
- •7) Сұрақ. Ғұндар.
- •9) Сұрақ. Түрік қағанаты
- •11)Сұрақ. Түркеш қағанаты (704-756).
- •12) Сұрақ. Қарлұқ мемлекеті.
- •14) Сұрақ. Қимақ қағанаты (9-11ғғ басы).
- •17) Сұрақ. Қарақытай мемл-ті.
- •19) Сұрақ. Әбунасыр Әл-Фараби
- •21) Сұрақ. Алтын Орда
- •23) Сұрақ. Ноғай Ордасы
- •24) Сұрақ. Моғолстан мемлекеті
- •25) Сұрақ. Әбілқайыр мемлекеті
- •26) Сұрақ. Қазақ хандығының құрылуы.
- •27) Сұрақ. «Қазақ» этнонимі.
- •28) Сұрақ. 16ғ-ғы Қазақ хандығы.
- •29) Сұрақ. 17ғ-ғы қазақ хандығы
- •33) Сұрақ. Қазақтардың жоңғария жаулаушыларына қарсы бірлескен күресі.
- •34) Сұрақ. Қазақстанның Ресейге қосылуы: негізгі кезеңдері мен тарихи шарттары.
- •36) Сұрақ. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуы.
- •37) Сұрақ. Сырым Датұлы басқарған 1784-1797жж Кіші жүздегі көтеріліс
- •§1. Бөкей ордасының құрылуы
- •§ 2. Батыс Қазақстандағы көтерiлiстер
21) Сұрақ. Алтын Орда
Батый хан тұсында моңғолдар Польша, Венгрияны шапты. Грузияны жеңіп, Кавказ халықтарын бағындарды. Алтын Орда Днепр мен Ертіске дейін және Сырдарияның төмегі ағысынан Солт. Мұзды мұхитқа дейін созылып жатты
Мемлекетті басқару 4 әмірден құрылған диуанның қолында болды. Жергілікті жерлерді басқару тікелей диуанға бағынышты – жергілікті әкімдердің қолына берілді. Басыбайлы адамдарды көшпенділер мен құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде моңғолдар көшпелі ақсүйектері кең жерлерде өте көп мал мен басқа байлықтарды иемденді.
Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді.
Батый хан тұсында Жошы ұлысында екі: оң және сол қанатқа бөлісу процесі жүргізілді. Оң қанат басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазақстан жерінің көп бөлігі солт.қанат құрамына кірді.
Бастапқыда Алтын Орда монғолиядағы Ұлы ханға тәуелді болды. 1260ж монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға бөлініп кетті. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның тұсында тәуелсіздікке қол жеткізді. Одан кейінгі Мөңке хан тұсында өз атынан теңге шығара бастайды. Алтын Орда ХІVғ-дың І жарт. Өзбек хан мен Жәнібек хан тұсында құдіреттілігі арта түсті. 1312ж Өзбек хан исламды Алтын Ордадағы мемл. дін деп жариялайды. ХІVғ. 2-жарт. Алтын Орда алауыздықтың әсерінен әлсірей бастады.
1357-1370жж таққа 20-дан астам хан отырып, бірін-бірі өлтіріп жатты.
1380 жылы Мамай Дмитрий Донской әскерінен Куликово даласында тас-талқан болып жеңілді.
Жошы ұрпағы Тоқтамыс осы жағдайды пайдалынап, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382ж Москваны өртеді. Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше жорық жасады.
Тоқтамыс пен Ақсақ Темір арасында 3 ірі шайқас болды. Ақсақ Темір Алтын Орданы қайта көтеріле алмастай етіп, талқандады.
Алтын Орда – ең көп халқы қыпшақтар болды. Монғолдар азшылықты құрады.
ХІІІғ-дың аяғы ХІVғ-дың соңы монғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орда халқы монғолдар деп атала бастады.
Мемлекетің негізгі жерлерін моңғолдар жаулап алған, табиғаты мал шаруаш. үшін қолайлы еді. Орта Азиядағы Каспий теңізі және Қара теңіз бойындағы жерлерде тоқыраушылыққа дамыған егін шаруаш. мал шаруаш.-мен алмастырыла бастады.
Көшпелі өмір салтын Шыңғыс ханның «Ясса» деп аталатын заңдар жинағы реттеді.
Жеке князьдардың күшеюіне жол бермей, Алтын Орда хандары орыс жерлерін бөлшектеу және князьдар арасындағы қақтығысты күшейтуге тырысты. Хандар тіл алғыш князьдарды Ордаға қауіпті н/е лаңтастағыш князьдармен қақтығыстырып, соңғыларды хан ордасында өлтіру н/е жазалауыш әскер жіберу арқылы құртып отырды. Руське тонаушылық шабуыл жасау сылтау ретінде князьдардың қырқыстарына араласып отырды.
Хандары:
Бату хан (1242-1256)
Берке хан (1256-1266)
Мөңке хан (1266-1280)
Темір Туда-Мөңке (1280-1287)
Төле-Бұқа (1287-1291)
Тоқты хан (1291-1312)
Өзбек хан (1312-1342)
Жәнібек хан (1342-1357)
Ұлы Дүрбелең (1357-1380)
Тоқтамыс хан (1380-1395)
Едіге хан (1396-1411)
Ұлы Мұхаммед (1419-1423)
Барақ хан (1423-1428)
Ұлы Мұхаммед (1428-1446)
Ахмет хан (1447-1480)
22) сұрақ. Ақ Орда
Жетісудің солт. бөлігі, Ертіс өңірі, Ұлытау мен Кентауға дейінгі дала, Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл мен Сарысу өзендері алқаптарында, Арал өңірінің даласы мен төм. Сырдария бойы, Алакөл маңы. Оның астанасы – Сығынақ.
Деректерде Ақ Орда еліндегі ақсүйектер жериеленушілігінің інжу,мильк, сойырғал сияқты түрлері болды. Тархандық сый тарту белгілі болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына құшыр, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әр түрлі қарыздарды өтеп тұрған. Мемл.-ті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды.
ХІІІ-ХVғ-дың басында Шығ. Дешті Қыпшық аумағында Ақ Орда мемл. өмір сүрді. ХІVғ-дың 2-жар. Алтын Орда билігінің әлсіреуіне орай Ақ Орда күшейіп, өз тәуелсіздігін алды. Алғашқы ханы – Сасы бұқа.
Ерзен хан, Орыс ханның (ХІVғ-дың 60-70жж) тұсында айтарлықтай күшейді. Ақсақ Темірден Ақ Орданы қорғау ауыртпалығы Орыс хан иығына түсті. Темір Мәліктен Тоқтамыс Ақ Орда билігін жаулап алды.
Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері толығымен анықталды. Көшпелі аудандарда мал жекеменшік деп саналып, сол қыруар мал дала алпауыттарының қолында жинақталып тұрған жағдайда, жері қауым иелігінде деп айтылғанмен текті бай-бағландар шын қожасы еді.
Ақ Орда билеушілері ХІVғ-дың 2-жарт. өздері Алтын Орданың қол астында екенін сөз жүзінде тәуелсіз саясат жүргізді. Ақ Орданың күшеюінен сескенген Ақсақ Темір оған қарсы айдап отырды. Тоқтамыс 1377ж Сығанақ, Сауран қалаларын басып алып, хан болды
Хандары:
Орда Ежен
Сасы-Бұқа
Ерзен хан
Мүбарақ Қожа (1320-1344)
Орыс хан (1372-1380)
Тоқтамыс хан