Қорытынды:
Шығыстың
қос жұлдызы!
Қандай
керемет естілетін сөз еді! Дәл осы ат
немесе атақ қарапайым қазақ қыздарына
берілді дегенге кейбіреулер мойынсұнбауы
мүмкін. Бірақ бүкіл әлем (оның ішінде
қазақ халқының дұшпаны мен достары бар)
алдында қазақтың тек жігіттері ғана
емес, қыздарының да қайсар жүрегі бар
екенін біздің алтынға теңер қыздарымыз
дәлелдеп берді. Иә, Әлия мен Мәншүкті
қатар атағанымызбен әр қыздың өзіне
тән жасаған ерлігі, өзіне тән қайсарлығы
мен өжеттігі бар.
Әлия –
қазақ халқына ерлік пен сұлулықтың
қалай ұштасатынын көрсетсе, Мәншүк -
өжеттіктің қыз бойында қалай болатынын
дәлелдеп берді. Осы алтын мен күмістей
әпкелеріміздің қалдырған қасиеттерін
бойына сіңірген талай бойжеткендеріміз
болды. Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін
Осы Әлия мен Мәншүктей жас өмірін қиған
Ләззат Аснованың бойындағы ерлік те
осы екі жұлдыздан бастау алатыны сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
“Арулар
отты жылдарда”. “Қазақстан”
баспасы.Алматы,1975
“Совет
Одағының қазақстандық батырлары”.
“Қазақстан”баспасы. Алматы,1969
“Қазақтар.Казахи”.
Көпшілікке арналған тоғыз томдық
аықтамалық. 2 – том. “Тарихи тұлғалар”
Қазақ
Совет Энциклопедиясы
14