
- •114-Билет. (эвакуацияланған тұрғындарды және өнеркәсіп орындарын қабылдау және орналастыру)
- •116. Ұлы Отан соғысының майданындағы қазақстандықтар. (1941-1945жж.)
- •126.Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.).
- •132-Билет.Қазақстанның Егемен,Тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.
- •133-Билет.Республикадағы экономикалық реформалар:нарыққа көшудің қиыншылықтары.
- •137.Кр-нын мемлекеттік рәміздері.
- •144.Дүниежүзілік қазақтардың I-II Құрылтайы.
- •146 . Қазақстан Республикасының Президенті н.Назарбаевтың мемлекеттік және саяси қызметі.
101. Қазақстандағы шетел соғыс интеруенциясы мен азамат соғысы. "Соғыс коммунизмі" саясаты. Азамат соғысы кезінде материалдық ресурстарды мобилизациялау және оны үнемдев мақсатымен төтенше енгізілген шара "әскери коммунизм" деп аталды. "Артық" азық-түлікті халықтан жинап алып, қатаң мөлшермен ғана астық қалдырығ, азық-түлік салғыртын енгізген бұл Декрет 1919 ж. 11 қаңтарда жарияланды. Сондай-ақ міндетті еңбек тәртібі де енгізілді.Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешовті бас етіғ, Орталық Атқару комитетін және Редус-Зеньковичті бас етіғ халық Комиссарлары Кеңесін сайлады.
102. Қазақстандағы (1921-1922 жж.) Жер-су реформасы. 1921-1922 жылдары Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілді. Оның мақсаты Сібір, Орал казактары үшін Ертіс пен Оралдың сол жағалауындағы, Жетісу мен оңтүстік Қазақстандағы жерлерді өлкенің байырғы халқы қазақтарға қайтару болатын. Шаруалар нәтижесінде 1 млн.385 мың десятина жерге ие болды. 1921 ж. "Қосшы" атты кедейлердің одағы құрылып, олар жер реформасын жүргізуге белсене қатысты. ЖЭС жылдарындағы қазақ ауылы (Жаңа экономикалық саясат). 1921 жылы 8-16 наурызда партияның х съезі болды. Онда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу туралы шешім қабылданды. Азық-түлік салғырты салықпен алмастырылды, жаппай еңбек міндеткерлігі жойылды, еркін саудаға рұқсат берілді, жалдамалы еңбек, жерді жалға алу, кооперация дамуына қолдау көрсетілді.Жэс-тің ңәтижесі 20-жылдардың ортасында көрінді. 1925 жылға қарай халық шаруашылығы қалғына келтірілді. Өнеркәсіптің 60 проц., транспорт қатарға қосылды. Мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 26 млн. жетті. Ойыл, Қоянды, Темір жәрмеңкелері қалғына келтірілді. Сөйтіп, халық жағдайы, әл-ауқаты біршама көтеріле бастады.
103.Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі1919 жылғы 19 қыркуйек – Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды.1920 жылғы 7 шілде - Орынбор республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920-1924 жж) болды. 1924-1929 жж. Астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана - Алматы.Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін А.Байтұрсынов пен М.Сералин жан-жақты дәлелдеді. Батыс Ci6ipгe еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, М.Сералиндердің тарихидеректемелерінен кейін ғана шешілді1921 жыл - Ақмола және Семей облыстары Ci6ip ревкомы қарамағынан КАКСР-не берілді.I ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар:Семей облысы Ақмола облысы Topғай облысы Орал облысы Маңғыстау уезі Закаспий облысы Астрахань губерниясының бip бөлігіБөкей Ордасы және Каспий Teңізi жағасындағы болыстар.Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік жағынан межелеуді1 және Оңнтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді. Нәтижесінде:Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды.Қазақ жерінің біртұтас Қазак республикасы болып қалыптасуы аяқталды.1924 жыл - Орта Азияны ұлттык-мемлекеттік жағынан межелеу.Сырдария мен Жетісу облыстары қазақ AKCP-i құрамына енгізілді.\II КАКСР құрамына енгізілген аймақтар:Сырдария облысы Самарқанд облысы - Жизак уезінің бірнеше бөлігі. Жетісу облысы ҚАКСР құрамынан халқы негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы бөлінді.Республика аумағы - 2,7 млн. шаршы шақырым. Халқы - 5 млн. 230 мың (1 млн. 468 мыңға көбейді) адам. Қазақтар - 61,3 % (1926 ж. санақ).1925 жылғы 15-19 cәyip - Ақмешітте Кеңестердің бүкіл қазақстандық V съезінде «қырғыз-қазақ» атауы берілді.
105. «Кіші қазан» төңкерісінің бағыты : Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; Өлкені шикізат базасы ету; Голощекин бұл қағидасын 1927ж ұсынып, 1930ж VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады.саяси бюро мүшелігіне кандидат А.А.Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.Ірі саяси қайраткер және экономист С.Сәдуақасов «кіші қазан» бағытына қарсы шығып өз идеясын ұсынды. Оның көздеген бағыты:Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату;Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру,Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты:«Түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды,Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді;Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес;
106. Индустрияландыру - өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. академик Н.С:Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеп «ҚАКСР-і Кңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. академик Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп , бұл кен орны – мұнайға аса бай обл-ң бірі деп қорытындылады.- Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жеқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді.1927ж –Түркістан-Сібір темір-жол магистралінің құрылысы басталды.В.С.Шатов – құрылыс бастығы. Республика Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов – Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы.РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Рұсқылов – РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы Т. Рұсқыловтың ұсынысымен комитет құрамына теміржол маманы, инженер М.Тынышбаев енгізілді.1931жқаңтар- Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.Түрксіб магистралі салынуының мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық маңызы:1.Орта сібір аудандарымен жалғастырылды.2.Елдің шығыс аудандар-ң экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті:3.Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды. Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.
Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.
Тау-*кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.
Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.Теміржол арқылы жүк тасымалдау 1913ж деңгейінен 213 есе асып түсті.
Индустрияландыру ерекшеліктері:
Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде игеріліп өңдейтін орталық Орскіде салынды.
Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді.
Жергілікті мамандар жетіспеді.
Урбандалу процесі күшті жүріп қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді
107.Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. 1931-1933жж. аштық. Ұжымдастыру қарсаңында.Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.Артель - жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал-саймандарды біріктіру. ТОЗ - жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. ЖЭС негізінде мал саны артты: 1929 жылы 40,5 млн-га жетті. 1925 жыл – Ф.И.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдады. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн.га шабындық және 1,25 млн.га егістік жерді тартып алды.Индустрияландыру бағыты азық-түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді. 1928 жылғы қаңтар-ақпан – И.В.Сталиннің Сібірге сапары.Осы сапарында (1928 жылғы 3 ақпанда) Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаланды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы - 277 шаруа атылды.1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды.Бай-феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24.491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:!0Орташалар байлар қатарына жатқызылды.2)Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.3)Уәкілдер кедейлерді қоркыту арқылы, байларды көрсетуге күштеп көндірді.4)Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.5)Бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру бағыты көзделіп, бай-кулактарды тап ретінде жою міндеті қойылды. Ұжымдастыру — бай-кулактарды тәркілеуден басталды;.Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.Партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады (1927 жыл желтоұсан). Негізгі ұстанымдар: 1)Еріктілік.2)Дербестік.3)Материалдық мүдделілік.4)¥жымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. \ ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер (машина-трактор станциялары) құрылды.Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың кегізгі формасы ауыл шаруашылық артелі. Малды аудандардағы колхоз құрудың негізгі формасы – жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер: 1)Қатал жаппай қуғындаумен террорга негізделді.2)Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.3)Әкімшілдік күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.4)Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында-70%; Жымпиты ауданында-60%; Жәнібек ауданында-95% шаруашылык ұжымдастырылды. \ Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды: 1928 жылы – 2%, 1930 жылғы 3 сәуір – 56,4%, 1931 жылғы қазан – 65%. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді: Шұбартау ауданында малдың 80% -ы мемлекетке етке өткізілді. Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды (ауданда 173 мың мал болған).Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілте болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды: жыл – 56.498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жыл – 5.500 отбасы жер аударылды. 1929-1933 жылдар – ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9.805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3.386 адам, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға –13.151 адамға үкім шығарды. 1933 жыл - ОГПУ үштігі 21 мың адамды қамауға алды. Тұтас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды. \ 1930 жылғы 30 мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9%-дан 3%-ға кеміді.Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-ы, жекешелердің 51,8% -ы малдан түгел айрылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды: жылы-313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы- 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды. \ \1932 жылғы 1 ақпанда Павлодар қаласынан саяси жер аударылғандар КСРО Орталық Атқару Комитеті төралқасына аштық айғақтары туралы жазды: «...аштықтың ауыр көрінісі етек алуда. Ит, және алуан түрлі өлекселер желініп жатыр. Тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша. өліктерді жерлеуге шамасы келмеуде...» 1932 жылғы шілде – аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев) жазылды. Онда көтерілген мәселелер: Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.«Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.1933 жылғы наурыз - РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер: «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда: Орта Волгада-40 мың, Қырғыз жерінде-100 мың, Батыс Сібірде-40 мың, Орта Азияда-30 мың, Қарақалпақ жерінде-20 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмак, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы». Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:1)• Актөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71%).2)Балқаш ауданында 1930 жылы – 60 мың адам болса, 1932 жылы – 36 мыңы қырылып, 12 мыңы басқа аймақтарға көшіп, 12 мыңы қалған. \ Жаппай жазалау мен аштык әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 70 мың адам (281.230 шаруа қожалығы) Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары: 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам қырылды (барлық халық саны - 6,2 млн.)Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.\ Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылық Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы алуан түрлі болды: 1)Қалалар мен құрылыстарға кету.2)Басқа аймақтарға, шетелге көшу.3)Белсенділерді, партия, кеңес, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру. 4)Қарулы отрядтар кұру.5)Көтеріліске шығу. \ 1929-1931 жылдарда өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды: 1)Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.2)Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.
108. Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы алуан түрлі болды:Қалалар мен құрылыстарға кету;Басқа аймақтарға, шет елдерге көшу;Белсенділерді, кеңес, партия, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру;Қарулы отрядтар құру;Көтеріліске шығу;
1929-31жж өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Семей округі- халық наразылығының ірі ошағы. 1930ж ақпан-мамыр аралығында Зырянов, Өскемен,Самар,Шемонайха,Қатонқарағай аудандарында толқулар болды. Батпаққаа көтерілісі бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, орталық, батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы көтерілісшілер ауданына айналды.Көтерілісшілер талаптары:
Заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал мүлкін қайтару;
Дін бостандығы;Шаруаларға үдемелі табыс салығын салу;Еріктілік ұстанымын сақтау;
Дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік беру;Созақ көтерілісі табандылығымен және ұйымдастырылуымен ерекшеленді(басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. .
Күштеп әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Абыралы, Қордай, шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.1931ж көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының көтерілісшілері жазалау әрекетімен түгел қырылды.
109. Малшаруашылығы күйзелісті ШЫҒЫНҒА ұшырап, 1930-32жж аштық жарияланды. Ұжымдастыру қарсаңында -40,5 млн. мал болса, 1933ж 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды.Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды:
1930ж -313мың адам;
1931ж 755мың адам;
1932ж 769 мың адам қайтыс болды.
1930-32жж барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды.
1932ж шілде аштық апаттары туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» жазылды.
Онда көтерілген мәселелер:
Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлардың жағына шығуда.
Байлар малды қырып тастауға тырысуда.
«Жалған колхоздар»ұйымдастыру жалғасуда.
Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.
1933ж наурыз РКФСР Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рұсқыловтың сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер:»
-Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда
Қарақалпақ жерінде- 20 мың қазақтар бар.Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солт.өлкеБатыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы. Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.
Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады.аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:
Жаппай жазалау мен аштық әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті.
1930-33жж 2,1млн. адамқырылды(барлық халық саны-6,2млн.)
Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969ж ғана қалпына келді.
1930-32жж аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.
110. 30-жылдары КСРО-да соц-к қатынастар орнығып болды.Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде:
Жазалау орг-р-ң қызметі күшейді;
Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі кеңестер қызметі шектелді.
Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып жазалау шаралары іс жүзіне асырылды.Жазалау шаралары:
ату жазасы;
жер аудару;
еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау;
КСРО-дан тыс жерлерге қудалау.
Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.
1927-29жж мемлекетқайраткерлері Т.Рысқұлов, Нұрмақов, Қожанов, Мырзағалиев республикадан аластатылды.Мыңбаев-Қазақстан Орталық атқау комитетінің төрағасы қызметінен;
Сәдуақасов- Ағату халық комиссары қызметінен. Сұлтанбеков- Жер ісінің халық комисары қызметінен алынды.1937ж жаппай жазалауға да Ежов белсене кірісті.1937-38жж террор жаппай сипат алды.Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар-Сейфуллин(1894-1938), Майлин(1894-1938), Жансүгіров(1894-1938),Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.
Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды:
Карлаг- ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.
ЧСИР- Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.
Алжир- Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.
Карлаг азабын көргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлеріболды:
Ғалым Чижевский-салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің авторы;
Нәдірбай Айтақов- Түркімен КСР Орталық атқару комитетінің төрағасы,
111.Қазақстан 15 жыл ішінде КСРО құрамында автономиялы республикадан одақтас республикаға дейінгі жолдан өтті. 1936жылы 5желтоқсанда КСРО Кеңестерінің төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. 11 одақтас республикалардың социалистік федерациясы құрамына автономиялы республикасын одақтас республика етіп қайта құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы да енді.
112.1938-41 жылдарында БК(б)П Орталық Комитеті мен КСРО Халық Коммиссарлары Кеңесі Қарсақбай мыс балқыту заводын қайта құру мен кеңейту, Жезқазған мыс балқыту заводын салу, Алтайда түсті металлургиянық дамыту жөнінде Ембідегі геологиялық жұмыстар мен барлап бұрғылау ісін жеделдету жөнінде шаралар қолданды.
1940 жылы республикада 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеді, олардың бірі Кеңес өкіметі жылдарында салынған еді. 1913 жылмен салыстырғанда бүкіл индустрияның жалпы өнімі 1940 жылмен 7,9 есе, оның ішінде ірі индустрияда 19,5 есе өсті.
113. Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1939-1945). Қазақстан - майданның арсеналы. 1941 ж. 22 маусымда Германия КСРО-ға соғыс ашты. Қазақстан соғыстың бірінші күндерінен-ақ оның арсеналына айналды. Экономика соғыс қажетіне лайықтағ қайта құрылды.Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн. тонна көмір шығарды. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 проц. арттырды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-уольфрам комбинаттары салынды.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрик, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген металл өңдейтін, машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, бомбалар, огнеметтер, радиостанциялар, шығарды.Қазақстан эуакуацияланған өнеркәсіптерді қарсы алды. 1941-42 жж. 220 зауыт, фабрик (Мәскеуден, Ленинградтан, Украина, Белоруссиядан келген) қайтадан жасақталды. Олар негізінен Алматыға, Оралға, Шымкентке, Семейге, Қарағандыға орналасты.Ауыл-село еңбеккерлері өздерінің ғатриоттық міндеттерін өтеді: 1941-1945 жж. олар майдан мен елге 5829 мың т. астық, 734 мың т. ет және басқа азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Ш.Берсиев тарыдан 1943 ж. гектарынан 202 ц. өнім алса, Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, осындай табысқа жетті.Қазақстанға шығармашылық және ғылыми ұжымдарда келді. Олардың қатарында Мәскеу, Ленинград киностудиялары, 20 ғылыми мекемелер, атақты ғалымдар: И.П.Вернадский, А.М.Панкратова, А.А.Скочинский және т.б. бар. Белгілі қазақ ғоэзия, ғроза өкілдері Ж.Жабаев, С.Мұқанов, Д.Снегин М.Әуезовтар өз шығармашылықтарын жеңіске жетуге арнады.Қазақстанда әскери бөлімдерде жасақталды. Барлығы 12 атқыштар, 4 кауалериялық диуизия, 7 атқыштар бригадасы құрылды.Қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып соғысты қарсы алды. Брест қорғанын К.Әбдірахманов, В.Лобанов, К.Иманқұлов, ±.Жұматов қорғады. Мәскеу үшін шайқаста қазақстандықтар даңққа бөленді. 316 атқыштар диуизиясы (Алматыда жасақталған) 8 Панфиловшы Гуардияшылар болып қайта құрылды. Мұнда аға лейтенант Б.Момышұлы (1990 ж. КСРО батыры) басқарған батальон көзге түсті. Сондай-ақ осында ерлік көрсеткендер Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллиндар болды.Ленинградты қорғауда Қазақстаннан 310, 314 диуизиялар қатысты. Қазақстандықтар теңізде де соғысты, "Киров" крейсерінде 156 қазақстандық болды. Ленинград үшін шайқаста кевдесімен дзотты жағқан Кеңес Одағының Батыры С.Баймағамбетов болатын. Жамбыл өзінің "Ленинградтық, өренім!" атты жалынды өлеңімен 1941 ж. қыркүйегінде ленинградтықтарды жігерлендірді.1942 ж. күздегі Сталинград үшін шайқас кезінде Батыс Қазақстан облысында әскери жағдай жарияланды. Сталинград оғерациясына 5 атқыштар, 1 кауалериялық диуизия, 1 теңіз атқыштар бригадасы, 1 минометті ғолк қатысты. Мұндағы ұрыста Н.Әбдіров, К.Сғатаев батыр атағын алды.Көғтеген қазақстандықтар Күрск түбіндегі, Белоруссиядағы, Украинадағы шайқастарға қатысты. Берлинге ту тіккендердің бірі Р.Қошқарбаев еді. Қазақстандықтар партизан қозғалысына (Қ.Қайсенов), Қарсыласу қозғалыстарына қатысты.Соғыстағы ерліктері үшін 499 қазақстандық (99-ы қазақ) Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Екі рет иеленгендер Т.Бегелдинов, Л.Беда, И.Паулов, С.Луганский болатын. Шығыс қыздары арасынан Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова Кеңес Одағының Батыры атанды. Шамамен 410 мың қазақстандық соғыстан оралмады.Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстанның рөлі. 1939 жылы басталған екінші дүниежүзілік соғыстың ұлы отан соғысы жылдарында соғыста да, тылда да ерліктің, ғатриотизмнің үлгісі болғандардың қатарына қазақстандықтар жатады. Алғашқы күндерден-ақ соғыс техникасын, әскерге киім-кешек, түрлі құрал-жабдықтар дайындапан Қазақстан халқы болды. Эуакуациямен, реғрессиямен келген сан мыңдаған басқа ұлт өкілдерін қарсы алып, бауырмалдық танытқан қазақ халқы еді. Ауыл еңбеккерлерінің орнын басқан әйелдер (70-80 проц.), соғыстың жеңіспен аяқталуына зор үлес қосты. Мысалы, зуено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алса, жылқышы Ш.Шұғаиғова бір мыңнан астам жылқыны шығынсыз бағығ келді.Майданға ерікті көмек ұйымдастырылды, 1941 ж. күзінен бастап ғатриоттардың қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтар сатып алынды. Майдандағы солдаттарға 1600 вагон сәлем-сауқаттар жіберілді. Қазақстан артистері 1216 рет майдан шебінде концерт көрсетіп, тыл мен майдан бірлігін дәлелдеді.Тылдың майданға көмегі жауынгерлердің жағдайын жақсартығ қана қоймай, олардың жауынгерлік рухын көтерді, оларды жауды талқандау үшін мүмкін емес нәрсенің бәрін де істевге жігерлендірді.Жағонияның тізе бүгуімен Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Бұл соғыстың жеңіспен аяқталуына қазақстандықтардың үлесі зор.
114-Билет. (эвакуацияланған тұрғындарды және өнеркәсіп орындарын қабылдау және орналастыру)
Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасын әскери бағытқа көшірілді.
-бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
-көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
-Майданға жақын жерлерге 220 зауыт пен фабрика,цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді.
Өнеркәсіп орындарын көшіру 2 рет жүргізілді:
Көшірілген кәсіпорындардың 20-сы қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаратын болып қайта құрылды.
Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен мына аймақтарға орналастырылды:Алматы,Орал,Петропавл,Шымкент,Орал,Семей.
Қазақстан –КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды.1942ж Одақта өндірілген:
-қорғасынның 85%-ын,
-көмірдің 1/8 бөлігін,
-молибденнің 60%-ын,
Отандық мұнайдың 1млн.т-ға жуығын береді.
Соғыс жылдарында салынған құрылыстар:Мақат-Қосшағыл темір жолы,Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі,Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу зауыты,т.б
115. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік адамдардың еңбек қаһармандары. Қазақстан – майдан арсеналы.Соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құралды. Алматы, Жамбыл, Оңт Қаз. Нан шақырылған жігіттер 316 атқыштар дивизиясына жасақталды. Армия қатарында әрбір бесінші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылыды.27 әскери оқу орны 16 мың офицер дайындап шығарды.220 зауыт фабрика қазақстанға көшірілді. Көшірілген кәсіп орындардың жиырмасы қару жарақ пен оқ дәрі шығаратын болып қайта құрылды. Қазақстан КСРОның негізгі өнеркәсіп базасына айналды. 1942 одақта өндірілген қорғасынның 85% , көмірдің 1/8 бөлігі, молибденнің 60% берді. 1943 ж. Шымкент қорғасын зауытының ұжымы Ленинградты қорғаушылар құрметіне еңбек өнімділігін арттыруға міндеттеме алды. Ш. Берсиев тарының гектарына 201 ц алып, 1943 ж дүниежүзілік рекорд жасады. Дацкова тарының гектарынан 52ц жинаушы. 1942 қыркүйек комсомол деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді. 1942 1қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 20 қазан Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін С.Мұқанов Стаханов арнаулы радиохабарын ұйымдастырды.
116. Ұлы Отан соғысының майданындағы қазақстандықтар. (1941-1945жж.)
. Еңбекшілер отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Алматы мединституты студенті Мәметова ағам да апам да жоқ сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінемін деп сұрады. Республикада екі млн нан астам адам әскери дайындықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құралды. Алматы, Жамбыл, Оңт Қаз. Армия қатарында әрбір бесінші адам майданға аттанды. . 1941 45 ж, әскери оқу орындарынан 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Шымкент авиация училище түлегі Кожедуб үш мәрте кеңес одағының батыры атанды. Алғаш рет 1942 ж 22 шілде кеңес одағы батыры атағын алған қазақстандық Семенченко болды. Мәскеу шайқасында 316 атқыштар дивизиясы шайқасты. Олар қызыл ту орденімен марапатталды. 1941 18 қараша дивизия командирі генерал Панфилов ерлікпен қаза тапты. Ленинград түбінде 310, 314 дивизиялары шайқасты. Оған қатысқан С.Баймағамбетов жау дзотын кеудесімен жауып батыр атанды. 1941 қыркүйек Жамбылдың Ленинградтық өренім жыры достықтың шынайы әнұранына айналды. 1943 қаңтар 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1942 жылы 17 шілдеде Сталинград түбінде кескілескен ұрыс басталды. Оның жалыны Батыс Қаз. Күзде жетті.1942 1қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 20 қазан Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін С.Мұқанов Стаханов арнаулы радиохабарын ұйымдастырды. 1942 ж Нүркен Әбдіров понамаренкода әуе шайқасында шағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. Жамбылдың ұлы Алғадай Сенильниково қаласында қаза тапты. Толыбай Мырзаев Павлов үйін қорғауда, Қасым Аманжолов та осы шайқаста қайтыс баолды. Ж. Елеусізов ең жас батыр . Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың. Р.Қошқарбаев рейхстагқа ту тікті. ҰОС ерліктер үшін барлығы 11600, қазақстандықтар 497, қазақтар 97. Екі мәрте кеңес одағының батыр атағын алған Бегильдинов, Леонид Игнатьевич, Павлов, Луганский. Солдат ерлігі ордені иегері 142 қазақстандық. Кеңес одағы орденімен марапатталған 96638 қазақстандықтар.
117.Ұлт аралық қатынастар.Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернационалдану барысы мейілінше күшейе түсті. Халық жаппай көшіп, шығысқа тұтас өнеркәсіп державасы орналастырылды. Республика 532 мыңнан астам адам көшірілді. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінді. Қазақстанға Еділ бойынан 360 мыңнан астам немістер әкімшілік жолымен көшірілді.Соғыс жылдарында қалмақ, қаратай, ингуш, шешен, балкарлар, қырым татар, месхетиндік түріктер де дәл сондай жағдайға ұшырады. Күштеп жер аударылғандар саны 2 463 940.
118. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Бейбіт құрылысқа өтудің Қазақстандағы қиыншылықтары (1946-1950 жж.). Соғыс аяқталғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр болды. Түрлі қиындықтарға қарамастан тезірек халық шаруашылығын қалпына келтіру керек еді. Қазақстан тұрғындары Ленинград, Сталинград, Брянск, Донбасс, Украина және т.б. бүліншілікке ұшырапан аймақтарды қалғына келтіруге көмектесті.1946 жылы 18 наурызда қабылданған 4-ші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан асып түсу белгіленді. Онда Қазақстан экономикасын көтеруге мән берілді. Қазақстанның өзі де экономиканы бейбіт құрылысқа қайта құруға кірісті. Өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Алты жаңа көмір шахтасы қатарға қосылды.Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері онан әрі дамыды. 65 жеңіл өнеркәсіп өз өнімдерін берді.Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы артты. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түрлері өсіп жетілді. Қазақтың ақ бас қойы, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Соған қарамастан мал шаруашылғы ауыр жағдайда еді.Қазақстандықтардың өздерінің тұрмыс жағдайларының, халықтың әл-ауқатының төмендігіне, нашарлығына қарамастан республика металл, шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, асыл тұқымды мал және т.б. беруге мәжбүр болды.халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еңбектер жазды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндиясы". Еңбек тақырыбына жазғандар С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер", Ғ.Слановтың "Кең өріс" туындылары болды.
119. Тың және тыңайған жерлерді игеру: себептері, барысы, салдары1954 ж. партияның ОК ақпан-наурыз Пленумы "Елде астық өндіруді одан әрі ұлғайту және тың және тыңайған жерлерді игеру" туралы қаулы қабылдады. Халық санының, қалалар мен өндіріс орталықтарының өсуі астық қажеттігін арттырды. Колхоз, совхоздар қоғамды азық-түлікпен қамтамасыз етуі қиынға айналды. Үкімет бұл қиындықтан шығудың жолы - елдің шығысындағы аса зор жер көлемін жырту керек деп тапты. 1954 ж. 13,4 млн. га жаңа жерлер, Қазақстанда 6,5 млн. га жер жыртылды. Тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. 1954 ж. наурызынан 1955 ж. наурызына дейін Қазақстанда 337 совхоз құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстарында құрылды.Тыңның арқасында Қазақсан халықтың жан басына шаққанда 2 мың килограмнан астам астық өндіру мүмкіндігі туды.Тың игерудің теріс факторлары да болды. 1960 жылы-ақ республиканың тың аймағының 9 млн. га жері топырақ эрозиясына ұшырады. Халықтың 61 проц. РСФСР, Украина, Белоруссия, Молдавиядан келгендермен көбейді. 1954-1962 жж. Қазақстанға тың игеруге 2 млн. адам келді. Қазақтардың саны 30 проц. төмендеп, этнос ретінде дамуына қауіп төнді. 1948 ж. үш облыстың (Семей, Павлодар, Қарағанды) түйіскен жеріне орналасқан ядролық полигон салынды. 1949 ж. 29 тамызда Семей полигонында тұңғыш рет ядролық сынақ жүргізілді. Қорғаныс Министрлігінің өз мәліметі бойынша 1949 жылдан 1963 жылға дейін полигонда қуаты бірнеше тоннадан 100 килотоннаға дейін 113 жарылыс ауада жасалған, тек 1964 жылдан бастап қана сынақ жер астында жасалды. 1989 ж. қыркүйектің 19-ына дейін қуаты бірнеше тоннадан 150 килотоннаға дейінгі 343 сынақ жасалған. Полигонның халықтың денсаулығына тигізген зор зияны болды.
120.XX ғ.соңғы 50ж қоғамды демократияландыру.
КОКП Орталық Комитеті жеке адамға табынушылық пен оның зардаптарын жою жөнінде соңғы уақытқа дейін партияның жүргізген жұмысы қазірдің өзінде-ақ жақсы нәтижемен берді деп санайды. Партияның XX съезінің шешімдеріне сүйене отырып, КОКП Орталық Комитеті барлық партия ұйымдарын мынаған шақырған.
1.тарихтың жасаушысы, адамзаттың барлық материалдық, рухани байлықтарын жасаушы болып табылатын халық туралы марксизм-ленинизм ілімінің қағидасы жұмысымызда сақталсын;
2.партияның нормасын сақтау, сынмен өзара сынды өрістеу жөнінде соңғы жылдары партияның Орталық комитеті жүргізіп отырған жұмыс қажырлықпен онан сайын әрі жүргізілген.
3.Кенес Одақтық Конституцияда жазылған социалистік демократизмнің принциптерін толығымен қалпына келтірілді.
4.6-5 жылдық жоспардың міндеттерін практикада жүзеге асыру жолындағы күреске кадрларымыз, коммунистер, еңбекші бұқара жұмылдырылсын делінген.
121.60ж ортасындағы шаруашылық ркформалар,оның аяқсыз қалуы. Ғылыми-техникалық прогресс - қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды факторы. 60-жылдары бұл прогрестің табыстары кең көлемде енгізілді: электрлендіру және химияландыру, кәсіпорындарды бір жолғы қуаты күшті жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандыру, учаскелерді, кәсіпорындарды механикаландыру және автоматтандыру есебінен өндіріс интенсивтендірілді.Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі процестері: қазу, құлату және тазалау забойларына жеткізу, жер астында тасымалдау және темір жол вагондарына тиеп механикаландырылды.Іздеу-барлау жұмыстарының, мұнай өндірудің, мұнай өңдеудің технологиясы мен техникасы өзгерді. 1965 ж. 308 мұнай скуажинасында мұнай шығару процестері комплекстіавтоматтандырылдыжәне телемеханикаландырылды.Жалпы, кәсіпорындарды қайта құру, техникамен жарақтандыру, озық технологияны енгізуде бірқатар табыстарға қол жеткізілді.Бірақ ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске үлкен қиындықпен және өмір сүріп отырған шарушылық механизмінің арқасында емес, қайта оның еркінен тыс енгізілді. Кәсіпорындар мен тұтас салалар өнімдердің техникалық дәрежесін арттыруға мүдделі емес, өйткені олардың көздегені жоспар, көлем, жалпы өнім болды.60-жылдары-ақ халық шаруашылығына бюрократтық жолмен басшылық жасаудың өміршең еместігі сезілді. Сол кездегі ел басшылығы экономиканы терең құруға әрекет жасауға тырысты.КП ОК 1965 ж. Наурыз, Қыркүйек, Қазан Пленумдары өнеркәсіпке басшылықты жақсарту, жоспарлауды ынталандыруды жетілдіру шараларын белгіледі. Осыған байланысты кәсіпорындар мен салаларда шаруашылық есепті жүргізудің аясын кеңейту көзделді, кәсіпорындардың қызметін шектен тыс шектеу жойылды, олардың шаруашылықты жүргізу дербестігі кеңейтілді, пайда, баға, сыйлық, несие сияқты экономикалық тіректер тиімді пайдаланылды. 1960 ж. ақырында жоспарлау мен материалдық ынталандырудың жаңа жүйесіне республикада 1467 өнеркәсіп кәсіпорны өтті. Шаруашылық реформасы экономикалық дамуға қозғау салды. Бірақ нәтижесінде, реформаны тереңдетуге жасалған талғыныстар экономикалық экспериментке айналды.
122. Қазақстан 70-80 ж басында әлеуметтік экономикалык дамудын үрдістері.70-ші жылдар ерекшеліктері: жанашыл үрдістер әлсіреді, қоғамдық кұрылыс ұстанымдары мен түрлері токырауга ушырады.Саяси өмір ұстанымдарыны түзетулер енгізген бетбұрыстар кезені басталды.1968-жылгы тамыз Чехословакияда жанару, сталиндік үлгіден бас тарту окиғасы «Прага коктемі» аталган бул ұмтылыс 5 ел әскерлерінің Чехословакия территориясына енгізілуіне байланысты токтатылды.Идеологиялык наукан басталып, ЧКП дамуындагы дагдарысты жоюга, оппортунистік куштерге теориялык соккы беруге, партияның жетекшілік ролі туралы «маркстік лениндік» тұжырымдаманы кайта калпына келтіруге әрекет жасалды.Социолизм жүйесі елдерәнде социолизмдә бірте бірте жетілдіру идеясы туындады.Дамыган капиталистік елдерден халыктын материалдык тұрмыс денгейінің елеулі турде артта калушылыгы кушейді.Турмыс денгейінің кұлдырау себептері:әлеуметтік саланы дамытудагы калдыкты ұстанымнің сакталуы.Тауарлар сапасының нашарлауы.Акы төлеудегі тенгермешілік.Когамдык меншіктін өктемдігі.Турмыс денгейінің төмендеуінің зардаптары:Казақстан халыктын турмыс дәрежесі бойынша одактык корсеткіштерден арта калды.Енбекке немкурайлы карау туындады.Ұрлық, енбек тәртібінің кулдырауы, маскунемдік жаппай кубылыска айналды.Тауар зәрулігі кушейді.
123 билет ХХ ғ 70 жылдарында тоқырау құбылыстарының көріністері“Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы йыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. Сом немесе халық шаруашылығына ьөлінген барлық қаржының барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. 6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 ішінде өнеркәссіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындарындағы дерлік бір орталықтан энергиямен дерлік энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген, дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару тоғ ызыншы бесжылдықта 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсцдің жылдық орташа қарқыны 12 пайызға жетті. Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж. Ауылшаруашылық саласында 58,2 млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылық жұмыстары жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығындағы жұмыстар 75-90 пайызға техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашылығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту аркылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді.
124. Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.). 60-жылдардың ортасында-ақ ел басшылығы халықтың ақшалай табысын арттыру бағытын ұстанды, мұның өзі халықтың тұрмыс дәрежесінің 40-50 -жж. салыстырғанда біршама артуына жағдай туғызды. Халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның бір бөлігі жәрдем, зейнетақы, стипендия төлеуге, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды.Соған сәйкес бағаның халықтан ресми және жасырын түрде жоғарылатылу процесі де жүріп отырды. Мұның өзі тапшылықты (қарттарға, балаларға арналған тауарлар жетіспеуі, тамақ түрлерінің жетіспеуі, сағаттап кезекте тұру) арттырды.70-80 жж. адамдар Кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемлекеттік, әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты.Әлеуметтік саладағы өткір проблема - тұрғын үй мәселесі болды.Қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар - еңбекке немқұрайды қарау, өндірістегі ұрлық, маскүнемдік, қылмыс жасау, еңбек тәртібінің құлдырауы, "қылмысты экономика" сияқты келеңсіз құбылыстарды туғызды. Мұның бәрі әлеуметтік саладағы дағдарыстың көріністері және тоталитарлық жүйені күйретуге алып келген объективті себептер еді.
125.ҚонаевД.А –мемлекеттік және қоғамдық саяси қайраткер.Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитеттің бірінші хатшысы. Жетістігі.Қазақстанның кеңес Одағының ролін нығайтты.Павлодар қаласын Хрущевград деп өзгертуден,Маңғыстау облысын Түркіместанға беруден сақтап қалды.Өзбекстанға өтіп кеткен қазақ жерінің қомақты бөлігін қайтарып алуға қол жеткізді.Ақын О.Сүлейменовтен «диссидент» жасауға тырысқан М.Сусловтыңәрекетіне тосқауыл қоя білді.Қазақстан картасындағы Торғай,Жезқазған,Маңғыстау,Талдықорған сияқты жаңа облыстардың ашылуы осы кісінің еңбегімен тікелей байланысты.Оның тұсында қазақтың екі сериялы фильмі,12 томдық энциклопедиясы жарыққа шығып,Алматыда ғажайып архитектуралық ансамбльдер бой көтерді.Күрделі қиын уақытта басшы болған бұл адамның қай істе де Қазақ елінің алдында сіңірген еңбегі талассыз.
Кемшілігі.ҚКпок 1987 жылғы пленумінде Д.А.Қ. қателіктерін әшкерлеу науқанын жүргізуге «талпыныс» болды.Бірақ бұл әрекет сәтсіз аяқталды. «Бастама» халықтан қолдау таппады.