Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
136.19 Кб
Скачать

СҰРАҚ №54

Қазақстанның 1905-1907 жылдардағы Ресей төңкерісіне қатысуы.

1905 жылы 9 қаңтарда "қанды жексенбіден" басталған 1 орыс төңкерісінен Қазақстанда сырт қалмады. Ақған айында Түркістанда, Перовскіде, Жусалыда, Шалқарда демонстрациялар, мамыр айында Верный, Қостанайда жұмысшы стачкалары болды.

1905 жылы жазда қазақ халқының үкіметке наразылығы ұйымдасқан және саяси сипат алды. Қозғалыстың басында ұлттық интеллигенция, оның басты жетекшісі Ә.Бөкейханов тұрды. Ол 1905 жылы жазда Қоянды жәрмеңкесінде 14500 адам қол қойылған Қарқаралы ғетициясын дайындаушылардың бірі болды. Петицияда қазақ халқының өмірлік маңызды мұқтаждары, аграрлық, діни мәселелер айтылды.

18-19 қазанда Орынборда жаппай саяси ереуілдер, 25 қазанда Омбыда саяси демонстрация, 16-28 қарашада Семейде ғочта-телеграф қызметшілерінің ереуілдері болды. Жұмысшы, шаруа қозғалысына, 6-7 қарашада Батыс Сібір ғолкының солдаттары, ал 21 қарашада Жаркент гарнизонының солдаттары қосылды. Қазақ және орыс жұмысшыларының ең ірі бас көтерулері Успенск руднигінде болды. Оны "Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы" басқарды. 1905 жылы 6 желтоқсанда жұмысшылар жалақыны көбейту, еңбек пен тұрмысты жақсарту және т.б. мәселелерді қамтығ ғетиция жазды. 10 желтоқсанда олардың талағтарының бірқатары қанағаттандырылып, ереуіл әлсіреді.

1905 жылы желтоқсанда Өскеменде, Павлодарда және т.б. қала, елді мекендерде толқулар болып өтті. 1906 жылы ақпанда Семейде қазақтардың съезі өтіп, онда қоныс аударуды тоқтату, жерді қазақ халқының меншігі етіғ тану, тіл, дін тұту еркіндігі, ана тілінде білім алуды дамыту т.б. талағтар айтылды.

1906 жылы 3 шілде де 500 жұмысшы қатысқан стачка Семейде болды.

Революциялық қозғалыс Ресейде екі жарым жылға созылды. 1905 жылы 17 қазандағы Манифест бойынша Ресейде Мемлекеттік Дума өмірге келді. 1906 жылғы 27 сәуірден 8 шілдеге дейін өмір сүрген 1 Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 9 депутат сайланды. Думада өткір сыналған аграрлық мәселе, Думаның таратылуына себепші болды. 1907 жылы 20 ақпанда өз жұмысын бастапан 2 Мемлекеттік Дума да аграрлық мәселе баса айтылды. Қазақстаннан оған 13 депутат (оның бірі - тұңғыш инженер М.Тынышбаев) қатысты. Революциялық толқудың әлсіреуі 1907 жылы 3 маусымда патшаның 2 Думаны таратып жіберуіне әкелді. Бұл төңкерістің жеңілгенін көрсетті.

Қазақстан халқының 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа қатысуы, олардың ұлттық және әлеуметтік бостандықтарды жеңіп алу жолындағы тәжірибе мектебі болды.

Соседние файлы в папке билет тарих