынша, бақытты мемлекет жасап отырмыз, бірақ оның бір жеке бөлігінде емес, онда тек жеке біреулер ғана бақытты болатындай емес, бүтіндей барлығы бақытты болатындай ; содан-соң оған қарама-қарсы мемлекетті қарастырамыз. Бұл егер біз сурет салып жатқан кезде біреу келіп, тірі тәннің ең әдемі бөліктерін көрсету үшін ең әдемі бояуларды пайдаланбағанымызды бетімізге басқан сияқты, мысалы егер көздер өте әдемі болса да, қара емес, қара қошқыл түске боялған болса. Сірә, бұндай жазғырудан қорғану үшін: “Сенің ойыңша біз көздерді соншалықты әсіре ғып жасасақ, олар тіпті көздерге де мүлдем ұқсамай кетпей ме, бұл айтқанымыз дененің басқа да бөліктеріне қатысты, сен анда, біз дененің барлық бөліктерін тұтас сен айтқандай жасасақ ол бүтіндей әдемі болып шығар ма еді?”-деп жауап берген орынды.

Сол сияқты сарбаздардың қызметін оған ешбір сай келмейтін, яғни сарбазды сарбаз етпейтін бақытпен біріктіруге мәжбүр етпе. Біз диханды да сәнді киіндіріп, алтынға малып, тек өзінің рахаты үшін ғана жер жыртуға мүмкіндік бердік дейік, ал қыш күйдіріп, одан әртүрлі бұйым жасаушылар отбасында жайланып жатсынақ, өз еріктерінше ішіп, тойласын, қыш шеңберін жақындатып қойып, өз қол өнерімен қалағанынша ғана айналасып жатсын. Басқалар да осындай жағдай болсын дейік, бүкіл мемлекетті осы жолмен гүлдендіріп, бақытты қыла аламыз ба?

Жоқ, бізді үгіттеме, егер біз сені тыңдасақ, онда дихан дихан болмайды, құмырашы құмырашы болмайды, тіпті мемлекетті құратын адамдардың ешбіреуі өз келбетін сақтай алмайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда бұл сондай қажет емес. Егер етікшілер жарампаз болып, бұзылып, өздерін шындықтағыдан басқаша көрсетсе, мемлекетке бұдан әлі үлкен бақытсыздық келмейді. Егер заңдар мен мемлекет күзетінде тұрған адамдар, шын мәнінде ондай емес, тек солай көрінетіндер ғана болса, сен көресің, олар бүкіл мемлекетті негізімен құлатады және тек осылардың ғана жақсы орналасуға, гүлденуіне мүмкіндіктері болады.

Егер біз күзетшілерді нағыз күзетшілер қылсақ, олар ешуақытта мемлекетке зиян келтірмейді. Ал кімде-кім дихандар туралы олар мемлекеттің мүшелері емес, салдық құрып, бүкіл халықтық мерекеде серілік пен жүргендер деп есептесе, ол, бәлкім, мемлектті емес, басқа бір нәрсені көздегені болар. Бізге күзетшілерді тағайындауда тек солардың ғана тұрмыс жағдайының тәуір болуын ойлауымыз қажет пе, әлде бізге бүкіл мемлекеттің, оның гүлденуінің қамын көздеуіміз керек пе, осыны шешуіміз керек.

Күзетшілер мен оның көмекшілерін осыған қызмет етуге мәжбүр етуіміз керек, олардың және басқалардың барлығын да өз істерінің үлгілі шебері болуына иландыруымыз керек. Сонымен, біздің мемлекетіміздің өрлеуінде және лайықты құрылуында барлық сословиедегі адамдардың осы ортақ гүлденуде өзінің табиғи жағдайына сай үлесін қосуына мүмкіндік беруіміз керек.

  • Меніңше, сен жақсы айтып отырсың.

  • Бірақ саған осыған өте ұқсас айтылатын нәрсе дұрыс болып көрінер ме екен?

  • Мысалы, қандай?

  • Қалған іскерлердің де барлығын жаман етіп, бұзып жіберетін міне, осы емес пе?

  • Сен нені айтып отырсың?

  • Байлық пен кедейлікті.

  • Ол қалай?

  • Міне былай: байып кеткен құмырашының, сеніңше, қайсысы өзінің іскерлігін дамытқысы келер ме еді?

  • Ешбірі де.

  • Ол одан да жалқау және ұқыпсыз болып кетпей ме?

  • Иә, жаман болып кетеді.

  • Яғни, ол нашар құмырашы бола ма?

  • Әрине, солай.

  • Ал егер, кедейліктен ол өзіне құрал-жабдық немесе өз қолөнеріне қажетті бір зат ала алмаса, оның жасаған заты нашар болады және ол өз ісіне өзінің ұлдарын және шәкірттерін дұрыс үйрете алмайды ғой.

  • Иә, басқаша бола алмайды.

  • Яғни, бұдан да, басқадан да – кедейліктен де, байлықтан да – жасалған заттар да, іскерлердің өздері де нашар болады.

  • Бұл анық.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Серік Мырзалы. Философия

Ақназаров Х.З. Философия тарихы

Платон. Сочинение в трех томах. III том.

ҚОРЫТЫНДЫ

Игілік дегеніміз - жанның реттілігі мен үйлесімділігі. Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеуметтік топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған – философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар – әскербасылар, т.б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар – қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеуметтік топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеуметтік топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Дионосияда ( қазіргі Сицилия) өзінің идеалды мемлекет идеясын жүзеге асыруға тырысқан Плотонның іс-әрекеті сәтсіз болды.

Платон – философия тарихында өшпез із қалдырған ұлы ойшыл. Оның көптеген ой-пікірлері кейінгі ұрпақ философтарға үлкен ықпалын тигізіп, күні бүгінге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.

15

Соседние файлы в папке ЕГЖ