Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.22 Mб
Скачать

37) Сұрақ. Сырым Датулы баскарган 1784-1797жж Кіші жүздегі көтеріліс

Себебі: Жер мәселесінің шиеленісуі: патша үкіметінің қазақтарға мал жайылымы ретінде Жайық пен Еділ өзендерінің арасына өтуге шектеу жасағандығы. Феодалдық және колониалдық қанаудың күшеюі. Ханның, сұлтандардың, орал әскерінің казактары мен патша әкімшілігінің халықты ашықтан-ашық талан-таражға ұшыратуы

Салдары: Орал казактарының 1782-1783 жылдардың қысында Кіші жүздің «ішкі жаққа» (Жайық өзенінің сыртына) өткен малшыларынан 4 мыңнан астам жылқыны қуып кеткендігі

Әдейі ұйымдастырылмаған толқулардың басталуы; олардың кең таралуы; көтеріліс отрядтарының құрылуы. Басқарушы – батыр Сырым Датов (ірі феодал). Оның негізгі мақсаты – хан билігін жою. Нұралы ханның көтерілісті басу жөніндегі патша әкімшілігіне жасаған өтініші. Көтерілісшілердің казак бекіністерін шабуылдауы.

1785 жыл – Жазалаушы отрядтардың бейбіт ауылдарды талқандауы. Халық наразылығының ұлғаюы. Көтерілісішілер қатынасқан старейшиналар съезі: қойылған талаптарды талқылау.

1786 жыл – көтерілісшілердің хан ауылдарына шабуылы. Нұралы ханның қашуы. Патша үкіметінің Нұралыны биліктен тайдыру жөніндегі шешімі. Кіші жүзді үш бөлікке бөлу.

1790 жыл – Есім ханды сайлау.

1791 жыл – патша үкіметінің Ералыны хан етіп тағайындауы. Халық наразылығы. Феодалдарға қарсы қозғалыстың кең өріс алуы

1797 жыл – Хан кеңесінің құрылуы. Сырым отрядының Илецк бекінісіне шабуылының сәтсіздікке ұшырауы. Феодалдардың халық көтерілісіне қарсы күресу үшін күш біріктіруі. Сырым Датов Хан басқармасының құрамына ендірілді. Көтерілістің тоқтатылуы.

38сурак

§1. Бөкей ордасының құрылуы

1771 жылы қалмақтар Едiл бойын тастап Жоңғария жерiне көшкеннен кейiн, Едiл мен Жайық өзендерi аралығы босап қалды. Осы оқиғадан кейiн Кiшi Жүз қазақтары ата-баблары тұрған қос өзен аралығына үнемi ұмтылумен болды. Алайда патша үкiметiнiң үкiмiмен қазақтардың Жайықтың оң жақ жағалауына көшуiне тиым салынып келдi. Жайық бойына орналасқан Орал казактары қазақтардың көшiп-қонуына тосқауыл болып келдi. Е.Пугачев көтерiлiсi мен Сырым Датұлы көтерiлiстерi кезiнде қазақтар рұқсатсыз Жайықтың арғы бетiне өтiп қазақтар рұқсатсыз Жайықтың арғы бетiне өтiп жүрдi. XVIII ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында Кiшi Жүз қазақтарының едәуiр топтары Жайық пен Едiл өзендерi аралығына көшiп барды. 1801 жылғы 1 наурызда I Павелдiң жарлығымен қазақтардың осы жерге көшiп-қонуы заңдастырылды. Бұл шағын хандық - Iшкi Орда немесе алғашқы ханның есiмiне сай Бөкей Ордасы деген атауға ие болды. Хандық құрылуының бiрнеше себептерi болды. Отаршылдық саясаттың күшеюi салдарынан көптеген көшпелi қауымдар бұрынғы көшiп жүретiн орындарында қалудың көтерiлiстер аяқталғаннан кейiн көтерiлiске қатысушы рулар хан-сұлтандар тарапынан қудалауға ұшырады. Ресей әкiмшiлiгi қазақ руларының арасындағы өзара алауыздықты тартыстар мен қақтығыстар ошағына айналдыруға тырысты. Кiшi Жүз қазақтары арасындағы тыныштық пен дағдылы шаруашылық ырғағы бұзылды. Ел iшiнде күйзелiс басталды. Сонымен бiр мезгiлде Кiшi Жүз қазақтарына оңтүстiкте Хиуа хандығы басып алу және тонау саясатын жүргiздi. Осындай жағдайда бiрден-бiр амал – Жайықтың оң жақ жағасындағы бос жатқан жерлерге қоныс аудару болды. Көшiп келушiлердiң денi Сырым Датұлы қозғалысына қатысушылар болды. Одан кейiнгi жылдарда хандықтың халқы еселеп өсiп отырды. Деректерге сүйенсек, 1828 жылы Бөкей хандығы халқы 10225 шаңырақ болса, 1845 жылы мұнда 30 мыңнан астам шаңыраққа жеткен. Бөкей хандығында жерлер хан-сұлтандар мен олардың туыстарына үлестiрiлiп берiлген. Патша үкiметiне арқа сүйеген Iшкi Орда ханы қолына әкiмшiлiк, сот билiктерiн шоғырландырған Жәнгiр Жасқұс деген жерде хан ордасын салғызады. Хан ордасында 12 биден құралған «хандық кеңес» болған. Патша әкiмшiлiгiнiң жергiлiктi жердегi қол шоқпарына айналған бұл хандық езiлушi халық тарапынан қолдауға ие болған жоқ едi. Бұл iшкi-тартыс кейiннен халық көтерiлiстерiне алып келген болатын.

39-сурак

Орта Жүзде хандық билiктiң жойылуы. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейiн, Орта Жүзде билiкке үлкен ұлы Уәли хан тағайындалды. Уәлидiң қатыгездiгi халықтың наразылығын туғызды. Ресейге қосылғанға дейiн қазақ хандары халықтан салық жинағымен мемлекеттiң сыртқы-iшкi мәселелерiн өздерi шешiп отыратын. Ресейге қосылғаннан кейiн патша үкiметi хандар атқарып келген бiрқатар iстердi өз қолына алды. Хандық билiкке патша үкiметi таңдаған адамдар тағайындалды. Салық төлеу бұрынғыша сақталынып қала бердi. Хандар патша үкiметiнiң жергiлiктi жерлердегi шенеуiгiне айналды. Халықтың наразылығы күшейдi. Хандық билiктiң сақталуы үкiметтiң iс-қимылын тежеп отырды. 1815 жылы патша үкiметi Уәлиге қосарлап екiншi ханды – Бөкейдi тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейiн Орта Жүзде жаңа хан тағайындалмады. Жаңа реформаны әзiрлеудi патша Сiбiр генерал-губернаторы граф М.М.Сперанскийге жүктедi. 1822 жылғы 22 маусымда патшаның «Сiбiр қазақтарын басқару туралы» жарғысы шықты. «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстiк-шығыс өңiрiн, әкiмшiлiк, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық – феодалдық тәртiптi әлсiрету едi. Бұл жарғыға сәйкес Орта Жүзде хандық билiк жойылып, оның орнына ауыл-болыс-округ түрiндегi басқару жүйесi енгiзiлдi. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс – 10-12 ауылдан, округ – 15-20 болыстан құралды. Орта Жүз қазақтары жерi Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығына бағынды. Округтi басқару приказдарға жүктелдi. Оның құрамында екi аға сұлтан болды. Аға сұлтандыққа тек шыңғыс ұрпақтары сайланып, оларға майор әскери шенi, ал он жылдан кейiн дворяндық атақ берiлдi. (Кесте). Аға сұлтан үш жылға сайланса, болыстық билiк мерзiмi өмiрлiк болды. Болыстық билiк мұрагерлiкпен берiлiп отырды. Ауыл старшиндары да үш жыл сайын сайланып отырды. Жарғыға сәйкес қазақтардың бiр округтен екiншi округке өз еркiмен ауысуы шектелдi. Бұл - жер алаптарын пайдаланудың қауымдық дәтүрлерiн қиратуды бiлдiрдi. Ендi қазақ ауылдары өз округтерi аумағында ғана көшiп жүруiне рұқат етiлдi. Жарғыға сәйкес барлығы 7 округ ашылды. Олар: Қарқаралы, Көкшетау (1824), Баянауыл (1826), Аягөз (1831), Ақмола (1831), Үшбұлақ (1833), Аманқарағай (1834). Патша үкiметi жүргiзген бұл реформа қазақ ақсүйек топтарының барлығының мүддесiнен шықпады. Олардың бiр бөлiгi бұл саясатқа өз наразылықтарын ашық түрде бiлдiрдi.

СҰРАҚ №40

  • 1824 ынбор нубернаторы П.К.Эссен «Орынбор қырғыздарының Жарғысын» дайындады. Жаргыда 3 хан тағайындауды жоспарлағандытан уақытша icкe аспады.

  • 1824 жыл – "Орынбор қырғыздарының жарғысы" қабылданды. Авторы Орынбор генерал -губернаторы П.К. Эссен.

Kiшi жүздің әкімшілік құрылымы

Бөліктер

(батыс,орта,шығыс)

басқарушысы – сұлтан.

Дистанция (54),

басқарушысы – ру шонжарлары


Ауыл,

басқарушысы – ауыл старшыны

Реформаның салдары:

  • Орталық басқару нығайтылды.

  • Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды

  • 1824 жыл – Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды

  • 1845 жыл – Бөкей Ордасындағы хандық билік жойылды.

СҰРАҚ №41

Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы (1836-1838 жж.)

Территориясы: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жер.

Көтерілістің себептері:

  • Ақшалай салықтың өсуі.

  • Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі.

  • Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу.

  • Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету.

Мақсаты:

  1. Хан озбырлығына шек қою.

  2. Шаруалар жағдайын жақсарту.

  3. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.

  4. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.

Көтеріліс барысы

  1. 1836 жылы Жәңгір хан Қарауылқожаға котеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.

  2. Қарауылқожаның Исатайга беріліп ханға бас июді талап етуі , көтерілістін өршуін тездетті. 1836 жылы Исатай маңына косымша 20 ауыл көшіп келді.1836 жылы 13 желтоксанда Жәнгір маңындағы старшындар Махамбет ауылына шабуылдап, малдарын талап әкетті.

  3. 1837 жылы30 наурыз - Шекаралык комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті.

  4. 1837 жылы 15 қараша –Тастөбе шайқасы .

  5. 1837 жылы 13 желтоқсан- батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылар торын бұзып, Жайықтан шығыска қарай өтіп кетті

  6. 1838 ж. 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді.

  7. 1838 ж. 23 шілде – Махамбет тобы хан ауылына шабуылдады.

  8. Басты қозғаушы күш –қарапайым көшпенділер Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да қатысты .

Көтеріліс басшысы Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791-1838). 1836 ж. ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.

Нәтижесі:

  • Салық мөлшеріне шек қойылды.

  • Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын боды.

  • Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.

  • Қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті.

  • Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.

Тарихи маңызы:

  1. XIX ғ. 30 жж. ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.

  2. Отаршылдыққа қарсы бағытталды.

  3. Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.

Жеңілу себептері:

  1. Үстем тап өкілдерінің опасыздығы.

  2. Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.

  3. Қару-жарақтың теңсіздігі.

  4. Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.

  5. Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.

СҰРАҚ №42

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (1837-1847ж.)

Алғышарттары:

  • XIX ғ. 20-шы жж. Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салық жинады.

  • XIX ғ. 20-30 жж. Хиуа хандығы Шекті, Төртқара, Табын, Байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызды, сауда керуендерін тонады.

  • 1822 ж. Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты.

Мақсаты:

  • Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.

  • Қазақ жерлерін бекіністер мен округттік билеу арқылы отарлауды тоқтату.

  • Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.

Көтеріліс барысы

Көтеріліс бүкіл үш жүзді қамтып ,ұлт-азаттық сипат алды.

  1. 1837 жылдың күзі – көтерілісшілер отрядтар ұйымдастыру.

  2. 1837ж. қараша – Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі қазақтарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді.

  3. 1838ж. 26 мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өрттеп жіберді.

  4. 1838ж. жазы мен күзінде Орта жүз қазақтары Кенесары тобына жинақталды.

  5. 1838ж. күзінен қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.

  6. 1841ж. Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды.

  7. 1845ж. қазан, қарашада көтерілісшілердің Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін алуы және көтеріліс бағытын Түркістан, Ташкентке қарай бұруы.

  8. 1847ж. сәуір – Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.

  9. 1847ж. Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты

  • Көтеріліс басшысы Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 жж.).

  • Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары.

Тарихи маңызы:

  1. Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.

  2. XIX ғ. I жартысындағы Ресей азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі.

  3. Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті.

  4. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстылығын көрсетті.

  5. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.

Жеңілу себептері:

  1. Қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі.

  2. Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.

  3. Руаралық қайшылықтар.

  4. Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсету.

  5. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары тобының Ресейге қарсы біріге алмауы

ҰРАҚ №43

Жанқожа Нұрмұхамедұлы (XIX ғ. 50 жж.)

Территориясы: Хиуа хандығы

Қоқан хандығына қарсы қазақ, қырғыз, шаруалары күресінің басталуының негізгі себептері:

  • Ташкент билеушісі Мырза Ахметтің қазақ , қырғыз жерлерін күштеп тартып алып, өз жақындарына беруі,

  • Салықтың көбеюі ,тұрмыс кұрмаған әйелдерге арнап 3сом 50 тиын қосымша салық салуы.

  • Жергілікті тұрғын балаларын Орта Азия базарларына сатуы.

Көтеріліс барысы

  1. 1857жылы 9 қаңтарда Арықбалық шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді.

  2. Наразылық басқа аймақтарда да күшейді.

  3. Көтерілісшілер Әулиеата,Токмақ, Шымкенттегі Қоқан гарнизондарын қоршап Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.

Қозғаушы күштері

  1. Көтеріліс 1858 жылы наурызда Аулиеата манында болды.

  2. Негізгі қозғаушы күші – қазақ ,қырғыз шаруалары.

Көтеріліс басшысы: Жанқожа Нұрмұхамедұлы. 1860ж. патшаның жазалаушы отрядімен Жанқожа өлтірілді.

Жеңілу себептері:

  1. Күрестің стихиялылыгы.

  2. Ұйымдастырудың әлсіздігі.

  3. Феодалдардың опасыздығы.

Тарихи маңызы:

  • Қазақ , қырғыз біріккен қозғалысы.

  • Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей кұрамына кіруге алғышарт жасалды.

Есет Көтебарұлы (1847-1858 жылдары)

Территориясы: Батыс Қазақстан

Себептері Отаршылдыққа қарсы. Хиуаға, Ресейге қарсы

Мақсаты:Қазақ жерін отаршылдықтан азат ету, елін, жерін Ресей, Хиуа зорлық пен зомбылығынан қорғау

Көтеріліс барысы: Көтеріліс отаршылдыққа қарсы, феодалдық басқыншылыққа қарсы.

Қозғаушы күштері: Қарапайым халық, отар болған қарапайым малшылар, шаруалар, ауыл тұрғындары.

Көтеріліс басшысы: Есет Көтебарұлы. Сексенге дерлік келген Есет Көтібарұлы қайтыс болып, Ақтөбе облысындағы Шалқар станциясына жақын Шолақжиде өз руының зиратына жерленді.

Жеңілу себептері, Есет көтерілісіндей:

  • Күрестің стихиялылыгы.

  • Ұйымдастырудың әлсіздігі.

  • Феодалдардың опасыздығы.

Тарихи маңызы: Қазақ халқының саяси сезімі өсті.

44-сурак

§9. Ұлы Жүздiң Ресей қол астына өтуi XVIII ғасырда қазақтың Кiшi және Орта Жүз жерлерi Ресейдiң қол астына өткенiмен, негiзiнен Ұлы Жүз ру-тайпалары мекендейтiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан жерi Қоқан хандығы ықпалында қалып қойды. Ресми түрде бұл аймақтарды жаулап алмағанымен Қоқан билеушiлерi қазақтардан күштеп алым-салықтар алып отырды. Осындай жағдайда Ұлы Жүз өкiлдерi патша үкiметiне өздерiн Ресей бодандығына қабылдау туралы өтiнiш жасады. 1819 жылғы 18 қаңтарда орыс үкiметi Ұлы Жүз қазақтарын ресми түрде Ресейдiң бодандары деп жариялады. Сол жылы Абылай ханның ұлы Сүйiк сұлтан қарамағындағы 55 мың адаммен бодандыққа ант бердi. 1824 жылы 13 мамырда тағы да 14 сұлтан қарамағындағы 165 мың адаммен Ресейдiң қол астына өттi. Ресей әкiмшiлiгi жаңа енген аймақтардан салыстырмалы түрде аз салық жинады. Жаңа қосылған жерлерде патша үкiметi Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиопол, Лепсi бекiнiстерiн салды. Бұл бекiнiстер Жетiсу жерiн одан әрi жаулап алуға көмекшi күш ретiнде қызмет еттi. 1825 жылы Жетiсудың 50000 адамы бар Үйсiндер тұрған аймақ өз жерлерiнде сыртқы округтi ашуға рұқсат бердi. 1847 жылы Қапал бекiнiсiнiң салынуы Лепсi мен Iле өзендерi бойын мекендеген қазақтардың Ресей империясы билiгiне енуiн жылдамдатты. Ресей үкiметi үшiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аумағын өзiне бағындырудың саяси және экономикалық маңызы болды. Қазақтар үшiн де дамуы жағынан артта тұрған Қоқан хандығынан гөрi Ресейдiң қол астына өтуiнiң прогрессивтi жақтары басым болдыҚазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы XIX ғасырдың 50-шi Ресей үкiметi Қазақ жерiне iшкерiлей енудi одан әрi жалғастырды. Осы жылдарда Ресей бекiнiстерi Сырдарияның орта ағысы мен Жетiсу жерiнде салына бастады. Патша үкiметi Хиуа мен Қоқан хандықтарымен келiссөздер жасауға ұмтылды. Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан хандығына қарсы көтерiлiсi нәтижесiз аяқталды. Британ үкiметiне арқа сүйеген Қоқан билеушiлерi Мерке, Әулиеата және Шымкентте өздерiнiң шептерiн күшейттi. Осы жағдайда Ресей үкiметi Оңтүстiк Қазақстанды жаулап алуға ұмтылды. 1860 жылы орыс әскерлерi соғыс қимылдарын бастап, 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пiшпек қалаларын алды. Ал 24 қазанда Ұзынағаш түбiнде подполковник Колпаковский Қоқан әскерiн талқандады. Қазақ билеушiлерi қалыптасқан жағдайда екiге бөлiндi. Кенесарының баласы Садық сұлтан, дулат руынан шыққан Андас, Сұраншы билер қоқандықтар жағында орыс әскерiне қарсы күрестi. Жекеленген қазақ билеушiлерi орыс әскерiне қолдау жасады. Алайда қазақтарға қарсы зорлық-зомбылық орыс әскерилерi мен Қоқан билеушiлерi тарапынан қатар жүрiп отырды. 1864 жылы орыс әскерiнiн бiр тобы Сауран, Шорнақ бекiнiстерi арқылы Түркiстан қаласына келiп жеттi. Түркiстан қаласын аларда орыс әскерлерi Қожа Ахмет Иассауи кесенесiне зеңбiректен 12 снаряд атып, қазақтарды үрейлендiруге әрекеттендi. Черняев бастаған орыс әскерлерi шiлдеде Мерке бекiнiсiн ұрыссыз алып, 6 шiлдеде Әулиеата бекiнiсiн жаулап алды. Алайда Шымкент бекiнiсi орыс әскерiне қарсы аянбай күрестi. Бұл бекiнiсте бейбiт халықты тонап, жазалау шараларын жүргiзiлдi. Черняев экспидициясына қатысқан Ш. Уәлиханов орыс әскерiнен қол үзiп, Тезек сұлтан аулына барады. Қоқан билеушiлерiнен азап шеккен Оңтүстiк Қазақстан тұрғындары қайтадан жаңа отарлаушы мемлекет - Ресейдiң құрамына кiрдi

СҰРАҚ №45

1867-1868 жылдардағы реформалар

Хандық билікті ic жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.

• XIX ғасырдың 60 жылдары – қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды:

  • Батыс облысы, орталығы - Торғай.

  • Шығыс облысы, орталығы – Сергиополь немесе Қарқаралы.

Бұл ұсыныс қабылданбады.

  • 1865 жыл – Iшкі Істер министрлігі кеңесінің мүшесi Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.

  • 1865 жылғы 5 маусым – II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ici, ағарту ici, салық, діни мәселе т.б.

Әкімшілік басқару жүйесін құру icіне Ш.Уалиханов өз пікірлерін ұсынды:

  • Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру

  • Әлеуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу.

Алайда Ш.Уалиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мушелері феодалдармен (ipi бай Мұса Шорманұлы, сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлы, сұлтан Сейдәліұлы) ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.

    • 1867 жылғы 11 шілде – "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді

    • 1868 жылғы 21 қазан – "Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді

Әкімшілік басқару құрылымы

5 сатылы басқару жүйесі құрылды. Бұл реформаның қазақтардың рулық құрылымына кepi әсер еткен буыны –әкімшіл ауылдар. Реформа бойынша Жетісу облысы ашылды.

Полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер уезд бастығына бағынды. Уездбастықтарының қолына әкімшілік және полицейлік билік шоғырландырылды. Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал-губернаторлар тағайындады.

Генерал-губернатор барлық әскери- азаматтық билікті өз қолына алды.

1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді. 1872 жылы Бөкей хандығы Астрахань губерниясына бағындырылды. Түркістан генерал -губернаторлығына Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.

Әскери-губернатор жанында ic жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оны вице-губернатор қадағалады. Басқарма 3 бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот, жарлықты icкe асыру.

Шыңғыстың тұқымдары – сұлтандар өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды. Сырдарияда полициялық және басқару билігі ақсақалдарға берілді. Облыстық әскери - губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды.

Әкімшіл басқару әскери сипатта болды:

    • Облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргізді

    • Болыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын билікті иеленді

    • Реформаның басты қағидасы – Әскери және азаматтық билікті ажыратылмауы.

II. Сот iciн басқару құрылымы:

Әскери – сот комиссиялары

уездік соттар

билер мен қазылар соты

Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери-уездік соттардың рөлі басым болды. Әскери-губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты - отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны. Сот ісіндегі басты өзгеріс – ecкi шариғаттық салттардың шектелуі.

Реформа нәтижесі:

    • Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.

    • Феодалдық-патриархатдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.

    • Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмыса жалдануы).

    • Отарлық басқару күшейді.

    • Қазақ жері-Ресей үкіметінің меншігі болды.

    • Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.

1867-1868 жылдардағы реформалар екі жылға уаытша енгізілгенімен, бұл "тәжірибе" 20 жылға созылды.

1886-91 жылдардағы реформалар

46=сурак

Соседние файлы в папке экз