Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
24
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
65.02 Кб
Скачать

XVIII – XIX ғ.Ғ. Қазақ әдебиеті. Жекелей поэзиялық шығармашылықтың пайда болуы және дамуы.

XVIII ғасырға дейін қазақ ақындарының есімдері, олардың әрқайсысының шығармашылығы, олар өмір сүрген уақыт белгісіз дерлік еді. Қазақ жерінің едәуір бөлігі Ресейге қосылған XVIII ғасырдың орта кезінен бастап және әсіресе XIX ғасырда орыс ғалымдары мен қазақ зиялыларының жекелеген өкілдері ақындар, суырыпсалма жыршылар, жыраулар туралы мәліметтер жинап, тіпті олар шығарған әндер мен жырлардың мәтіндерін жазып ала бастады. Бұл жекелей поэзиялық шығармашылықтың айқын көрініс тапқан және дами бастаған дәуірі болды.

Бұқар Қалқаманұлы(1668-1781) – қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын жырау. Бұқар жырау осы күнгі Павлодар облысының Баянауыл ауданы аумағында туып - өскен. Орта жүз ханы Абылайды қолдап, кейбір жағдайларда Абылайға оның жүздерді басқару жөніндегі істеріне, оның әр түрлі таластар мен дау шарларды талқылауы кезінде елеулі ықпал жасап отырған.

Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Қазақстан сыртқы жаулардың шапқыншылығымен және ішкі зара тартыстан әлсіреген замандағы хандардың ішіндегі айбарлысы Абылай болды. Бұқар хан бейнесін халықтың ең жақсы идеяларын жүзеге асыруға тиісті қайраткер ретінде жырға қосты, оның Ресей мен Қытай арасында өз мүддесін қорғап қалу саясатын мақұлдады.

Тәтіқара XVIII ғасырдың ірі импровизатор ақыны әрі жырауы еді. Ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысты. Жорықтар кезінде туған толғауларында ол жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтардың алдында бас имеуге шақырды.

Ақын-импровизаторлардың жырларының тілі халық бұқарасына түсінікті, ұғымды болып келеді.

Ақтамберді(1675-1768) – негізінен эпикалық жанрда жыр толғаған жырау. Ерлікке, жауынгерлік ержүректілікке үндеу, жаудан қаймықпай, батыл қарсы шабуға, оның алдында ешқашан шегінбеуге үндеу – Ақтамбердінің бүкіл шығармасының арқауы.

Көтеш ақын (1745-1818) кедей ортадан шығып, өмір бойы тауқыметін тарты. Оның шығармаларының басты сарыны – кедейдің азапты өмірін көрсету, әділетсіздікті әшкерелеу.

Шал ақынның(1748-1819) шығармашылығы болған оқиғаға ақындық шабытпен сол сәтте үн қосуымен сипатталады. Шал шығармашылығының негізгі тақырыбы – адам өмірі оның мәні, мораль, этика, дін мәселелері.

Бұқар, Тәтіқара, Ақтамберді және басқа да өлеңдері мен жырлары бізге дейін жеткен суырыпсалма ақындар мен жыршылар қазақ әдебиетіндегі жекелей поэзиялық шығармашылықтың бастамашылары болып табылады. Бұл туындыларда азаматтық сарындар көбірек көрініс алып, халық өмірі толығырақ ашылды. XVIII-XIX ғ.ғ. басындағы көптеген жыраулардың шығармашылығына тән кейбір қайшылықтарына қарамастан, олар қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алды.

Бұл дәуірдің туындылары көркемдік нысаны жөнінен неғұрлым ертеректегі кездің өлең-жырларына қарағанда кемелдене түскен. Қазақтардың ауыз әдебиетінің барлық негізгі белгілері мен дәстүрлері сақталған бұл өлеңдерде сол кездің өзінде жазба поэзияға тән элементтер болды.