Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
22
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
29.18 Кб
Скачать

1944 ж. Ақпанда СССР Конституциясына және одақтас республикалар Конституциясына толықтырулар енгізіліп, ол толықтыруларда одақтас республикаларға өздерінің сыртқы саясатын жүргізуде бірқатар өкілдіктер берілді. Ол өкілдіктер бойынша одақтас республикалар шет мемлекттермен келісім жасауға, дипломатиялық және консулдық қатынастар құруға құқық берілді. Одақтас республикларда сыртқы Істер Министрліктері құрыла бастады.

1944 жылы Кеңес Үкіметі министрі А.А.Громылко БҰҰ-ын құру мәселесін талқылаған кезде, СССР басқарушылары атынан Кеңес Үкіметіне мүше бүкіл 16 мемлекетті алғашқы мүшелік ретінде қосуын сұраған еді.

Алайда бұл ұсыныс қолдау таппай, соңында БҰҰ алғашқы мүшелері болып Украина және Белорусь ССР-і қосылып БҰҰ-ң тұрақты өкілі ретінде саналды.

1951 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпыодақтық делегациясына одақтас республикларды қосу тәжірибесі басталды.

Сол кездегі одақтас республикалар конституцияларында сыртқы саясат шеңберіндегі құқтарының бекітілуіне қарамастан, одақтас республикалардың халықаралық саясатқа орналасуы шет елден келген жоғары мәртебелі делегацияларды қабылдау протоколымен шектелді.

Бұл жағдай одақтас республикалар суверендік ала бастаған 1990 жылдан бастан өзгере бастады. Бұл кезеңде республикалар суверенитеті олардың талабы бойынша тәжірибелік қатынастар алуға мүмкіндік алып, өзіндік сыртқы саяси байланыстар орнатуға, негізінен көрші мемлекеттермен республиклық одақтас мемлекет басшылары СССР делегацияларымен ресми сапарға жіберу тәжірибесін қолдану, сонымен қатар одақтас республикалар өкілдерінің екі жақты маңызды келісімдерде қатысуы көбейіп, одақтас республикалардың халықаралық келісімдер жасауда беделі артты.

Суверенді Қазақстанның Кеңес Үкіметі сыртқы саясаты шет мемлекеттермен өзіндік байланысы туралы жоба жасау. Қазақ ССР сыртқы Істер Министрлігінің маңызды тапсырмасы болды.

Алайда суверенді мемлекеттер халықаралық құқық субъектісі болып табылады.

Одақтас республикалардың министрлерінің Мәскеуде көтерген маңызды мәселесі республикалық консулдық өкілдерді шет мемлекеттерде ашу болатын.

1991 жылы Кеңес Үкіметі дағдарысқа ұшырап тарай бастады. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда бірінші жалпыхалықтық Президент сайлауында Н.Ә.Назарбаев ҚР Президенті болып сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР тәуелсіздік алып, ҚР конституциясы қабылданды. Конституцияда: «ҚР халықаралық құқық субъектісі ретінде, дипломатиялық және консулдық өкілдермен алмасады, халықаралық мүшелікке кіре алады және оның қызметіне қатыса алады».

ҚР БҰҰ-а мүше болу ынтасын 1991 жылы БҰҰ-а арнайы өкілдік жібергенінен көруге болатын еді. Ол комиссияның міндеті ҚР БҰҰ-а мүше болып кіру жобасын дайындау, ҚР-ң БҰҰ-ң экологиялық, гуманитарлық, саяси және тағы басқа салаларында өз үлесін қосу.

1991 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы арнайы өкілдігімен БҰҰ-а мүшелікке қабылдау туралы арыз жіберіп, ол 1992 жылы 3 қаңтарда Бас Ассамблея және Қауіпсізді Комитеті құжаты ретінде басып шығарылды. ҚР арызы БҰҰ тәртібіне сәйкес Бас хатшымен Қауіпсіздік Кеңесіне жіберіліп 1992 жылғы 16 қаңтардағы жиналыста қаралды. Қауіпсіздік Кеңесі өз шешімін қабылдап, арызды БҰҰ-а жаңа мүше қабылдау комитетіне жіберді.

ҚР БҰҰ-а мүшелік кандидатурасын қарау кезінде Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге қосылуын талап етті.

Саяси қолдау табу мақсатымен ҚР өкілі бірнеше беделді мемлекеттердің елшілерімен кездесті. БҰҰ хатшысымен, Бас Ассамблея төрағасымен кездесулер өткізілді.

1992 жылы 21 қаңтарда Комитет ҚР арызын Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстанды БҰҰ-ға мүшелікке алуға кеңес берді.

1992 жылы 23 қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесі «Комитеттің жаңа мүшелер қабылдау баяндамасын тыңдап» Қазақстан Республикасын БҰҰ-а мүшелікке қабылдауды мақұлдады.

1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Асасмблеясының 46 сессиясы Қазақстанды БҰҰ-а мүше етіп қабылдау туралы жарғы қабылдады.

ҚР-ң БҰҰ-а мүше болып қабылданған соң Қазақстан Республикасы БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің жұмысына, БҰҰ-ң қарусыздандыру, бейбітшілікті сақтауға байланысты шараларына сонымен қатар, экономика мен қоршаған ортаны қорғау, халықаралық және адам құқтарын қорғау мәселелеріне байланысты БҰҰ-а көмектесіп ат салысты.

Қазақстан БҰҰ-на мүше бола отырып, барлық халықаралық істерге толыққанды араласу құқығына ие болды және Ұйымның елу жылдық тарихында жинақталған зор тәжірибені пайдалануға мүмкіндік алды.

Жас тәуелсіз мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы алғашқы қадамдары оның БҰҰ-ның күн тәртібінде тұрған халықаралық мәселелерді шешудегі ұстамы мен дамуының қалыптасуы. Қазақстан Республикасының БҰҰ-ндағы тұрақты өкілдігінің елдің ұлттық мүддесін қорғаудағы әрі әлемдік қауымдастықта оның прогрессивті дамуына қолайлы ахуал тудыруға қыруар жұмысы жан-жақты атқарылды.