Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.22 Mб
Скачать

11)Сұрақ. Түркеш каганаты (704-756).

Жетісуда билік басына Үш Елік қаған(699-706) бастаған түркештер келді. Олар Шаштан Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Басты астанасы – Суяб. 2-ордасы – Күңгіт қаласына орналасты. Үш Елік қаған елді әрқайсысында 7 мың әскері бар 20 үлесті жерге бөлді. Үш Еліктің орнына Сақал қаған(706-711) отырды. Түркештердің өз арасында ауызбірлік болмады. Батысында соғдылықтармен бірге арабтарға қарсы соғысты. Оңтүстігінен Таң имп-ясы қауып төндірді. Түркеш қағанаты саяси тұрақсыздықты басынан кешіргенімен, Сұлу қағанның тұсында(715-708) қайта нығайды. Сұлуға екі майданда күрес жүргізуге тура келді. Сұлу арабтарға қарсы батыл да шешімді әрекеттермен көзге түсіп, арабтар оған Әбу Мұзахим(Сүзеген) деп ат қойды. 738ж Сұлу Субқа қайтып келе жатқан кезде, өз қолбасшыларының бірі Баға Тарханның қолынан қаза тапты.

751ж Тараздың маңындағы Атлах қаласының түбінде әскербасы Зияд Ибн Салих басқарған арабтармен қолбасшы Гао Сяньчжи басқарған қытайлар арасында соғыс болды. Ұрыс 5 күнге созылды. Шешуші сәтте қытайдың қол астындағы қарлұқтар бас көтеріп, арабтар жағына шықты да, қытайлар жеңілді. Екі жақты соғыстан әлсіреген түркеш мемл-ті 756ж түркі тілдес тайпа қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай, біржолата құлады.

12) Сұрақ. Карлук мемлекети.

Қарлұқтар жайлы алғашқы деректер(Болат деген атпен белгілі) 5ғ-ға жатады. Олар Алтайдан Балқаштың шығ.жағалауына дейін жайлаған көшпелі тайпа болған. 7ғ-дың ортасында қарлұқ бірлестігінде үш ірі тайпа: болат, шігіл, ташлық енді. 742ж осы үш тайпа одағы – қарлұқ, ұйғыр және басмылдардың біріккен күші Шығ.Түріктерге қарсы шықты. Түріктер жеңілді. Олардың қағанатының орнына жаңа мемл-т Ұйғыр қағанаты п.б.(744-840)

756ж қарлұқтар ұйғырлардан жеңіліп Жетісуға келді де, ерте феод. мемл-т қарлұқ қағанатын құрды. Астанасы – Суяб. 766-775жж қарлұқтар қашғарияны, ал 8ғ-дың аяғына қарай Ферғананы да жаулап алды.

Қарлұқ көсемі жабғу деп аталды. 840ж-дан кейін ғана қаған атағын алды. Араб географы әл-Маруази(12ғ) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болған дейді. Қарлұқтар үстемдік еткен халық этникалық жағынан біртектес болған жоқ. Оның ішінде таяу шығыс пен орта азиядан көшіп келген иран тілдес соғдылықтар да болды. Араб географы ибн Хаукаль(10ғ): «Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек болды»,- деп жазған. 840ж Ұйғыр қағанатының құлауы Азия даласы үшін маңызды оқиға болды. Енисей қырғыздары ұйғырларды Тұрпан жазирасы мен Ганьчжоу аймағына қоныс аударуға мәжбүр етті.

9ғ-да арабтар қарлұқ жеріне жорық жасап Исфиджабты жаулап алды, Таразды қоршады. Ұзақ қорғаныстан кейін қала халқы исламды қабылдады. Қарлұқ қағанатының ордасы Тараздан Қашғар маңына көшірілді.

Қоғамдық құрылысы. Қарлұқ мемл-нде басқарудың әскери әкімшілік жүйесі болды. Дерекке қарағанда қарлұқ елінде 25 қала мен елді мекен болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Барысхан және т.б.

13) Сұрақ. Огыз мемлекети.

Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғари(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».

9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ).

10ғ-да астанасы – Янгикент. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасты. Оғыз мемл-ң басшысы жабғу деп аталды. 965ж Киев Русімен бірігіп Хазар қағанатын талқдады. 985ж Еділ бұлғарларына соққы берді.

10-11ғғ шекарасында мөлшерден тыс алым-салық оғыз тайпаларының көтерілісіне алып келді. Бұл кезде 10ғ-ң 2-жартысында елді Әли хан басқарды. Бұл жағдайда Жент маңындағы селжұқтар көсемі көтеріліс жасап Жентті басып алды. Бірақ көп ұзамай олар Жент аймағынан қуылды. Әли ханның мұрагері жабғу Шахмәлік тұсында оғыз мемл-ті күшейіп 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты.

Қоғамдық құрылысы. Жабғу патшалығында «сюбашы» аталатын оғыз әскерінің басшысы маңызды рөл атқарды. Жабғудың орынбасарлары күл еркін деп аталды. Мүлік теңсіздігінің негізі жеке меншік мал болып есептелді. Оғыздар пұтқа табынды, шамандарға сыйынды. Кейінірек ислам діні ене бастады.Оғыздар ірі екі өркештітүйе өсірді.

Соседние файлы в папке экз