Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
61
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
346.62 Кб
Скачать

51. Түркістан акср-нің құрылуы

1917ж қарашада өткен IV Өлкелік төтенше мұсылман съезі орталығы Қоқан болатын Түркістан автономиясын құру жөнінде шешім қабылданды. Съезд сайлаған автономия үкіметін көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер М.Тынышпаев, кейін Мұстафа Шоқай басқарды. мұстафа Шоқай мұсылман халықтарының саяси ж/е мәдени жағынан қайта өрлеуәнде елеулі рөл атқарғаносы құрылымның дем берушілері мен ұйымдастырушыларының бірі болды. Щоқай бүкіл Түркістанды бір автономиялық республикаға біріктіріп. Оны демократиялық Ресейдің құрамына енгіщу идеясын қозғады. 1918ж 30сәуірде құрамына Қаз-нның оңт.аймақтары енген Түркістан Автономиясылық Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды. Мемлекеттік діні – Ислам болып танылды. Оның құрамына Қаз-нның оңт.өңірі кірді. Түркістан АКСР-нің астанасы – Ташкент қаласы болды. 1918 ж көктемде Түркістан АКСР-інде өнеркәсіптің жетекші салалары (мақта тазалау, май, тау-кен т.б.), банкілер,темір жолар национализацияланды.Қоқан автономиясын ұлы державалар өзі өмір сүре бастаған алғашқы күндері-ақ большевиктік Ресейден тәуелсіз, Түркістан тарихындағы бірінші демократиялық республика ретінде таныды.

Алайда большевиктер ұлттық үкіметтің өмір сүруімен келісікісі келмеді. Орта Азия мен Қазақстан аумағында ұлттық мемлекеттілікті құрудың алғашқы әрекеті қайғылы аяқталды. 1918ж қаңтарда Ташкент кеңесі Қоқанға құрамына Ташкенттің қызыл гвардияшы бөлімдері, большевиктерге ниеттес қалалық гарнизон солдаттары кірген жазалаушы экспедиция жіберді. Осы үшін большевиктер өздерінің идеологиялық қарсыластары – армян ұлтшылдарының «Дашнакцутюн» партиясымен одақ жасауға да барды. Дашнактардың отряды мұсылман тұрғындарға қарсы жасаған ерекше қатігездіктерімен көзге түсті. 29 қаңтар күні Қоқан Автономиясын талқандау басталды. Қоқанды қорғаған «автономияшылардың» шағын отрядының қарсылығы оңай тойтарылып, қала басып алынды. Үш күнгі адамдарды қырғынға ұшыратумен талап-тонаудан соң қала өртелді. Банктің қаржысы тәркіленді, қаладағы 150мыңдай тұрғыннан қырғын салудың нәтижесінде 60мыңнан астамы ғана қалды, қалғандары өлтірілді немесе қашып кетті. 1918ж-дың тек 4-7 ақпан аралығында 15 мыңға дейін адам өлтірілді. Кеңес өкіметін нығайту үшін ескі буржуазиялық мемлекеттік аппаратты қиратып, басақарудың жаңа, кеңестік мемлекеттік органын құру қажет еді. Қоқан автономиясы түріндегі демократияның алғашқы өскіндерін Қызыл гвардия қанға батырды. Аз уақыт өмір сүргеніне қарамстан Қоқан Автономиясы қазіргі Орталық Ащич халықтарының тарихы мен өміріндегі маңызды құбылыс болды.

52. Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.

1917ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Бүкілқазақтық 2-съезде Халел Ғаббасов автономия туралы баяндама жасады.Қаралған мәселелер:

- Қазақ автономиясы құру

-Қазақ автономиясына Алаш атауын беру

- Алаш автономиясының жері, суы, астындағы кені Алаш мүлкі деп жариялау

-Алаш Автономиясының Конституциясын Бүкілресейлік құрылтай жиналысында бекіту

Алашорда Уақытша Халық кеңесін 25 мүшежден құрып, оны 10мүшесін орыс қкілдерінен сайлау. Кеңестік төрағасы – Ә.Бөкейханов

Алашорданың уақытша орталығы – Семей

Қазан революциясынан көп бұрын қазақ либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық ж/е саяси дамуына байланысты өздерінің бағдарламаларын насихаттады.

1917ж 21 қарашада «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды:

-«Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау.

-дінді мемлекеттен бөлектеу

-сот ісін қазақ тілінде жүргізу

-Әскери қызметті өз жерінде атқару

-Жұмысшыларды заңмен қорғау. «Алаш» партиясы жұмысшылар туралы социал-демократтардың меньшевиктік тобының бағдарламасын жақтады.

-оқудың жалпыға бірдей ж/е ақысыз болуы

-жиналыс, сөз, баспасөз еркіндігі

-жерді алдымен жергілікті халыққа беру

Бағдарлама жобасының маңызы:

-Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы ламуының балама жолын ұсынды.

-буржуазиялық-демократиялық, ұлт-азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.

1917жғы қарашада – 1918жғы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті.

Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға бролады деп санамады. Әо түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.

53. Қазақ. Территор. Азамат соғысы 1918 - 1920ж. Әскери коммунизм.

Азамат соғысынң алығышарттары:

-кеңестерлің өкіметті басып алуы құлатылған таптардың күшті қарсылығын туғызды.

-Большевиктердің экономикалық саясаты ж/е оны іске асыру әдістері экономикалық дағдарысты жоя алмады.

Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. 1918ж. мамырдың аяғында Антанта елдерінің көмегімен Чехославак корпусы Солт. Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. Оларға ақ гвардияшылармен бірге әскерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді. 1918 жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашыларымен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. 1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы еді.

1918ж 29 мамырда «Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еібекшілерді мобилизациялау» туралы декрет жарияланды.

1918жғы 17 қарашада «Жауынгерлерді ұлттық белгілері б-ша әскери өлшемдерге еркін топтау» рұқсаты берілді.

Азамат соғысы жылдары алғашқы қазақ әскери басшылары өсіп жетілді:

-Дала өлкесінің төтенше комиссары – Жангелдин

-Торғай уезінің әскери комиссары – Иманов

-Қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Қаратаев

-Әскери бөлімшелердің командирлері мен комиссарлары – Әлиев, Арғыншиев, Алманов, Жәнікешов, Масанчи, Розыбакиев, Исаев, Оразбаева.

1918ж. аяғы мен 1919ж. басында Жангелдин мен Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын құрды. 1920ж. наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солт. Жетісу майданы жойылды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ.

1920ж – Қызыл Армия Колчак әскерін талқандап, Колчак Иркутск ревкомының үкімі б-ша атылды.

1919ж 4 сәуір – Бүкілресейлік ОАК Алашорда мүшелеріне кешірім жариялады.

1920жж. Оқиғаларды бейнелейтін «Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халқы» деген еңбегінде былай деп жазды: «Мұсылмандардан бәрін тартып алады, сөйтіп қана қоймай, оларды өлтіріп те тастайды. Міне осындай істерден кейін езілген ұлттардың арасында наразылық туып, кеңес өкіметіне қарсы да заңды болса керек».

Азамат соғысының салдарлары:

-демографиялық жағдай ауырлап, 8млн адам қаза тапты.

-мал саны күрт азайды

-қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады

-қатігездік пен зорлық-зомбылықтыі күшейтілуі үрей ж/е ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды.

Қазақстан Кеңес өкіметінің орнауына белсене қатысқан көрнекті тұлғалардың бірі Тұрар Рысқұлов 1917-1918-1919 жылдары елімізде ашаршылық болды. Ашаршылықтың басты себебі: азамат соғысы жылдарында қазақтардан ақтардың және қызылдардың малды тартып алуы болды.

Соғыс жылдары «Әскери коммунизм саясаты» енгізілді. Оның негізгі белгілері:

-Азық-түлік салғырты

-жеке саудаға тыйым салу

Азық түлікті теігерме ұстанымы бойынша бөлу

-ірі,орта ж/е ұсақ өнеркәсіпті мемлекет меншігіне көшіру

-еңбек міндеткерлігі

-басқаруды орналастыру

Бұл саясаттың басты шарасы – азық-түлік салғырты. Оның мәні: ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Салғырт 1919ж қаңтарда енгізілді

Соғыс жылдары большевиктердің социалистік тәжңрибелерге әзір еместігін көрсеткен жағдайлар қалыптасты:

-шаруашылықты әскериелендіру.

-басқарудың әміршілдік жүйесі

-еңбекті ұйымдастырудың әскери түрі

-бөлу ұстанымы

-бұқараны кедейлендіру

  1. Қазақ АКСР – нің құрылуы.Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық аумақтық межелеудің іске асырылуы.

1920 жылы 9 наурызда Алошорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды. Ішкі оппозиция мен шетел интервенциясының бірккен күштерін жеңгеннен кейін елде бейбіт шаруашалық құрылысқа көшу жағдайлар қалыптасты. Мемлекет дамудың жаңа сатысы – халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру кезеңіне өтті. 1920 жылы тамызда Кеңес өкіметі – БОАК мен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК-і) – Кеңес автономиясының негізінде құрылған федерациялық социалистік мемлекет РКФСР-дің құрамында «Қырғыз (Қазақ)Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» Декрет жарияланды. Қазақ АКСР-ін құру туралы Декрет Қазақстан аумағын анықтады, Астанасы – Орынбор (1920-1924жж). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Маңғышлақ уезі, Красноводовск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республиканың құрамына енгізілген болатын (1918ж.). Қазақ АКСР-індегі басқару органдары – депутаттардың жергілікті Кеңестері, ОАК мен Халық Комиссарлары Кеңесі болатынын белгіледі. Әскери істерді басқару үшін Қазақ Әскери Комиссариаты ұйымдастырылды.

1920 жылы 4-12 қазан аралығында Орынборда Қазақ АКСР-і Кеңестерінің Құрылтай съезі болып өтті. Бұл күн – 1920 жылдың 4 қазаны қазақ кеңестік ұлттық мемлекеттіліктің туған күні болып табылады. Съезд өкіметтің жоғарғы органдары – республиканың Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесін сайлады. Қазақ АКСР орталық атқару комитеті – орталық басқару органы. Қазақстан Кеңестері Құрылтай съезінің (1920жылы 4-12 қазан) 12 қазандағы мәжілісінде сайланды. Оның кұрамында 76 мүше және 25 мүшелікке кандидат болды. Қазақ АКСР ОАК-не мүше болып сайланғандар: А.Д.Авдеев, Ә.Әбдірахманов, И.А.Акулов, А.М.Әлібеков, С.М.Арғыншиев, Ә.Т.Жангелдин, Ә.Досов, ағайынды А. және Б. Коростеловтар, С.Меңдешев, В.А. Радус-Зенькович, М.Т.Ряхов, С.Сейфуллин, И.Р.Киселев т.б. Қазақ АКСР ОАК Президиумын он адамнан сайлады: С.Мендешев (төрағасы), В.А.Радус-Зенькович, Ә.Жангелдин, И.А.Акулов, С.Сейфуллин, И.Р.Киселев, Б.Алманов, Ә.Досов, Б.А.Коростелев, И.П.Ступпе. Бес адам президиум мүшелігіне кандидат болды.

Қазақ АКСР ОАК-нің торағасы болып Сейітқали Меңдешев, Қазақ АКСР ХКК-нің төрағасы болып В. Радус-Зенькович сайланды. Съезде қазақ кеңестік мемлекеттілігн құрудың негізгі қағидаларын Конституциялық негізде анықталған «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларация республиканың бүкіл өмірін социалистік қайта құруға бағытталған кешенді шараларды анықтады. Ол Қазақстан еңбекшілері үшін кең саяси құқықтарды бекітті. Азаматтардың міндеттері бекітілді. Декларация Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының бірінші Конституциясы қабылданған 1937 жылға дейін республика еңбекшілерінің құқықтарын бекіткен конституция ретінде қабылданды.

Қазақстандағы отаршылдық саясаттың ауыр мұрасы – өлкенің жекелеген әкімшілік-аумақтық бөліктердің арасында бөлшектеніп кетуі еді. Қазақ АКСР-інің құрылуы қазақтар мекендеген барлық жерлерді біріктіру проблемасын қойды. 1921 жылы Қазақстанның батысы мен солтүстігінде және Батыс Сібірде шекаралық межелеу болып өтті. Орталық Азияны ұлттық-аумақтық жағынан межелеу мен қазақ жерлерін біріктіруді шешу жөнінде үлкен дайындық жұмысты жүргізілді. Түркістанның құрамына кірген Жетісу мен Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу жөніндегі идея Азамат соғысы кезінде-ақ пайда болған-ды. Осы облыстардағы қазақтар солтүстік облыстарымен бірігіп, бір республиканың құрамында болу тілегін білдірді. Бұл ұлттық республикалардың күшеюіне мүдделі болмаған орталық өкімет орындарына жоспарларына сай келді. 1924 жылы 16 қыркүйекте Түркістан ОАК-ның Төтенше сессиясы Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік жағынан межелеу жөнінде қаулы қабылдады. Межелеудің нәтижесінде Қазақ АКСР-іне бұрынғы Түркістан, Хорезм және Хиуа республикаларының 1,5 млн-дай адам тұратын 40% аумағы берілді. Қазақстан аумағы 1920 жылғы 2 млн шаршы шақырымнан 1925 жылы 2,8 млн шаршы шақырымға дейін артты. Қазақ АКСР-іне оңтүстік аумақтарды қосқан соң оның халқы 1920 жылғы 4,8 млн-нан 1925 жылы 6,5 млн адамға дейін өсті. Орта Азиядағы ұлттық мемлекеттік межелеудің нәтижесінде қазақ жерлерін біртұтас кеңестік қазақ мемлекетіне біріктіру аяқталды. Осыған орай Қазақстанның халық саны ұлғайып, аумағы кеңейді, экономикалық күш-қуаты артты.

Кеңес өкіметінің орнауы мен РКФСР-дің құрылуынан кейін Қазақстанда кеңестік ұлттық мемлекеттілік құру жөнінде мәселе көтерілді. Казревкомға Қазақстандағы болашақ Қазақ кеңестік мемлекетінің аумақтық біртұтастығын қалыптастыру мен Қазақ Кеңестік автономиясын құру жөніндегі мәселелерді анықтау тапсырылды.

1925 жылы республика астанасы Орынбордан Қызылорлдаға көшірілді. 1925 жылы 15-19 сәуірде Қызылордада бірінші рет бүкіл Қазақстанның өкілдері қатынасқан Қазақ АКСР кеңестерінің V съезі болып өтті. Съезде халықтың тарихи дәл атауы – қазақ қайтадан қалпына келтіріліп, соңынан Қырғыз АКСР-нің атауы Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы болып өзгертілді. Қазақстанның Ресейге қосылған XVIII ғасырдың бірінші жартысынан 1925 жылға дейін қазақтар қырғыздар немесе қырғыз-қайсақтар атанып келді. Республиканың астанасының аты Ақмеішіттен Қызылорда болып өзгертілді. Қызылорда 1929 жылға дейін астан болды да, одан кейін астан Алматы қаласына көшірілді. Таризи деректерге сай бұл қадам сол уақыттағы өкіметтің БК(б)П Х съезінің ұлттық мәселе бойынша шешімдерінің ықпалымен жасалды. Қазақстанда Қазақ Кеңестік мемлекеттілігінің дамуына бағытталған маңызды саяси әлеуметтік саяси өзгерістер болып өтті.

Қазақ халқының аумақтық жағынан бірігуі қазақтардың одан әрі біртұтас ұлт болып қалыптасуында, Қазақстан экономикасы мен мәдениетін дамытуда, республиканың ұлттық саясатында маңызды рөл атқарды. Барлық қазақ жерлерінің бір республиканың құрамына бірігуі қазақ халқының тарихындағы айтулы кезең, сол уақыттағы қиыншылықтарға қарамастан қазақ мемлекеттілігінің құрылуындағы өте маңызды қадам болды. Нәтижесінде Қазақ АКСР –інің аумағы үштен бірге дерлік ұлғайды, халқы бір жарым миллионға көбейіп, жалпы саны 5 миллион 230 мың адамға жетті. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар Қазақстанның барлық халқының 61,3 %-ын құрады.

  1. Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері.

1921 жғы наурыз-сәуір – өлкеде салғырт салықпен ауыстырлыды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз боды.

1921жғы маусым – Орынбордағы өткізілег облыстық 1-құрылтай партия конфедерациясында Қаз-нда ЖЭС-ке көшу тур. Айтылды.

ЖЭС-пен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.\

Азық-түлік салығы енгізілгеннен басатп шаруалар өмірінде онды жағдай қалыптасты

-шаруалар бюасы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды

-6 ж/е одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды

-бірыңғай заттай белгілейді

Салық мөлшері азайитылып, 1924-25ж – өнімінң 118 бөлігі алынса, 1927-28ж өнімінің 1/13 бөлігі алынды.

-1924ж 1қаңтар –ақшалай салық енгізілді

-үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражаттар мына салаларға бөлінді: қорғаныс іміне, халық ағарту, ауылшаруашылық, ірі өнеркәсіпке

ЖЭС ж-дары өнеркәсіпте е өзгерістер болып жатты. Халық шаруашылығынң қазақ орталық Кеңесі 8 ресті біріктірді. Одақтық маңызы бар трестер құрылды: «Эмбанефть» «Алтайказполиметалл» «Атбасцветмет»

Жалпыодақтық трестер республика бюджетіне табыстарыныі бір бөлігін аударып отырды. Эмбанефть мұнайнан алынған табыстың 5 пайызын Қазақ АКСР-інің өлкелік бюджетіне аударды. Осылацша одақтық трестердің монополиялық өктемдігі қалыптасты. Экономикалық саясат өкетмдікпен жүргізілді. Трестердң қаптату аймақтарды өндірігіш күштерді ұтымды орналасты.- руға теріс әсер етті. Қаз-н экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды.

Ресейдің орталық аудандарынан республикаға бірқатар өнеркәсіп орыдары көшірілді. Орынбар тоқыма фабрикасы, Қостанай шұға фабрикасы т.б.

Өлкедегі кен өнеркәсібіне көңіл бөлінді. Түсті металлургияны басты ауданы – Кенді алтай. 1922ж ағылшын кәсіпкері Уркварт Риддер мен Екібастұзды концессиялау туралы тиімсіз шарт жасап, ол қабылданбады.

1920ж-Шымкент сантоин зауыты одақта өндірістік қорғаасынның 40 пайызын берді

Атырауды Доссор, Мақат мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол салынды

1927-28ж-дар – Республика өнеркәсібін қалпына келтіру аяқталды

ЖЭС кезінде сауданың маңызы артты

1921жғы 24 мамыр – «Айырбас туралы» декрет жарияланды

Жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеіке саудасы күшейтілді.

1927ж – 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істп, сауда айнымалы – 30млн сомға жетті

Басты жәрмеңкелер

-семей губерниясында – қоянды, Баянауыл

-Ақмола губерниясында – Атбасар

Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір

Бөкей ордласында – ОРда

ЖЭС-тыі нәтижелері:

-күйзелеген ауылшаруашылығы тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді

-өнеркәсіп қалпына келтілрді.

-өркениетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді

-шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді

ЖЭС шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды. (1921-1929)

  1. Қазақ.ғы социалистік индустрияландыру, ерек. Нәтижесі.

Индустрияландыру өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды.

–Академик Курнаков ОРт. Қазақстанның минерал шикізат байлықтаын зерттеп, «КАКСР Кеңес одағының тұтас металогенді провинциясы» деген тұжырым жасады.

-Академик Губкин ОРал Ембі мұнайлы аудандарын зерттеп, бұл кен орынның мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады.

-Инженер геолог Сатпаев Жезғазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашығы зор екенін дәлелдеді.

1927ж Түркістан*-Сібір темір жол магистралінің құрылысы басталды.

Құрылыс бастығы –Шатов.

Республика ХКК торағасы Нұрмақов - Түрксібке жәрдемдесу комиссиясынң басшысы.

РКФСР ХКК торағасының орынбасары – РЫсқұлов

РКФСР үкіметі жанындағы Түркісіб құрылысына жәрдемдесетін арнайы комитет басшысы - Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына теміржол машинаны инженер Тынышпаев енгізілді.

Түрксіб құрылысынжда бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100мың адам еңбек етті. 10мың қазақ хұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, тезник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгердң. Құрылысқа 200 млн сом қаржы жұмсалды.

Құрылыс жоспарда белгіленген 5 ж-дың орнына 3 ж-да салынып бітті.

1930ж-ғы 28 сәуір – Солт ж/е оңт учаскелер Айнабұлақ станцасында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. Алғашқы поезды тұңғыш қазақ машинисі Көшкінбаев жүргізді.

Индустрияландырудың басты міндеті- КСРОны машиналар мен жабдықтар әкелетін елден оларды өзі шығаратын елге айналдыру тұжырымынан қазақ өлкесі шет қалды.

Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:

-машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсіп орындары болмады

-энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды

-тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.

-республикадан сирек кездесетін металдар

*мұнай, көмір, фосфарит тегін әкетілді. Теміржол арқ жүк тасымалдау 1913ж деңгейінін 213 есе асып түсті.

*Өлкеде индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары

*шаруаларға үстеме салықтар салу

*республикалардың барлық жинақталған қорларын мемлекеттік бюджетке қосу

*одақтың бюджеттен берілген есебінде республика қорынан субсидиялар мен дотациялар болу.

1931-34ж 2 млрд 137млн сом

*өндірісті, өнім өткізуді ж/е жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру.

*жазалау саясатын қолдану

*ұж-у ж/е аштықтан бас сауғалап қашқан

Инд-удың Қаз-нға тигіщген теріс әсері:

-халық дәстүрі бұзылды

-қазақ шаруалары кедейленді ж/е аштыққа ұшырады

-лагерлер жүйесі орнықты

-Қаз-н Ресейдің шикізат көщіне айналды

-жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді

Инд-у ерекшеліктері:

-өлкедегі инд-у жоғардан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мүнай Ембіде өндіріліп, өңдейтін орт. Орскде салынды.

-білікті жұмысшы мамандар, инженер техник қызметкерлер сырттан, негізінен ресей мен украинадан әкелінді.

-жерг мамандар жетіспеді

-урбандалу процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді.

Соседние файлы в папке Тарих