- •6.Беғазы –Дәндібай мәдениеті Көшпелі мал шаруашылығына көшу
- •7.Алғашқы қоғам адамдарының рухани мәдениеті.
- •8. Сақтардын саяси әлеуметтік құрлысы, шаруашылығы
- •10 .Сақтардын рухани және материалдық мәдениеті
- •12. Қаңлы мемлекеті
- •14.Ғұндардың қазақ халқының қалыптасуындағ рөлі
- •16. Түрік қағанаты
- •17. Батыс Түрік қағанаты (603-704) саяси құрлсы мен әлеумееттік-этникалық құрлысы.
- •18. Түркеш қағанаты(704-756).
- •19. Қарлұқ мемлекеті.
- •21. Қимақ қағанаты(9-11ғғбасы).
- •23-24.Қарахан мемлекеті және ерекшелігі
- •26)Қыпшақтардың мемлекеті: құрылуы саяси құрлысы және шаруашылығы
- •27. Қыпшық мем.Ң териториясы және этникалық құрылымы
- •29 Билет х-хііі ғ. Қазақстан мәдениеті.
- •32.Ұлы Жібек жолының бойымен халықаралық керуен саудасының қалыптасуы мен дамуының тарихи жағдайлары.
- •41. Моғолстан мемлекеті
- •44. «Қазақ» этнонимі.
- •45. Қазақ хандығының құрылуы.
- •49. 17Ғ-ғы қазақ хандығы
16. Түрік қағанаты
5 ғ. Қаз-н, Орта Азия, Шығыс Европа аумағында түркі тілдес халықтар өмір сүрді. 546 ж. Алтайдағы бір соғыста 50 мың теле тайпасы жеңіліс тапты. Қалдығы түріктерге қосылып кетті. «Түрік» атауы алғаш рет Қытайдың 542ж-ғы шежіресінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп есептейді. 552ж. Түрік қолбасшысы Бумын аварларға, жуандарға қарсы шығып, жеңеді де, қираған мемлекеттің орнына Түрік қағанатын құрады. Бұл этно саяси бірлестіктің негізін салушы Бумын қаған. Ол 553ж. дүние салды. Оның ізбасары Мұқан қаған кезінде түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке жетті. 6ғ-да Қазақстан жері түрік қ-ң иелігінде болды. Түріктер Манчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солт. Қытай мемл-н де жаулап алды. Түріктер Орта Азияға жылжыды. Каспий теңізінен Солт. Үндістанға және Шығ. Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан эфталиттердің қарсылығына тап болды. 561-563жж Түріктер Иранмен эфталиттерге қарсы одақтасты. 564ж Иранның шахы Хұсырау Ануширван олардың әскери маңызды аймағы Тоқарыстанды тартып алды. Эфталиттердің негізгі күшін 587ж Бұхардың түбінде Түріктер талқандады. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Түріктер Жерорта теңізінің елдеріне баратын Ұлы Жібек жолын қол астында ұстады. Түріктер мен қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болды. 568ж соғдылық көпес Моннах Түрік қағанатының елшілігін Константинопольға бастап барып, Византия имп-мен сауда келісімі жасалды және Иранға қарсы әскери келісімге қол қойылды. Парсылар бұл одақтың жасалуына қолдарынан келгенше кедергі жасап бақты. Иран түріктерге жылына 40мың алтын мөлшерінде алым-салық төлеп тұруға және сауда қатынасына бөгет жасамауға уәде берді. Содан кейін барып, түрік әскері Амударияның арғы жағына әкетілді. Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа билеген кезде ішкі соғыстар мен әлеум. қарама-қайшылық қағанатты әлсіретті. 603ж Түрік қағанатынан Бат.Түрік қағанаты бөлініп шығып, Шығ.Түркістан жазирасынан Амударияға Еділ бойы мен Солт. Кавказ далаларына дейінгі аймақты иеленді.
17. Батыс Түрік қағанаты (603-704) саяси құрлсы мен әлеумееттік-этникалық құрлысы.
Қағанаттың өзегін Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі ежелгі үйсін жерінде өмір сүретін «10 тайпа» құрады. Шу өзенін 5 тайпа – Дулу, ал бат-қа қарай 5 тайпа – Нушиби жайлады. Астанасы – Суяб(қазіргі Тоқмақ маңы). Жазғы орталығы – Мыңбұлақ. Қағанаттағы бірінші адам қаған – жоғарғы билеуші, әскербасы, жердің иесі болып есептелді. Қағанаттағы жоғарғы шен – жабғу, шад және елтебер атағы тек қаған руына жататын адамдарға ғана берілді. Сот қызметін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқын еркін малшылар(қара бодан) құрады. Жеғұй қаған(610-618) және оның кіші інісі Тон-жабғұ қаған(618-630) билігі тұсында қағанат құдыреттілігі ең жоғарғы дәрежесіне көтерілді. 16жылға созылған(640-657) тайпааралық соғыс қағанатты әлсіретті. Осыны күткен Таң имп-ң әскері Жетісуды басы алды. Түріктер Таң имп-на карсы үздіксіз күрес жүргізіп, ол ақыры 8ғ-ң басында түркештердің жеңісімен аяқталды.
