
Сақтардың әдет-ғұрпы, салт-сана, діни наным-сенімдері.
Сақтар аспан денелеріне табынған. Оны Томиристің Кирге айткан "Күн" атынан ант етемін деуі, Сақтардың күнге табынтанын байқатады. Тарих атасы Герадоттың жазба деректерінде сақ тайпаларының әдет- гұрып, салт-санасы, киім киюі, шаруашылығы, тамақ пісіруі сияқты іс- әрекеттерінен көптеген мағлуматтар қалдырған. Мәселен Сақтар киізден тігілген шошақ қалпақ, штан киіп қолдарына айбалта, садак, қысқа найза сияқты қару-жарақ асынатын дейді. Мал өсіруде қой, жылқы, сиыр малын көп өсіреді, ал шошқаны есірмеген, керек болса өз жерінде ондай жануардың мұлде болмауын тілеген. Аса бір қызықты хабар сақтар малдың қарнына өз етін салып оны жерге кеміп үстіне от жағып пісіретін. Мұндай жағдай қазақтарда да болған және бір қызық хабар киіз үйдің ішінде тас қыздырып оған су шашып үстіне кендір (өсімдік) салып монша жасау. Қазақтар қызған тастың үстіне адыраспан салып булап моншаға түскен. Мұндай әдеттің сонау «сырлар тереңінен соңғы кездегі қазақтарға дейін келуін бұлардың арасында этникалық байланыстың үзілмей келгендігін байкау киын емес. Герадот сақтардың үй-жайларын арба үстіне тігіп, тиеп алып көшіп жүретінін де жазады. Ал археологиялық зерттеулерде қазақ жеренің жартастарындағы суреттерде түйе, огіз, жылкы қосып жүк артып немесе киіз үй тігіп алып көшіп жүрген сақтарды көреміэ. Мұндай жағдайды ХУ-ХУІ ғғ қазақтар да көшіп жүрген деп Фазлаллах та жазған.
Ал сақтардың шошақ қалпақ киетіндерін парсы деректерінен де кездестіруге болады. Мәселен: Дари «Мен өз әскерлеріммен шошақ қалпақ киетін сақтарға қарсы соғыстым» деген сөзінен тек тигрехауа сақтардың ғана қаллақ киіп қоймай басқа да сақтардың кигендігін дәлелдел отыр. Ал Даридін сақтар дінсіз екен, мен Скунканы өз дініммен жазаладым деуі сақтардың парсыпарға наным-сенім жағына, ешбір ұксас еместігін көрсетеді. Бұдан байқалатыны сақтардың иран тілдес болмағандығын анықтайды. Бұған екінші бір дәлел, Есік обасынан табылған күміс зереннің сыртындағы жазудың түрік тілдес екендігін түрік тілінің маманы А.С.Аманжоповтың оқуы. Ондағы "Халықта азық-түлік (мол-болғай)! дегені - патшаның артында қалған еліне білдірген тілегі. Осындай дәлелдерге қарамастан әлі болса да кейбір ғалымдар сақтарды парсы тілдес деп жүр.
Міне, бұл жоғарыда келтіріліп отырған антикалық дәуірдегі және соңғы ортағасырдағы жазба деректер сақтар мен қазақтардың арасындағы этникалық байланысты айпарадай анық көрсетіп тұр. Сондықтан да сақтар қазақтардың тікелей ата тегі екендігіне ешбір дау болуы мүмкін емес.
Сактардың шаруашылығы
Сақ тайпалары малдарын суы мол, шөбі шүйгін жайылымы жақсы жерлерге көшіп-қонып жүріп өсірген. Жайылымы жақсы жайлауға жазда жайласа, ал қыс айларында қыстауға қыстап, мал басын қыстың суық күндерден сақтап, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
Teмір дәуірінің кезінде егін шаруашылығы тез қаркынмен ecіп мал шаруашылығымен бipгe дамып отырған. Сондай-ақ бұл дәуірдің шаруашылық құрылысында балық, аң аулау сияқты косымша салалар да болған.
Б.з.д. 2-мыңжылдыктың соңы мен 1-мыңжылдықтың басында қазақ жерінде қуаңшылық күшейіп, табиғи су кездері тартылып, өзендер азаяды. Мұндай жағдай егіншіліктің дамуына да, мал басының өсуіне әсерін тигізген. Ежелгі тайпалар бұл тығырықтан басты жолы -жайылымды жер көлемін ұлтайту деп түсінеді.
Соның салдарынан мал шаруашылығы сулы алқаптарға көшіп,
жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен суармалы егін шаруашығымен қатар дамуына мүміндік туғызды.
Шаруашылықтың жандануы темір дәуіріндегі коғамның өндіргіш
күштерінің дамуына қосылған үлкен ұлес болды. Еңбек өнімділігі артып мал басының көбеюі ет, сүт, тергі, жүн, астық енімдерінің молаюына мүмкіндік берді. Басы артык өнімдер пайда болады. Малшылар мен егіншілер арасында айырбас сауда дами бастады.
Темір дәуірінің тұрғындары мал өсіруде-суыққа төзімді тебіндеп жайылатын жылқы мен қойды көп өсірген. Қойдан алынған шикізат сақтардың жесе – тамағы, кисе-киімі, ішсе-сусыны, баспанасы мен уйі мулкі болған. Ал сақтар жылқы есіруде дуние жүзіндегі халықтардан алдыңғы қатарда тұрған. Малдың бұл турінің көбеюі қоғамның дамуына зор әсер еткен. Жылқы жай мініс көлігінен бастап, шаруашылықта, соғыста және шалғайдағы елдермен экономикалық және мәдени қарым-қатынас жасауда маңызды рөл атқарған.
Сақтар жылқының екі түрлі тұқымын өсірген: Біріншісі-жылқының тез семіретін етті түрі болса, екіншісі суыққа төзімді жылқы. Соңғысы кең тараған тұқым.
Бұл қазақ жылқысының жабы (берік) тұқымына ұқсас. Бұдан басқа археологиялық зерттеу кезінде Тасмола обасынан (Екібастұз ауд) табылған сақ жауынгерлері мен ақсүйектері мінген шоқтығы биік жылқы тұқымы да кездеседі. Жылқының мұндай тњрі Пазырық, Берел обаларынан да табылған.
Қ о р ы т ы н д ы
Жұмыр жердің тыныс-тіршілігін жіті бағып, оның бар асылы мси жасығын тарих таразысында зерделеген ұлы кљш алға басып барады.
Уақыт көші, өмір көші - бұл. Осы дәуір көшінің әрбір дауылды, жауынды, алдамшы сағымды кезеңдерін бастан кешіре жүріп, халык күлімдеген күнді, еркіндік, тәуелсіздік күнін аңсаумен болды. Бабаларымыздың жүріп өткен жолы - бұған куә.
Аға ұрпақтың осынау ерлік жолы, өзінің ұлтық, салт-дәстүрін сақтаудағы әр заманда корғен қиыншылықтары мен азаптары бүгінгі ұрпаққа үлкен сабақ. Елдік, азаттық, тәуелсіздік жолындағы осынау сан ғасырлық күрес - халық тарихы, ел шежіресі. Елімнің тарихына ой жүгіртсем, тәуелсіздік үшін күрес жолы көз алдымнан өтеді.
Бұл жол - ата-бабаларымыздың көзінің қарашығындай сақтап, найзаның ұшымен, біліктілік ісімен арыстанша алысқан ерлік жолы, бірге қалдырған аманат жолы.
Сөзімді қорытындылай келе мен тағы да сақтар тарихынан бір үзік сыр айтқым келеді.
Парсы патшаларының үстемдігі Орта Азияда 200 жылға жуық жүріп тұрды, ал прото қазақ даласын мекендеген сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қала алды.
Дарий І-ші қайсар сақтарды бағындыру үшін Арал манына қайтадан шүйлігіп әскерін үйіп-төгеді. Оның үстін-үстін жіберген әскерлер б.з. д. 517 жылы жеңіліске ұшырайды. Тек шамалы ғана парсы әскері еліне аман-есен оралады.
Осы бір жан алып жан беріскен заманда тек қана Шырак есімді сақ азаматының өзі Арал (Окса) теңізінің жанындағы сусыз қу медиен далада парсылардың армиясының жартысын жайратады.
Грек тарихшысы Полненнің айтуы бойынша өз елінің тәуелсіздігі үшін ол өз жанын шүберекке түйіп парсыларды айламен өз дегеніне көндіру үшін өз-өзін жаралайды. Сөйтіп далада қансырап жатқан оны парсылар тауып алады. Ол өзін парсыларға сақтардың ортасында кылмыскер болғанын, сол себепті де сақтар оны жазалап, соңында өлтірмек болғандыктан кашып кұтылдым дейді.
Парсылар оған имандай сенігі енді жол кљрсетуді сұрайды. Сактарлы қуып келеміз деген оймен Шырақтың көрсеткен жолымен бірнеше күн бойы келе жатқан парсы әскерлері сусыз далаға тап болады. Шырақ оларды әдейі адастырып, аттарын да олардың өздерін де сусыз қалдырады. Мұны түсініп үлгерген парсылар қайсар рухты Шырақты әбден қинап өлтіреді... Ал олардың еліне қашуы бұдан соң мұң болады. Сақтар даласынан қашкан әскердің азғантай бөлігі ғана еліне жетеді.
Ал сонау ықылым заманнан бері карай Шырақтың есімі тұрақты сөз тіркесіне айналып кетеді. Қазіргі кездің өзінде де ауыл арасында қазақтар жол сұраған кездері өз қазағына әрдайым: «Шырак, жол сілтеп жібермес пе екенсің?!»- деп жатады...