
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 55
.docСҰРАҚ №55
Столыпиннің аграрлық реформасы.
ХХ ғасыр басында өлкенің жағдайына теріс әсер еткен факторлардың бірі - аграрлық саясат болды. Қоныс аудару қозғалысы жанданды. Қазақстанның территориясы бірнеше қоныс аудару аймақтарына (Торғай, Орал, Семей, Сырдария, Жетісу) бөлінді. "Қоныс аудару қорын" құру үшін құрылған Қоныс аудару мекемелері "артық" жерлер іздестіруге кірісті. Әрбір қазақ отбасы 15 десятина үлес жер алып, қалған жер Мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына берілуі тиіс болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауы, әсіресе, "Столыпин реформасы" кезінде күшейді.
1906 жылы Ресей премьер-министрі болып тағайындалған П.А.Столыпин деревняда аграрлық буржуазия - кулак жасауға кірісті. Оның реформасы бойынша шаруаларға өз үлестерімен қауымнан шығып, хутор құруларына еркіндік берілді. Столыпин бұл мәселені шешуге астық егуге қолайлы өңір - қазақ даласын пайдаланды. Ресейден қоныс аударушы шаруалардың Қазақстанда кулак шаруашылықтарын құруына түрлі жеңілдіктер жасалынды. Хутор үшін 45 десятина қолайлы жер, және 15 десятина егін салатын жер бөлінді. Жер бөлуші ұйымдарға жергілікті кедейлерді орындарынан көшіріп, шаруа-кулактарды қоныстандыруға рұқсат берілді.
Қоныс аудару қозғалысының нәтижесінде 1895-1905 жылдары далалық облыстарға 294 296 адам, ал 1906-1910 жылдары 770 мыңнан астам келімсектер келді. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер, 1906-1912 жылдары 17 млн. десятинадан астам, ал 1917 жылы барлығы 45 млн. десятина жер тартып алынды. "Столыпиннің аграрлық саясаты" қазақтарды жерінен айырумен қоса, олардың өлкеде үлес санының азаюына да бастама болды.