Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
23
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
114.69 Кб
Скачать

3.Ортағасырлардағы ақша айналысы

Ерте орта ғасырларда (VI-VIIIғғ) теңгелерді белді тайпалардың атақты адамдары шығартып, оған өз таңбаларын бастыратын. Таңба дегеніміз – ру атының өзіндік идеограммасы, оған қарап оның иесінің қай әулеттен екендігін, руын, сол руы жайлы мәліметтерді білуге болады.

3.1.Отырар теңгелері

VI-VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстандағы сауда жолында орналасқан ең ірі саяси-экономикалық орталықтың бірі – ежелгі Отырар болды.отырар мен оның айналасындағы өмір салты шеткері аймақтарға да өз әсерін тигізіп отырды. Отырар қолөнершілерінің өнімдері Қаратаудың солтүстік және оңтүстік беткейлеріндегі, Сырдарияның орта ағысындағы, Арыс өзенінің жағасындағы көптеген қалалар базарында сатылды.

Отырартөбе жұртынан сонымен бiрге VII ғ. соғды теңгелерi; VII ғ. аяғы - VIII ғ. басында Шаштан шыққанын бiлдiретiн «дудун» атағы жазылған ежелгi туркiлiк теңгелер; Ферғанадағы түркi билеушiлерi шығарған, ежелгi түркi таңбасы және соғды жазуы бар теңгелер; Таң әулетi (618-907жж.) шығарған қытай теңгелерi; VIII-XII ғасырларда Орта Азия аумағында пайдаланылған «гитрифи» тектес Бұхар теңгелерi табылды. Қазба кезiнде сондай-ақ саманиттер (IX ғ.) және қарахандықтар (ХI ғ.) билеушiлерiнiң мыс фельстерi шықты.

Отырар жазирасында ақша айналымы болғандығын Отырартөбе жұртын, сондай-ақ оның айналасындағы Мардан-күйiк, Құйрықтөбе қала орындарын казған кезде табылғанан түрлi теңгелер дәлелдеп отыр. Металл түpi және таңбалары бойынша теңгелердi eкi топқа бөлуге болады.

Бiрiншi түpiнe бетiнде садақ пен төртбұрышты түркi ру таңбасы салынған мыс теңгелер жатады. Мұндай таңба ең жоrарғы билеушi ­кағанның атағын белгiлейтiн түркеш теңгелерiнде де бар. Таңбалардың ұқсастығы - Сырдариядағы түркi билеушiлерi мен Жетiсудағы атақты адамдардың бiр әулеттен тapaғaндығын көрсетедi. Бұл теңгелердiң екiншi бетiнде көтерiңкi құйрығы қайқайып келген, оң аяғымен алға басқалы тұрған арыстан бейнесi салынған. Екiншi түpiнe Отырар жазығының қола теңгелерi жатады. Олардың бетiндегi таңба Педжикенттен табылған Бұхар теңгелерiнiң белгiлерiне ұқсас әpi соғды әрпiмен жазылған жазулары бар. Екiншi бетiндегi арыстан тура алдыңғы теңгедегiдей бейнеленген, бiрақ көркемдiгi арта түскен. Бұл теңгелердi Отырар жазирасындағы басқа бiр беделдi ру өкiлi шығарған болуы керек, немесе сол алғашқы рудың кейiнгі уақытта шығарған, жетiлдiрiлген теңгесi болуы да мүмкін.

Аталған теңгелер Отырартөбе жұртын және оның айналасын (15 шақырым мөлшерiнде ) қазған кезде табылған. Демек, VII ғ. аяғы­ VIIIғ. басында Отырар iшкi сауда айналымын қамтамасыз ету үшiн өз мыс теңгесiн шығарған.

3.2 Түркеш теңгелерi.

Түркеш қағандығының теңгелерi VIII ғ. басынан белгiлi. Бұл теңгелердiң алғашқы түpi түркеш билеушiлерi үстемдiк еткен 716-766 жылдарда шығарылған. Бұл теңгенiң оң бетiнде түркештердiң таңбасы - садақ бейнеленген, ал екiншi жағында «түркеш-қаған-ақша» деп оқылатын түсініктемесi бар.

Екiншi және үшiншi түрлерiнiң түсiнiктемелерiнде Бұхар билеушiлерiнiң атағы және тәуелдi соғды князьдерiнiң атағы жазылған. Бұл теңгелер түркеш билеушiлерiнiң атынан емес, түркi және сoғды билеушiлерiне тәуелдi жергiлiктi соғды князьдерiнiң атынан шығарылған.

Белгiлi ағылшын түркологы Дж. Клоусонның болжамы бойынша, алғашқы түркеш теңгелерi ежелгi Батыс Typiк қағанатының астанасы Ақбешiмде (Суяб) соғылған.

748 жылы Суябты қытайлар талқандағаннан кейiн Жетiсудың батыс бөлiгi Талас қаласының иелiгiне айналды. Талас (Тараз) каласында түркеш билеушiлерi теңге шығаруды жалғастыра бердi. Тараз теңгелерi алғашқы Ақбешiм-Суяб теңгелерiне ұқсас болды. Теңгелердiң оң бетiнде садақ түрiндегi таңба, ал сырт жағындa «түркеш-қаған-ақша» немесе «күн бейнелi қаган ақша» деп соғды жазуымен жазылған тyciнiктeмe болды.

Қарлұқ заманында да (VIII-X ғғ.) Қазақстан аумағында түркеш теңгелерi айналымда болды.

3.3 Саманилер мен қарахандықтар теңгелерi.

Саманилер дәуiрiнде тауар ретiнде бағаланған алтын динарлар қарахандықтар кезiнде айналым құралына айналды. Алтын айналымына құйылған теңгелер ғана емес, көлемi және салмағы әр түрлi кесек алтындар да жүрдi. Алтын теңгелер әр турлi теңге сарайларында құйылғандықтан, олардың сапасы мен салмағы әрқалай болды. Олардың айналымда қатар қолданылғанын Орта Азия аумағынан табылған көмбелер айғақтайды.

Ұсақ бөлшек саудада қолданылатын мыс теңгелер болса, әр түрлi теңге сарайларында ақша құнын заңдастыру үшiн оқтын-оқтын шығарылып турған. Негiзiнен мыс ақшалар айналымғa түсуге тиiстi аймақта алдыңғы айтылған күмic жалатылған дирхемдер қызмет етiп келдi де, бiрте-бiрте олар кәдiмгi мыс теңгелерге айналды.

Саманилер мем­лекетiнде алтын динарлар және мыс фельстермен қатар «исмаили» деп аталған жоғары сапалы күмic дирхемдер үнeмi соғылып тұрды. Бiрақ ол негiзiнен тауар ретiнде сыртқа шығарылды. Iшкi саудада IX-XI ғасырларда бухархудат теңгелерi (мусейяби, мухаммеди, гитрифи) үлгiлерiмен соғылған «Қара дирхемдер», т. б. бiрсыпыра теңгелер қолданылды. Олардың iшiнде мусейяби дирхемдерi ең жоғары сапалы болды, мухаммеди дирхемдерi төменгі сапалы күмістен, гитрифи дирхемдерi мысы басым жәй металдар корытпасынан соғылды.

Қарахандықтардың ақша шаруашылығында бұрынғыша «қара дирхемдердiң» барлық түpi, оның iшiнде гитрифи тектес мыс тәрiздестерi ұзақ уақыт айналымда жүрдi. Саудада үнeмi теңгелердiң жаңа түpi қосылып отырды.

ХI ғ. басында айналымда тек жоғары сапалы күмic дирхемдер болса, екiншi онжылдықтан бастап құрамында 35% мысы бар теңгелер шыға бастады. Күмic теңгелер шығару ХI ғ. соңғы ширегiне дейiн жалғасып келдi. Одан кейiн қарахандықтар мемлекетiнiң теңге сарайларының көпшiлiгi бiраз уақыт мыс пен қорғасын құймасынан дирхем жасап келдi. ХII-ХIII ғасырларда дирхемдердi мыстан құйып, тек сыртына ғана күмic жалатты. Бұл өзгерiстiң себебi «күмic дaғдapыcы», бәрiнен бұрын Орта Азиядағы күмic қорының азаюына байланысты болды.

XI-XIII ғасырлар арасы қалалық мәдениет өркендеген, тауар өндipу өciп, осыған орай сауда кеңiнен қанат жайған кезеғ деп есептеледi. Өндiрiстiң қауырт өcyi айналымда көп мөлшерде ақша болуын талап eттi. Алтын мен кумістің қоры сауданы таза алтын және күмic теңгелермен қамтамасыз ете алмады.

III.Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы.

Қазақстанның кең-байтақ даласын құрайтын Евразияның Хуанхэ өзенінен Карпат тауларына, Орта Азия мен Шығыс Түркістанның шөлейт аймақтарына және Евразия тундрасына дейінгі орасан зор далаға ұласқан шетсіз-шексіз алып аймақты игеру тек көшпелі малшылардың ғана қолынан келетін еді. Түйе, жылқы, қойлардың әрі көшіп-қонып жүретін күш көлігі, әрі ет, сүт, тері, жүн беретін, яғни көшпенділердің азық-түлігін де, киім-кешегін де, баспанасын да қамтамасыз ететін материалдық ресурс көздері қызметін түгел атқарды. Көшпелілер әлемі әр түрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін нәрсе мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы еді.

Көне тарихта аса көрнекті рөл атқарған Түркі қағанатының құрылғанына 1450ж толарына көп қалған жоқ. Бұл елеулі оқиға көптеген мемлекеттерде аталып өтеді, қазірдің өзінде түркілердің ұлы өркениетінің мұраларын оқып-үйренуге, зерттеуге арналған бірнеше халықаралық конференциялар мен форумдар болып өтті.

Біздің бәріміздің де мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұрамыз бар. Өйткені, ата-бабаларымыз адамзат тарихында өшпес із қалдырып кеткен, Евразия құрлығындағы халықтардың тағдырына орасан зор күшті әсер еткен. Біздің еліміздің халықтары ұлы ата-бабаларымызды әбден орынды мақтаныш етуге құқықты, ал Бумын, Естеми,Білге қаған, Күлтегін сияқты алғашқы қағандардың есімдері ежелгі ерте заманның өзге ұлы әскери қолбасшыларының және мемлекет қайраткерлерінің есімдерімен әбден қатар тұра алады, олардың атқарған істері ешкімнің де атқарған істерінен артық болмаса, тіпті де кем емес.

Ежелгі түркі өркениетінің әлеуметтік-саяси саладағы даусыз жетістіктері қатарына қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси құрылымын қалыптастырғанын қосуға әбден болады. Ол қоғамдағы шешуші рөлді қаған бастаған империялық ақсүйектер атқарды. Ал қағанның ең басты міндеті, ежелгі түркі ескерткіштерінің қалдырған деректеріне қарағанда, “ел-жұртының қамын ойлау, халқын асырау” болған. Қайтыс болған қаған туралы құлпытасқа қашап жазылған ең жоғары мақтау сөз мынадай: «Ол өзінің халқын армансыз асырады». Барлық биліктің қаған мен дана ақсүйектерінің қолына шоғырлнуы оларға мемлекет тағдыры үшін саяси және тарихи тұрғыдан мейлінше күшті жауапкершілік жүктелді.

Міне, осындай мықты ата-бабаларымыздың арқасында бізге сонау ежелгі заманнан бері көне материалдық ескерткіштердің көп бөлігі сақталып, жетіп отыр.

Соседние файлы в папке на каз