Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
704.52 Кб
Скачать

2. Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттанудың қандай ерекшеліктері бар?

Мәдениеттану - әлеуметтік – ғылыми және гуманитарлық білімдердің тоғысында қалыптасып келе жатқан, ғылымның салыстырмалы жас саласын. «Мәдениеттану» терминінің пайда болуы американ антропологі Л.Уайттың (1900-1975) еңбектерінен бастау алады. Ол мәдениеттануды, антрпологиядан бөлініп шыққан, қоғадық ғылымдар кешеніндегі дербес ғылым ретінде бөліп қарастырады. Алайда батыстық ғылыми қоғамдастық пен бұл термин қабылдайды, бүгінде де одан қалыптасқан, білімдердің құрылымдандырылған жүйесі мен анық айқындалған пәндік шектері бар ғылыми пән жоқ . Мәдениет феномен ретінде батыстық мамандар тарапынан (мәселе әрелге байланысты әр түрлі қойылып отырады), эмпирикалық материалға сүйенетін, әлеуметтік және мәдени антропология сияқты, оған қоса социология, құрылымдық лингвистика, семиотика, психология сияқты пәндер шеңберінде қарастырылады және зерттеледі.

Ресейде қазіргі мәдениеттанулық білімнің құрылымы мен түрлі бағыттарының қалыптасуы, бұл процесті ғылым дамуының кәдуілгі динамикасынан мәнді мәдениеттанулық білімнің құралы мен түрлі бағыттарының қалыпьасуы, бұл процесті ғылым дамуының кәдуілгі динамикасынан мәнді ерекшелейтін, өзінше айырмашылыққа ие. Әдетте, білім беру жүйесіне оқу материалы материалы ретінде, ол ғылымда тұрақтанған, мойындалған, шұғыл пікірталас тудырмайтын, білім түседі. 60-80 жылдада қалыптасқан, сол уақытта мамандардың шағын тобының пәні болған, қазіргі отандық мәдениеттану жылдам даму импульспен, идеологиялық парадигма өзгергенде пайда болған, бос кеңістікті толтыру міндетінен туындаған білім беру жүйесінен алады. Осыдан принципиалдыидеологиялық емес пән ретінде мәдениеттанудық қасиеттарге кейде бара отырып, қазіргі қоғамтанулық пәндер қатарына шұғыл енуі, оның талдау өрісінің кеңеюі, өзіне басқа салалардағыбілімдерді тартуы, сол мезгілде ғылымның басқа салаларына жататындар арылу.

Мәдениеттанудың объектісі мен пәнін анықтау мәдениет ұғымының маңайына жинақталатыны, түсінікті. Біз, алайда, біз сілтемемен шектеле алмаймыз, себебі мәдениет ұғымы өзінің көпмағаналылығы және күрделілігі бойынша кәдуілгі қолданулардан жаһандық кең мәтінге дейінгі аралықта («қылық мәдениетінен» «әлемдік мәдениетке дейін») мүлдем бөлек мазмұнда айқындалады.

Бұл ұғым өзінің қалыптастаруында біршама ұзақ жолдан өтті.

3 «Мәдениет» ұғымы қалыптасуының тарихы мен қисындылығы қандай?

Бұл ұғымның дамуындағы тарихи және логикалық негізгі кезеңдерді анықтап көрейік. Европалық дәстүрде бұл ұғым латын тілінің cultura- өңдеу, өсіру сөздерінен бастау алады. Жер өңдеу дәуірінде пайда болып, cultura сөзі адамның табиғатты көркейтуге қатысу мөлшерін білдіреді. Ұзақ уақыт бойы бұл ұғым адамның табиғатқа тигізетін ықпалын оның күштерін игерудегі адамның жеткен нәтижелерін анықтау үшін қолданады.

XVII ғ. соңында неміс ғалымы Пуффендорфтың (1684 ж) еңбектерінде жалпыланған түрінде мәдениет адамның бүкіл жасағаны ретінде (ода және қоршаған ортада табиғатты есептемегенде) қарастырылады. «Мәдениет»-бұл контрмәдениет деген көзқарас қалыптасады. Пуффендорф «мәдениет терминіне, ол өзінің міндеті бойынша өзінің маңыздылығы бойынша адамды жоғарылататын, өз әрекетінің нәтижесі болатын, оның ішкі және сыртқы табиғатын толықтыратын, феномен болып табылады деп, құндылық реңін береді.

Бірақ әрбір, ғылыми зерттеуге лайық және соны талап ететін, әлеуметтік өмірдің дербес құбылысы ретінде мәдениет XVIIІ ғ. екінші бөлігінде ағартушылық дәуіріндепайымдалды және қарастырылды. Ағартушылар (мысалы, Жан-Жак Руссо) мәдениетті ол табиғи ортаға табиғи. Табиғатқа қарсы тұратын, бірдеме ретінде, құрылыс ретінде бөліп көрсетті. Руссо мәдениетті адамды табиғаттан алыстатып әлдеңе түрінде түсіндіреді. Сондықтан Руссода мәдениеттің функциясы да –қиратушылық. Оның пікірі бойынша мәдени халықтар «бұзылғандар», «таза» арханкалық халықтармен салыстырғанда «әдепсіздер» болып табылады.

Неміс ағартушылары дәл сол уақытта, керісінше мәдениеттіғ «жасампаз», прогрессивтік сипатын атап өтті. Олар бойынша, мәдениет - бұл әсіресе сезімталдық және жануарлық күйден қоғамдық құрылысқа аысу Оның пайда болуымен адамзаттың ортақ сүрудің тобырлық қалпынан қоғамдасстыққа бақылайға көнбейтіннен ұйымдасқан реттілікке, соқыр сеніммен бағалаушы рефлекциялыққа трансформациясы жүзеге аса бастайды.

Бұл ұғымның маңызды сатысына неміс ағартушысы Иоганн Готфрид Гердердің (1744-1803) идеялары жатады ол мәдениетті адам жетілуінің сатысы және ең алдымен ғылым мен ағарту ісі дамуының сатысы ретінде түсіндіреді. Оның түсіндірмесіндегі мәдениет

Немістің басқа ойшылы Бильгельм дон Гумбольдт (1769-1859) мәдениет адамның табиғатта, ғылым мен қол өнердің көмегімен жүзеге асатын, үстемдігі болып табылады деді. Гердердің концепциясында мәдениет мәнісінде әлеуметтік прогрестің мазмұны, сипаты ретінде қарастырылады.

Неміс философы Имманиуил Канч (1724-1804) мәдениеттің мазмұнын зерттеудің жетілгендігімен басйланыстырады, сондықтан ол үшін әлеуметтік прогрессте – зерденің жетілгендігі түріндегі мәдениеттің дамуы. Басқа неміс ойшылы Иоганн Гочлиб Фихче (1762-1814) мәдениетті рухани сипаттамалармен байланысты рады: ол үшін мәдениет – бұл рухтың тәуелсіздігі және еркіндігі.

Сонымен, келтірген тұғырнамаларда мәдениет қоғамдық өмірдің рухани құрастырылуының құндылық аспектісі ретінде сипатталады.

ХІХ ғ. аяғында, қоғамдық өмірінің прогрессивті динамикасы туралы ағартушынық идеяларды жалғастыра отырып, тарихты материалистік түсіндіруге негізделе келе, неміс экономисі мен философы Карл Маркс (1818-1883), мәдениеттің түпкі негізі сапасында материалдық өндірісті ұсынады,бұл мәдениетті оның материалды және рухани жақтарына бөлуге әкелді және бірінші басым деп есептелді. К.Маркс мәдениеттің мазмұндық шектерін, оларға тек қана рухани емес, сонымен бір материалдық құрылымдарды енгізе отырып кеңейтті. Алайда, Маркстың жетістігі, оның мәдениеттіңәлеуметтік өмірдің барлық салаларымен байланысын негіздеуде, мәдениетті бүкіл әлеуметтік өндірісте, барлық әлеуметтік көріністерде көрсетуінде тұр. Оның үстіне, ол мәдениетте адамзат тарихын бірегей тұтас процесс етіп байланыстыратын функционалдық қабілеттілікті көре білді.

Мәдениет анықтамасының бірінші талпынысын ағылшын этнографы Эдуард Бернард Тайлор (1832-1917), эволюционистік мектебінің негізін қалаушы, жасады, ол мәдениетті, «білімдерден, сенімдерден, өнерден, әдептен, дәстүрлерден және қоғам мүшесі ретінде адам игерген, қайсыбір басқа да қабілеттер мен әдеттерден*1 құрастырылатын күрделі тұтастық деп түсіндіреді. Оның жетістігіне ол өмірлік қоғамдық көріністердің зор аумағын қамтитын, мәдениеттің кең ауқымды түсінігін бергендігі жатады.

Тайлар түсінігіндегі мәдениет жүйе болып байланыспаған, түрлі текті элементтердің қарапайым санағы болып шығады. Оның үстіне, ол мәдениетке адамзат тегінің жалпы жетілуі түрінде қарауға болады деп тұжырымдады. Міне осы идея және Ч.Дарвин идеяларын қоғамдық дамуға ауыстыру талпынысы эволюционизмнің негізін қалады.

Э.Б.Тайлердың мәдениетті анықтауға апаратын әдістемесінде тағы бір сонылық бар. Ол мәдениет және өркениет (лат. civilis- азаматтық, мемлекеттік) ұғымдарының ара қатынасын зерттеу. өркениет кейде мәдениеттің даму деңгейі, сатысы сапасында көрінеді. Тайлар мәдениет пен өркениет арасында мәнді айырмашылық жүргізбейді, кең этнографиялық мағынада ол үшін мәдениет пен өркениет-теңдес ұғымдар. Бұл ағылшын антропологиясы үшін сипатты. Алайда немістік (О.Шпенгляр, А.Вебер, Ф.Теннис) және орыстық (Н.А.Бердяев) дәстүрлерде өркениет пен мәдениет қарама – қарсы қойылады. Мәдениет, оған руханилық пен еркін шығармашылық тән, қоғамның «органикалық» күйі ретінде түсініледі. Мәдениет саласында дін, өнер, әдеп жатады. Тәсілдер мен құралдарды пайдаланатын, өркениет құрамында руханилыққа ие емес, ол рационалды, технологиялық. О.Шпинглер бойынша бұл мәдениеттің «өлі уақыты».

Мәдениетті әлде бір жүйе ретінде түсіндіруде алғашқылардың бірі болып ағылшын социолыгі Герберт Спенсер (1820-1903) жақындады, ол

1 Тайлар Э.Б. Первобытная культура. М., 1989 с.18

қоғам мен мәдениетті оларда өзінің мүшелері мен тән бөліктері бар, организм ретінде қарастырады. Бұл жерде мәдениеттік организмнің физологиялық табиғатымен теңдестіру емес, ал өздерінің функциалары бар, әлеуметтің түрлі бөліктерінің бірлікте (жүйеде) болатындығы, мәнді.

Мәдениетті бірегей организм ретінде қарастыра отырып, немістің мәдениет тарихшысы Освальд Шпенглер (1880-1936), әрбір мәдени организмнің тұрақты емес, ал динамикалық екендігін, өзінің «Еуропаның батуы» еңбегінде көрсетіп, тағы бір қадам алға барады. Бірақ бұл динамика белгілі бір циклдің шектерінде қайталанады: кез келген биологиялық организмдегі сияқты туу, гүлдену, бөлу. Осындай организмнің мәдени мәнін Шпенглердің сол немесе басқа да халық жанының ішкі түзілімінде көруі, ерекше маңызды.

Ағылшын антрополоктары Альфред Реджинальд Рэклифф – Браунның ( 1881-1955) және Бронислав Малиновскийдің ( 1884-1942) есімдерімен мәдениетті ғылыми түсіндірудің келесі кезеңі байланысты. Олар алғашқылардың бірі болып мәдениет табиғатында, оның әрекетшіл мәнін бөліп көрсетті. Рэдолифф-Браун, мәдениетті әрекетшіл тірі оргаизм ретінде түсіне отырып, бұл организмнің құрылымын зерттеу өзіне құрылымдық элементтердің біріне бірі және тұтас организмге қатысты функцияларын зерттеуді енгізеді деп пайымдады. Малиновский мәдениетті оның әрекет етіун тікелей динамикалық мұқтаждықтарды өтеумен байланыстырады.

ХХ ғ. 50-і жылдарында мәдениет қоғамының тұтастығымен өмір сүруін қамтамасыз етіп отыратын қоғамдық өмірдің мазмұны деген аңғарлыда. Сондықтан әрбір қоғамда, оны қайта өндірумен өміршеңдігін қамтамасыз ететін, өзіндік мәдениет бар. Осының қуатымен мәдениеттерді «жаман-жақсы», «дамыған-дамымаған» принципі бойынша бағалауға болмайды. Осылай мәдени релятивизм (М.Херсковиц) теориясы қалыптасты, оның шеңберінде, «адам-әлем» қатынасып анықтайтын құндылықтар жүйесі мәдениеттің негізінде жатыр деген, түсінік орнықты.

Мәдениет туралы түсініктер, оған қызығушылық танытқан Австриялық психоаналитик Зигмунд Фрейд (1856-1936) тарапынан біршама кеңейтілді, ол мәдениетті фсихикалық стериотиптермен байланыстырды. Атап айтқанда психологиялық антропология шектерінде тұлғаның мәдениетке ену процесі жүзеге асады.

Мәдениет ұғымының тереңдеуіндегі келесі кезең ол әрі ғылыми бағыт түрінде, әрі мәдениет феномендерін зерттеудің әдістемесі ретінде өрістеген, структурализм идеяларымен байланысты.

Тұжырымдай келе, «мәдениет» ұғымының тарихпен логикада қалыптасуының негізгі үрдістерін қысқаша белгілеп өтейік:

- терминнің пайда болуы, оның жерді (яғни, табиғатты) өңдеумен, көркейтумен бастапқы байланысы;

- табиғилық (стихиялық) – мәдени (адаммен жасалған) оппозициясы: ағартушысы Ж.Ж.Руссо;

- қоғамдық өмірінің рухани жағы, оның құндылық аспектісі: неміс ағартушылары

- материалды және рухани мәдениетке бөлу, материалдық өндірістің басымдылығы мәдениет тарихын біртұтас процесс ретінде түсіну: марксизм;

- жүйе болып байланыспаған, түрлі реттегі элементтерді санап шығу жолымен мәдениетке бірілген бірінші ғылыми анықтама: Э.Б.Тайлор;

- мәдениет және өркениет ұғымдарының арақатынасы;

- өз функцияларын атқара отырып, оның барлық бөліктері біртұтас динамикалық жүйеде болатын,мәдениетпен тірі организм арасындағы аналогия;

- мәдениеттің құрылымдық элементерінің функцияларын өзара қатынаста айқындау: функционализм;

- олардың төлтумалылығынан шығатын мәдениеттердің құндылық ұстанымдарының салыстырмалылығы;

- тұлғаны ( оның санасы және бейсаналылығымен, рационалды және иррационалды қабаттарымен) мәдениетке енгізу: психологиялық антропология, психоанализ;

- құрылымдық лингвистика методтарын әлеуметтік – мәдени шындықтың әртүрлі салаларына тарату, мәдениет құрылым білдіретін, рәміздер жүйесін қайта құру: структурализм.

Сонымен, романтикалық, субъективтік реңктегі, әбден шкектеулі, мәдениеттің тар түсінігінен қоғамдық ой, бұл танымда жалпы қабылданған ғылыми методтарды қолдана отырып және нәтижелерді бағалауда логикалық, қайшылықсыздың, тәжірибеде тексеру мүмкіндігі сияқты ғылымилықтың қазіргі критерийлерін басшылыққа ала отырып, адамзат жасаған «екінші табиғат» әлемін тұтас тану аймағына ауысты.

Оның үстіне, қазіргі уақытта, ол тек арнаулы мәдени зертеулерде ғана емес, сонымен бірге білімнің басқа да салаларында ( осы туралы техникалық мәдениетте толық айтамыз) қолданылатын, талдаудың арнаулы мәдениеттанулық методы қалыптасты.

Айтылған мәдениет туралы романтикалық түсініктер қоғамдық санадан мүлдем кетті дегенді білдірмейді: күнделікті өмірде олар, әрине, басымдылық танытады ( мысалы, мәдениетті адам театрға баруы керек, кітап оқуы қажет сияқты түсініктер), мәдениеттің тар түсінігі БАҚ- та кең таралған (мысалы, теледидарда диктор былай дейді: «Енді мәдениет пен спорт жаңалықтарына көшеміз») Техникалық интелигенция өкілі бөлек ғылым бар, бөлек мәдениет бар дегенде, тар ауқымды ойлайды.

Талдаудың өзіндік мәдениеттанулық методына келсек, онда оның әлі қалыптасып келе жатқанын атап өткен жөн, бұл метод интегративтік білім ерекшелігіне сүенетіндіктен, шекаралық, пәнаралық аймақтарда қалыптасып, мәдениет тарихы, этнография, социология, психология және т.б. жинақтаған материалмен істес болатындықтан, оны мәдениетті зерттеудің тарихи, өнертанулық, филологиялық, т.т. аспектілермен шатастырмау қажет. Әлеуметтік – ғылыми және гуманитарлық ізденіс өрістерінде тұратын мәдениеттану өз объектісі сапасында жасанды реттіліктердің бүкіл әлеміне (заттар мәденилендірілген аймақтар, тарихи оқиғалар, әрекет технологиясы, әлеуметтік ұйымдасу формалары, білімдер, ұғымдар, рәміздер, т.т.) ие, ал арнаулы пән сапасында мәдениеттіңпайда болуы мен морфологиясын, оның құрылымын, мәнділіктері мен мағаналарын, типологиясын, динамикасын және тілін зерттейді.

Соседние файлы в папке на каз