Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
22
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
41.47 Кб
Скачать

Кіріспе

Политика зависит от политиков

в той же степени , что погода

от метеорологов.

Р.Гурмон

Сөзімді бастап кететін болсам, айтайын деп отырған мәселе 1939 жылдың 23 шілдесінде басталып, сонау 1991 жылға дейін, яғни дүниедегі ең алғаш кеңестік жүйесі бар Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының таралуына дейін созылды. Бұны жазған себебім де бар. Ал бұл себеп – КСРО идеализмінің 70 жыл бойы бүкіл одақ адамдарының санасын улап келгені болды. Бірақ КСРО жалғыз одақ адамдарының санасын ғана улап қоймай, сонымен қатар бүкіл көрші жатқан елдердің санасын да улады. Кеңес Үкіметі бізді бауырмашылдыққа, қазіргі кезбен салыстырғанда үмітсіз де пайдасыз еңбекке үйретті, бірақ мүдделерімізді, демек өзіміздің ұлттық қасиеттерімізді таптап келді. Бірақ мен жасырмаймын, Кеңестің де берген жақтары көп. Бұл жердегі кейбіреулерге ұнамайтын мәселе – бір-біріне сәйкес келмейтін, ұлттық мүдделері әр түрлі ұлттар мен халықтарды теңестіруде еді...

Осыған ұқсас, бірақ кейбір өзгешеліктері бар жағдай Екінші Дүние Жүзілік Соғыс қарсаңында тек КСРО-да ғана болып қолмай, Германияда, дәлірек айтқанда Фашисттік Германияда да орын алды. Бірақ Германия бұл жолды тек өздерінің (Ариилер) арасында қабыл алып, ал басқа ұлт өкілдерінің, яғни славяндардың, иудейлердің мүдделерін жақтамады, керісінше, оларды қырып-жоюға (геноцидқа ұшыратуға) тырысты. Халық санасы уланып қараланды, жанжалға, содан соң соғысқа – Екінші Дүние Жүзілік Соғысқа әкелді! Неге 1939 жылдың 23 шілдесінен бастағанымды білесіз бе?! Бұған түсініктеме ретінде : өйткені дәл осы кезеңде Екінші Дүние Жүзілік соғыстың алғышарттары анық қалыптаса бастады.

Бұл көп уақытқа дейін созылып, шешіле алмай келген көкейкесті мәселелердің негізі, түйіні. Сөйтіп, 1939 жылдың 23 шілдесінде Фашисттік Германия және КСРО арасында шартқа қол қойылды. Бұл шарттың басты мәселелері мынада – шарттың тек қана екі ел арасында бейбітшілікті сақтау туралы мәселеге ғана қол қойылған жоқ, оның көптеген құпия, өте көлеңкелі жақтары бар. Кім білсін, мүмкін бұл шарт болмаса, дүниенің қазіргі көрінісі қандай болушы еді?!

Қысқаша айтқанда, КСРО мен Германия Шығыс Еуропадағы сол кезеңдегі үшінші қатардағы, егемен, дербес елдердің қатысуынсыз сол кездегі олардың тағдырын, болашағын шешті... Ал бұның бәрінің қалай іске асқанын біз осы жұмыс барысында анықтармыз!..

Тарау 1. Екінші Дүние Жүзілік Соғыс қарсаңындағы

Халықаралық қатынастар

Екінші Дүние Жүзілік Соғыстың себептерін табу үшін ең алдымен Бірінші Дүние Жүзілік Соғыстың сол себептерін табуымыз керек. Бірінші Дүние Жүзілік Соғыста шешілмеген мәселелер сол кездегі көкейкесті мәселелермен қосылып, Екінші Дүние Жүзілік Соғыстың басталуына себеп болды және де Екінші Дүние Жүзілік Соғыс қарсаңындағы Халықаралық қатынастар өте тұрақсыз, нашар, өте нәзік болды. Менің тұжырымым бойынша, Екінші Дүние Жүзілік Соғыстың себептперін өте ерте кезден іздеулеріміз керек, яғни Жаңа Заман кезеңінің басталуы кезеңінен. Өйткені осы кезеңде ұлттар арасындағы қатты шиеленіскен кезең осы кездерден өте анық көрінеді. А.А.Кредердің Бірінші Дүние Жүзілік Соғыс туралы айтуынша: «Халық 1000 жыл бойы өте үлкен территорияны қамтыған, адам саны көп қатынасқан және қаза болған, көптеген жаңа технологиялар қолданылған соғысты көрмеген еді...» ¹ деп жазыпты. Мен бұл тұжырымға толық келіспеймін, өйткені мысалға тек бір Франко – Прусс Соғысын алайық, бұл соғыс Еуропаның көптеген территориясын қамтыды және де осы кезеңде болып жатқан барлық соғыстарын қамтитын болсақ, онда кемінде дегенде Еуропаның көлемімен тең бір территория шығатын еді. Менің ойымша, әр держава өзінің шығарған әскери машиналарын, демек жаңа буындағы қару-жарағын сынамақшы болды және әр елдің экономикалық жағынан дамығандығын көрсететін бір-ақ қана сынақ бар – бұл соғыс!..

Сөйтіп Бірінші Дүние Жүзілік Соғыс өзінің мәселелерімен қалды, ал оның үстіне жаңа мәселелер шөгіп, қаптай берді.Бұл өз бетімен осы соғыстан да үлкен, көлемді соғысқа әкелді. Бірақ орыс халқының мақалындағы сияқты: « Новое – это хорошо забытое старое » дегендей, ескі мәселелер қайтадан көкейкесті мәселеге айналды.

Менің ойымша Екінші Дүние Жүзілік Соғыс болса да көп мәселелерді шешпеді, пайдасыз, өте шығынды болды. Бұл кезеңнің көкейкесті мәселелері әлі де болса көкейкестігін жоғалтқан жоқ. Адамдар осы соғыстардан тек бір жақсы нәрсені алды бұл – бейбітшілікті сақтау!..

Ал енді болсақ өзіміздің басты тақырыбымызға оралайық!..

Екінші Дүние Жүзілік Соғыс қарсаңында көптеген жаңа, түсініксіз, өмірге өзгеріс әкеле бастаған саяси құбылыстар пайда бола бастады.

Мысалға мыналар ең маңыздылары: « 1. Англиядағы және АҚШ-тағы кедендік және валюталық соғыстар. Шыныменен бұл қарулы соғыстар емес, дүниенің көп бөлігіне әсер еткен дағдарыстар кешені еді.

2. Жапонияның күшеюі және Қытайдағы Маньчжурияға басып кіруі.

3. Италияның күшеюі және оның агрессорлық саясаты

4. Германияда билік басына А.Гитлердің келуі және Германияның Италиямен, Жапониямен ортақ қызығушылықтары бар мәселелерді шешуде бір-бірінен қолданыс табуы.

5. Германияның Чехословакияны бөліске салып, Чехия және Моравияны, Словакияны басып алуы, Польшамен қақтығыстары, Литваға неміс әскерлерінің енуі.

6. Италияның Албанияға енуі.

7. Ағылшын-Француз-Кеңестік фашизмге бірге қарсы тұру және бір-біріне көмек көрсету туралы мәселелерінің шешілмеуі

және де тағы басқа осындай мәселелердің шешілмеуі. » ²

Жалпы осындай өзгерістер пайда болды, міне осылай біз қысқаша қорытып, Екінші Дүние Жүзілік Соғыс алдындағы жағдайларды қарастырдық.

Тарау 2. КСРО мен Германия арасындағы бейбітшілікті сақтау ( шабуыл жасамау ) туралы пактісін жасау жолындағы қиыншылықтары

«1939 жылдың жазында КСРО дипломатиясы Англиямен және Франциямен герман агрессиясына қарсы және бейбітшілікті сақтау үшін, саяси және әскери қатынастарды күшейту үшін барын жасауға тырысты. Өкінішке орай, Англия мен Францияның билеуші таптары кесірінен Кеңес Үкіметі бұны іске асыра алмады және Англия мен Франция КСРО-мен байланыс орнатқылары келмеді.

КСРО әлі де болса халықаралық изоляция қалпында қала берді. Өйткені бұған себеп 1938 жылы күзде Англия мен Францияның герман және итальян агрессорларымен жасаған Мюнхен келісім-шарты еді. Бұдан басқа, КСРО егер соғыс қаупі туып қалса, Жапония жағынан да шабуылға ұшырауы мүмкіндігін және екі майдандағы соғысқа қатынасуы мүмкін екенін ешқашан естен шығармауы керек еді және де империалисттік елдердің КСРО-ға қарсы антикеңестік саясатының да туып қалуын білуі керек болды. Кеңес дипломатиясының тағы бір маңызды мәселесі бұл – империалисттік елдердің антикеңестік жоспарларын болдырмау еді. Англиямен және Франциямен байланыс орната алмағандықтан, соғыс басталуының басымен санасу керек болды және де жақын аралардағы күндерде. Ал бұл дегеніміз, енді мынаны ойлау керек еді: Яғни егер соғыс басталып фашисттік Германия Польшаға шабуыл жасағанда КСРО-ның максималды түрде қауіпсіздігін сақтауында еді. Мұндай жағдайларда Кеңес Үкіметі Германияның КСРО-ға шабуыл жасау мерзімін алшақтату, яғни герман-поляк әскери қақтығысының таралу аймағын шектеу еді. Енді Кеңес дипломатиясы мынандай шараларды қолдануы керек болды, яғни КСРО-ның екі майдандағы соғысқа қатынаспауы, Шығыста және Батыста соғыспау, тиімсіз халықаралық жағдайда қалмауы үшін шаралар қолдану.

Германия КСРО-мен соғысуды әлі шешкен жоқ

1939 жылдың басынан герман үкіметінің қызығушылықтары бұл – КСРО-мен қатынастарды буындырмауды тежеу туралы қызығушылық білдірді. Гитлер мен оның төңірегіндегілердің айтуынша, КСРО Еуропа континентіндегі Германияның соғыс ашу мүмкіндігі жоқ жалғыз ел болды, себебі Германияның оған күші жетпеген еді.

Батыс елдерінің насихаттау ( пропаганда ) машиналары Қызыл Әскердің, Кеңес тылының нашар екендігі туралы қақсай берді. Буржуазиялық газеттердің беттерінен КСРО – бұл саз балшық аяқты колосс, үлкен мүсін деген тұжырымдар кетпеген еді. Гитлершілдерді олар тез арада КСРО-ны жеңілдікпен жермен-жексен қылдырады деп ойлады. Бірақ фашист канцлері бұған көнбеді. Бірақ Батыс державалары бұл жалған жаман мысалдардың басня арасында өздері қалды. 4-шілдедегі Англия үкіметінің сыртқы істер комитетінің отырысында Лорд Галифакс: «Гитлер Ресейді әскери жағынан өте төмен бағалайды», - деп тұжырымдады. Бұл жерден шығатын қорытынды фашисттік Германияның КСРО-ға қарсы соғысты бастау. Кейіннен ағылшын халқы Чемберлен және оның жақтастары мұндай жаман ойды іске асырғаны үшін мұны қанмен жуды.

КСРО-ның әлсіздігін нацистер Батыс державаларының басқарушыларын алдау үшін фашисттік рейхтің тек Кеңес мемлекетін жоюды ойлайтындығын жазған еді. Бірақ сөзбен емес, шындығына келгенде, қарсыластардың қайсысы әлсіз екенін, соғыс кіммен қауіпсіз екендігіне келгенде Германия бәрімен де күш сынаса алады, тек КСРО-мен ғана емес деген тұжырымға келді.

Мысалға 1939 жылдың 28 қаңтарындағы Герман ген штабының бір жазбаларында «Орыс қарулы күштері соғыс жағдайында сан жағынан үлкен бір әскери құрал сияқты. Әскери құралдары жалпы жаңа, жасырын. Жасырын принциптері ұғымды және белгіленген. Елдің байлығы мен жасырын принциптерінің құпиялығы жақсы одақтас», - делінген. Герман әскери басқармасы Германия КСРО-мен соғысқа әлі дайын емес, әскери күштерді әлі жетілдіру керек деп ойлады.