Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
24
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
113.66 Кб
Скачать

ТАҚЫРЫБЫ:ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТАЙПАЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ.

Мазмұны.

I.Кіріспе:

Ата-бабаларымыздан қалған асыл қазына.

II.Негізгі бөлім:

Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті.

1.Қазақстан аумағынан табылған ежелгі ескерткіштер:

1.1.Талас жазу ескерткіштері;

1.2.Отырар өркениеті;

1.3.Маңғыстау мешіттері мен құлпытастары;

2.Сарайлар сәулет өнері:

2.1.Салтанатты кесенелер;

2.2.Ортағасырлық моншалар;

3.Ортағасырлардағы ақша айналысы:

3.1.Отырар теңгелері;

3.2.Түркеш теңгелері;

3.3.Саманилер мен қарахандықтар теңгелері.

III.Қорытынды:

Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы.

I. Ата-бабаларымыздан қалған асыл қазына.

Қазақ тарихының , қазақ жазба тарихының түп тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті , төл жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде мәнгі өлмес мұралар жасады. Оған мысал бола алатын «Орхон-Енисей жазбалары». Ғылымда «Орхон-Енисей жазулары» аталатын , түркі тайпаларының байырғы қоныс мекендерінде көне руна жазуымен тасқа қашалып қалдырылған бұл тамаша ескерткіштер қазір адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі саналады. Сонымен қатар сол заманнан бүгінге шейін көптеген ескерткіштер , кесенелер , құлпытастар , зираттар, тенгелер және тағы сол сияқты материялдық мәдениеттер белгілі.Осындай ғажайып мұраның аркасында біз өз тарихымызды , тегімізді біліп отырмыз.

Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде. Ортағасырлық Қазақстан аумағын аралаған әр түрлі елдер саяхатшылары түрік, қытай, араб, парсы, грек тілдерінде тарихи және географиялық деректер жазып қалдырған. Ортағасырлық Тараз, Талхиз, Отырар, Кедер, Құлан, Жамукент қалаларын, Бөріжар, Бобров, Зевакин қорғандарын қазғанда көптеген бағалы археологиялық олжалар табылды. Осынау жазба және заттай деректер орта ғасырлардағы Қазақстан халқының экономикалық және мәдени тұрмыс-тіршілігіне шолу жасауға мүмкіндік береді. Орта ғасырларда Қазақстанда отырықшы, қалалық, көшпелі және далалық мәдениет өркендеді.

Қазақстан аумағында құрылған Батыс Түрік қағанаты, одан кейінгі Түркеш және Қарлұқ, Оғыз мемлекеттері, кейінгі Қарахандықтар иелігі әр түрлі этностық салт - дәстүрлерімен ортақ мәдениетке өз үлесін қосты. Көшпелі және отырықшы ел өмірін зерттеу мәдениетті өзара байланыста және бірін-бірі байыта отырып дамыту, дүниежүзілік прогрестің басты бағыты екенін көрсетті. Жалпы көшпенділер әлемі әр түрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін нәрсе мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы.

II.Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті.

Қазақстан жерінде VI-XII ғ.ғ. өмір сүрген түрік тайпалары өздеріне тән үлкен материалдық мәдениет қалдырған. Олардың қалдықтары, әсіресе, соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде белгілі болып отыр, түркі дәуіріндегі материалдық мәдениет қалдықтарының түрлері негізінен адамдардың шұғылданған шаруашылықтарымен байланысты болған. Оған археологиялық қазба зерттеулері нәтижесінде табылған заттар толық дәлел бола алады. Зерттеулердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші белгілі. Олар негізінен Сырдария бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Мәселен, түркі дәуірі кезіндегі обалардан көбірек кездесетін заттар: қол диірмендер, үккіштер, темір орақ т.б. құрал-жабдықтар. Бұлар ол кездегі халықтардың егін шаруашылығымен айналысқан жағдайын байқатады. Ал түркі тайпаларының мал шаруашылығымен кеңінен айналысқандығын археологиялық қазбалардың барысында молырақ кездесетін темірден жасалған ат әбзелдері (ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер), құрал сайман, қару-жарақтар, әсіресе, темір семсерлер, найзалар, олардың ұштары т.б. көрсетеді. Олардың барлығы сол кездегі түркі тайпаларының темір қорытуды жақсы меңгергендігін дәлелдейді. Сондай-ақ, ғылыми қазба жұмыстары кезінде түркілердің зираттарынан құрал-саймандар, қару-жарақтармен қатар қолөнер бұйымдар, әшекейлік заттар өте көп кездеседі. Олардың ішінде: кіселер, белдіктер, омырауға тағатын алқалар т.б. бар. Кіселер алтын, күміс және қымбат, бағалы тастармен безендіріліп отырған. Түріктер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездеседі. Сонымен қатар Қазақстан аумағын қоныстанған түркілер бірсыпыра ескерткіштер – қоргандар, жеке қабірлер , адамның тірі кезіндегі қасиеттерін тастан жасалған бейнесінде беруге тырысқан балбалдар тізбегін , тастан үйілген мола үлгілерін қалдырды. Молалардан темірден жасалған үзеңгі, санақ ұшының жаңа үлгілері , семсер , қылыштар, металдан жасалған түрлі әшекейлер жапсырылған жорық белдіктері табылды.