
Түріктер, түркештер, қарлұқтарқ
қарахандықтар дәуірінде қалалар мен
далаларында түрлі сәулет өнері
құрылыстары, кесенелер мен мешіттер
бой көтерді, қолданбалы және бейнелеу
өнері, мүсін жасау өнері өркендеді.
Археологиялық қазбалар нәтижесінде
Кедер, Жамукет қамалдарындағы көлемді
құрылыстар, Құлан мен Көкмардандағы
тұрғын үйлер, Суяб пен Науакеттегі
будда
Ежелгi түркi тайпалары тек малшы, егiншi,
құрылысшы, жауынгер ғанa емес, сонымен
бiрге тамаша сәулетшi, мүсiншi, суретшi
де болғандығы байқалады. Бұған Maңғыстay
түбегiнен таяуда табылған мәдениет
қазыналары бiрден-бiр айғақ. Әcipece,
Сарытасқа таяу жердегi жартасты кеулеп
салған Шақпақ ата зираты ғажайып: ол
көшпелi тайпалар өнерiнiң ежелгi
дәстүрлерiне сай өрнектелген. Елiмiздiң
Азиялық бөлiгiнде әзiрше бұлай әшекейленген
құрылыс ұшырасқан емес. Зират шамамен
бұдан 1000 жыл бұрын салынған.
Төрт бұрышты зәулiм мұнараның қабырғалары
хайуанаттардың, салт атты садақшылардың
суреттерiмен оюланған; сайысты бейнелейтiн
көpiнicтep мейлiнше әсерлi. Ою-өрнектiң
iшiнде бес саусағын жайған алақанның
бедерi жиi ұшырасады. Teмipдeн соғылған
ұзын сырыққа саптаған "бес қол"
(саусақ) жергiлiктi түркi рулары мен
тайпаларынан құрылған одақтардың
жауынгерлiк туы icпеттi.
2.Сарайлар сәулет өнері
IX-XII ғасырлардағы көлемді құрылыстарға Кедер мен Жамукнттегі сарайлар мысал бола алады. Бұл - салтанат залдары, тұрғын және шаруашылық жайлары бар құрылыстар.
Кедер сарайының салтанат залының ауданы 150 шаршы метрден астам. Оның қабырғалары мен есік тақтайлары жазулармен әшекейленген. Оның сақталған себебі - өрт кезінде жана бастаған есік үстіне төбе құлап түскен де, әшекейлерді жасырып,ғасырлар бойы сақтап қалған.
Тақтайда сән-салтанат пен діни жоралғылар бейнеленген: сәнді бас киімдері бар үйлену сәтіндегі күйеу жігіт пен қалыңдықты қоршаған адамдар, шынтақ қойғыштары мен аяқтары қанатты түйе, қой, жылқы тәрізді жануарлар кейпінде жасалған тақта отырған еркек және әйел құдай бейнелері; төрт қолы бар құдай қорғап тұрған қамалға шабуыл жасау көріністері бейнеленген.
Жамукеттегі салтанат сарайы да қызыл, сары, көк түстермен, геометриялық өрнектермен әшекейленген. Діни залдың қабырғаларына өрнектермен әшекейленген қыш тақтайшалар жапсырылған. Онда жүзім сабақтары, қызғалдақ, гүл шоқтары бейнеленген. Діни залдың едені жартылай көтеріңкі – сәкі етіліп жасалған, онда қасиетті от жағатын орын бар.
Көркем сурет, сылаққа өрнек салу, ойма өрнекті тақтай сарайлар мен храмдарды көріктендіруде кеңінен қолданылды. Құлан мен Науакет билеушілерінің қала сыртындағы сарайларында кейбір залдың қабырғалары әр түрлі түске боялған сылаққа ою-өрнек салу арқылы әшекейлеген. Өсімдік тектес және аң бейнесіндегі оюлармен қатар қыш тақталарға ұсақ қыш мүсіндер – адамдар мен құстардың бейнесі орнатылған.
Суяб пен Науакеттеезәулім будда храмдары қазылып зерттелді. Бұл құрылыстардың орталық залдарында қасиетті жәдігерлер сақталған, айналмалы дәліздері, аулары, дін қызметшілеріне арналған тұрғын жайлр жүйесі бар. Храмдар қабырғаларына сылағы кеппей тұрғанда өрнектер салынған, қабырғадағы арнайы жасалған қуыстар мен тұғырларға Будданың отырған және жатқан кейпіндегі бейнелері қойылған.
Қазақстан қалаларындағы бейнелеу және сәндік өнері Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс, шығыс Түркістан қалаларымен өте ұқсас.
X-XII ғасырлардағы көлемді құрылыстарда құрылыс материалы ретінде күйдірілген кірпіш, ағаш, ғаныш, гипс, алебастр кеңінен қолданылған. Қабырғаларды көз тартарлықтай сәндеу үшін күйдірілген сары сазға өрнек түсірген және кірпішті оюлп қалаған. Сол ғасырлрдағы сәулет өнеріндегі ою-өрнектер қазақ халқының өмірінде әлі күнге дейін сақталып келеді.
2.1.Салтанатты кесенелер
X-XIII ғасырларда ісләмнәң таралуымен бірге қалаларда мешітер, кесенелер тұрғызу ісі басталды. Ең алғашқы мешіттерді археологтар Кедер және Күлтөбе қалаларынан кезіктірді. Бұл мешіттердің ауданы 600 шаршы метрдей тік брышты залы болады. Оның жайпақ төбесін бірбірінен 2,5-3м қашықтықта орнатылған көптеген ағаш бағаналар тіреп тұрған. Алғашқы мешіттер өте қарапайым жабдықталған. Оларды әшекейлеу үшін күйдірілген өрнекті кірпіштерді пайдаланған.
Тараз маңындағы діни ескерткіштер сәулет өнерінің жоғары деңгейде дамығандығына дәлел бола алады. Олардың ең ежелгісі X-XI ғасырларда салынған Бабаша қатын кесенесі. Кесене күйдіріген кірпіштен текше түрінде қаланған. Шатыр тәріздес он алты қырлы күмбезі төбесін түгел жауып тұр. Шығысқа қараған бас қабырғасында кесене есігінің жоғарғы жағы шошақтана сүйірленіп келген. Құрылыста сәндік әшекейлер қолднылмаған, тек кіре берістегі қуыстың қабырғасына биік, тар әрі таяз ойықтар жасалып, олардың үстіңгі жақтауларына сылақтан өрнектер түсірілген. Салтанатты сипаттың жоқтығы, қырлы күмбез, жалпы құрылысындағы қарапайымдылық кесенені шын мәінде зорайтып көрсетеді.
XI-XII ғасырларда салынған Айша бибі кесенесіөте көрнекті ескерткіш. Кесене бір бөлмелі, тікбұрышты (7,7*7,6 м), төбесі кмбезделе жабылған ұрылыс. Бұрыштарын үлкен тіреу-бағаналар қойылған.”Әрбір қасбетінің орта тұсында терезе тәріздес таяздау ойық жасалып, өрмелі аркамен жиектелген. Есігі шығыс қабырғасында. Кесене ортасында шағын құлпытас тұр. Қабырғалары және тіреу бағаналардың бұрышы геометриялық және өсімдік тектес өрнектері бар күйдірілген саздан жасалған тақтайлармен жабылған. Айша бибі кесенесінің өрнектері ерте кездегі қышшылар өнері мен қолданбалы өнерден нәр алғандығы байқалады.
Қарахандықтар сәулет өнері ескерткіштерінің бірі – Тараз қаласындғы салтанатты күмбезді Қарахан кесенесі. XX ғғ. басындағы өңдеу-жөндеу жұмыстарынан кейін кесене қабырғалары өзіне тән үлгісін жоғалтып, сәулеттік-сәндік бейнесінен түгел дерлік айрылды.
X-XII ғғ. ескерткіштерінің өзіндік құрылым үлгілері, сәулет формалары, әшекей түрлері зерттеушілерге оларды дала өнерінің дәстүрлерімен тығыз байланысты солтүстік-түркістандық сәулет өнеріне жатқызуға мүмкіндік береді.
2.2.Ортағасырлық моншалар
Ортағасырлық моншалар өзінше бір сәулет өнері ескерткіштері болып табыады. Қала құрылысы тұрмысында моншалар кеңінен таралған. Археологтар Тараз, Отырар, Баласағұннан моншалар тапты.
Тараз моншасыныңәшекейлерге бай болып келеді. Бұлар геометриялық және өсімдік тектес өрнектер, алебастр сылағынан жасалған әшекейлер.
Отырар моншасы Шығыста XI ғ. таралып, күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан айқыш (крест) формасымен ерекшеленеді. Онда шешінетін орын, массаж жасайтын зал, ыстық және салқын жуыну орындары, демалыс бөлмесі болған. Монша төбесі күмбезделе жабылған.
Моншалар тақтай еден астымен жүргізілген ыстық су құбырлары жүйесімен жылытылған. Суды құдықтан алған немесе осы кезеңде кеңінен таралған су құбыры арқылы жеткізген.