
- •4) Сұрақ. Кола дауир.
- •5) Сұрақ. Сактар.
- •7) Сұрақ. Гундар.
- •8) Сұрақ. Жибек жолы
- •9) Сұрақ. Түрик қаганаты
- •11)Сұрақ. Түркеш каганаты (704-756).
- •12) Сұрақ. Карлук мемлекети.
- •13) Сұрақ. Огыз мемлекети.
- •14) Сұрақ. Кимак каганаты (9-11ғғ басы).
- •17) Сұрақ. Каракытай мемлекети.
- •19) Сұрақ. Абунасыр Ал-Фараби
- •21) Сұрақ. Алтын Орда
- •23) Сұрақ. Ногай Ордасы
- •24) Сұрақ. Моголстан мемлекети
- •25) Сұрақ. Абилкайыр мемлекети
- •26) Сұрақ. Казак хандыгынын курылуы.
- •27) Сұрақ. Казак этноними.
- •28) Сұрақ. 16 гасрыдагы Казак хандыгы.
- •29) Сұрақ. 17 гасырдагы казак хандыгы
- •33) Сұрақ. Казактардын жонгария жаулаушыларына карсы бірлескен куресі.
- •34) Сұрақ. Казакстаннын Ресейге косылуы: негізгі кезендері мен тарихи шарттары.
- •36) Сұрақ. Е.Пугачев бастаган шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуы.
- •37) Сұрақ. Сырым Датулы баскарган 1784-1797жж Кіші жүздегі көтеріліс
- •§1. Бөкей ордасының құрылуы
- •§ 2. Батыс Қазақстандағы көтерiлiстер
33) Сұрақ. Казактардын жонгария жаулаушыларына карсы бірлескен куресі.
1726 ж. Ордабасы деген жерде (Қазіргі Шымкенттің оңт.батысында) қазақ жүздері басшыларының тарихи жиналысы болды. Торғай даласының оңт.шығыс жағында, Бұланты мен Белеуіт жағасында, кейін «Қалмақ қырылған» атанған Қара сиыр дейтін жерде қазақ жасақтары қалмақтарды жеңді. 1729 ж. Қордай жотасы сілемдерінің солтүстігінде (Жамбыл облысы), Балқаштың оңтүстігінен 120 шақырым қашықтықтағы Итішпес көлінің жағалауында қарама-қарсы тұрған 2 әскери күш – қазақтар мен қалмақтардың тағы бір бірнеше күнге созылған қиян-кескі соғысы болды. Қазақтар бұл жерді «Аңырақай» деп атады. Аңырақайдағы шайқаста жеңілгеніне қарамай жоңғар мемлекеті Қазақ хандығына қатерлі қауіпті одан әрі жалғастыра берді. Олар 1734 ж. қазақ жеріне өзінің 2-ші жорығын жасады. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандықтан Орта жүз 1735 ж. Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Ойраттар 1740 ж. күзде Орта жүз жеріне басып кірді. Бұл жолы олар қуатты қарсылыққа тап болды. 1741 ж. ақпанда қазақ ауылдарына қайтадан шабуыл жасады. Ұрысты үдете отырып, батысқа қарай ілгері жылжиды. Шайқастардың бірінде сұлтан Абылай өзінің жақын серіктемтерімен бірге қапылыста тұтқынға түседі. Тұтқыннан қайтқаннан кейін Жоңғарияның билеушісі Ғалден Серен мен Абылай арасында формалды түрде достық қатынастар орнайды, бірақ бұл ұзаққа бармайды. Ғалден Серен өлгеннен кейін 1752 ж. қыркүйекте 20000 қолмен ойраттар қазақтардың қонысына басып кіреді. Сонымен, қазақ халқының 135 ж. (1623-1758 ж.ж) созылған Ұлы азаттық соғысы аяқталып, жоңғария жаулаушылары қазақ жерінен біржолата қуылды.
Қаз-н 17-18ғғ.
Тәуке ханға ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды аздап бірыңғайлаудың сәті түсті. Оның тұсында құқықтық тәртіп пен мемл-к құрылымның егізгі принциптерін айқындайтын әдеттегі құқықтық жеті жарғы деп аталған нормалар жиынтығы жасалынды. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы 1710-1711жж, 13 және 18жж етек алды. Ал 1723ж «Ақтабан Шұбырынды» олар қазақтардың бір бөлігін этникалық терр-нан тысқары шалғайға асырып тастады. Көптеген қазақтар орта азияға қашты, мұның өзі жергілікті халықпен арадағы қатынасты ұшықтырмай қалмады. Патриархалдық-феод. қатынастардың ерекшелігі қазақ мемлекеттігі дәрежесіне кері әсер етті. Солай болғанмен Тәуке айтарлықтай күшті хан болып саналды, қазақ жүздерінің бәріне билігін жүргізген хандардың ішінен соңғысы болғанын атап көрсеткен жөн. Ол өлгеннен кейін жүздерді өздерінің хандары биледі. Олардың шыққан тегі әр түрлі. Жүздер дербес хандықтарға айналды. Олардың белгілі атаулары болған жоқ.
34) Сұрақ. Казакстаннын Ресейге косылуы: негізгі кезендері мен тарихи шарттары.
Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы сол кезде алған күрделі жағдайдан шығудың жолы еді. Қазақ жеріне шапқыншылығын қоймаған жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген шақта арқа сүйер тірек іздемеске болмады. 1726 ж.басында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Петерборға Қойбағар Көбекұлын елшілікке жібереді. Ондағы мақсаты Ресейден жоңғарларға қарсы соғыс бола қалса, қолдау табу. 1730 ж. маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұранып патша Анна Ивановнаға тағыда өтініш хат жолдайды. 1731 ж. 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға және «Бүкіл қазақ халқының олардың Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы Грамотаға қол қойылды.1730 ж. 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды да оны Ресейдің елшісі А.И.Тевкелевке табыс етеді». Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған актіден басталады. 1731 ж. аяғында Орта жүз 1738 ж. Ұлы жүз ханы Жолбарыс ханға Анна Иоановна Грамота жібереді. 1746 ж. Албан, Суан, Үйсіндер Ресей қол астына кіреді. Қазақстанды отарлауды 3 кезеңге бөлуге болады.
1)1731-1822 бұл кезеңде Қазақстан протекторатында болды, яғни формальді бодандық (заң жүзінде тәуелді, іс жүзінде тәуелсіз).
2)1822-1867 Ресейдің әскери-әкімшілік саясатының жүзеге асырылуы.
1822 ж. Орта жүзде, 1824 ж. Кіші жүзде хандық билік жойылды. Қазақстан жерінде Ресей империясының заңдары орныға бастады.
3) 1867-1917 ж.ж осы кезеңде Қазақстан түпкілікті Ресей отарына айналды.
Отарлау заманында 200-дей ұлт-азаттық көтерілістер, толқулар
1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды».
1868 ж. 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды».
Осы 2 ережеге сәйкес Қазақстан жерін 3 генерал-губернаторлыққа бөлінеді.
1) Түркістан г.-г., орталығы Ташкент (Сырдария мен Жетісу).
2) Батыс Сібір г.-г., орталығы Омбы(Ақмола, Семей).
3) Орынбор г.-г., орталығы Орынбор (Торғай, Орал).
35) сұрақ. Абылай хан және оның Қазақ хандығының тұтастығын құрудағы ролі.
Абылай – көреген саяси қайраткер бола отырып қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін туған дипломат.1740 ж. тамызда ол орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынбоға келіп, орыс өкіметінің «қамқорлығына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қатырасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшілік аттандырды(1757-77 жылдары Пекинге 10 елшілік жіберген).
1757 ж. Абылайдың 6000 әскері Қытайдың 40000 әскерін талқандайды.
1755,1765 ж. Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын Шу бойын тазартады. Күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.
1765-67 ж. Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Щымкент, Сайрам қалалары қайта қазақ иелігіне өтеді. Ташкент салым төлеп тұратын болды. Абылай ханның артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды.
Абылай ханның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина ΙΙ Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл бір жағынан «бөліп ал да, билей бер» саясатының көрінісі еді. Неплюевтің : «Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болуы мүмкін» деген пікірі мұны айғақтай түседі.