Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
704.52 Кб
Скачать

7. Неге технократикалық және гуманитарлық ойлау стильдерінің альтернативасы пайда болды?

Техногендік өркениеттің қазіргі күйіне сай келетін, кәсіби мәдениеттің қалыптасуы әлеуметтегі басым ойлау мәнерінің түбегейлі өзгеруімен байланысты. Индустриалдыққа дейінгі формацияларда үстемдік етіп келген сезімдік дүниетаным ұзақ ғасырлар бойында шындықты рационалистік (оның тым әсіре түрінде – формалдық –логикалықта ) түсінуге өзгерді.Егер антикалық ойшылдардың ақылын дүниенің жалпы суреттемесі қызықтырса, және бұл үшін арнаулы танымдық амалдар жасалса, онда қазір тереңдетілген, бірақ үзікті зерттеудің тар практикалық мұқтаждықтары аналитикалық методтардың үстемділігіне әкелді. Жаратылыстану мен математика ғылымда дәлелдемелерінің дәлелдігімен, пайымдарының айқындығы қорытындыларының анықталғанды мен алдыңғы орында салтанатты келеді. Нақтылы дүниенің құрылыме абстрактылы логикалық рәміздерінің әдемі «өрнектерінде» қалпына келтіріледі. Керемет түрде ғалымдар өзінің ойымен жасалған құрылымдарына эмпирикалық бекіту тауып отыр.

Өзкезегінде, жаңа инженерлік технологиялар, адамдық қатынастарды тану саласына дарадүрсін ауыстырылғандықтан, рационалистік методтардың құдіреттілігіне сенімді онан сайын нығайтады, қайда жуық арада оның сыңаржақтылығы және жасампаз еместігі көрініс тапқан, гуманитаристикалық да бір шама ықпал еткен, ойлаудың еркше технологиялық мәнері рухани құндылықтардың айтарлықтай девальвациясы өрісінде қалыптасты табыс көздеу күйбеңінде, жаппай практицизмде және коньютурада адамгершілік категориялары құқықтың нормалар деңгейіне дейін түсіндірілді, ізгілік пайдамен теңестірілді, бақыт не болумен ауыстырылды. «Механикалық жылдамдыққа бағытталған барлық жарыстарда, түрлі олжалар мен бір күндік корольдермен ханшаларды жасауда, оны ежелгі тамаша мектептер берген, ойлау өнерінің әлі асып түсірілмеген үлгілері, қарадүрсін пайымдармен екінші қатарға шегерілуде»1, - деп еске салады, Н.К. Керих. Жаңа жағдай өмір сүріп тұрған әмбебапты құндылықтарға қатынасты қайта қарауды талап етті. «Өнерде тек қана тәртіпке келтіруші ғана емес, сонымен бірге мазмұнды кәсіптік білім беру, ғылымда – тұтастықтың мағанасына сүйенетін білім мен зерттеу салаларындағы оқыту, философияда – тұлғадан тұлғаға берілетін сенім дәстүрі жоғалады деген қауіп, туып тұр»,2 – деп К. Яспере сақтандырылады.

Қазіргі әлеуметтік даму кезеңіне сай жаңа білім парадиагмасы, оларды шартты түрде техногендік және мифологемдік деп белгілеуге болатын,мәдениеттің полярлік типтерінің арасындағы айырмашылықтарды анық сезінуді талап етеді. Мифологендік бұл жағдайда әлемнің рәміздік – бейнелік қабылдануын, нақтылы қабылданғанмен қилданғанды рационалды танылған мен индуктивті пайдаланғанды қосып жіберуді білдіреді. Аталған типтердің негізгі белгілерін салыстырайық (1 кесте). Бұл схема толық ақпаратқа ниет білдірмейді және тағы ойлануды қажет етеді.

1 кесте

Мәдениет құндылықтары

Мәдениет типі

Техногендік

Мифологендік

Дүниетаным өзегі

Өркениет

Рухани мәдениет

Табиғатқа қатынасы

Бағындыру

Сәйкес болу

Экономикалық мүдделері

Жеке немесе коллективтік игілік, иелену

өмірді жетілдіру

Мораль (қылықтың сыртқы реттеушілері)

Басқару, бағыну

Келісім ынтымақтастық

Адамгершілік (қылықтың ішкі реттеушілері)

Заң, норма

Махаббат, ұнатушылық

Білім (ақиқатқа жету тәсілдері)

Рационализм, прагматизм, дәлелдеме

Интуитивизм, иррационализм, сенім

Ойлау мәнері

Пайым

Зерде

Таным методтары

Анализ

Синтез

Баяндау қисыны

Дедукция

Индукция

Шығармашылық саласы

Әрекет технологиялары (ғылым, техника, рухани практика)

Дүниені рәміздік меңгеру (көркем, діни-мистикалық)

Әрекет сипаты

Мақсаттылық, дифференцияция, мамандану

Аңдаушылық, интеграция, әмбебаптылық

  1. Рерих Н.К. Компанент дождь//Держава света. Рига, 1992, с.217

  2. Яснерс К. Смысл и назначение истории М.,1994 с.366

Әрине, мәдениеттің «таза» типі өмір сүрмейді. Әңгіме басым құндылық бағдарлары туралы немесе өркениет қалыптасуының басты бағыттарын айқындайтын, «өзекті» қатыстар туралы болып отыр. Мұратта аталған альтернативті құндылықтар жүйесін үйлестіру қажетті, бұл білім берудің жаңа концепциясында көрініс табуға міндетті.

Ойлаудың гуманистік типінің басты белгілері – адамгершілік принциптерін аңғару және оларды өмірге енгізу, логикамен дұрыс ақылды сезіммен зердені сенім мен ғылыми дәлелдемені органикалық үлестіру. Бұл өнерге жоғары мәдени қуаттары дарынды және білімді, жігерлі және әдепті адамдар ие. Осының арасында «техналь» міндетті түрде технократ емес, ал гуманитарлық мамандықтар гуманистік құндылықтарды қашан да кепілі бола алмайды.

Соседние файлы в папке на каз