Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
181.25 Кб
Скачать

СҰРАҚ №59

1917 ж. Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси оқиғалар.

1917 жылдың жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады. Бұған халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды.

1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1 қарашада Ташкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда, Атбасарда, Қостанайда, қаңтарда Ақтөбеде, 18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетісу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады.

1917 жылы 22 қарашада IV Төтенше Бүкілтүркістандық съезд ашылды. Оны М.Шоқай ашты. Съезд "Түркістан автономиясын" "Түркистон мухтарияты" (төрағасы М.Тынышбаев, кейін М.Шоқай) жариялады. Оны 1918 жылы ақпанда большевиктер қуып таратты.

Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы өлкедегі түрлі жағдайлардың себебінен, 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Дегенмен, осы уақыт аралыпында Оралдан басқа жерде Кеңес үкіметі орнағ болды.

Кеңес үкіметі мен Алаш-Орда. Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекеттерін айқындап алу үшін ұлттық интеллигенция бастапан қазақ қоғамы Орынборда (1917 ж. 5-13 желтоқсанда) 2 Бүкілқазақ съезін өткізді. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан дерлік өкілдер қатысты. Съезді Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, И.Омаров, С.Дощанов ұйымдастырды. Төрағасы Б.Құлманов болды. Съезде алдымен тез өзгеріп жатқан саяси жағдайда партия тактикасын, қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру айтылды. Негізінен қаралған мәселе саны 10 болды: Сібір, Түркістан автономиясы және оңтүстік-шығыс одағы туралы; қазақ-қырғыз автономиясы; милиция туралы; ұлт кеңесі; ұлт қазынасы; мүфтилік мәселесі; халық соты; ауылды басқару және азық-түлік мәселесі.

Съезд делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, "уақытша халық Кеңесі" түріндегі берік билік құру, оған Алаш-Орда деген ат беру (төрағасы Ә.Бөкейханов, ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы - Семей (Жаңа Семей) қаласы еді.

Алаш-Орда жетекшілері Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Х. және Ж.Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Х.Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі - автономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды. Алашорда сонымен бірге атаман Дутовпен, Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелері, Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алашорданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ автономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.

Алашорда үкіметі.

Қазақ зиялыларының құрған қозғалыстарының бiрi 1905 жылы "Aлаш" қозғалысы. 1917 жылы "Алаш" партиясы әлеуметтiк негiзi - капиталистiк даму жолына бағыт алған зиялылар.

Мақсаты:

  1. Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету.

  2. Автономиялық ұлттык мемлекет құру.

Бағыты: реформистік капитализм жолы.

Жетекшiсi Әлихан Бөкейханов (1869—1937). Шынғыс хан ұрпағы Ресей либералдык-демократиялык қозғалысының қайраткерi бұрынғы кадет партиясынын мүшесi

Мүшелерi: А. Байтурсынов, М. Дулатов, Ш. Кудайбердиев, М. Тынышпаев, Г. Қарашев, С. Торайгыров, Х. Габбасов, А. Ермеков ағайынды Досмухамедовтар. "Алаш" партиясы жетекшiлер Қазан төңкерiсiн және Қазақ мемлекетiн кеңестiк негiзде құру идеясын қабылдамады.

Себептері

  • Қазан төңкерсіне дейін Қазақстаннын дамуына өз көзқарастарын білдіріп бағларламаларын насихаттады

  • Федеративтік Республикаға кірген әр мемлекет басқа мемлекеттермен өз бетінше жұмыс істей алады деп есептеді

  • Алаш партиясы ақиқат жағында болды

  • Алаш партиясы социал-демократтардын меньшевиктік тобынын багдарламасын қолдады

1917 жылы 5--13 желтоксан – Орынбордағы жалпы қазақ съезі.

Қаралған мәселелер:

  • территориялық - ұлттық автономия құру.

  • Қазақ (қырғыз) облыстарынын автономиясына Алаш атауын беру

  • Автономиялы Алаш облыстарынын террториясын Алаштын мемлекеттік меншігі деп жариялау

  • Алаш автономиясының конституциясын Букілресейлік құрылтай жиналысында бекіту

  • Алашорда уакытша Халык кеңесін 25 мушеден қурып оның 10 мүшесін орыс өкілдерінен сайлау Кеңестің төрағасы -- Ә Бөкейханов

  • Алашорданынң уакытша орталығы – Семей

  • Қазан революциясынын көп бұрын қазақ либералдык - демократиялык қозғалысының жетекшілері Қазақ өлкесінің Әлеуметтік --экономикалық және саяси дамуына байланысты өздерінің бағдарламаларын насихаттады.

1917 жылы 21 қараша Алаш партиясы бағдарламасынын жобасы жарияланды.

Алаш партиясы – әділдікке жақ нашарларға жолдас жәбірлерге жау.

Дінді мемлекеттен бөлектеу.

Сот сін қазақ тілінде жургізу.

Әскери қызметті өз жерінде аткару.

Жумысшылары заңмен қорғау Алаш партиясы жумысшылар туралы социал –демократтиялык меньшевиктік тобынын бағдарламасын жақтады.

Окудын жалпыга бірдей жане акысыз болуы.

Жиналыс сөз баспасөз еркіндігі

Жерді алдымен жергілікті халыққа беру.

Бағдарлама жобасының маңызы:

  1. Сол кездің нақты мумкіндіктерін ескере отырып қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды

  2. Буржуазиялык-демократиялык ұлт-азаттық революцияны аяктауға бағытталған жолды көрсетті.

  3. 1917 жылы қараша – 1918 жылы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ енбекшілерінің көпшілігі Алаш партиясынын багдарламалык талаптарын қолдайтынын көрсетті.

  4. Жетісу губерниясы – 57%

  5. Семей уезінде --85%

  6. Торғай Орал губернияларында – 75%.

Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр турлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.

Соседние файлы в папке билет тарих