
- •4) Сұрақ. Кола дауир.
- •5) Сұрақ. Сактар.
- •7) Сұрақ. Гундар.
- •8) Сұрақ. Жибек жолы
- •9) Сұрақ. Түрик қаганаты
- •11)Сұрақ. Түркеш каганаты (704-756).
- •12) Сұрақ. Карлук мемлекети.
- •13) Сұрақ. Огыз мемлекети.
- •14) Сұрақ. Кимак каганаты (9-11ғғ басы).
- •17) Сұрақ. Каракытай мемлекети.
- •19) Сұрақ. Абунасыр Ал-Фараби
- •21) Сұрақ. Алтын Орда
- •23) Сұрақ. Ногай Ордасы
- •24) Сұрақ. Моголстан мемлекети
- •25) Сұрақ. Абилкайыр мемлекети
- •26) Сұрақ. Казак хандыгынын курылуы.
- •27) Сұрақ. Казак этноними.
- •28) Сұрақ. 16 гасрыдагы Казак хандыгы.
- •29) Сұрақ. 17 гасырдагы казак хандыгы
- •33) Сұрақ. Казактардын жонгария жаулаушыларына карсы бірлескен куресі.
- •34) Сұрақ. Казакстаннын Ресейге косылуы: негізгі кезендері мен тарихи шарттары.
- •36) Сұрақ. Е.Пугачев бастаган шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуы.
- •37) Сұрақ. Сырым Датулы баскарган 1784-1797жж Кіші жүздегі көтеріліс
- •§1. Бөкей ордасының құрылуы
- •§ 2. Батыс Қазақстандағы көтерiлiстер
36) Сұрақ. Е.Пугачев бастаган шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуы.
Крепостниктік қанаудың күшеюі, помещиктердің қатал озбырлығы Ресейдің өзінде де күреске көтеріп отырған. 1773-1775 жылдардағы Шаруалар соғысына Кіші жүз қазақтары да қатысты. Пугачев жасақтары 1773 жылы қазан айының баскезінде патша қамалдарының біразын алды. Қазақтардың дербес жасақтары Атырау мен Елек қалашықтарының Жайықтың жоғарғы және төменгі ағысының шептеріне қарай ойысты, күзге қарай осы өңірді олар өздерінің бақылауына алды.
18 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың ортасындағы көтерілістердің оған ауыл бұқарасымен бірге ру шонжарлары – старшындар да, билер де, батылар да қатысты, өйткені патша өкіметі олардың құқықтары мен жеңілдіктерін қысқартып тастаған болатын.
Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсiне қатысуы 1773-1775 ж.ж. Қазақстанның батысында, Жайық өзенi бойында Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсi болып өттi. Бұл көтерiлiске орыс, татар, башқұрт, қазақ шаруалары белсене қатысты. Пугачев көтерiлiсiне Кiшi Жүз қазақтары қатыса отырып, өздерiнiң патша өкiметiнiң отарлық саясатына қарсылықтарын бiлдiредi. Кiшi Жүз қазақтарының көтерiлiске қатысуының мынадай алғышарттары мен себептерi болды:
Каспийдың солтүстiк-батысындағы құнарлы жерлердi патша үкiметiнiң орыс помещиктерiне алып беруi;
Жайық бойындағы әскери бекiнiс басшыларының қазақтарға жасаған озбырлықтары;
Жайық казак-орыс әскерлерiнiң қазақ жерлерiн тартып алуы;
1756 жылғы патша үкiметiнiң Жайықтың оң жағалауына көшiп-қонуына тиым салуы;
1771 жылы 30 мыңдай Едiл қалмақтары қазақ жерi арқылы Жоңғарияға қарай көшiп, қазақтардың бұрынғы жерлерiн орыс помещиктерi мен казак-орыс әскерiне беруi;
Орта Жүз қазақтарының көтерiдiске қатысуының мынадай алғышарттары болды:
XVIII ғ. 60-шы ж.ж. Ертiстiң оң жағасындағы жерлердi патша үкiметiнiң казактарға алып беруi;
Жергiлiктi қазақтардың бекiнiстерге жақындауына тиым салуы;
Қазақ жерлерiн орыс шаруаларына сiбiр казак әскерiне алып беруi. Сөйтiп, қазақ шаруаларының Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсiне қатысуының басты себебi – жер мәселесi, патша үкiметiнiң қазақтардың жерiн тартып алуы болды. Е.Пугачев қазақ шаруаларын өзiне тарту үшiн, олардың жерiн қайтарып беремiн деп үндеу таратты. 1773 жылдың күзiнен бастап Кiшi Жүздегi қазақ руларынан құрылған қарулы топтар Жайық бойындағы бекiнiстерге шабуылдар жасай бастады. Қазақ жасақтары қазан айында Пугачев қолымен бiрге Жайық бекiнiсiн қоршауға, Кулагин бекiнiсiн алуға қатысты. Орынборды қоршауға 2000-ға жуық қазақтар атсалысты. Кiшi Жүз ханы Нұралы бұл көтерiлiсте екi жақты бағыт ұстанды. Бiрiншiсi, егер көтерiлiс жеңiске жетсе жер мәселесiн шешу. Ал жеңiлсе, қол астындағы шаруаларды тәуелдiлiкте ұстау болды. Көтерiлiс Орта Жүзде де тарады. Әсiресе, Пугачев Орынбордан Троицк бекiнiсiне шегiнуiне байланысты Орта Жүз қазақтары арасында оған қолдау көрсетулер байқалды. 1773 ж. қазан айында Пресногорьковск бекiнiсi маңында қазақтар топталып, шабуыл жасауға талпынды. Троицк, Гагаревск бекiнiстерiнде қобалжу байқалды. Бiрақта көтерiлiстi қолдаған қазақтар арасында бiрлiк, ортақ жоспар болмады. 1775 жылы Пугачев көтерiлiсi жеңiлдi. Бiрақ қазақтар арасында толқулар басылмады. Өйткенi қазақтардың жерге қатысты мәселесi шешiлмеген едi. Жер мәселесiнiң одан әрi қиындай түсуi қазақтардың жаңа бiр көтерiлiске – Сырым Датұлы бастаған көтерiлiске қатысуына алып келдi.