Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
22
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
93.18 Кб
Скачать

XI-XIII ғасырлар арасы қалалық мәдениет өркендеген, тауар өндipу өciп, осыған орай сауда кеңiнен қанат жайған кезеғ деп есептеледi. Өндiрiстiң қауырт өcyi айналымда көп мөлшерде ақша болуын талап eттi. Алтын мен кумістің қоры сауданы таза алтын және күмic теңгелермен қамтамасыз ете алмады.

Саманилер дәуiрiнде тауар ретiнде бағаланған алтын динарлар қарахандықтар кезiнде айналым құралына айналды. Алтын айналымына құйылған теңгелер ғана емес, көлемi және салмағы әр түрлi кесек алтындар да жүрдi. Алтын теңгелер әр турлi теңге сарайларында құйылғандықтан, олардың сапасы мен салмағы әрқалай болды. Олардың айналымда қатар қолданылғанын Орта Азия аумағынан табылған көмбелер айғақтайды.

Ұсақ бөлшек саудада қолданылатын мыс теңгелер болса, әр түрлi теңге сарайларында ақша құнын заңдастыру үшiн оқтын-оқтын шығарылып турған. Негiзiнен мыс ақшалар айналымғa түсуге тиiстi аймақта алдыңғы айтылған күмic жалатылған дирхемдер қызмет етiп келдi де, бiрте-бiрте олар кәдiмгi мыс теңгелерге айналды.

Қазақстанның кең-байтақ даласын құрайтын Евразияның Хуанхэ өзенінен Карпат тауларына, Орта Азия мен Шығыс Түркістанның шөлейт аймақтарына және Евразия тундрасына дейінгі орасан зор далаға ұласқан шетсіз-шексіз алып аймақты игеру тек көшпелі малшылардың ғана қолынан келетін ед. Түйе, жылқы, қой – лардың әрі көшіп-қонып жүретін күш көлігі, әрі ет, сүт, тері, жүн беретін, яғни көшпенділердің азық-түлігін де, киім-кешегін де, баспанасында қамтамасыз ететін материалдық ресурс көздері қызметін түгел атқарды. Көшпелілер әлемі әр түрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін нәрсе мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы еді.

Көне тарихта аса көрнекті рөл атқарған Түркі қағанатының құрылғанына 1450ж толарына көп қалған жоқ. Бұл елеулі оқиға көптеген мемлекеттерде аталып өтеді, қазірдің өзінде түркілердің ұлы өркениетінің мұраларын оқып-үйренуге, зерттеуге арналған бірнеше халықаралық конференциялар мен форумдар болып өтті.

Біздің бәріміздің де мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұрамыз бар. Өйткені, ата-бабаларымыз адамзат тарихында өшпес із қалдырып кеткен, Евразия құрлығындағы халықтардың тағдырына орасан зор күшті әсер еткен. Біздің еліміздің халықтары ұлы ата-бабаларымызды әбден орынды мақтаныш етуге құқықты, ал Бумын, Естеми,Білге қаған, Күлтегін сияқты алғашқы қағандардың есімдері ежелгі ерте заманныңөзге ұлы әскери қолбасшыларының және мемлекет ұайраткерлерініңесімдерімен әбден қатар тұра алады, олардың атқарған істері ешкімнің де атқарған істерінен артық болмаса, тіпті де кем емес.

Ежелгі түркі өркениетінің әлеуметтік-саяси саладағы даусыз жетістіктері қатарына қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси құрылымын қалыптастырғанын қосуға әбден болады. Ол қоғамдағы шешуші рөлді қаған бастаған империялық ақсүйектер атқарды. Ал қағанның ең басты міндеті, ежелгі түркі ескерткіштерінің қалдырған деректеріне қарағанда, “ел-жұртының қамын ойлау, халқын асырау” болған. қайтыс болған қаған туралы құлпытасқа қашап жазылған ең жоғары мақтау сөз мынадай:”Ол өзінің халқын армансыз асырады”. Барлық биліктің қаған мен дана ақсүйектерінің қолына шоғырлнуы оларға мемлекет тағдыры үшін саяси және тарихи тұрғыдан мейлінше күшті жауапкершілік жүктері.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ

Ұлттық Техникалық Университеті

Жаратылыстану-гуманитарлық институт

Қоғамдық пәндер кафедрасы

ТАҚЫРЫБЫ:ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТАЙПАЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ.

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ-ОҚЫТУШЫ:ӘЗІМБАЕВА Б.Ж.

ОРЫНДАҒАН:БАЙШАҚОВА Н.С.

АЛМАТЫ-2004

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Аманжолов К.Р

Түркі халықтарының тарихы. Алматы 2002ж.

2. Назарбаев Н.Ә.

Тарих толқынында. Алматы “Атамұра” 1999ж.

3.Мусин Ч.

Қазақстан тарихы. Алматы 2003ж.

4.Байпақов К.М.

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Алматы 2001ж.

5.Аманжолов К.Р.

Қазақстан тарихы. Алматы “Білім” 2004ж.

Мазмұны.

I.Кіріспе:

Ата-бабаларымыздан қалған асыл қазына.

II.Негізгі бөлім:

Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті.

1.Қазақстан аумағынан табылған ежелгі ескерткіштер:

1.1.Талас жазу ескерткіштері;

1.2.Отырар өркениеті;

1.3.Маңғыстау мешіттері мен құлпытастары;

2.Сарайлар сәулет өнері:

2.1.Салтанатты кесенелер;

2.2.Ортағасырлық моншалар;

3.Ортағасырлардағы ақша айналысы:

3.1.Отырар теңгелері;

3.2.Түркеш теңгелері;

3.3.Саманилер мен қарахандықтар теңгелері.

III.Қорытынды:

Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы.

Соседние файлы в папке на каз