Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
31
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
75.26 Кб
Скачать

АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ

Алтын Орда Мемлекеті тарихи әдебиетте «қыпшақ ұлысы» деп аталды. Оның себебі бұл территорияны мекен-деген халықтардың басым көпшілігі қыпшақтар еді. «Бұл мемлекет бұдан бұрын да қыпшақ елі атанып келген еді».

Осы қыпшақ ұлысын еншісіне алған Жошыхан 1227-жылы қайтыс болды. Орнына Жошының екінші ұлы Батк (Бату) хан отырды. Әкесінен қалған мұраны місе тұтпаған Бати хан 1236-жылы қалың қолды бастап Жайық өзенінен (Орал өзенінен) өтіп, Еділ өзені алқабындағы бұлғарларды бағындырды. 1237-жылы қалың қолды бастаған Бати хан орыс қняздықтарына шабуыл жасады да, ол кезде Рязань, Владимир, Москва сияқты қырық иелікке бөлініп қырқысып отырған орыс княздықтарын бірін-біріне қоспай талқандап, жаулап алды.

Онан соң, маңғол армиясы ұздіксіз ілгерілеп Киев қаласын алды, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молда-вияны, тағы басқаларды ойрандап, Еділ сағасына қайта оралды.

Бати хан 1242-жылға дейін жасаған жаулап алу жорық-тары арқылы Алтын Орданың территориясык кеңейтіп, Ертіс өзенінен Дунай дариясына дейінгі ұла!н-байтақ өңірді қол астына қаратты. 1243-жылы Еділ сағасынан Сарай қаласын салдырды, бұл қалада алтынмен аптап, күміспен күптелген сән-салтанатты хан сарайы төңіректің төрт бұрышынан қелген саудагерлер жиналатын сауда алаңы болды. Бати хан өзіне арнап астана құрып, сарай салдырғанымен уақыттың көбін Дунайдың төменгі ағысын-дағы ұлан-байтақ қазақ сахарасындағы жайлауларда өткізіп отырды. Алтын Орданың астанасы алғашқы кезде Сарай-Бату қаласында (қазіргі Астрахань маңында) болды. Кейінірек Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай-Батудан. жоғарырак) көшірілді.

Бати хан шығыс Европаға жасаган жеті жылдық (1236—1242) жорығынан кейін, Арал теңізінің шығыс солтүстігі жағындагы жерлерді ағасы Орда-Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт омақ ел: қосшы, найман, бұйрат және қарлық тайпалары еді'.

Алтын Орданың жағдайы өзге ұлыстардың қай-қайсысынан да күрделі еді. Онда негізінен көшпенді мал шаруашылы-ғымен шұғылданған далалық өңір, отырықшы егінші аймақ-тар, мәдениеті марқайған қалалар қатар өмір сүрді. Оты­рықшы аймақтар мен қала-кенттерінде Еділ бұлғарлары, гжелгі хазарлар мен аландар, қала қыпшақтары, хорезм-діктер, орыстар, армяндар, гректер тұрды.

Алтын Орданың кең-байтақ далалы өңірлерін қыпшақ, қаңлы, арғын; найман, қоңырат, керей, уақ, т. б. тұркі тілдес тайпалар мекендеп, негізінен мал шаруашылығы кәсібімен айналысты. Алтын Орданың халқы этникалық әркелкі болғанымен, оның негізгі тұлғасы осы түркі тілдес тайпа­лар, негізгі әскери күші қыпшақтар болды. Бұл түркі тілдес тайпалар бастабында жеке-жеке яки одақтасып Шыңғыс-ханға қарсыласып көрді, нәтижеде бәрі де жеңіліске тап болды. Бұлар ақырында жаппай бағынды да, оның жоры-ғына қатынасты. Әсіресе батысқа аттанған қалың қолдың басым көпшілігі осылар еді. Ол кезде «қыпшақ» деген сөз жоғарыда аталған түркі тілдес тайпалардың жалпы аты ретінде де қолданылатын. Сол • заманда жасаған әйгілі араб тарихшысы, маңғолдар туралы жазба хаттардың авторы Әл-Омари дешті қыпшақ жайында былай дейді: «Ертеде бұл мемлекет қыпшақтар елі болған еді, Ал оларды татарлар (маңғолдар) билеп алғаннан кейін, қыпшақтар солардың қол астына қарап қалды. Сонан кейін олар (маңғолдар) бұлармен (қыпшақтармен) араласып, туысып кетті; жер олардың табиғи және нәсілдік сипатын өзгертіп жіберді. Олардың бәрі бір атадан туғандай, дәл қыпшақ болып кетті, осыдан келіп маңғолдар қыпшақ жеріне ме­кендеп қалды. Бұлармен неке қиысып, осылардың (қып-шақтардың) жерінде тұрып қалды.»'

Алтын Орда хандығы өз құрамына енғен түркі тілдес тайпалар мен халықтардың ежелден келе жатқан ел басқару жүйесін өзғертпей бурынғы қалпында қалдырды. Жергі-лікті басқару орындарының қызметін бұрынғыша жерғі-лікті феодалдар атқарып отырды. Алтын Орда хандары жергілікті халықты өз феодалдары арқылы басқарды.. Түркі тілдес тайпалар мен халықтардың феодал-шонжарлары да өзінің халық бұқарасына үстемдігі мен төтенше құқығын сақтау және нығайту үшін Алтын Орда үстемдігіне ынта-сымен қызмет етті. Жергілікті түркі тілдес тайпалардың фердал-шонжарлары мен маңғолдардың әскери феодал шонжарлары арасындағы ауыз жаласқан одақ барған сайын күшейіп, олар өзара құдаласып қыз алысты. Маң­ғолдардың феодал-шонжарлары мен туркі тілдес тайпа шонжарларының құдаласып қыз алысуы бұдан әлдеқайда бұрын басталған. Мысалы: Шыңғысханның шешесі Ұлұн Еке ханым қоңырат қызы, Шыңғыстың бәйбішесі Бөрте де қоңырат қызы, екінші әйелі Хот оқтай меркіт қызы, Жошы ханның бір әйелі Сартақ қоңырат қызы, енді бір әйелі Бектумыш қерей қызы болатын. Ал Шыңғысхан бір қызын ұйғыр идиқұтына, енді бірін қарлық Арсылан ханға берген. Жошы хан өзінің үлқен қызы Бикені қаң-лының ұлыс-бегі Тұғырылдың баласы Сұнақ тегінге берген. Бұл барыс Алтын Орда дәуірінде одан әрі үдей түсті. Маңғол шонжарларының түркі тілдес тайпалардың қызынан туған балалары отбасында аналарының тілін үйреніп түрік-ше тілі шықты, бұл жағдай жаулап алушылардың жергілікті халыққа сіңіп кетуін тездетті. Келе-қеле маңғол хандары мен шонжарлары да қыпшақ тілінде сөйлейтін болды. Сөйтіп, Алтын Орда мемлеқетінің ресми әдеби тілі — бұ-рыннан осы өңірде қалыптасқан қыпшақ тілі болды.

13-ғасырда Шыңғысхан ұлы маңғол патшалығының тәуелді үлесі болған Жошы ұлысы ұзамай-ақ өз алдына дербес мемлекетқе айналды. Бұл мемлекет Жұңғоның тарихи деректерінде «қыпшақ ордасы», шығыс деректерін-де «кек орда», орыс жылнамаларында «алтын орда» деп аталды. Бати (1256-жылы қайтыс болды), Берқе (1257— 1266), Мөңқетемір (1266—1280), Туда Мөңқе (1280— 1287), Төлебұқа (1287—1291), Тоқты (1291 — 1312), Өзбеқ (1312—1342), Жәнібеқ (1342—1357) хандар тұсын-да Алтын Орданың қуаты қемеліне келіп, биліғі мейлінше қүшейді. Егер Жошы мен Бати Маңғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді».

Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет еді. Алайда, Алтын Орда мемлеқетінде жасаған халықтардың даму дәрежесі эр қелкі болды. Оның Еділ алқабы, Бұлғар, Хорезм, Қырым, және солтүстіқ Кавказ қатарлы дамыған отырықшы-егінші аймақтарында феодалдық қатынастар үстем болды. Ал далалық мекенді меқендеп, негізінен мал шаруашылыгымен шұғылданған түркі тілдес тайпалар мен түріктенген маңғол тайпалары арасында жартылай патриархалдық, жартылай феодалдық қатынас өмір сүрді.

Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы әскери негізде болды. Алтын Орданы билеуші хан ондағы барлық қарулы куштердің бас қолбасшысы саналды.' Мемлекет билігінің белді ұйымы — әскери феодал-шонжарлар мен алпауыт бектердің құрылтайы болды. Шешуші кезеңдерде осы құрылтайлар ашылып, мемлекет тағдырына қатысты, ма-ңызды саяси, әскери мәселелерді ақылдасып шешіп отырды. Алтын Орданың қарулы күштері оң қол (баронғар) сол қол (жұңғар) деп екі қолға (қанатқа) бөлінді. Шың-ғыстың ұлкен ұлы Жошы хан өлген (1227) соң, оған мұрагерлік еткен Жошының екінші ұлы Бати хан қарулы күштердің оң қанатын тікелей өзі басқарды да, сол қанатын ағасы (Жошының үлкен ұлы) Орда Еженнің басқаруына берді. Қарулы кұштердің әрқайсы канаты: тұмендік, мың-дық, жүздік және ондықтарға бөлінді, оларды түмен басы, мыңбасы, жұзбасы, және онбасылар басқарды. Қарулы күштердің жоғарғы қолбасшылық міндеттерін хан тұқымы-нан шыққан ханзадалар, әскери феодалдық-шонжарлар — нояндар атқарды. Олар өз қол астындағы әскерді бас-қарумен қабат сол әскер алынған ру-тайпаларды да биледі. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерді баскаруға әмірлер, дарғы бектері белгіленді. Мемлекеттік мекемелердің басын-да атақты билер мен олардың көмекшілері — бақауыл (бөкеуіл), тұтқауыл, жасауыл, бітікші, тамғашы, тартынақ-шылар отырды. Алтын Ордаға бағынышты шеткері аймақ-тарды басқару үшін өкіл әкімдер — даргы бектері мен тамғаш және басқақтар тағайындалды.

Олардың басты міндеті — жергілікті халықтарды билеп-төстеу, олардан хан қазынасына алым-салым жинау еді.

Алтын Орданың алғашқы мезгілдерінде оның құрамына кірген халықтардың көпшілігі мұсылман болганымен, билік басындағы маңғол ақсүйектері өздерінің байырғы діні шаманизм нанымын тұтынып келген еді, уақыт өте келе олар жергілікті халықтардың ислам мәдениетін қабылдады. Берке хан тұсында Алтын Орданың билік басындағы ақсүйектері арасында ислам діні ене бастады. 1312—1342-жылдары Алтын Орданы билеген Өзбек хан тұсында ислам діні Алтын Ордада үстем дінге айналды. Өзбек хан ислам дінін жарлық арқылы жалпыластырды, қазақ-тың «өзбеқтен дін қалды» деген мақалы осыдан шыққан.1 Алтын Ордада алғашында «жасақ» заңы жүргізілсе, ислам дінін қабылдау байланысымен шариғат ережелері енгізіле бастады.

Алтын Орда мемлекетінде көне ұйғыр жазуы қолда-нылды, Алтын Орда хандарының жарлықтары осы көне ұйғыр жазуымен жазылды. Ислам діні үстем орынга етіп, араб жазуы қолданылганнан кейін де, бұл жазу араб жазуымен қатар қолданылып 16-ғасырға дейін жетті.

Алтын Орда мемлекеті құрылу кдрсаңындағы жойқын жорық шайқастары табанды қарсылық көрсеткен қалаларды қиратып, отырықшы өлкелерді ойрандап, жергілікті халық-тардың шаруашылығына, мәдениетіне ауыр зардабын ти-гізді, алайда, ол Алтын Орда құрамына қосылған халық-тардың шаруашылығын, мәдениетін жоя алмады, қоғам-дық даму тарихын үзіп тастай алмады. Сұрапыл соғыс тұманы айыққан соң халық шаруашылығы қайта жанданып өркендеп, мәдениет гүлдене бастады.

13— 14-расырда Алтын Орда дербес күшті мемелекетке айналып, оның мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдер-мен және жер жұзінің марқа мәдениетті елдерімен қарым-қатынасы күшейді. Алтын Орда мемлекетінің Жұңгомен, Индиямен, Мысырмен, кіші Азиямен және Батые Европа-мен сауда-саттық қарым-қатынасы өркендеді. Еділ сағасын-дағы Алтын Орданың астанасы — Сарай қаласы Азиядан Европаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталы-ғына айналды. Отырықшы өңірлерде егіншілік қайта өрле-ді, бұрынғы көшпенді тайпалардың бір бөлегі отырықшы-лыққа айналды, көшпенді тайпалардан шыққан хандар мен ханзадалар және тайпа шонжарлары сарайларда тұратын болды. Енді олар қалаларды қиратушы емес, қайта қалаларды құрушьі, қорғаушы және қала мәдениетін көркейтушілер болды. Еділ сағасындағы Бату-Сарай, Берке-Сарай (Сарай әл-Жадид) қалаларын осы Алтын Орда хандары салдырды. Соғыста ойрандалған қала-кенттер бірте-бірте қалпына келе бастады. Қала мәдениеті гүлденді, далалық өңірді мекендеген көшпенділердің егін­шілік өңірімен, қаламен байланысы нығайды. Бұлар сауда мен қолөнердің өркендеуіне, ғылым, әдебиет, көркемөнердің көркеюіне қолайлы жағдай жасады.

Осы негізде Алтын Ордаға қарасты жерлерде, әсіресе. Бату-Сарай, Берке-Сарай, Керіш, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты қала-кенттерде сауда мен қолөнер өркендеп, рылым, мәдениет, әдебиет-көркемөнер көркейді. «Ол бір жағынан түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың мәде-ниетінен: Әл-Фараби, Әбуғали ибн-Сина, Әл-Бируни, Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақыргани мұраларын пайдалану, ілгері дамыту, екінші жагынан көрші елдер мәдениетін үйрену арқылы өсіп, өркендеді. Алтын Орда халқының басым дкөпшілігі түркі текті ру-тайпалар, халықтар, солардың ішінде қыпшақтар, огыздар болды. Сондықтан, Алтын Орда дәуірінің әдебиеті түркі тайпалары мен халықтары-ның бәріне бірдей тұсінікті, солардың әдеби тілі — шагатай тілінде, әсіресе оның қыпшақ-оғыз яғни солтүстік диалек-тісінде жасалды».' Бұл дәуірде жазба әдебиеттің асыл мұралары жарыққа шықты. 1233-жылы Алтын Орда ақыны Эли «Қиса Жүсіп» дастанын жазды. 1303-жылы қыпшақ тілі сөздігі және әдеби мұра «Кодекс-куманикумс» жазыл-ды. 1310-жылы Забғұзи «Қиса сұл әнбие» жинағын жазды. 1341 — 1342-жылдары қыпшақ ақыны Құтбыттың «Хұсы-рау-Шырын» дастаны дүниеге қелді. 1357-жылы Махмұт Әлиұлы Кердері Алтын Орданың астанасы Сарай қаласында өзінің прозалық қөрқем әдебиет шығармасы «Наһжи ұл-фарадис» кітабын жазды. 1359-жылы Ахмет Хорезмидің лирикалық махаббат дастаны —«Махаббатнама» жарыққа шықты. 1391-жылы Алтын Ордадағы әйгілі қыпшақ ақыны Саиф Сарай кесеқ тұлғалы туынды «Гүлстан бит түрки» еңбегін жазды. 1409-жылы Дүрбек акын «Жүсіп-Зылиха» дастанын жазды.

Қазақ халқының қырыққа тарта батырдың ерлігі жыр-ланған отызға жуық дастаннан тогысқан кесек тұлғалы эпосы «Қырық батыр жыры» осы Алтын Орда дәуіріндегі ірі оқиғалардан басталған. Бұл эпоста тізбектеле жырлан-ған дастандардың басты кейіпқерлерінің бірқыдыруы Алтын Ордада өмір сүрген тарихи адамдар. Мысалы; «Орақ-Мамай» дастанындағы бас қейіпқерлер Орақ пен Мамай Алтын Орданың әйгілі қолбасылары. Мамай —1361-жылдан соң .Алтын Орданы билеген хан, 1380-жылы Куликов даласындағы орыс қняздарымен болған зор шайқасқа қатысқан Алтын Орда әскерлерінің қолбасшысы. «Едіге батыр» жырындағы бас қейіпкер Едіге —1352—1419-жыл-дары жасаған тарихи адам. Алтын Ордадан бөлінген Ақ Орданың әмірі, ол Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы күрескен, «Асан қайғы жырындағы» Асан — Алтын Орда­ның 1445-жылы қайтыс болған ақырғы ханы ұлы Мұхам-медтің (Орманбет) қасындағы ықпалды билердің бірі, Сарай және Қазан қалаларында билік басында болған әйгілі жырау және философ. Ол Алтын Орда ыдыраған соң қазақ ханы Әз Жәнібектің қасында болғандығы мәлім. Бұдан «Қырық батыр» эпосының алғашқы нұсқасы Алтын Орда дәуірінде туғандығын аңғарамыз.

Алтын Орда дәуірі — өз кезінде Алтын Орда мемле-кетінің құрамына енген түркі тілдес тайпалар мен халмқ* тардың, соның ішінде қазак. халқының да әдебиет, мәде-ниетінің қалыптасу және дамуындағы аса маңызды белес-тердің бірі болғанын көреміз. Бұл тарихи, мәдени мұралар Алтын Орда ыдыраған кезде сдан бөлінгеы халықтардың мәдениет коры на косылды.

Алтын Орда хандығы орта ғасырлық феодалдық мемле-кет болғандықтан, қалың халық бұқарасының тартқан азабы ауыр, көтерген жугі қат-қабат, жалпы аянышты болды. Алтын Ордада толассыз болып тұрған сыртқы со-ғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтті. Халық бұқарасы әскер шығаруга. оларды ат-лау, қару-жарақпен жабдықтауға, сойыс беруге, ауыр алым-салық төлеуге мәжбүр болды. Алтын Орда мемле-кетінде егіншілер мен малшылардан алынатын алым-салық-тың екі турі «қалан» және «қапшуыр» деп аталынды. «Қз-лан» салығы тәртібі бойынша егіншілер жыл сайын өнімнің оннан бірін салық ретінде қазынаға тапсырды. «Қапшуыр» салығы тәртібі бойынша малшылар жыл сайын жуз бастан бір бас салық төледі. Ал қалалардағы саудагерлер мен қолөнершілер бажы төледі. Отырықшы егіншілер феодал-дарға еріксіз жұмыс істеді. Алғашқы кездерде салықтың дені хан қазынасына түсті. Кейіннен Алтын Орда хандары жергілікті билеушілерге тархандық жарлық үлестіруді өрістетті, бұл жергілікті билеушілердің халықты шексіз билеуіне және салықты қалағанынша жинауға ерік берді. Олар салықты үстемелеп арттырып, артық жиналған салық­ты өздері пайдаланып отырды. Салық жинауға қарулы күш жұмсалды, бас тарқанды шауып алды. Сөйтіп, халық бұқарасы екі жақтан бірдей қаналды; олар алым-салықты ханға да, жергілікті алпауыттарға да төледі. Бұдан тыс, әскерге лау ат, лаушы берді. Көпір салу, құдық қазу, қорған-бекініс салу сияқты жұмыстарға халық бұқарасы тегін еңбеқ етуге мәжбүр болды.

Алтын Орда хандығы берік мемлекеттік бірлестік болмады, оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамьіған сайын ішкі-сыртқы қаты-настар асқына тұсті. 1342—1357-жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс альш, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін «ала жылан-аш балық» жегідей жеді. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген «қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі стек алды. Осындай қат-қабат қайшылықтар мен тартыстар нәтижесінде әлсіреген Алтын Орда 14-ғасырдың екінші жартысында өзара тәуелсіз бірнеше аймаққа бөлінді. Жошы хан өлген соң шығыс дешті қыпшақты үлесіне алган Ордд Ежен және оның мұрагерлері Алтын Орданың шығысындағы ұлан-байтақ өңірде — дешті қыпшақта қазақ ру-тайпаларын тұлға еткен дербес Ақ Орда мемлекетін құрды. 1380-жылы Куликов даласындағы зор шайқаста Алтын Орданың Мамай бастаған қалың қолын жеңген орыс княздары Алтын Ордадан тәуелсіздік алды. Алтын Ордадан бірте-бірте Қырым, Еділ бұлгарлары бөлініп шықты, Хорезм Темір мемлекетіне тәуелді болды.

14-ғасырдың аяқ шенінде Алтын Орданы билеген Тоқ-тамыс хан мен Орта Азияны билеген Әмір Темір арасында сұрапыл соғыстар болды. 1391 — 1395-жылдары Әмір Темір екі рет Алтын Ордаға жорық жасады. 1391-жылы Әмір Темір екі жүз мың әскермен Алтын Ордаға шабуыл жаса­ды, 1395-жылы Алтын Орданың ханы Тоқтамыстың әскерін талкдндап, оның астанасы Сарай-Беркені басып алып, бас көтертпестей күйрете соққы берді. Езілген халық­тардың Алтын Орда үстемдігіне қарсы күрестері, ішкі феодалдық тартыстар мен сыртқы соғыстар салдарынан. Алтын Орда мемлекеті бірте-бірте ыдырап, ақырында құлады.