
Қазақ руларының тайпаларының елдерінің этникалық төркіні, олардың басқа халықтармен байланысы.
Бұл күнге шейін қазақ халқының түп төркіні туралы қазақ тарихшыларында теріс түсінушілік болып келді. Ескі түркологтар, востоковедтер осы қазақ, өзбек елдерінің шығуы жөнінде айтқан пікірлеріне қарай екіге бөлініп, ғылыми таластар туды. Атақты этнограф Аристов бастаған бір топ – қазақ өзбек руларының этникалық составының негізі түрік (тюркский) тұқымдас десе, ориенталистердің зоры саналған атақты академик Бартольд, бастаған бір топ – қазақ, өзбек елдерінің составында қаңлы мен қыпшақтан басқаларының бәрі маңғол тұқымдас дейді. Оған қазақ елдерінің жеке руларын алып, дәлелдемек болады. Мысалы: Найман монғалша «сегіз» деген сөз дейді. Шынында монғолда «Маймы» (сегізінші) деген сөз бар. Бірақ бұл дәлел бола алмайды. Өйткені, бұл бойынша моңғолдар руларын номерлеген болып шығады, ал шындығында мұндай оқиғаны монғол тарихы кездестірген емес. Найман руының монғол тұқымынан қашық екендігінің тағы бір дәлелі: «Найман» Алтай түріктерінің (ойраттың) тілінде «нан» - тату, «ман» - кісі, яғни «тату адам» деген мағынада қолданылатын сөзі. Тіпті әсірек барсақ, «ман» - қол деген сөз. (атарман, шабарман – ататын қол, шабатын қол деген сөз) Мшне, осы дәлелдерге қарағанда, найман ежелден түркі тұқымдас деген пікір дұрысырақ.
Қазақ халқын құрайтын тайпалардың одағы (елдер) саны - II. Алшындар (Байұлы, Әлімұлы, Жетіру), бұлар кіші жүзге жатады.
Орта жүзге – Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Қоңырат рулары жатады.
Ұлы жүзге – Үйсін, Қаңлы, Дулат, Жалайыр жатады.
Қазақтың бұл рулары қандай, қалай шыққаны олардың бәрін сөз қылмай, үйсін мен найман туралы ғана тоқталамыз.
Үйсін деген сөздің қайдан шыққаны белгісіз. «Үсің» «юсін» «үйшін» «үкішін» т. б. Түрлі болып аталады. Тіпті «юсші», «юашы» деп те аталғандар бар.
Академик Бартольд үйсіндер Енисей бойындағы «динлин», ескимостардан шықты дейді. Дәлелі: үйсіндердің ерте кезде өздері сары, көздері көк болыпты – мыс дейді. Динлиндердің де түрі осындай болған дейді.
Этнограф Харузин де үйсіндер арицтер тұқымына шатысты, өзі сары, көзі көктігі сонан дейін. Бірақ бүкіл үйсіндердің өзі сары, көзі көк емес, үйсіндер іштей екіге бөлінеді.
1. Жалпы үйсін, 2. сары үйсін. Сары үйсіндер бірнеше жүз ғана үй. Европа оқымыстылары тек осыларды көріп, әңгіме қылған болса керек.
Қазақтың рулары таза, басқа халықтан қоспасы жоқ, тек өзінен өзі өрбіген деу ғылыми сынды көтермейтін жалған пікір. Тарихтағы үйсін туралы бір талас қазақ, қырғыздың атасы бір. Лұдуз (мүмкін «ұлы жүз» дегеннің бұзылып айтылғаны шығар) деген легендаға байланысты. Тіпті бұл легенда да қазақтың атасы қырғыз деп келеді, үйсіннің тегі қырғыз деп аңыз етеді. Бұл жөнінде Шоқан, Аристов т. б. Оқымыстылар көп пікір айтқан. Тарихи материалдарда (орхон жазулары бойынша) үйсін, қырғыз өз алдына бөлек, тәуелсіз ел болып көрінеді. Қытай тарихында үйсін ертеден бар ел болып көрінеді. Ал ол кезде қырғыз деген жоқ болған. Қырғыздың өз шежіресі бойынша олардың атасы Қырғызбай. Қырғызбайдан Абыл, Қабыл туады. Екінші легенда бойынша Сарыүйсіндер Қалша Қадыр, Жақып деген екі бала болады. Қалшадан қазақ тарайды делінеді. Бұл легенданың қисыны жоқ. Жақып қазақта да, қырғызда да мұндай атау 8 ғасырларға шейін болған жоқ. Жақып – араб пен еврейлердің атауы. Ал «қазақ» халқының тегі біздің заманымыздан көп бұрын пайда болғандығы даусыз.
Қазақ даласында ертеде бір үлкен соғыс болыпты – мыс, сол соғыста бір батыр шөлдеп өлер халде болыпты. Сол кезде аспаннан «ақ қаз» түсіп, көмек береді. «Ақ қаз» қайырымды пері екен. Манағы батыр Қалша Қадыр екен, екеуі қосылыпты – мыс, олардан «қазақ» (қаз – ақ) деген халық тарапты – мыс. Бұл легенда – ғылымға мүлде ешбір жанаспайды.
Академик Бартольд «Найман» монғолдарша «Сегіз» деген сөз дейді. Бұдан басқа ешбір дәлел айтпайды. Осы дәлелсіз пікір әлі үстем, Потанин, Казлов т. б. оқымыстылар маңғолдардың өз руларын белгілемейтіндігін айтты. Наймандар ерте кезде ойғырлармен бір хандықта болған. Бұл ойғыр тарихында Ойғыр – найман деп аталды. Бұл XI ғасырдың шамасы. Аристов пен Хворост наймандар түркі тұқымынан тараған дейді. Рашиддин наймандар өгіздердің тұқымы дейді. Ол басқа да көп елдерді өгіз ханынан таралды дейді. Бүкіл елді бір кісіден таралды деу идеялизмге соқтырады.
Монғолдардың XII ғасырда туған эпостық жыры «Алтын топшыда» (Сокровенные сказания) Бартольдтың пікіріне қарсы дәлелдер бар. Онда наймандар мүлде басқа екендігі айтылады. Маңғолдардың ата жауы болып көрінеді. Олар өзара көп соғысады. Керей де маңғолдардан бөлек, тек олармен құдандалы ел ғана болғаны айтылған. Міне, бұлардың бәрі наймандардың моңғолдардан шықпағанын дәлелдейді.
Академик Радлов «Уйгурах» деген кітабында ерте кезде ойғыр, найман бір одақ болған дейді. Бұған сәйкес наймандардың жазу, сызуға ерте үренгенің көреміз. Бартольдтың өзіде Туркестан в эпоху монгольского нашествия деген кітабында моңғолдар жазуды бірінші рет наймандар мен керейлерден үренгенін айтады, мойындайды.