Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
213.5 Кб
Скачать

СҰРАҚ №64

Экономикалық саясаттағы өзгерістер

Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері:

  1. 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді.

  2. 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады.

  3. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты.

  4. Өнеркәсіп өнімі 6,3 % болды.

  5. Егіс көлемі Оралда 2 есе, Жетісуда 3 есе қысқарды.

  6. Мал саны 29,9 млн.-нан – 16,3 млн.-ға кеміді.

1921 жылы кеңес үкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуді ойластырды:

  • Азық-түлікті, отынды тегін босату;

  • Коммуналдық қызметтерді тегін көрсету;

  • Ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдау.

Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады:

  1. Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды.

  2. 1921 жылғы ақпан - 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты.

  3. 1921 жылғы наурыз - Оралда 10 мың бүлікші көтерілді.

  4. Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.

XX ғ. 20ж. басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері:

  • Мемлекеттің еңбекші халыққа күш қолдану саясаты.

  • 1921 – 1922жж. жаппай ашаршылық.

  • Мал шаруашылығының ауыр жағдайы.

  • Егін алқаптарының күрт азаюы.

Осы жағдайлардан ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалардың мүдделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат қажеттігі айқындала түсті.

1921 жылғы наурыз – жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды (партияның X съезі).

ЖЭС-тің белгілері:

  • Азық-түлік салығы.

  • Сауда еркіндігі.

  • Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.

  • Ауыл шаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.

  • Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.

  • Енбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.

ЖЭС-тің мәні – салғыртты салықпен ауыстыру.

  • 1921 жылғы наурыз-сәуір – өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды.

  • 1921 жылғы маусым – Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС-ке көшу туралы айтылды.

  • Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.

Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер.

Азық-түлік салығы енгізілгеннен бастап шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты:

  1. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

  2. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалыктар салықтан босатылды.

  3. Бірыңғай заттай салық белгіленді.

  4. Салық мөлшері азайтылып, 1924-1925жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927-1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі лынды.

  5. 1924 жылғы 1 қаңтар – ақшалай салық енгізілді.

  6. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті.

Салықтан жиналган каражаттар мына ;злаларға бөлінді:

  • Қорғаныс ісіне.

  • Халық ағарту ісіне.

  • Ауыл шаруашылығына.

  • Ірі өнеркәсіпке.

Ауылшаруашылық несиесі қоғамы көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924-1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды.

Ауылшаруашылығындағы басты өзгерістер:

• Егіс көлемі 1924 жылы – 2,1 млн.га, 1928 жылы- 4 млн.га-ға өсті.

• Мал шаруашылығы 1924 жылы – 24,8 млн., 1928 жыл - 41 млн.-ға көбейді.

• Шаруа қожалыктары 1924 жылы – 737мың, 1928 жылы-1 млн.333 мыңға жетті.

• Астық өндіру 1924-1925 жылдары – 64618650 пұт, 1928-1929 жылдары – 240 млн. пұтқа артты.

• 103 коммуна, 650 ауылшаруашылық артелі, мақта өсіретін «Мақтарал» совхозы ( Оңтүстік Қазакстан) құрылды.

Шаруалардың жіктелу процесі күшейді:

  1. Батырақ – кедей қожалықтары 2 есеге азайды.

  2. 1928 жылы шаруалардың 3/4бөлігі орташаларға айналды.

  3. Кулак-бай кожалықтар 6,6%-дан 14,8%-ға көбейді.

ЖЭС жылдары өнеркәсіпте де өзгерістер болып жатты. Халық шаруашылығының Қазақ Орталық Кеңесі 8 тресті біріктірді. Одактық маңызы бар трестер құрылды: «Эмбанефть», «Алтайказполиметалл», «Атбасцветмет». Жалпыодактық трестер республика бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды: «Эмбанефть» мұнайынан алынған табыстың 5%-ын Қазак АКСР- інің өлкелік бюджетіне аударды. Осылайша одақтық трестердің монополиялық өктемдігі қалыптасты.Экономикалық саясат

өктемдікпен жүргізілді. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс әсер етті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды.

Ресейдің орталық аудандарынан республикаға бірқатар өнеркәсіп орындары көшірілді: Орынбор тоқыма фабрикасы, Қостанай шұға фабрикасы т.б.

Өлкедегі кен өнеркәсібіне көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы Кенді Алтай. 1922 жылы ағылшын кәсіпкері Л. Уркварт Риддер мен Екібастұзды концессиялау туралы тиімсіз шарт жасап, ол қабылданбады.

  • 1920 жыл – Шымкент сантонин зауыты салынды.

  • 1923 жыл – Риддер қорғасын зауыты одақта өндіретін қорғасынның 40% -ын берді.

Атырауды Доссор, Мақат мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол салынды.

  • 1927-1928 жылдар – Республика өнеркәсібін қалпына келтіру аяқталды.

ЖЭС кезінде сауданың маңызы артты.

• 1921 жылғы 24 мамыр – «Айырбас туралы» декрет жарияланды. Жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді.

• 1927 жыл - 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы- 30 млн. сомға жетті.

Басты жәрмеңкелер:

  1. Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл.

  2. Ақмола губерниясында – Атбасар.

  3. Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.

  4. Бөкей ордасында – Орда.

Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:

  1. Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

  2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді.

  3. Өркениетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді

  4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.

ЖЭС – шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921-1929жж)

Соседние файлы в папке билет тарих