Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / Философия 2 / Философия (шпоры).doc
Скачиваний:
76
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
228.86 Кб
Скачать

6.Жүсіп Баласағұн «бақыт» туралы.

Кезінде ата-бабаларымыз біз сияқты «Бақыт деген не?» т.б. деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын. Солардың бірі «Құтты білік» поэмасының авторы Жүсіп Баласағұн. Ж.Б. – XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, философ, энциклопедист ғалым, қоғам кайраткері. «Құтты білік» поэмасының басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі-мемлектті басқару үшін әділ заңның болуы, екіншісі- бақ-дәулет,үшіншісі- ақыл-парасат,төртіншісі- қанағат-ынсап мәселесі.«Төрт тұғырық» өлшемдік қағида- «Құтты біліктің» құрылымдық арқауы. Күнтуды(әділет), Айтолды(дәулет),Өгдүлміш(ақыл),Оғдұрмыш(қанағат) бірін-бірі қисынмен толықтырып отыратын кейіпкерлер. Күнтуды-орталық, кіндік тұлға,себебі ізгілікті қоғамның арқауы-әділеттілік,ол ана сүтімен сүйекке сіңетін қасиет.Ал ақыл, дәулет,қанағатшылық сезім-жүре бітер қасиеттер.Олардың әрқайсысы жеке-дара қарағанда дүниеге тұтқа бола алмайды,адамды бақытқа жетектей алмайды.төртеуі біріккенде ғана халық бақытқа кенеледі.Бектің бақыты-халықтың бақыттылығында, бақыт жеке басқа тән ұғым емес,бақыт- халықтық сипаттағы ұғым.Өз халқын бақытқажеткізген билеуші ғана бақытты болмақ.«Құтты біліктің» мазмұны осы.Ж.Б.бақытты адам болу үшін мейірімді,адал,әділетті болу деп көрсетеді.

7.Философиялық козқарастар ерекшелігі.

Философия – дүниеге көзқарас,көзқарастың тарихи формасы.Кез келген адамның өмірдегі, қоғамдағы оқиғаларға белгілі бір көзқарасы болатынын айттық. Бірақ көз қарас алуан түрлі.Мәселен,жай,қарапайым,күнделікті өмірден,тұрмыстан туған “отбасы, ошақ қасы” дегендей көз қарас.Ол көзқарас – негізінен дұрыс,ақылға сыйымды, өмірден, күнделікті байқаудан туған,практикада анықталған көзқарас. Ондай, өмірден туған көзқарасты уағыздайтын адамдарды халық сыйлаған, дәріптеген, дана адамдар қатарына қосқан.Дегенмен, көзқарастың бәрі бірдей бола бермейді.Діни,идеалистік көзқарас та бар.Ал материалистік диалектикалық көзқарасты алсақ, ол белгілі объективті заңдылыққа негізделген. Ол заңдылықты біліп, өмірде қолданған адам дүниені саналы билей алады. Ол әр нәрсенің тегін, даму заңдылықтарын, бағдарын біледі, келешегін болжайды. Соған сәйкес әрекет жасайды.Халық санасына ғылыми сенімді қалыптастыруға себепкер,негіз болады.Иланудың да екі түрі бар – ғылыми және ғылыми емес жақтары да бар.Ғылыми илануға сенген адам әр нәрсенің объективтік негізіне, заңдылығына үңіледі, бос даурығудан өзін аулақ ұстайды. Ондай адамдар өз сенімін оп – оңай өзгере бермейді дедік. Мұндай адамдар құбылыстың негізіне әбден түсінген соң ғана бірте – бірте түсуі мүмкін. Философиялық көзқарастың ерекшелігі: дүниені рационалдық және жүйелі тұрғыда қабылдайды. Рационалдық философияның формасын, деңгейін анықтайды. Жүйелік философияның мазмұнын анықтайды, дүниенің бірлігі мен мазмұнын іздейді. Философия ақылды сенімге қарағанда көбірек пайдаланады.Олар болмыс пен ойлаудың ең маңызды және мәнді терең байланыстары мен қатынастарын зерттейді.

8. Ортағасырлық фил.Ның теоцентрлік сипаты.

Ортағасырлық діни философияның басты ерекшелігі теоцентристтңк сипат. Екі идеяны негізге алады. 1)монотеизм(ортағасырлықонтология)2)креацианизм(ортағасырлықгнесеология).Ерекшеліктері:1)Монотеизм2)Креационизм.(creatura-жасау,жарату)Бұл дүниені жоқтан бар етіп жаратқан Құдайды мойындау.Орта ғасырда адам мен Дүние Құдайдың құдіретті күші арқылы жаратылды деген пікір болды.3)Антропоцентризм4)Құдайдың еркіне көну мәселесі.5)Құдайдың құдіретті көрегенндігі6)Алғашқы тектік күнә 7)Рухани сенімнің дүниеге келуі8)Құдайдың сүйіспеншілігі.Ортағасырлық батысеуропалық философия-дүниетаным дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңдерінің бірі.Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей тікелей діни-теологиялық шеңберінде дамуымен сипатталады.Ортағасырлық батысеуропалық философияның дамуына Аврелий Августин(375-383)үлкен интеллектуалдық ықпалын тигізді.Рим шіркеуі оны христиандық діни ілімді негіздеудегі зор еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындады. Августин «Құдай қаласы»деген еңбегінде атақты формуласын-«Түсіну үшін сенемін, сену үшін түсінемін»негіздейді.

Фома Аквинский (1225-1274)өзіне дейінгі ойшылдардың универсалийлер туралы барлық идеяларын жүйелей отырып ортағасырлық схоластикалық ойлауда өзінің радикалд ықадамымен ерекшеленді. Бұл пайымдаудың мәні табиғатты, адамды, оның Құдайға қатынасын зерттеуге негізделді. «Тән туралы ой жан туралы ойға,жан туралы ой жекелеген субстанция туралы ойға,ал бұл Құдай туралы ойға жетелейді»

Соседние файлы в папке Философия 2