Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 1.Қазақстан тарихы / Тарих / жанарбектен / на каз / Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік-тұрмыс жағдайы.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
289.28 Кб
Скачать

Жоспар

Кіріспе………………………………………………………………………..

3-9

I Тарау ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы мал шаруашылығының дамуы.

1.1. Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік-тұрмыс жағдайы...........................

10-17

1.2. Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығы..........................................

17-31

II Тарау Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы

2.1. ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы

Кіші жүз жеріндегі егіншілік..........................................................................

32-39

2.2. ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының сауда –саттық кәсібі.........................................................................................

39-45

Корытынды ....................................................................................................

46-48

Пайданылған әдебиеттер тізімі....................................................................

49-50

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі қазақ халқы егеменді ел. Тәуелсіз мемлекет құрып, нарықтық экономиканы іске асырып, Орталық Азиядағы терезесі тең елге айналып келе жатырмыз. Өйткені тарихымызға сын көзбен қарап, ондағы орын алған «ақтаңдақтардан» тазарып, қазіргі заманның талабына сай шынайы қазақ халқының тарихын жазу тарихтың басты міндеті. Өйткені Ресейге бодан болған кездердегі және Кеңес өкіметі дәуіріндегі қазақ халқының адамзат тарихын саясатқа негізделіп жазылып, ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткен оқиғалары бойынша бұрмаланып жазылды.

Патшалы Ресей Кіші жүз ішінде болып жатқан өзгерістерді мұқият бақылай отырып, оларды басқаруда жаңа жүйелер енгізген. Орынбор әкімшілігі хан мен оның айналасындағы сұлтандардың халық арасында беделінің әлсіреп, ал халыққа жақын тұрған старшын мен билер ықпалының өсіп келе жатқанын сезіп халыққа білдірмей старшындардың ханға қарсы іс-қимылын өз мүдделеріне пайдаланып отырды. Патшалық Ресей Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдің мемлекеттік әкімшілік басқару жүйесін енгізу жолдарын ойластыра бастайды.

XVIII ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз қазақтары өздерінің ежелден келе жатқан кәсібі мал бағумен айналысқан. Мал шаруашылығы экстенсивті жағдайда дамып отырған. Ол негізінен табиғи жайылымның жыл бойына пайдалануына байланысты еді. Кіші жүз даласының барлық жерінде мал саны өте көп болған. Қазақтардың күн көрісі, тіршілігі, малдың төрт түлігіне тәуелді болды.

Мал бағып өсіру атам заманнан бері келе жатқан кәсіп болғанымен, оның ауыртпалығы да көп. Малдың өсіп-өнуі ауа-райы мен табиғат жағдайына тікелей байланысты. Ыстығы мен суығына төзе отырып, қазақтар мал санын сақтап қана қоймай, оны көбейтіп, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырған Кіші жүз даласының жері мен табиғаты біркелкі емес, соған орай мал шаруашылығын дамытудың үш түрі болған, олар: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылдық.

Кіші жүз қазақтары мал шаруашылығымен қатар, егіншілікпен де айналысқан, бірақ бәрі бірдей емес. Мал шаруашылығы сияқты, егіншілік те табиғаттың, ауа-райының жағдайына байланысты дамиды. Кіші жүз даласында егіншілікке қолайлы жер көп болған жоқ. Оңтүстік-шығыс ауданы, Сыр өзені бойы, батыс бөліктің солтүстік-шығыс жеріндегі қазақтар егіншілікпен ғана емес, бау-бақша өсірумен де айналысқанын көреміз. Егіншілік пен көшпелі шаруашылық қатар жүріп отырды.

XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарында егіншілік дами бастады. Оның бірінші себебі қазақтар шамалы болса да егіншілікпен ертеден-ақ айналысқан, оның ішінде Сыр бойы қазақтары суармалы егіншілікті де білетін, ал Ресей империясының отарлық саясатының салдарынан қазақтардың ата-баба жерлерінен айрылып, көшпелі мал шаруашылығының қысқаруы күн көріс үшін егіншілікпен айналысуға айналып соқты.

Кіші жүз жерінде патшалы әкімшілік-баскару жүйесінің орнауы, қазақ даласында хандықтың жойылуы елге саяси өзгерістер әкелсе, сонымен бірге шаруашылық саласында да көптеген өзгерістер ене бастады. Ресейдің отарлық саясаты ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, Кіші жүз даласын экономикалық жағынан оған тәуелді етіп қойды. Себебі өндірістің пайда болуы казақ даласындағы байырғы шаруашылықтың ыдырауын туғызған. Казақстан біртіндеп патшалы Ресейдің шикізат өндіретін аймағына айнала бастады. Ал мұның өзі сауда-саттық істің жандануына әкелді. Осыдан соң қазақ даласында бұрыннан келе жатқан керуен саудасы дамумен қатар тұрақты жұмыс істейтін жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңке базар болғаннан кейін оған апаратын тауар керек. Сондықтан қазақтардың шаруашылығы осыған бейімделе бастайды. Қазақтар саудаға араласады. Сөйтіп, XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардан сауда кәсіпкерлері қалыптасты. Алғашқы қазақ саудагерлері бай мен сұлтандардан шығады. Қазақ саудасымен айналыспаған, сауда оның ата кәсібі болмаған деген пікір соңғы кезде айтылып жүр. Бұл дұрыс емес. Сонау ерте кезден-ақ қазақ даласынан керуен жолдары өткен ғой. Ал Жібек жолы ше? Ол Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жері арқылы өтеді емес пе? Жібек жолындағы қалалар сауда орталығы болған жәрмеңкелерге малдарын әкеліп сатқан қазақтар сауданы білген және онымен айналысқан керуен жолдарындағы қазақтар малдарын өзіне қажет тауарға айырбастаған. Ал Орта Азия хандықтарымен көрші, сондай-ақ Ресей шекарасында жақын жердегі қазақтар саудамен айналыса отырып, малдарын өз өнімдеріне ақшаға да сатқан. Алып сатарлық сауда жүйесі онша дами алмаған. Сауданың бұл түрі Кіші жүз даласында барлық жерде бірдей дамыды.

Қазақтардағы сауда-саттық дала өнімдеріне сәйкес, өз ерекшелігімен дамыды. Сондықтан қазақ саудасының үш түрі болды. Біріншісі – ежелден келе жатқан керуен жолдарындағы ішкі қазақ даласындағы айырбас сауда, екіншісі – жәрмеңкелердегі сауда жазғы және күзгі мал жайылымдарына жақын жерлерде жасалды. Үшіншісі – тұрақты сауда - XІХ ғасырдың екінші жартысында патшалы Ресейдің отарлық саясатының ішіне енуіне басталып, Қазақстан жері түгелдей өлкеге айналған кезеңі қалыптасты.

Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. Бітіру жұмысын жазуда ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының дамуы мен кәсібі туралы орыс зерттеушілерінің еңбектерінде жан-жақты талдау жасалып жазылды: Қазақстан тарихын зерттегендер: А.И. Левшин1, В.В. Радлов2, Н.В. Якубов3, И.П. Рычков4 тағы басқа ғалымдыр.

Қазақ халқының тарихында қатысты жазылған арнайы зерттеулерді атап айтатын болсақ. А.И.Левшин қазақ даласында болып қазақ халқы мал шаруашылығы, егін шаруашылығымен айналысқанын атап көрсетті. Сонымен қатар мал шаруашылығының даму көзі шөп шабу, шөп дайындау ,қыстан малды аман алып шығу. Қазақ даласында жаңадан ене бастаған шөп шабу кәсібімен қазақтар да айналыса бастады. В.В. Радловтың еңбегінде бай материалдар келтірілді. Ғұлама ғалым ұзақ жылдар бойы жинақтап жазылған. Бұл зерттеулерде этнография ғылымының қолдану аймағын кең көлемде ауқымды көрсеткен. Қазақ мал шаруашылығының көзі төрт түлікпен алатын барлық өнімнің тіршіліктегі орасан зор рөлін әсіресе, оның қазақ халқының этнографиялық жағын айқындап берген.

Н.В.Якубов Кіші жүз қазақтарының егін шаруашылығы және сауда-саттық ісін бірінші орынға қойды .Атап айтатын болсақ қазақ-орыс саудасының дамуы, керуен жолдарының ашылуын көрсетті. Мал саудасы Ресейге қазақ жерінен Орынбор және Кіші жүз жеріндегі жәрменкелер арқылы өткендігін атап көрсетті

. И. П. Рычковтың зертеулерінде Кіші жүз қазақтары үшін керуен саудасының маңызы зор болды . Қазақтар саудаға араласып, керуен жолдары өтетін ауылдарға керекті тауарларын малға және мал өнімдеріне айырбастап алып отырған. Кіші жүз арқылы Орта Азия және Ресеймен байланыста болды деп жазады.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың шаруашылығы мен саяси-әлеуметтік тарихын зерттеуде Кеңес тарихшылары: Е. Бекмаханов1, Н.Г. Апаллова2, Ж. Қасымбаев3 , Х. Арғынбаев4, С.М. Мәшімбаев5 еңбектері ерекше зор.

Е. Бекмаханов еңбегі қазақ халқының егінді даласын, малын, көшпелілердің тұрмысын, рухани тіршілігін зерттеуде ерекше орын алады. Казақтардың шаруашылығы мал шаруашылығының өзіне тән ерекшелігі – оның көшіп жүретіндігі және олар жылқы, түйе, сиыр, кой, және ешкі өсірумен айналысқан. Қазақтардың әуелі көктемдегі жайылымға көктеу, мұнда ыстық түскенге дейін болып, сосын шөбі шүйгін , суы мол жазғы жайлымға жайлау қоныс аударған . жазғы жайылымнан қазақтар күзгі жайылымға күздеу орын көшіп барып ,күн жылығанға дейін әдетте наурызға дейін , кейде сәуірге дейін тұрған Н.Г Аппалова Кіші жүз даласына зерттеу экспедициясын жүргізіп, қазақ-орыс саудагерлері Орынбор қаласынан Орта Азия саудагерлерінің келуіне рұқсат етіліп ,керуен саудасын дамытуға мүмкіндік жасады. Сонымен қатар Орынбордан Бұқар, Хиуа, Ташкент жолдары арқылы сауда керуені дамыды .Керуен құрамында құпия тыншылар бар еді. Олардың міндеті жергілікті халықтардың әдет-ғұрыптарын ,тыныс-тіршілігін қағаз бетіне түсіру деп жазды.

Ж.Қасынбаев қазақ халқының тарихында мал шаруашылығы ерекше орын алады, сондықтан мал қазақтың жемісі. Қазақ елі ұлан байтақ жерімне бай, сондықтан мал шаруашылығы дәстүрлі дамып отырды Қазақтардың шаруашылығы ауа-райына байланысты жәйілді. Олар жылқы, сиыр, кой, түйе, және ешкі малын өсірді деп айкын жазды.

Қолданып жүрген этнографиялық зерттеу еңбегінде Х.Арғынбаев қазақтардың тұрмыс салт-дәстүрін және оның ішінде көшіп-қону, жайлау, күздеу туралы еңбектер тұрғысында жазылған.

30-50 жылдар арасында экономикалық және саяси байланыстар мен Ертіс өзенінің жағалауына қазақтардың орналасуы мен шаруашылық жағынан өзгеруі және Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы жайлы еңбектер, сонымен қатар казак отаршылдарының қазақ жерінен тартып алып өздеріне меншігіне айналдыра бастауын көрсеткен.

С.М. Мәшімбаевтың еңбегінде ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың шаруашылығы , егін шаруашылығы, сауда-саттық ісінің дамуы, Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығы жартылай көшпелі отырықшылдыққа көшуіне байланысты болды. Кіші жүз қазақтары батыс және солтүстік аймақтарда мал саны көп болды деп жазды .

Бітіру жұмысының деректік негізі

Бітіру жұмысын жазуда ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарихының деректік құжаттарын пайдаланды. Атап айтатын болсақ –«Материалы по истории России сборник указов 1734; Оренбург,19001, Казакское –русские отнашения в ХVIII- ХIХ века вв. Алма-ата,2 Материалы по истории политического строя Казахстана, 1-том ,Алма- Ата ,1960,3 Материалы по истории Казахской ССР 1747-1828 гг том-4, Москва Ленинград, 1940,4 Материалы по киргизкому землепользованию Уральский уезд Оренбург ,1909,5 атты еңбектерді пайдаландық .Бұл жинақтарда біз қарастырып отырған мәселе бойынша құнды мәліметтер сақталған .Әсіресе ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы мал шаруашылығының жағдайы, сауда-саттық мәселерін толық қарастыруға мүмкіндік беретін кұжаттар жинағы.

Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері.

ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жуз қазақтарының мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, сауда-саттық ісі ,және Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік тұрмыс жағдайы дами бастаған кезін қамтиды.

Бітіру жұмысының мақсатты мен міндеті.

Мақсаты. ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының шаруашылық дамуындағы өзгерістер мен ерекшеліктерінің сипатын ашу .

Міндеті. ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығының дамуындағы өзгерістерді ашу , Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік- тұрмыс жағдайы, Кіші жүз қазақтарының егіншщілік және сауда-саттық кәсібінің дамуы.

Бітіру жұмысының құрылымы. Кіріспе, екі тараудан , қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарауда Кіші жүз қазақтарының әлеуметтік тұрмыс жағдайы және кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығы.

ІІ тарауда Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы жазылған