Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
223.23 Кб
Скачать

СҰРАҚ №57

Бірінші дүниежүзілік соғыс және оның Қазақстанға әсері.

1914 жылы 1 тамызда Ресей бірінші дүниежүзілік соғысқа тартылуы Қазақстан халқына ауыр соққы болып тиді. Қазақ халқына "өз еріктерімен қаржы жинау", мемлекеттік заемдарды зорлап жаздыру, соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық түрлі салықтар мен баж салығын төлеу міндеттелді.

Қазақ халқын тонау одан әрі жалғасты, соғыс жүктерін (астықты) теміржол станцияларына жеткізу үшін олардың көлік күштерін зорлықпен пайдаланды. Соғыс уақытында Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе тасып әкетілді. Тек Жетісудан ғана 1914 жылы 34 млн. Сомның малдары мен мал шаруашылығы өнімдері тасып шығарылды. Әскерге алынғандардың жанұясына көмек көрсету желеуімен еңбек ету міндеті енгізілді, қазақтар жұмыс күші ретінде келімсектер деревняларының жерін жыртып, тұқымын сеуіп, өнімін жинап беруге тиісті болды.

Қаладағы еңбекшілердің, өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың жағдайы күрт нашарлап кетті. Халықтың соғысқа наразылығын, үкіметтің Қазақстанның барлық облыстарына "төтенше соғыс жағдайын" енгізуі де күшейтіп жіберді. 1915 ж. Маусымда Екібастұз бен Қарағанды көмір кендерінің, Қырғыз тау-кен қазу өнеркәсібі акционерлік қоғамының, Спасск зауытының қазақ жұмысшылары ереуіл жасады.

1916 ж. жазында жұмысшы қозғалысы Риддер рудниктерін, Ембі мұнай кәсіпшіліктерін, Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерін, Орынбор, Ташкент темір жолдарын қамтыды. Мұндай жаппай наразылықтардың нәтижесінің бірі 1916 жылғы көтеріліс болды.

1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс

Территориясы: Бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір

Себебі: 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлық. Сылтау: Бұратана халықтарды қара жұмысқа алу туралы жарлық.

Мақсаты: Ұлттық және саяси азаттық.

Сипаты: империализмге және отаршылдыққа қарсылық

Көтеріліс барысы

  • Жетісудағы көтеріліс:

1916 жыл 11 тамыз – 5 мың көтерілісші Қарқара жәрмеңкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядын талқандады.

1916ж. қазан – патша әкімшілігінің “Қырғыздарды көшіру туралы” шешімі шықты.

1916ж. 9 қыркүйек – жазалаушылар Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.

1916 жыл 10-12 қыркүйек – Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.

  • Торғайдағы көтеріліс:

1916ж. қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға, 26 қарашада – 50 мыңға жетті.

1916ж. 22 қазан – Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады.

1916 ж қараша-1917ж ақпан – Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті.

1917ж. – Торғай көтерілісі талқандалды

Қозғаушы күштері: Қолөнершілер, шаруалар қалың тобы, жергілікті жұмысшы табының өкілдері, демократияшыл зиялылар қатысты.

Көтеріліс басшысы: Жетісу көтерілісінің жетікшілері: Б.Әшекеев, Т.Бокин (Верный уезі), Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов (Қарқара), А.Қосақов (Мерке).

Торғайда көтеріліс басшылары: Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин. Көтеріліс кезінде Бекболат Әшекеев

Жеңілу себептері:

  • Бытыраңқылығы.

  • Әскери қарудың жеткіліксіздігі.

  • Руаралық тартыстар.

  • Жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар.

  • Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы.

  • Қазақ феодалдарының сатқындығы.

Нәтижесі:

  1. 1916 жылғы қазан – патша әкімшілігінің “Қырғыздарды көшіру туралы шешімі шықты”.

  2. Жетісудағы 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар жазалаушылардың қудалауымен Қытайға өтіп кетті.

  3. 37355 қазақ отбасылары құнарсыз таулы аймаққа немесе Балқаш маңындағы шөлді далаға қуылды.

  4. Пішпек, Пржевальск, Жаркент уездеріндегі шұрайлы жердің 2 млн 510 мың 360 десятинасы тартып алынды.

  5. Жүздеген ауылдар тоналып , өртелді, жазықсыз адамдар атылды.

  6. 3 мың адам жауапқа тартылды, оның 201-і өлім жазасына кесілді, 162-сі каторгаға атылды.

Соседние файлы в папке билет тарих