Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
22
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
70.66 Кб
Скачать

Жоспар:

  1. Кіріспе

Ерлік салтанаты

  1. Негізгі бөлім

1. Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,

Ару қыздар – алаулап от кешкендер!

2. М. Мәметова – қазақтың аяулы қызы

3. Ә. Молдағұлова – қазағым деген ұрпақ өкілі

          1. Қорытынды

Батыр десе батыр еді . . .

Ерлік салтанаты

Аспан жер арасын

Өрт қаптады жалыны жалаңдаған,

Көңірсіді құйқадай адал далам.

Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,

Тыншымастай сұстанды Адамға Адм.

Түндер келді жарыңның құшағында

Рахаттың орнына алаңдаған

Жас орнына мөлдіреп жанарда қан

Тамайын деп тамбаған, тама алмаған.

Алмасты лез күрсіну, күңіренумен

Жүректерден шарықтап таралған ән.

Түнде соғар дүлейін жасырғандай,

Күліп-атып қылымсып таң алдаған.

Бейнетімен бақ құшқан кең далаға

Қанды өзендер құйғандай сан арнадан.

Мазасыз әлі қысқа бұл тіршілікте

Болар кейде мейірімді адамнан аң

Сәби көңіл жандардың жанын улап

Бітіспес кек, ызамен арамдаған.

Дөңбекшіді сонда жер қанға бөгіп:

Не кінәң бар, Адамдар, табар маған?!”

Иә, қара жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жандардың жанын жазылмас жарамен қан жылатқан көп қазақ халқының ер жүректілігі мен қанға сіңген қаһармандағын әлем алдында тағы да әйгі еткен екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына да келер жылы 60 жыл толғалы отыр. Ерліктің салтанатты жеңісіне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, соғыс қантөгісін бастан кешірген талай адамдар соғыс салған азап пен қасіретті күні бүгінге дейін ұмытқан емес және бұл еш уақытта да көмескіленуі мүмкін емес. Адал жарды аяуласынан, ананы жалғызынан айырған бұл сұм соғысты қалай ғана естен шығарарсыз.

Жеңіс салтанаты. Миллиондарды өмір мен үміттен айырған осы соғыстағы жеңіс салтанаты оп-оңай келген жоқ. Отан сүйгіш ұл - қыздардың майдан мен тылдағы жан аямас еңбегінің жемісі еді – бұл.

Иә, Отан қорғауға тек асыл ер – азаматтарымыз ғана емес, қолына қару алып, майдан үшін тағдырын белге буған ардақты апа, әпкелеріміз де болды.

Ана және соғыс. Бір – бірінен жер мен көктей алшақ жатқан осы екі ұғымның бір сәт басын қосып көріңізші. Сіздің көз алдыңызға өртеген үй мен шырылдаған сәби, жүректі ысқылаған қайғымен аралас ыза мен кек оты жанраынан ұшқан ана бейнесі елестер еді. Балғын сәбиіне көкірегін тосып, емірене аймалаған ана мейірімін елестетіңізші!

Не деген бақыттылық!

Отыр еді көзінде жақұт тұнып

Соғыс” деген бір сөзден есеңгіреп,

Зәресі ұшты орнынан атып тұрып.

Мейірім мен шаттық үшін ғана жаратылғандай бал – бұл жанған ана жүзін ашу мен кек торлады. Күле шаттана білген ана ел басына мұнар күн туғанда, қасіретімен Жре үстіндегі жазықсыз тіршілікті қорғауға деген шексіз махаббаты пен бір қайратқа мінгендей жігерленді.

Он сегіз бен жиырманың арасындағы әлі жігіт сүйіп үлгермеген, күні кеше қос тұлымы желбіреп, ертеңгі болашаққа аппақ арман, балауса үмітпен күлімдеп қараған жас қыздар нәзік балтырын сыздатқан солдат етігін киіп, гұл құшуға жаралғандай нәзік саусақтары ауыр автоматты көтеріп, майдан өтіне бара жатты.

Ұлы Отан соғысының от-жалынды жылдарында ер-азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған Әлия мен Мәншүктей қыздарымыз сан жүздеп саналады.

  • Майданға жету, қалайда жаумен бетпе-бет келіп, кек алу – біздің бар ой – арманыңымыз осы болатын,- деп еске алады Ленинград қаласын әуе шабуылынан қорғаған зенит зеңбірегі расчетінің командирі Әлима Ақжолова.

  • Әлі күнге жүрегімнің түкпірінде сақталып келген бір сырым бар. Ешкімге айтқан емеспін. Есіл – дертім ұшқыш болу еді. Біраз қиындықтардан кейін Хабаровск маңындағы самолет механиктерін дайындайтын курсты бітіріп, сонда қызмет еттім. Батысқа қанша сұрансам да жібермей қойды. Ауылға аз күнге демалысқа келіп, енді қайтар жолда бір қулық істегім келді. “Документі жоқ адамды майданға алдыңғы шепке жібереді” дегенді естігенім бар. Новосибирск қаласына жақындағанда документтерімді құрттым да, қалаға келген соң, әскери комендатураға барып:

  • Мен документтерімді жоғалтып алдым, майданға жіберіңіз, - деп тұрып алдым. Сол бойыммен Ленинградтан бір-ақ шықтым. Өтірік айтып, біреулерді алдағаныма осы күнге дейін қысылып, бір адамға айтпаппын. Бірақ, бәрі сол майданға жетсем деген адал ниеттен шыққан еді.

Абайлады сонда Мәншүк жан – жағын,