Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 1.Қазақстан тарихы / Тарих / жанарбектен / на каз / 1933-1939 жылдардағы халықаралық қатынастардың дамуы

.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
30.72 Кб
Скачать

1933-1939 жылдардағы халықаралық қатынастардың дамуы

Халықаралық қатынастардың шиеленісуіне бағыт алу

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың зардаптарын жою үшін ірі елдер арасында қарыздар мен төлемдер мәселесін реттеу қажет болды. Соған орай 1931-1932 жж. Германия репрациялар төлеуді, ал Еуропа елдері АҚШ-тан алған қарыздарын төлеуді тоқтатты. Алайда ірі елдер дағдарыстан шығуға қажетті шара ретінде кедендік салықтарды көбейту және ұлттық валюталарын алтынға айырбастау ережелерін қатаңдандыру саясатын ұстағандықтан, олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстар нашарлап кетті.

Жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы. Халықаралық жағдайдың шиеленісуі ең алдымен фашистік мемлекеттердің басқыншылық саясатына байланысты болды.1931-32 жж. Жапония Солтүстік-Шығыс Қытайды (Маньчжурия) басып алды да, «Маньчжоу-Го» деп аталған «қуыршақ» мемлекет құрды. Коммисия Жапон әскерлерін Маньчжуриядан шығару және бұл жерді халықаралық бақылауға беру туралы ұсыныс жасады. Ұлттар лигасы Маньчжоу-Го мемлекетін мойындамау және Жапонияның халықаралық шарттарды сақтауға тиісті екендігі туралы қарар қабылдады.

Германияда өкімет басына фашистік партияның келуі халықаралық жағдайды елеулі түрде шиеленістірді. Қарулану Германияға бүкіл Еуропаны басып алу және дүние жүзіне үстемдік орнату мақсатын іске асыру үшін қажет еді. 1935 ж. Наурыз айында Германияға жалпыға бірдей әскери міндеткерлік енгізілді. 1936 ж. Германия Рейн облысына әскер енгізді, осылайша Версаль Бітім шартын және Рейн кепілдік келісімін бұзды. Германияда жанталаса қарулану басталды.Италия басқыншылық әрекетін 1935 ж. Эфиопияны басып алудан бастады. 1936 жылы Германиямен Италия арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.Осылайша

« Берлин –Рим-Токио өзегі» деп аталған одақ құрылды.1937ж Жапония Қытайды жаулап алуға қайтадан кірісті.Германия 1938 ж Австрияны қосып алды («аншлюс»). Жаңа дүниежүзілік соғыс қаупі төнді.

Соғысты болдырмау мүмкіндіктері. Соғысты болдырмау үшін Версаль-Вашинтон келісімдері жүйесін сақтау керек еді.Версаль-Вашинтон жүйесі басқыншыға қарсы Ұлтар лигасы ұжымдық әрекет жасауға мүмкіндік беретін еді.Алайда бұл мүмкіндік пайдаланылмады.Еуропа қоғамы жаңа соғысты,әскери одақтар құруды қалаған жоқ. Гитлерді қарапайым ұлтшыл басшы ретінде қабылдады.Сондықтан Еуропа елдері соғыс қаупіне қарсы әр түрлі бейбіт шаралар мен жекелеме келіссөздерді пайдалануды қалады.Германия мен Жапонияның басқыншылық әрекеттері Кеңес Одағының мүдделеріне де қайшы келді.1933 жылдан бастап Кеңес Одағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы ұсыныстар жасады.1935 ж. КСРО мен Франция, КСРО мен Чехословакия арасында өзара көмектесу туралы келісімдер жасалды.АҚШ құрылған кезден бері Еуропаға қатысты қолданылып келе жатқан оқшаулану саясатын жаңғыртты:1935 ж. Конгресс бейтараптылық туралы заң қабылдады.

1938-1939 жылдардағы халықаралық саяси дағдарыс. Батыс Еуропа елдерінің Германияны «пейілдендіру» саясаты Мюнхен келісіміне әкелді.1938 ж. 29-30 қыркүйекте Мюнхенде өткен конференцияға Англия,Франция,Германия,Италия басшылары қатысты.Мюнхен келісімі халықаралық саяси дағдарыстың бастамасы болды. 1939 ж. наурызда Германия Чехословакияны бөлшектеп,түгелдей өзіне бағындырып алды.Көкек айында Италия Албанияны жаулап алды.Фашистік мемлекеттер мен батыстың демократиялық елдері арасында әскери қақтығыс болу қаупі Англия мен Францияның Кеңес Одағымен жақындасуы қажет екенін көрсетті.1939 ж.наурыздан тамызға дейін Англия,Франция, КСРО өкілдері арасында кездесулер өткізілді.Англия мен Францияның Польшаға шабуыл жасаған жағдайда осы екі елмен де соғысуға тиісті болғандығын көрсетті.1939 ж. 21 тамызда Гитлер Сталинге КСРО мен Германия арасында бір-біріне шабуыл жасамау туралы келісім жасау үшін И.Риббентропты қабылдау туралы өтініш жасап, жеделхат жіберді.Сталиннің шешімі бойынша, Англиямен және Франциямен жүргізіліп жатқан келіссөздер тоқтатылды да, Германияның Сыртқы істер министрінің келуіне келісім берді.1939 ж.23 тамызда Москвада М.В.Молотов пен И.Риббентроп КСРО мен Германия арасындағы бір-біріне шабуыл жасамау туралы келісімге қол қойды.1939 жылғы 23 тамыздағы кеңес- герман келісімі Кеңес Одағының халықаралық беделіне үлкен нұқсан келтірді.Германия екі майданда соғыс жүргізу қаупінен құтылған соң,1 қыркүйекте Польшаға шабуыл жасады.