
- •4) Сұрақ. Кола дауир.
- •5) Сұрақ. Сактар.
- •7) Сұрақ. Гундар.
- •8) Сұрақ. Жибек жолы
- •9) Сұрақ. Түрик қаганаты
- •11)Сұрақ. Түркеш каганаты (704-756).
- •12) Сұрақ. Карлук мемлекети.
- •13) Сұрақ. Огыз мемлекети.
- •14) Сұрақ. Кимак каганаты (9-11ғғ басы).
- •17) Сұрақ. Каракытай мемлекети.
- •19) Сұрақ. Абунасыр Ал-Фараби
- •21) Сұрақ. Алтын Орда
- •23) Сұрақ. Ногай Ордасы
- •24) Сұрақ. Моголстан мемлекети
- •25) Сұрақ. Абилкайыр мемлекети
- •26) Сұрақ. Казак хандыгынын курылуы.
- •27) Сұрақ. Казак этноними.
- •28) Сұрақ. 16 гасрыдагы Казак хандыгы.
- •29) Сұрақ. 17 гасырдагы казак хандыгы
- •33) Сұрақ. Казактардын жонгария жаулаушыларына карсы бірлескен куресі.
- •34) Сұрақ. Казакстаннын Ресейге косылуы: негізгі кезендері мен тарихи шарттары.
- •36) Сұрақ. Е.Пугачев бастаган шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуы.
- •37) Сұрақ. Сырым Датулы баскарган 1784-1797жж Кіші жүздегі көтеріліс
- •§1. Бөкей ордасының құрылуы
- •§ 2. Батыс Қазақстандағы көтерiлiстер
27) Сұрақ. Казак этноними.
Тарихи әдебиетте қазақ этнонимінің шығуы жайында әр түрлі пікірлер кездеседі. Мәселен, әйгілі шығыстанушы ғалым Бернштам қазақтың атын сақтармен байланыстырады. Қазақ сөзі ежелгі замандағы Каспий және сақ деген екі тайпаның атының қосылуынан шыққан деп тұжырым жасайды. Белгілі Қаз-ндық тарихшы М.Ақынжанов «қазақ» сөзі «қас»(нағыз), сақ(тайпа) деген екі сөздің қосындысы дейді. Ал 982ж парсы тілінде жазылған «Худуд әл-Ғалам» атты кітапта «Алан мемл-де қасақ деген ұлыс бар»,- делінген. Біреулер оны түрік етістігі, «қаз»-ға «ғақ» жұрнағын жалғап, «қазғақ»(еркін адам) сөзін құраса, біреулер сол «қаз»-дан «үйрек» және «ақ» деген ойға қонымсыз этимологиясын жасайды. Қайткенде де «қазақ» түрік сөзі екені анық. Оның шығу түркіні қандай болғанымен әуелден еркін, ер жүрек адамдар деген мағынаны білдіреді.
28) Сұрақ. 16 гасрыдагы Казак хандыгы.
Қазақ хандарының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы Қасым 1445ж шамасында туған. Қазақ хандығы өзінің ең жоғарғы қуаттылығына 16ғ-ң 1-ширегінде, әсіресе, Қасым ханның тұсында жетті. Іс жүзінде ол елді Мұрындық кезінде-ақ басқара бастады. Оның басқаруынан бастап, билік жүргізу Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. Мұрындық пен Қасымның өзара қарсыласуының кезінде-ақ Мұхаммед Шайбани қазақ жеріне бірнеше жорық жасады. 1510ж Мұхаммед Шайбани Сығанаққа келді, бірақ Қасым әскерінен быт-шыты шыққан жеңіліске ұшырады. Талқандалған, әрі тарыдай шашылған өзбектердің тірі қалғаны Самарқанға қашты. Сол жылдың соңында Мұхаммед Шайбани Мерв түбіндегі Хораанда Иран шахымен шайқаста қаза тапты. Қасым ханның тұсында қазақ мемл-ті туралы батыс елдеріндегілер де білді. Қазақ халқының саны 1 млн-ға жетті. Қазақ хандығы Москваға елші жіберіп, өзара байланыс бастады. Қазақ хандығының терр-сы бат-да Жайыққа, солт-де Қарқаралыға дейін, солт.шығ-да Балқаш, шығысында Жетісу аймағын, оңт-де Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аймағын иемденді. Қасым қайтыс болғаннан кейін, 20-жылдары Жошы әулеті сұлтандарының өзара талас-тартыстары қазақ хандығын уақытша әлсіретіп тастады. Қасым ханнан кейінгі мемл-ң әлсіреуіне тойтарыс беріп, оны бұрынғы қалпына келтіру бағытында үлкен табыстарға жеткен көрнекті қазақ ханы Ақназар болды. Ол ойраттарға және моғол ханы Әбдірашидке қарсы күресті. Сүйтіп, шығ-ғы және Жетісудің оңт-гі қазақ жерлерін басып алушылықтан уақытша болса да, сақтап қалды. Сібір ханы Көшімнің жауластық әрекеттеріне төтеп беру үшін Ақназар өзбек ханы Абдоллахпен одақтастық қарым-қатынас орнатты. Ақназар өзінің әкесі Қасымнаң тұсындағы қазақ хандығының көлемді аумағын құраған жерлерге деген қазақтардың құқын қайта қалпына келтіруге тырысып бақты.
29) Сұрақ. 17 гасырдагы казак хандыгы
17ғ-да қаз-ндағы ішкі саяси өмір тұрақтылығымен ерекшелене қойған жоқ. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті, феод. алауыздықтар күшейе түсті. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққы берілді. Оңт-те іс жүзінде табаққұлдың мирасқоры Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп алды. Ташкентте Жәлім сұлтанның ұлы Тұрсын Мұхаммед өзін тәуелсіз ханмын деп жариялады. Бұхар ханы Иманқұл Ташкентті тартып алуға тырысты, кейбір сұлтандардың бөлініп шығу ниеттерін қолдап отырды. 612ж қазақ әскерлерінің Бұхара түбіне шапқыншылық жасауына жауап ретінде Иманқұл хан қазақ жерлеріне жорық ұйымдастырып Түркістан аймағын(Ашпара мен Қаратаудың шеткергі шегіне дейін) басып өтті, сүйтіп оның бірнеше қалалары мен елді мекендерін тонады.
1627ж Есім хан Тұрсын Мұхаммедті өлтірде бір жылдан соң Есімнің өзі де қайтыс болды. 1635ж жоңғар хандығының құрылуына байл-ты ойраттардың Ертіс маңына және Жетісудағы қазақ жерлерін жаулап алу қаупі арта түсті. 1644ж Жалаңтөс батыр басқарған Самарқандтық әскерлермен бірге жауға аттанған Жәңгір хан жоңғар қолдарының бірін тас-алқан етіп жеңді. 17ғ-ң 30-жылдары қонтайшы Қалданның басшылығымен жоңғар әскерлерімен Жетісу мен Оңт-Қаз-ға басып кірді. Бірнеше қазақ ұлыстары талқандалды, 9 қала жаулап алынды. Түкпе жазба материалдар солардың арасынан Сайрам, Манкент, Қараспан, Шымкент, Ташкент т.б. қалаларды айтады. Тәуке хан билік еткен кезде қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті. Жоңғарлардың шапқыншылығы жоңғарлардың сауда жолдарын кесіп тастады. Бейібіт халықтың шаруашылығына үлкен зиян тигізді.
30) 17-18ғғ Қазақ хандығы, Тәуке саясаты, Жеті жарғы.