
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 47
.docСҰРАҚ №47
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті.
Қазақстанды қосып алғаннан кейін Ресей өлкенің табиғатын, тарихын экономикасын зерттеуге көңіл бөлді. Осы мақсатпен қазақ жеріне орыс ғалымдары, саяхатшылары келе бастады. XVIII ғасырда, 1769 жылы шығарылған ең алғашқы экспедицияны П.С.Паллас басқарығ, "Ресей империясының провинцияларына саяхат" (1773 ж.) деген еңбегін жариялады. 1772 жылы Н.Рычков "Кағитан Н.Рычковтың 1771 жылы Қырғыз-қайсақ өлкесіне жасаған саяхатынан күнделік жазбаларын" басып шығарды. 1832 жылы А.И.Левшиннің "Қырғыз-қайсақ, немесе кырғыз-қазақ ордалары мен даласын баяндау" деп аталатын кітабының жарық көруі орыстардың Қазақстанды зерттеуіндегі маңызды белес болды.
ХІХ ғасырдағы қазақ өлкесін зерттеушілердің бірі атақты ғалым, Орыс Географиялық Қоғамының басшысы П.П.Семенов-Тянь-Шанский (1827-1914) болды. Оның басшылығымен көп томдық "Ресей. Отанды геграфиялық тұрғыдан толық баяндау" деп аталатын зерттеу құрастырылып, басып шығарылды. Оның "Қырғыз өлкесі", "Түркістан өлкесі" деп аталынатын екі томы Қазақстан мен Орта Азиянының географиялық жағдайын, табиғи байлығын, тарихын, халық тұрмысын баяндауға арналды. "Түркі тайғаларының ауыз әдебиетінің үлгілері" атты еңбек жазған Петербург Академиясының академигі В.В.Радлов (1837-1918) қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуге зор үлес қосты. Сондай-ақ "Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу", "Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер" деп аталынатын кітаптардың авторы шығыстанушы-ғалым В.В.Вельяминов-Зернов (1830-1904) қазақ халқының тарихының маңызды кезеңдерін зерттеді. Өлке тарихын зерттеумен А.И.Добросмыслов, Н.Н.Аристов, М.Красовский және т.б. айналысты.
ХІХ ғ. ІІ ж. Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының дамуына ғылыми қоғамдар мен мәдени-ағарту мекемелері маңызды роль атқарды. Орыс Географиялық Қоғамының бөлімдері Орынборда (1868 ж.), Омбыда (1877 ж.), 1897 жылы Түркістанда ашылды. Олар тарих, этнография, география туралы материалдар жарияланған жинақтар шығарды. ХІХ ғ. ІІ ж. Қазақстанда облыстық статистикалық комитеттер құрылып, олардың жариялаған еңбектерінде де өлкенің тарихы, мәдениеті, статистикасы, этнографиясы туралы мол мәліметтер жазылды. Сондай-ақ Қазақстанды зерттеумен Ауыл шаруашылығы қоғамы, Шығыстың тарихы мен археологиясының әуесқойлары, антропология, жаратылыстану әуесқойлары қоғамдары да айналысты. Мұндай ғылыми орындардың жұмыстарына қазақ зиялылары да, мысалы, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев араласығ тұрды.
Бұл кезеңде білім беру, оқу ісінде де өзгерістер болды. Ауқаттылардың балалары Бұхара, Самарқанд, хиуа, Ташкент медреселерінде, кедей қазақтардың балалары ауылдағы мұсылман мектептерінде арабша сауаттарын ашты. Ал азаматтық сипаттағы орыс оқу орындары отарлық аппараттың шенеуніктерін даярлау үшін қажет болды. 1786 жылы Омбыда Азиат мектебі, 1789 жылы Орынборда Үкіметтік мектеп осы мақсатта ашылды. 1825 жылы Орынборда, 1846 жылы Омбыда кадет корпустары, 1841 жылы Бөкей хандығында, 1850 жылы Орынборда Шекаралық комиссия жанынан қазақ азаматтық мектебі ашылды. 1877 жылы Ы.Алтынсариннің күш салуымен Ырғызда қыздар училищесі құрылды. 1890-1896 жылдары Торпайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде орыс-қазақ қыздар училищелері ашылды. 1879 жылы Түркістанда мұғалімдер семинариясы, 1883 жылы Орынборда қазақ мұғалімдік мектеп ашылды.
ХІХ ғ. ІІ ж. қазақ халқының ірі өкілдері Ш.Уәлиханов, М.-С. Бабажанов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев өмір сүріп, шығармашылықпен айналысса, ХХ ғасырдың басында олардың қатарын Ш.Құдайбердиев ("Түріктердің: қырғыздардың және хандық династияның шығу шежіресі"), М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов ("Қырық мысал", "Маса"), М.Дулатов ("Оян, қазақ!") және т.б. толықтырды.
ХІХ -ХХ ғ. басында қазақ музыка мәдениеті өрлев кезеңінде болды. Сазгерлер Құрманғазы, Дина Нұрғейісова, Тәттімбет, Ықылас, әнші-сазгерлер Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Жаяу Мұса, Мәди шығармашылықтары кең танымал болды.
Қазақ басғасөзінің өмірге келуі осы кезеңде басталды. 1870 жылы 28 наурызда "Түркістан уәлаяты" газеті, 1911 жылы бірінші қазақ журналы "Айқап" алғашқы сандарын жариялады. 1913-1918 жылдар аралыпында шыққан "Қазақ" газеті қазақ қоғамының барлық жақтарын жазып тұрды.
Сайығ келгенде, қоғамның мәдени өміріндегі бұл өзгерістердің игілігін барлық қазақ халқы отаршылдық саясат зардабынан көре алмады.