Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
35
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
130.05 Кб
Скачать

Әдебиет туралы ғылымның тарихы.

Vііі-семестр. 4-курс. Лекция 27 сағат. Практикалық сабақтар 36 сағат.

Алғысөз.

Пәннің мақсаты мен міндеті және дағды мен икемді игеру.

Арнайы курстың бағдарламасы 4-курс студенттерінің әдебиет туралы ғылымының тарихымен танысуға бағытталған.

Лекциялық сабақтар студенттерді қандай бір ғылым саласы бомасын бірден туып, қалыптаса қоймайтынан хабардар етеді. Бірінші лекциялық сабақта әдебиет туралы ғылымның алғашқы адымы қарапайым ой-пікірден, алғы сөзбен түсіндірмелермен, ғұмырнамалық деректерден, халық таихына байланысты ақпарлар мен мәлімдемеледен, шығарманың мәнің ұғып, сөзін тамашалаудан басталып, өзінің тууы, қалыптасу процесіне дейін ұзақ жолды бастан өткергендігі жөнінде түсінік береді. Бұл процес тек қазақ әдебиеттану ғылымына ғана қатысты емес, басқа да мысалы европалық әдебиеттану ғылымында болған құбылыс екендігі нақты мысалдармен түсіндіріледі.

Лекцияның негізгі мазмұны қазақ әдебиеттануының методологиясы жайында арнайы жазылған еңбек болмағанымен, оның негізгі талап-тілектері, эстетикалық шарттары мен принциптері әдебиет тарихының жасалуының және теориялық еңбектердің жарық көруінің дәлелі екенін студенттерге ұғымдыру бағытында болады.

Арнайы курс бағдарламасы әдебиеттаушы топтарға арналғандықтан, туысқан ұлт республикаларының да ұлттық әдебиеттану ғылымының туып қалыптасу жолын зерттеудегі ғылыми еңбектермен тереңдей танысуды көздейді.

Лекцияның негізгі мазмұны-В.Р. Щербинаның, Ш.И. Машинскийдың, А.С. Бушминнің, Г.М. Фридлендердің, П.А. Николаевтың ғылыми еңбектері арқылы әдебиеттану ғылымының теориялық және методологиялық ғылыми тұрғыда студенттерге түсіндіріледі.

Осы арнайы курс әдебиеттанушы студенттерді әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихымен таныстыруға, сондай-ақ қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуың меңгеруге бейімделуіне арналған.

Соған байланысты 2 сағат лекция орыс, және кейбір ұлт республикаларының өздерінің ұлттық әдебиеттану ғылымының туып қалыптасу жолын зерттеудегі қадамдарына арналады.

Кейінгі лекциялардың аясында қазақ әдебиеттану ғылымының туу, қалыптсу дамуы ерекшеліктері. 20-ғасырдағы басындағы әдеби, ғылыми ізденістер.Оқулықтардың жарық көруі.

Арнайы курстың мақсаты-қазақтың әдебиет туралы ғылымның тарихының жасалу жолындағы кездескен қиындықтар, кедергілер, оның себептерін студенттерді қатыстыра отырып зерттеу, талдау.

Арнайы курстың негізгі міндеті-студентерге әдебиет туралы ғылымның тарыхын толық менгерту.

Пәннің зерттеу міндеттеі түпнұсқамен, архивпен жұмыс жасау болып табылады.

Әдебиет туралы ғылымның тарихын оқу нәтижесінде студентер мыналарды менгеруі тиіс: 1. Әдебиет туралы ғылымның бастауы мен қәзіргі дамуы туралы түсінік алу. Ұлттық әдебиет туралы ғылымның әлемдік әдеби процеске қосылғанын түсіну. 2.Әдебиетке тән ерекшеліктерді түсіну.

Курстың пререквезиттері мен постреквзиттері

  1. Халықтың тарихымен этнографиясы, оның тіл мәдениеті туралы білу.

  2. Әдебиетке деген сүйіспеншілік, оның жалпыадамзаттық құңдылықтарын түсіту.

Әдебиет туралы ғылымның тарихын барынша табысты меңгеру үшін мынадай пәндерге жүгінген жөн:

  1. Әдебиет теориясы.

  2. Әдебиет тарихы.

  3. Қазақстан Республикасының тарихы.

  4. Әлемдік әдебиет.

  5. Әлемдік өркениет тарихы.

Сондай-ақ бұл курсты меңгеру алдында:

  1. Халық ауыз және ежелгі дәуір әдебиеті.

  2. Орта ғасыр әдебиеті.

  3. XV-XVII ғасырлардағы әдебиет.

  4. XVII-ғасырдағы әдебиет.

  5. ХІХ-ғасырдағы әдебиет.

  6. ХХ-ғасырдағы қазақ әдебиетінің бірінші жартысын (1900-1940 ж.ж.).

  7. ХХ-ғасырдағы қазақ әдебиетінің ортасын (1940-1960 ж.ж.).

  8. ХХ-ғасырдағы қазақ әдебиетінің екінші жартысын.

  9. 60-90-жыдардағы қазақ әдебиеті өтілуі тиіс.